Жарнамашыл қазағым немесе қытайға тигендерді жарнамалап не ұтамыз.

Жарнаманың санаға тигізер құпия əсері жоғары. Жарнама арқылы заттың мақтауын асырып алушыларды қызықтыруға болады. Жарнамамен қысық көзге тиген қыздардың не қатысы бар деп отырған боларсыздар. Қазір түсіндіріп берем. Соңғы уақытта желілерде оның ішінде фейсбукте қытай жігітіне күйеуге тиген қазақ қыздар көптеп шығып жүр. Біреулері ашынған пост ретінде біреулері жаңалық ретінде жариялайды. Дұрыс- ақ. Бірақ кейде ойлаймын осы қыздарды жарнамалауды доғарсақ. Себебі жоғарыда айтқандай жарнаманың құпия əсері деген бар. Ашынып жазамыз деп ашылып қалып жатырмыз. Тақырыпқа тұздық ретінде бір мысал келтірейін. Егер біз суицидті жарнамалай беретін болсақ. Өзін өлтіргендер туралы фактыны телевизордан көрсетіп, сайттарға жаза беретін болсақ. Осындай ойда жүрген бейбақтардың күмəнді ойын бекіте түсеміз. «Бəрі де жасайды екенғо, мен де солай жасасам не болады» дегендей. Яғни бұл «жұрттың баласы» синдромы ғылыми тілмен вертер синдромы. Содан кейін осы суицид жасаушылар көбейеді. Бір жылдары Австрия елінде жасөспірімдер арасында метроға барып өзін өлтірушілер көбейіп кетіпті. Осы жағдайға орай бұқаралық ақпарат құралдары суицид туралы жаза беріпті. Содан Австрия үкіметі: «Осы ақпарат құралдары осы жағдайды маздатып- қоздатып өршітіп отырған жоқ па деп,- журналистерге үндеу тастапты. Кейін төртінші билік иелері мұндай ақпаратты жазбайтын болыпты. Абырой болғанда құда да тыныш құдағи да тыныш. Суицид жасаушылар сап тиылыпты. Дəл мұндай дерек елімізде де бар. Өткен жылы бір безбүйрек ана баласын қоқысқа тастап кеткен болатын. Осы жағдайдан кейін еліміздің əр өңірінде осы жағдай қылаң берді. Қоқыстан табылды, дəретханадан табылды. Айта берсек дерек көп. Вертер синдромы өз дегенін жасады.
Міне жоғарыдағы дəлелге сүйенетін болсақ сатқын қыздарды жарнамалай бермеген дұрыс. Бір тауықтың туған бес жұмыртқасының біреуі шірік болады екен. Сол секілді бір құмалақпен бір қарын майды шірітпейік. Елде қалған қазақтың қыздарының ойына күмəн тудырмайық.
Әрі қарай

Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

Бұл айда "шайтан азғырып кетті" деген сылтаулар өтпейді...

Құрметті бауырлар, достар! Айлардың қасиеттісі ‪‎Рамазан‬ да келіп жетті. Бұл айда «шайтан азғырып кетті» деген сияқты сылтаулар өтпейді. ‪Себебі барлығы кісенделіп, тозақтың есігі жабылып, жұмақтың есігі айқара ашылады. ‎Ораза‬ ұстау деген тек қана тамақ, су ішпеу емес қой. Шамамыз келгенше жаман әдеттен, өсектен, ғайбат сөзден тыйылайық. Рамазан айын көзімізді, аузымызды, құлағымызды, қолымызды, аяғымызды тыюмен өткерейік. Мейлінше көп сауап жинап қалуға тырысайық. Қыздар қауымы болсын, ұлдар болсын әлеуметтік желілерге тек жақсы сөз жазып, тек салиқалы сурет салайық.
Көшеге «Рамазан айы құтты болсын» деген баннер тұрмақ, еліміз оразаның кестсесін де ұмытып қалған кездер болған. Бір ауылда тұрып «айт» әр көшеде әр қалай басталып жататын. Намаз оқитындарын ашық айта алмайтын да кезең болды. Ал қазір, Қарағандының көшелерінен осындай әлеуметтік жарнамаларды көргенде ішің жылып, қуанады екенсің. Еріксіз Аллаға шүкір дейсің. Ең бастысы Еліміз, Елбасымыз, туған-туыс, ата-анамыз аман болсын! Рамазан айында жинаған сауаптың жемісін көруге жазсын. Ораза ұстамағандарға нәсіп етсін, ұстағандарға жеңілдік берсін.
Барша мұсылман қауымына жайлы ораза тіледім! Қабыл болсын!
Блог - ErzhanKhamitov: Бұл айда шайтан азғырып кетті деген сылтаулар өтпейді...
Әрі қарай

