Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі
Режиссерлік жарнамалардың үні өшіп, демі бітетін уақыт таяп келеді.
Қазір кез-келген бренд өз өнімдерінің жасалу, таныстырылу сәтін тікелей трансляция арқылы таратуға кірісіп кетті. Олар осылайша тұтынушы мен компания арасындағы байланыс нығайып, адамдар өнімнің дайындалудан сатылымға шығуға дейінгі процессін өз көздерімен көргеннен кейін, брендке деген сенім қалыптасады дейді.


Сол себепті де, бүгінгі маркетингтік коммуникациялардың жаһандық нарығында Seeing is believing атты тренд пайда болды. «Көрмейінше, сенбейм», не «Көремін, сосын сенемін» сықылды түсініктермен аударылатын бұл тіркестің пунктуацияға негізделген баламасы «көру-сену» дегенге саяды. Осыбір қарапайым қағида — тұтынушы мен бренд арасындағы өзара қарым-қатынастың заманауи тұрпатын сипаттайды.
Адамдар мұның алдын тауар сапасы туралы пікірлерін ерекше бір құлшыныспен интернетке жариялап, сол тауарды қалай пайдаланып, қолданғандары жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге асық болатын. Жұртшылық сол тәжірибелік сипаттамаларға иланатын, сәйкесінше брендке деген сенім қалыптасатын еді. Енді ол заман өтті. Тауарды мақтап жазу — бірте-бірте арнайы кәсіби қызмет түріне айналды. Копирайтинг деген тиын табудың жолы пайда болып, арнайы маманданған адамдар жазған мәтіндері мәтіндері үшін ақша алатын болды. Интернет кеңістігінің «объективті» ақпаратқа толғаны соншалық, кекіруге айналды. «Кәдімгі» сатып алушылардың фоторептері мен бейне шолулары бірте-бірте өз құнын жоғалтып, тауар өндірушіге деген сенім құлдырай бастады.

Адамдар: кәсіби тұрғыдан, асқан шеберлікпен түсірілген жарнама роликтеріне сенуді доғарды. Олар енді нақ сол уақыттағы оқиғаны көргісі, шымылдықтың артында не болып жатқанын, ақшасын төлеп, өнімін пайдаланып жүрген компаниясының не істеп, не қойғанын білгісі келеді.


Skype пен Face Time арқылы жасалатын бейнеқоңыраулардың түрткілеуімен пайда болған: "Өз көзіммен көрмейінше, сенбеймін" деген түсінік — өмірдің сан алуан қалтарыс-бұлтарыстарына тарап үлгерді. Бұл таралу — бренд пен тұтынушы арасындағы өзара қатынасқа да әсерін тигізді.

Өз бизнесінің тиімділігін арттырудан дәмеленген кейбір компаниялар «Seeing is believing» трендінің құралдарын маркетингтік жұмыстарында байқап та көрді. Солардың сәтті шығып, табыс әкелген бірнешеуі мыналар:

Бұл қалай?
Үндістан мен Пәкістан жұртшылығы арасындағы кикілжіңдердің шиеленісуіне аталмыш екі мемлекеттің бір-бірімен саяси алауыздығы себеп. Көршілес жатқан қос елдің бір-бірімен жауласуынан гөрі, достасуына сеп боларлық нәрселердің көп екендігін көрсету үшін, Coca-Cola компаниясы 2013 жылы қызықты бір коммуникациялық кампания өткізді.

Лахора (Пәкістан) мен Нью-Делидің (Үндістан) үлкен-үлкен сауда орталықтарына сенсорлық экранмен жабдықталған сауда автоматтары қойылды. Автоматқа орнатылған сенсорлық экрандар — нақ сол уақыттағы бейнені экран бетінде үлкейтіп көрсетеді. Яғни, Үндістандағы автоматқа жақын келген адам, Пәкістандағы автомат жанындағы адамды көре алады. Ал, пәкістандық өз кезегінде үндістандықты көріп тұрады. Оларға, бір мезгілде, экран бетіне: бейбітшіліктің символдық белгілерін сызып, «махаббат», «достық» сияқты сөздерді жазып, тағы да басқа татулықтың белгілерін салу ұсынылды. Тапсырманы орындағандарға бір-бір бөтелке кола сусыны тегін берілді.


Солт-Лейк-Ситидегі Domino’s мейрамханасының асханасына бес бейнекамера орнатылған. Кез-келген адам сол бейнекамералар арқылы пиццаның қамырын илегеннен бастап пештен суырып алғанға дейінгі дайындалу процессін бақылай алады. Бұл кампанияның «Сапалы тағам дайындасаң — жасырып қалар дәнеме де жоқ» деген ұраны — Domino’s пиццаларының тұтынушыларын еселей арттырмаса, кеміткен жоқ.


