Блоггинг және 8 фитнес стратегия

Блог - Gastarbaiter: Блоггинг және 8 фитнес стратегия
Блог жүргізу және фитнес, хм-м…
Мұндай тақырыпты мен «фитнес гуруы» немесе шекесінен нұр төгілген блогосфераның соңғы апостолы атағына дәмеленгендіктен таңдағаным жоқ. Фитнестің кей қағидалары мен тәсілдерін саналы не бейсаналы түрде қолдануым маған бір кездері блог жүргізуде үлкен пайдасын тигізген. Кейбірі мен үшін әлі де тың, әлі де пайдалы. Сондықтан, оларды өзіңізбен бөлісудің мүмкіндігін мүлт жібергім келмейді. Ендеше, жаттығушының ырсылы мен пернетақтаның тынымсыз тырсылында нендей ортақ нәрселер бар екен? Көрелік.


Әрі қарай

Айдан түскен ақша

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Бүгінде Айды көп адамдар кәсіп көзіне айналдырған. Ғарышкерлер оған ұшып барады, ғарыш станциялары арнайы зерттейтін объект ретінде қарастырады, Айдағы жерлер де сатылып жатыр. Табысын Айдан тауып жүргендер де баршылық. Соның бірі – Айдын Оқаұлы. Ол Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ақыға телескоппен Айды көрсетеді. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туып-өскен Айдынның негізгі мамандығы қаржыгер.
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Айдан нәпақасын тауып жүрген Айдынмен біз де жолығып, кәсібінің нәсібі туралы сөйлескен едік.
☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽ ☽

Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша — Бүгінгі күні Айдың кәсіп көзі болып отырғандығымен келісесіз бе?
— Ғарыш мәселесі, соның ішінде айға ұшуды державалардың өзара бәсекелестігі ретінде ғана қарастырған дұрыс. Өйткені ғарыш ешқашан пайда табатын нәрсе болмаған. Ол қорғаныс саласы сияқты мемлекетке тек шығын әкеледі. Осы уақыттың ішінде тек кәсіп көзі ретінде Ричард Брэнсон деген кәсіпкер Virgin Galactic деген компания құрып, туристерді ғарышқа апару мақсатында кеме жасап шығаруды қолына алды. Тіпті аспанға ұшуға кезекке тұрып қойғандар да бар. Ғарышқа барып келудің құны – 250 мың доллар. Олар Айға дейін ұшып бара алмайтындары анық, алайда стратосфераның жоғарғы бөлігіне, яғни жердің дөңгелек болып көрінетін жеріне дейін жетеді.

— Қазіргі уақытта Айдың беті сатылып жатыр. Сол арқылы ақша тауып жатқандар қаншама… Ал сізге бұл ай қалай көмектесуде?
— Астрономияға оқушы кезімнен қызығатынмын. 2010 жылдан бері сол қызығушылығымды кәсіпке айналдырдым. Мектептегі ынтызарлық болмағанда мұнда тұрмауым да мүмкін еді.

— Сонда сіз сатылған айдан ақша жасап отырсыз ғой?
— Иә, сатылған айды сатып пайда тауып жүрмін.

— Айды көруге күніне қанша адам келеді?
— Әр кезде әрқалай. Көбіне ауа-райының жағдайына байланысты. Себебі бұлтты күндері ай дұрыс көрінбейді.

— Жалпы халықта Айды көруге деген қызығушылық қаншалықты?
— Қызығатындар көп. Әсіресе, жастар жағы құмар.

— Телескопыңыз айды қанша есе жақындатады?
— 300 есе жақындатып көрсетеді.

— Күніне орта есеппен қанша пайда түсіресіз?
— Күніне ең аз дегенде 7-8 мың теңгедей табамын.

— Айға қараған қанша тұрады?
— 300 теңгеге бір рет көреді.

— Айды көріп болғаннан кейін «Осы үшін ғана 300 теңге бердім бе?» деп айтатындар бар ма?
— Иә, айтатындар бар. Ол адамның танымына байланысты нәрсе ғой. Кейбіреулер мүлдем қызықпайды.

— Төлеген ақшасын қайтаруыңызды талап еткендер болды ма?
— Жоқ, ондай әлі кездеспеді. Тегін қарайық дейтіндер болады. Бірақ төлеген ақшасын қайтарып бер деп ешкім байбалам салған емес.

— Тегін қарайыншы дегендерге тез көнесіз бе?
— Ол енді менің көңіліме байланысты (күліп)

— Ай әлемінен бейхабар адамдар сауал қойса сіз жауап бере алатын мүмкіндіктесіз бе?
— Айды көрген адамдарда әртүрлі сұрақтар болады. Кіріспе сұрақтарға жауап бере аламын.