Жарнама патшалары

Телевидениеде істегесін видео, кино, жарнама деген нәрселерге әрдайым құлағым түрік. Қай-қайсысының да өзгеге ұқсамайтын, ерекше талғаммен жасалғандарын қайта-қайта қарап, тамсанамын да жүремін. Бірақ, бүгінгі әңгіме жай ғана жарнама емес, нағыз өнер турасында болмақ.
Әрі қарай

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады. АҚШ пен Еуропада PSA (Public Service Announcement) термині ретінде қолданылады.

Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.

Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.

Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.

Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.

Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.

Қосымша:

Ниагара сарқырамасы Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7-10 см жылжуда. Козий аралымен екі бөлікке бөлінген: канадалық бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.
Әрі қарай

"Еркінмін" деп айта аласызба?!

Ақпарат тарату арқылы бұқараның санасына әсер ету процесінің басталғанына бірнеше жүзжылдықтар өтті. Ол сонау алғашқы болып шыққан газеттерден бастау алып, одан кейін радио, теледидар көмегімен іске асырылса, 21 ғасырда ғаламтордың ғаламат күшін сезіндік.
Қазір басым топ өкілдері бұқара халықты өз қалауына қамшылап, арбауына айдап отыр. Стереотиптер салу арқылы адамдарды алдап қана қоймай, құлша құрдымға қуып, организмді ғана емес, сананы улауда. Дегенін істетіп, қарапайым халықты аузына қаратып отыр. Және бұның бәрі күш қолдану емес, адамның ойлау жүйесіне әсер ету арқылы жүзеге асырылуда. Ал адамның ойлау жүйесіне әсер ету бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен(газет, теледидар, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер) істелуде.
Адам өз таңдауын жасаудан қалған сияқты. Мысалы, киім таңдауды алайық. Киімді әрине қай кездегідей сән үлгісіне («мода») қарап алады. Ал, сол моданың мода екенін кім шешеді?! Сол брендтің иесі немесе жарнамашылар. Біздің таңдауымызды әлде әр сезонға «моданы» анықтап, таңдап беретін соларғой. Олар өздеріне ұнағанын не қалағанын «мода» десе болды сол киім үлгісі әлемге тарайды. Айнала бәрі киіп жүргеннен кейін біз де сол жақсы екен деп сатып алып, киюге ынтызар боламыз. БАҚ-нан күнде жарнамалап жатқаннан кейін біздің миымызға, санамызға орнығып алатыны соншалық біздің таңдауымыз соған тартады да тұрады.
Менің мамандығым — PR (Public relations) Қазақша қоғаммен байланыс. Қысқаша мазмұндайтын болсақ: PR — бұл бұқараның санасын бұғаулап бағындыру. Яғни, қарапайым халықтың санасын, ойын басқару, сол арқылы ыңғайлы іс-әрекеттерге итермелеп, қалаулы таңдаулар жасату. Бұл жаңағы айтқан тауар таңдауға да қолданылады. Манипуляциялау деуге де болады. Таңдау туралы тағы бірер мысал келтірсек, ыдыс жуу керек болғанда не керек? ойыңызға алғаш келетіні — FAIRY. түгелдей болмаса да көпшілігі солай. Санамызға құйып тастағаны соншалық басқа жуғыш заттардың бар екені, олардың сапасы fairy ден артық болуы мүмкін екені ойымызға кіріп те шықпайды. Жаңа жыл жақындаса ойға тағы да бірінші келетіні «Соса соla» сусыны ия?
Жарайды, тауардан алшақтайық. Теледидардан көретін, интернеттен оқитын жаңалықтарға келсек. Қандай жаңалық көрсек соны рас деп есептейміз. Әрине, өтірік дей алмаймын. Бірақ жалпы осы «шынайы» мен «шынайы емес» дегенді кім қалай түсінеді?(«реально», «не реально») иә, сіздердің араларыңызда мен интернеттен көрген барлық жаңалыққа бірден сене кетпеймін, бірінші оқимын, содан кейін ойланып, анализ жасаймын дейтіндер кездесуі мүмкін. БІрақ сол анализді жасау үшін де салыстыратын ақпарат керек яғни екінші ақпарат көзі. Оның рас екеніне кім кепіл? Бұл жағдай тек интернеттегі ақпаратқа емес, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне байланысты.
Бір PR маманы лекциясында мынадай ой айтқан болатын: «Мен, ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ 100%-ға сенбеймін! Маған Панама мойнағы Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың арасын бөліп тұр десе сенбеймін. Фотодан. бейнероликтен көрсетсе 90% сенермін, ал, панама мойнағымен өткізіп, көзбен көрсетсе 99,9% сенермін. Бірақ көзбен көргенге де 100% сенбеймін. Себебі, көз де кей кезде алдамшы.» Бұл сөздерден кейін «Секрет» документалды фильміндегі «көзбен көрген шынайы емес, адамның ойындағы нәрсе шынайы» деген ой келді.
Адам басқалардан ерекше ойлағанның өзінде ойлау жүйесі — қоршаған ортасының, бұқаралық ақпарат құралдарының сол адамның ойына, санасына салып қойған стереотиптерінен, былайша айтқанда «шекарасынан» немесе санаға салған «шеңберінен» шыға алмайтындай.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ғасырлар бойы адамдарды алдау туралы ойымның соңғы жағында ең толғандыратын нәрсе туралы жазғым келді. Ол адамзат тарихында ашылған ең ірі жаңалықтардың бірі АЙҒА ЕҢ АЛҒАШ ҚОНҒАН НАСАНЫҢ (АҚШ) қонуы. Алдауы мүмкін деген күдіктердің ең ірісі осы, біртүрлі көрінсе де)
«Иллюминаттар» деген сөз таныс шығар. Құпия символдардың шешімін іздеп табушыларды осылай атайды. Иллюминаттардың зерттеулеріне көңіл аударсақ НАСА-ның алғашқы айға қонуын жоққа шығарады. Сонда НАСА бүкіл адамзатты алдағаны ма? Бір қызығы менің бұлай ойлауыма әсер еткен ақпараттар да интернеттен алынған бұл менің ойым ғана.
Сонымен не шынайы? не шынайы емес?! осыған дейін айдан анық болып көрінген, көзбен көргеніміз, құлақпен естігеніміздің бәрі өтірік шығар? Бізді алдаған шығар деген ой тек мені ғана алаңдатады дегенге сенбеймін. Бұның бәрі менің ойларым және ойландыратын нәрселерді мысалға келтірсек өте көп. Сіздер қалай ойлайсыздар?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!Сана мен сезім: Еркінмін деп айта аласызба?!
Әрі қарай