Француз темір жолдары Ұлттық компаниясы (SNCF) 2012 жылдың қыркүйегінде өзіндік бір соны кампания өткізді. Бұл кампания Лионнан Брюсселге жүргізілген жоғары жылдамдықтағы темір жол желісінің танымалдылығын арттыру үшін жасалды. Лионның Республика Алаңына куб қойылды. Кубтың қабырғасына «Брюссельге үңіл» деген сөздер жазылып, тесіктер жасалды. Сол саңылаудан қараған лиондықтар «Брюссельге» тап болатын-ды. Ол жақта оларды қонақжай кейіптегі оркестр мен қала мэрі қарсы алады. Тесіктен үңілген лиондықтармен әңгімелеседі, Брюссельге шақырады. «Арақашықтық жойылады.»


2013 жылдың маусымында Vice телеарнасы Стамбулдағы үкіметке қарсы наразылықтарды тікелей эфирде көрсетті. Оқиғаның қақ ортасында жүрген журналист Тим Пул: көз алдындағы оқиғаның барлығын да Google Glass көзілдіріктерінің көмегімен бейнетаспаға жазды. Көзілдіріктің бейнекамерасымен түсірілген көріністер тікелей интернетке шығарылып, экрандардан көрсетілді. Осылайша, көрермендер нақ сол уақытта болып жатқан оқиғаларға өзіндік бағасын беріп, пікір білдіруге мүмкіндік алды.


2013 жылдың ақпанында Koozoo әлеуметтік желісі: шаң басып жатқан айфондарды веб-камера ретінде пайдалану арқылы видео-трансляция жасауға мүмкіндік беретін қызметті іске қосты. Оны терезеге жапсырып, картаға белгі салып, зарядтап алып, интернетке қосқаннан соң камера өз жұмысына сақадай-сай болады. Осылайша ескі смартфон жолдағы кептелістерді, адамдар нөпірін, қаладағы ереуілшілердің тобын және тағы басқа өз нысанында болып жатқан оқиғаларды тарататын сенімді ақпарат көзіне айналып шыға келді. Ағымдағы видеоны аталмыш әлеуметтік желінің кез-келген қолданушысы көре алады.
Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Неге бұлай?
Қазіргі күнде оқиғанының шынайылығын анықтау мәселесі — масс-медиа мен жарнама индустриясының "іш ауыртар" түйткілі болып отыр. Адамдар: жарнама көрсе "өй, әне және бір жарнама" деп елемеуге айналды. Өнімге деген шынайы қызығушылық тудыратын жарнама жоқтың қасы. Жарнаманың сапасына деген талғам басқаша сипат алып бара жатыр. Қазір эфирден жарнама беріле қалса, көрермен мұны: әжетханаға баратын, не асханаға кіріп бірдеңе жейтін уақыт, тіпті болмаса әрдеңені бір айтып күліп алатын сәт деп қабылдайды.Осылайша жарнама мен шынайы өмірдің арасындағы алшақтық ұлғайып, екеуі екі кеңістікте әрекет етіп жатқандай күйге түсті.

Сөйтіп, жарнаманың шынайылығы мен күнделікті ит өмірдің ақиқаты арасындағы байланысты нығайту қажеттілігі пайда болды. Мұның жолы ретінде Seeing is believing әдісі таңдап алынды. Немесе, таңдалынбай, өздігінен баса-көктеп кіріп келді. Таңертең көздің іріңін сүртуден басталып кешкі қорылға кеткенше жалғасатын ит тірліктегі кез-келген оқиға "қазір және мұнда" деген түсінікпен өтеді. Ал, жарнама болса қарапайым ғұмырдан аулақта, қияли сипатта жасалады.
Міне осыдан келіп, Seeing is believing түсінігі жарнама нарығында да трендке айналды.

Сонда да, компания өзінің барын жайып салып, ақтарыла салады деп ойлау — аңғалдық болар еді. Өйткені, олардың шын мәнісінде қандай екені ешкімге де қызық емес. Адамдарды шынайылыққа барынша жақындатылған субшынайылық қызықтырады. Ал, компаниялар болса бренд жасағанда сол брендтің жарнамасын шынайылықпен астастыра жасайды. Жарнамалық кампанияның жүруіне компания жол ашады, ары қарай әдепкі тұтынушылардың қатысуымен жүзеге асады.

Koozoo деген не бәле?
Koozoo — бұл смартфондары бар адамдарға арналған жаңа әлеуметтік желі. Ерекшелігі сол, оңай әрі тез онлайн-трансляция жасауға, оны көруге, көрсетуге, сондай-ақ картаға белгілеуге мүмкіндік береді. Осы қызметтің көмегімен ауруханадағы кезекті, метродағы адамдардың санын, көрші үйдің ауласында не болып жатқанын, мерекелік кештің т.б қалай өтіп жатқанын көріп, бақылап, баға беріп, пікір қалдыруға болады.
Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі
Koozoo-ды жасаушылардың айтуынша, қазіргі күнде көп адамдарда байланыс, ойын-сауық, уақыт өткізу құралы ретінде пайдаланылатын негізгі смартфон бар. Сонымен қатар қолданудан қалған, ескірген, бірақ жұмыс істейтін, яғни өліп қалмаған мобильді телефон да бар. Соны ағымдағы видеоны трансляциялау үшін іске жаратуға болады. Арнайы мобильді қосымшаны iPhone, не Android құрылғыға жүктеген соң, live-видеоны жасау процессі бір минутқа жетер-жетпес уақыт алады.
Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Koozoo-дң негізгі фишкасы сол, бейнебақылау міндетін атқарып тұрған смартфон айналадағы оқиғаны үнемі түсірмейді. Трансляцияны ешкім қарамаған сәтте, бірнеше минут сайын үзік-үзік түсірілім жасайды. Ол эскиз ретінде пайдаланылады. Біреу-міреу әлеуметтік желі арқылы live-видео көрмек болғанда көріністің үздіксіз түсірілуі басталады.