— Көбіне қандай сұрақтар қояды?
— Көбінесе білетін адамдар айды көру қанша тұратындығын да сұрамайды жәй келеді де қарап, айтқан ақшаңды беріп кете береді. Ал танымы таяздау адамдар Айға қараған кезде бетіндегі кратерлерді «Бұл не тесіктер?» деп сұраудан бастайды.

— Сіз қазір сатып алған телескобыңыздың ақысын қайтарып алдыңыз ба?
— Бұл телескоп негізі пайда табу үшін сатып алынбаған еді. Ағам өзі ғарыш әлеміне қызыққаннан соң, ақшасын аяған жоқ.

— Телескоппен ақша тауып жатқандығыңдызды ағаңыз біле ме?
— Иә, біледі. Өзі кәсіппен айналыс деп маған пайдалануға берген болатын.

— Осы жерде тұрып кәсіп істеп тұрғаныңызға салық төлейсіз бе?
— Жоқ.

«Айды сататын» жұмысыңызға қай уақытта шығасыз?
— Айдың көрінуіне байланысты. Әркезде әрқалай болады. Кейде сегізде, кейде 11-12-де шығамын.

— Бұдан тапқан ақшаңызды қайда жұмсайсыз?
— Өзімнің жеке жоспарларым бар. Соған жинап жатырмын.

— Егер қазіргі кәсібіңізден жақсы қаражат тауып жатсаңыз толықтай осы салаға бет бұруыңыз мүмкін бе?
— Негізі жоспарлар бар. Бірақ оларды әлі терең ойластырған жоқпын.

— Айда тіршілік бар екендігіне сенесіз бе?
— Мен оған діни тұрғыдан қараймын. Сол үшін ол жақта тіршілік жоқ деп есептеймін. Айға 50-60 жыл қарап жүрген адамдар да, тіпті ол жаққа ұшып барып келгендер де осы күнге дейін ешқандай тіршілік иелерін көрген емес.
Мен Айға қарап жүрген уақытымнан бері бір-ақ ерекшелік көргенмін. Осыдан 2-3 жыл бұрын Айға қарап тұрған сәтімде халықаралық ғарыш станциясы көз алдымнан ұшып өтті. Бір-екі секундтай көрдім.

— Дін жағынан қарастырамын деп жатырсыз ғой… Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) саусағымен Айды екіге бөлген деген бар. Сол бөлінген жер байқалады ма?
— Қазақта Айға саусағыңды шошайтпа деген содан шыққан. Қазіргі уақытта америкалық ғалымдар Айдың ортасында жыраға ұқсас нәрсе тапты. Кратерлер ұңғымалы болады ғой, ал ол өзгеше. Бірақ ғалымдар оны көп жарияға шығармайды.

— Бұл телескоп арқылы жұлдыздарды көруге мүмкін бе?
— Олардың жермен арақашықтығы өте үлкен болғандықтан, телескоп арқылы да олар жәй жарық нүкте болып көрінеді. Ол қарапайым адамға қызық емес. Сондықтан жұлдыздарды емес, Айды ғана көрсетемін.

— Жақында Марс, Шолпан секілді планеталар жерге жақындады. Сол кезде бақылап көрдіңіз бе?
— Мен Марсты көрмедім. Бірақ Юпитер мен Сатурнды көргенмін. Қазір олар көкжиектен тыс жатқандықтан көріну аймағында жоқ.

— Талай ақынның қаламына сыр бітірген, әннің ең әдемі ұйқастары да осы аспан әлемімен байланыстырып жатады. Мәселен «Айға қарап түсірем сені есіме» деген тіркестің артында бір сыршылдык бардай. Осы тұрғысынан келгенде сізді романтик деп айтуға негіз бар ма?
— Мүмкін…

— Айлы түнді айшықтап, түсінген жанға түннің құбылысын түсіндіруге тырысқан талабыңыз оң болсын!
Блог - rakisheva: Айдан түскен ақша
Әрі қарай

Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі

Бауыржан Момышұлының өнегелі келіні Зейнеп Ахметованың жастарға өсиет еткен жазбаларын интернеттен де, газет-журналдардан да жиі көреміз. Оның бірін оқып жатсақ, бірін көрмей өтіп кетіп жатқандарымыз қаншама. Әрбір жазбасынан оқыған сайын алтын сандықтан маржан сөздерді уыстап-уыстап алып алғың келетін Зейнеп апаның әңгімелерінен «Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі» тақырыбында баланың ана құрсағына біткеннен дүниеге келгенге дейінгі алғашқы тәрбиесіне байланысты сөздерін сүзіп алып, назарларыңызға ұсынып отырмын.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі


ӨМІРГЕ АДАМ ӘКЕЛУ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚАСИЕТТІ ҚҰБЫЛЫС
Әлгі ақын-жазушылар асқақтатып суреттейтін алып-ұшқан жүрек қуанышы, ана болу мақтанышы, шынын айтқанда, алғаш бала көтерген әйелде бола бермейді.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі

Тұңғыш баласына аяғы ауыр келіншек өзінің ана болатынын білгенімен, шын мәніндегі жүрек елжіретер шынайы аналық сезімді әлі түсінбейді. Бірақ оның бүкіл жаратылыс-болмысында өзгерістер жүріп жатады. Айналаны қабылдауы басқаша бір ағысқа түскендей болады. Өзінен-өзі мазасызданып, сәл нәрсеге кейіп, болар-болмасқа тарылып, әр нәрседен секемденіп, бұрын өзіне тән емес күй таңдау пайда болады. Әлгі ақын-жазушылар асқақтатып суреттейтін алып-ұшқан жүрек қуанышы, ана болу мақтанышы, шынын айтқанда, алғаш бала көтерген әйелде бола бермейді. Неге десеңіз, белгісіздік — қашанда құпиялы, қорқынышты. Ал өмірге адам әкелу — әлемдегі ең қасиетті құбылыс. Сол үшін де әжелеріміз «екіқабат әйелдің бір аяғы — жерде, бір аяғы — көрде» деп, ана болу бақытының қасында толып жатқан қауіп-қатердің бар екенін айтады.


ҚАМҚОРЛЫҚ
Баланың сүйегі шымыр, мықты болсын деп қызыл ірімшік жегізіп, арасында сағыз шайнатады.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Қашанда қазақ жүкті келіннің мезгілімен тынығуына қамқорлық жасап, нәрлі тағамдарды, әсіресе ақ қосылған асты көбірек ішуін қадалаған. Баланың сүйегі шымыр, мықты болсын деп қызыл ірімшік жегізіп, арасында сағыз шайнатады. Қарағай сағыз, құм сағыз, жер сағыз секілді таза өсімдіктерден алынған ешбір қоспасыз, табиғи сағыздарды берген. Сонымен бірге баланың көру, есту қабілеті жақсы жетілсін әрі тамағы бойына сіңсін деп келінге рауғаш, жуа, қымыздық, саумалдық, түйетабан секілді өсімдіктерді, қарақат, бүлдірген, мойыл, жидек секілді жемістерді жегізген. Келіннің өзін күтіп, таза жүруіне көп көңіл бөлген. Киікоты, көкемарал, жалбыз, шайшөп, жұпар сияқты хош иісті шөптердің қоспасымен жуынуға үйреткен. Үйге арша, адыраспан секілді емдік қасиеті бар өсімдіктерді түтіндетіп, іштегі баланың тыныс мүшелерінің сезімтал болуына әсері барын да білген.

«Балаға жағымсыз, кесірі тиеді» деп келіншектің тіс тазалығына да көп көңіл бөліпті. Азанда және жатарда тұзды сумен немесе жоғарыдағы аталған хош иісті өсімдіктердің қайнатпа тұнбасымен ауызды шайқатқан. Үлкен кісілер немерелі болуды аңсап күтумен бірге нәрестенің өмірге аман-сау келуін өздері де міндетті санаған.