Жарнама арқылы жанама түрде дін де жарнамаланады екен немесе "Personal Jesus"

Мысалы мына жарнамада:



Иә, әні базар жоқ, оның үстіне гитарамен орындалады, бірақ сөздеріне мән беріп көрдіңдер ме???

Йоутөбеден іздеп көріп едім, ол «Personal Jesus» өлеңі болып шықты және оны бірнеше әртіс орындап шыққан:
Әрі қарай

Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі
Режиссерлік жарнамалардың үні өшіп, демі бітетін уақыт таяп келеді.
Қазір кез-келген бренд өз өнімдерінің жасалу, таныстырылу сәтін тікелей трансляция арқылы таратуға кірісіп кетті. Олар осылайша тұтынушы мен компания арасындағы байланыс нығайып, адамдар өнімнің дайындалудан сатылымға шығуға дейінгі процессін өз көздерімен көргеннен кейін, брендке деген сенім қалыптасады дейді.


Сол себепті де, бүгінгі маркетингтік коммуникациялардың жаһандық нарығында Seeing is believing атты тренд пайда болды. «Көрмейінше, сенбейм», не «Көремін, сосын сенемін» сықылды түсініктермен аударылатын бұл тіркестің пунктуацияға негізделген баламасы «көру-сену» дегенге саяды. Осыбір қарапайым қағида — тұтынушы мен бренд арасындағы өзара қарым-қатынастың заманауи тұрпатын сипаттайды.
Әрі қарай

Ендігі жетпегені өзбекше жарнамалар ма?