Интернетке қосылу жылдамдығына байланысты хабар тарату сапасын да таңдау мүмкіндігі бар: 200 не 800 кб/сек. Қолданушыларды тартып, қызықты арналар жасауға ынталандыру үшін танымал трансляция жасаушыларды Koozoo марапатталып отырады. Koozoo қосымшасы — веб-камера арқылы толыққанды трансляция жасап ғана қоймай, түсірілген роликтерді картаға белгілеуді іске асыра алады. Осылайша видео-трансляция жасауға мүмкіндігі жоқ адамдар әлеуметтік желіге тіркеліп, картадағы белгілеулер арқылы сол орынға бекітілген бейнероликтерді, бейнетрансляцияларды тамашалай алады. Koozoo-дың тартымдылығы да сонда жатыр.

Koozoo аудио жазбайды. Бұл — интернетке жалғануға түсетін салмақты азайту және құпиялылық сақтау ережесін бұзбау үшін жасалып отыр. Мұны кемшілігі дейміз бе, жоқ әлде солай болғаны жөн дейміз бе? Оны жеке пайым шешеді. Бірақ, koozoo дыбыс жазбайды.
Ал сол кезде...: Режиссерлік жарнаманың тұяқ серпуі

Сондай-ақ, бұл жобаның қарсыластары да пайда болып үлгерді. Көптеген адамдар: онлайн-трансляцияның пайда болуы — жеке өмірге қол сұғып, әшкере етеді деп қауіптенеді. Камералар адам аяғы көп жүретін, қоғамдық орындарда орнатылса да бұл қауіп сейілмей тұр. Бейтаныс адамдар дәл мезеттегі әрбір әрекетті бақылап, бейнеге жазып, таратып жіберуі мүмкін деген үрей де жоқ емес. Сонда да жоба өз жұмысын бастап жіберді.

Koozooдың iPhone және Android құрылғыларына арналған қосымшасын мұнда өтіп, жүктеп алуға болады.

превью суреттің мекені
Бөлісу:

14 пікір

xsanatos
аударылған мәтін ба, өзің жаздың ба?
zholantai
жиналып, аударылған мәтін
Соңғы түзету:
xsanatos
идеялары өте жақсы екен. бірақ, қазақтар қызықпайтын сияқты
Ispek92
шынымен осы брат секілді түсінікті жазатын адам көрмедім, ойлайтынымн мұндай нәрселер басыма қонбайды деп. Бірақ жазу стиліңнен бірден ұғып алдым не екенін, бірақ мынандай жарнамалар қазаққа қашан жетеді екен?
zholantai
аудитория соны талап еткенде жетед деп ойлайм
patick
Мен де ойлайтын едім, «жарнама берушілер жұлдыздардың қатысуымен брендтерін көзді бақырайтып қойып мақтаудан шарамай ма екен», — деп.
Әрине, әлемдік нарықта бос жарнамадан гөрі, көзге көрсетіп, дәлелдеп насихаттауға қарай бет бұрып келеді. Бірақ бұл үрдіс Қазақстан банкттеріне әлі жете қойған жоқ.
Соңғы түзету:
asaubota
бапкер болмаймын деп қояд  давай, давай
AKA
Пиццаны көз алдыңда дайындап беретіні мен темір жол қызметі жақсы екен. Күшті ізденіс!  Ақырындап бұл да боп қалар, қазір инстаграмдағы видео түсіру функциясы да жақсы болды ғой, ақпараттың тез таралуына, сол сәттегіні бірден түсіріп алуға.
zholantai
иә, маған да Лион-Брюссель ұнады, керемет ойластырған, қарапайым, көңілді, шына йы, қайта-қайта көре бергім келеді, әсіресе қала мэрінің сөйлегені, қол бұлғағаны қызық
Ottegin
Пиццаны көз алдыңда дайындап беретіні мен темір жол қызметі жақсы екен. Күшті ізденіс!  Ақырындап бұл да боп қалар

Соның өзі, көркемдік шешімін тапқан нәрсе қаззақтардың қайталауында қораш көрінетіні бар
zholantai
қайталамау керек, қайталаймын деп құртады, бәрін
ken
Астанада көшедегі дөнерлердің жасалуына қарап тұрасың. Көз алдыңда жасайды.

Сондай дүңгіршекте істейтін адамдардың туалетке қайда баратыны мен үшін жұмбақ болып келеді.
zholantai
туалетке бару үшін туалетке барад