Үлкендерге реніш

Үлкен адамдардан естіп келе жатқан ақылдарым: «Бұл заманда честныйлық деген керек емес», «Слишком ақкөңіл болған дұрыс емес», «Честный болсаң ешнәрсеге де жетпейсің»
Шын жүріп, таза еңбекке ғана арқа сүйеп дәулетті болу қиын, бірақ мүмкін нәрсе. Пара ала алмайтын, тіпті өмірдің өзі олар айтпақшы үйрете алмайтын жандар болады. Ал үлкендер оларды маған бейшаралар, неудачниктер етіп көрсетеді, олардан үлгі алма дейді.
Алдыңа адам келетін жұмысқа тұр дейді, біреу келіп алдыңа іс айтатын жұмыс дұрысы дейді. Санэпидем, прокуратура, министрліктерді мысалға келтіреді.
Ренжимін мен оларға, жастары жарты ғасырға келген адамдардан мен ондайды естігім келмейді. Олар маған барынша таза жүр, артыңда балаларың мақтанардай, жақсы ісің мен атың оларға азық болардай адам болуға тырыс десе екен деймін. Олар өйтіп өте сирек айтады. Дастархан үстінде, жиылыстарда «Бәленше қалай акиматқа кірді солай байып кетті ғо» сынды әңгімелер. Адамдардың маскасы деген, маскарады деген жай айтылмаған дүние болды, шынымен де бәрі бәрі бәрі өтірік пен байлықтың тақырыбынан аспайды. Барлық заманда да солай болған, солай бола береді.
Әрі қарай

Сөзінен айну хит-парады


Қазақ — бесжүзді халық: өздері үш жүзден құралған және әрқайсысы — екіжүзді. © Мастұр батыр

Қаззақтардың лақтырғанынан талай зардап шегіп келдік, шегіп те жүрміз. Жалпы бұ халық сөзінен тез айнудың шебері екенін айқын дәлелдерімен көрсетіп келеді. Менің өмірімде соңғы кездері кездескен сөзінен айну мысалдарын сараптай келе, үздік үштікті анықтағым келді.

3 орында: Бастық.
Шартты түрде Бастық деп аталсын. Кейде өзі жұмысқа шықпай қалса, мені өзінің орнына шығаратын. Менің жұмыс күнім келісімшарт бойынша бейсенбі, жұма, сенбі еді. Ол мысалы дүйсенбі күні түнде 11-12-лерде (түннің бір уағында хабарласқаны бөлек әңгіме) звондайды:
— Ертең менің орныма шыға қойшы.
Жұмыстың таңғы 7-де басталатанын ескерсек, тез арада келісім беріп шешім қабылдау мен үшін қиын нәрсе, өйткені мен демалыс күндерімде басқа шаруаларымды тындырамын, өз жоспарларым бар дегендей. Бастық болған соң амал жоқ келісіп, таңертең 6-да тұрып жұмысқа барасың. Барсаң… Оп-па! Бастық өз орнында:
— Кеше басым ауырып, шыға алмай қалам ба деп ойлағам (Осы жерде аянышты түрмен мұрнын тартып қояды). Сен келдің ба? Аааа… Бекер келдің, өзім шығып істей беретін едім ғой.
Не айтарыңды білмей кері қайтасың. Кешке бастық кешегідей өтінішпен тағы хабарласады…
Әрі қарай

1 орыспен орысша сөйлесетін 1000 қазақ енді орыс тілінің мәртебесін төмендетуді талап етуде

Қазір, Конституциямен бекітілгендей, орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етіп, президентке хат жолдаған адамдардың көксегендері айналасында елдегі қазақтілді және орыстілді адамдардың арасында пікір қайлықтары туып, қызу талқылауға түсіп жатыр. Есі дұрыс, ақылы бар қазақтілді адам сол орыс тілінің мәртебесін төмендетуді (тіпті алып тастауды) айтып, байбалам салғанша, өзінің және айналасындағы адамдардың ана тілін, яғни қазақ тіліне деген көзқарастарын өзгертпейді ме деймін. Бір орыс немесе орысша сөйлейтін адаммен мың қазақ немесе қазақтілділер жамырап орысша сөйлей жөнеледі. Айналайындар-ау, президентке өтірік мүләйімсіп, «мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырыңыз! Орыс тілінің мәртебесін алып тастаңыз!» деп, қуыскеуде патриот, жалған намысшыл болмай-ақ қоймадыңдар ма.
Әрі қарай

Ми қайнататын сұрақтар...

Компьютерлер арасындағы желілік байланыс — адамдар арасындағы мәлімет алмасу жылдамдығын арттырып отыр. Егер бұрын әрбір адамның ақпар алу мүмкіншілігі шектеулі болса енді ол бара-бара ұлғаюда. Бұл сізге нейрондарының арасында байланыс түзетін кәдімгі миды елестете алама? Егер дәл осы тұрғыдан қарасақ не көрер едік?
1. Ми әлі даму үстінде және нейрондардың тізбектік байланысы дамылсыз ұзару үстінде. Мәселен, сіз дәл қазір осы мәтінді оқып отырсыз және осы күйіңіз мәтін арқылы екеуіміздің арамызда байланыс барлығының дәлелі. Солай емеспе? Ал енді сіз мәтіннің мазмұнын басқа біреуге айтуыңыз мүмкін ғой…

2. Белгілі бір нәрсемен айланысатын нейрондар тобы құрылады.

3. Ми химиямен уланады(ішімдік, наркотик, шылым шегу және т.c.c). Ал қайсыбір нейрондар келесі бір нейрондарды азық немесе ортадағы өзіне ыңғайлы көрген орын үшін күресте қажытып әлсіретіп жоюға тырысады. Мидағы осындай жасаушаларды — обырлық(раковые клетки) деп атайды.
Әрі қарай