Шымкенттік жергілікті телеарналардан өзбек тіліндегі жарнамаларды көріп, қай елде жүрмін деген сұмдық бір ойға келгенім бар.
Ташкенттік әншілер оңтүстікке келіп концерт беріп кетуді әдетке айналдырған. Ол түсінікті жағдай, себебі мұнда ақшалы өзбек диаспорасның өкілдері көп. Міне соларға бағытталған өзбек тілінде өздерінің концертіне шақырған жарнамалар жергілікті телеарналардан оқта-текте болса да беріліп қалады.
Меніңше бұл ұлттық қауіпсізідігімізге қатерлі үрдіс. 130 ұлт мекендеген елміз деп мақтанады біреулер. Сонда деймін, бүйтіп бейғамдық таныта берсек осы 130 ұлттың тілінде 130 түрлі жарнамалар беріп, онсызда өгей баланың күйін кешіп жүрген тілімізді одан ары масқаралата беретін секілдіміз. Әзірге олар (телеарналар) әншілердің жарнамасын ғана беруде. Ертең ақшасын жақсылап төлесе кезкелген тауарды өзбекше сайратып тұрып жарнамалайтын шығар. Бұның алдын алмаса ертең өзбек, неміс, ұйғыр, кәріс, түрік және т.б. тілдердегі жарнамалардан басымыз айналуы мүмкін. Сол кезде орыс тіліндегі жарнамалармен жылап көріспесек болғаны. Аллам бетін аулақ қылсын!
Әрі қарай

BMW-дан "шешен" жарнама (фотобояннн)

Немістің BMW маркасы алдыңғы дөңгелектері тартатын көлік шығармайтыны көпшілікке белгілі*. Бавария автозауытының маркетинг және пиармен айналысатын қызметкерлері компанияның бұл принципін фотошоптың көмегімен былай түсіндірген екен:

Әрі қарай

Креативті жарнамалар


«Yamaha» мотоциклінің жарнамалары. Бейтаныс адамдардан, қыр-сырын білмейтін, бұрын тебілген мотоциклдерді алмауға үндейді екен.

Skype компаниясының жарнамасы. Жер шарының қай түкпірінде болсаңызда қалаған адамыңызбен сөйлесе аласыз.
Ал, мынау бөлмеге кірген кезіңізде өздігінен жанатын шамдардың жарнамасы. "Қорқынышты оқиғалар қараңғылықта орын алады"


Толығырақ мына жақтан қарай аласыздар
Әрі қарай

Benetton-ның біріккен түстері



Benetton жарнамалары киім сатып алуға үгіттемейді. Олар барынша қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды көтеруге тырысады, нәсілшілдік, бөліну, СПИД сияқты. Бұл фирма жарнамалары үлкен жанжалдар, пікірталастар туғызса да осынысымен өздеріне имидж істеп алды.

80-шы жылдардың ортасында жастарға арналған киімдер шығарып жүрген бұл фирма Оливьеро Тоскани атты фотографқа жарнама бөлімін басқаруды ұсынады. Тоскани «United Сolors of Benetton» (Бенеттонның біріккен түстері) атты слоганды ойлап табады. Сол кезден бері Бенеттонның жарнамалары — біз жарнамадан көріп үйренбеген біртүрлі фотолар.
Әрі қарай

Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!

Блог - Gastarbaiter: Қазақша креативті жарнамалық ұрандар жазайық!
Идея!
Мына фильмнен кейін қызық болып кетті, осы біз батыстың бренділі тауарларына жарнамалық слогандарды жасайтын болсақ, жасағанда жай аударып "Іркілмен, сникерстен" деп емес, қазақи менталитетке, ұлттық құндылықтар мен фольклорға, әдебиетіміз бен тарихымызға негізделген слогандар өтімді болары анық.
Әрине, ондай сәтті слогандар жасап миллиондап ақша табуға болады.
Бірақ менің беретін ештеңем жоқ, сондықтан ешқандай брендіні тықпаламаймын, өзіміз ойлап, өзіміз слоган жасап қарайық.
Креативті жарнамалық ұран деген жарнаманың бүкіл мәтіні емес, кішкентай ғана бір сөз тіркесінен, сөзден, немесе сөйлемнен тұрады. Әдетте қысқа, әрі есте қаларлықтай болуы қажет.
Әзірге мына ойдан шығарылған фирмаларға ұрандардың мысалы ретінде назар аударыңыз!
Әрі қарай