ҚҰРСАҚТАН БАСТАЛАТЫН ТӘРБИЕ
Қазақ «Келін жыласа, бала жасық болады» деп келінді жылауға жеткізбей, қас-қабағына қарап, әлдебір суық хабар болса естіртпей, кездейсоқ зардаптардан қорғаған.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Біз баланы қазіргі кезде балабақшадан бастап тәрбиелеу керек дейміз ғой, шындап келгенде қазақ халқы тәрбиені балаға іште жатқан кезде-ақ бере бастаған. Келінді тәрбиелеу арқылы іште жатқан шарананы тәрбиелеген. Мысалы, келін аяғы ауырлағаннан бастап оның болашақ ана екенін үлкен ауылға, елге білдіріп, сол үйдің шаңырағына ақ шүберек байлап қойған екен. Содан бастап жұрт ол шаңырақтағы келіннің аяғының ауыр екендігіне байланысты үлкен-кіші демей оған бәрі қамқор болып жүреді.
Сонымен қатар, ұрыс-керіс, айғай-шу болып жатқан жерден келінді аулақ ұстаған. Оның көзінше кім-кімге де өрескел сөйлеуге, айғайлауға, мінез көрсетуге тыйым салған. Оның өзіне де: «Қарағым, дауысыңды көтеріп даурықпай, биязы, сыпайы сөйле! Әйтпесе бөпеңнің мінезі шәлкем-шалыс, содыр болып қалады», — дейді екен.
«Келген кісіні есіктен қайтарма, «қырықтың бірі — қыдыр» деген, қолыңнан дәм татқыз, ықыласын ал, шарапаты тиеді. Жас балаға зекіме, олар періштедей пәк, баланың мейірімі түссе бойың жеңілдейді. Итке «кет» деме, ол — жеті қазынаның бірі, иесіне жақсылық тілеп жүретін берекенің күзетшісі», — деген секілді қарапайым да астарлы кеңестерін беріп, келінді жағымсыз әдеттен сақтандырып, әдептілікке, кісілікке жетелепті. Сол арқылы іштегі балаға да тәрбие ұрығын сеуіпті. «Келін жыласа, бала жасық болады» деп келінді жылауға жеткізбей, қас-қабағына қарап, әлдебір суық хабар болса естіртпей, кездейсоқ зардаптардан қорғапты.
Келіншектің күйеуіне «қосағыңның аяғы ауырлады, салмағын өзің көтеріс» деп, оның азаматтығына сенім артып, міндет жүктеген екен. Бала көтерген болашақ ананы боқтап, ауыр сөз айту немесе қол жұмсау қазақта үлкен күнә саналған. Ондай парықсыздыққа барғанда бүкіл ауыл болып айыптап, қатты сынға алған, жазалаған.


ЖЕРІКТІК ҚҰПИЯСЫ немесе «КӨҢІЛСІЗДЕН КӨЗСІЗ БАЛА ТУАДЫ»
Жерігі қанбаған анадан туған нәрестенің есейгенше аузынан сілекейі шұбырып, үнемі қанағатсызданып жылай беретін беймаза болады.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Бойына алғаш бала біткен тәжірибесіз жас келіншек бұрын-соңды болмаған сезім-түйсіктерді басынан кешеді. Көңілінің неменеге соғып тұрғанын, тәбетінің қандай асқа ауатынын дөп басып айта алмай, не екенін өзі де түсінбей аласұрып қиналады. Осы бір аса жауапты кезеңде ақыл-кеңес айтып, көмек жасау, мейірім таныту сауабы мол қасиетті іс саналады. Егер келіннің жерік асы табылмаса, босанғанша ішкені бойына сіңбей, әл-дәрмені құрып, басы айналып, көңілі жер тартып, әбден титықтайды. Қазақ мұндайды «ит жерік» дейді. Ал осындай жаны мен тәні бірдей азаптанып жүрген адамның жай-күйінің қаншалықты жағымсыз болатыны өзінен-өзі түсінікті. Бұл жағдай тікелей іштегі шаранаға әсер етеді. Өйткені ананың жерігі, ең алдымен, баланың табиғи қажеттілігінен, қандай да бір дәруменнің жетіспеушілігінен туындайды. Жерігі қанбаған анадан туған нәрестенің есейгенше аузынан сілекейі шұбырып, үнемі қанағатсызданып жылай беретін беймаза болады. Сондықтан да келіннің жерік асына аса жауапкершілікпен, үлкен қамқорлықпен қараған жөн. Тілімізде «жерік асын жегендей балбырады», «жерік асы табылғандай қуанды» дейтін қалыптасқан сөз тіркестері бар. Айтса айтқандай, болашақ ананың аңсары ауған тағамы табылып, соны құмары қанып қабылдаған соң еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ғажайып рахат сезім сәттеріне бөленеді. «Тортасынан айырған сары майдай» жан дүниесі еріп, мінез-құлқы жайдарыланады. Айналасы алқызыл гүлдерге тұнып тұрғандай, төрт құбыласы түгелденгендей, өзінен-өзі қуанып, жүзіне нұр ұялайды, езуіне күлкі үйіріледі. Жанындағы адамдарға мейірлене қарайды, қолға алған ісін ықылас-пейілімен тыңғылықты атқарады. Осындай көл-көсір дархан көңіл күйдің іштегі баланың жетілуіне қандай жағымды әсер ететіні ешбір талас туғызбайды.
«Көңілсізден көзсіз бала туады» деген бар. «Аяғы ауыр келін ашық-жарқын, көңіл күйі көтеріңкі жүрсе, толғағы жеңіл болып, аман-сау босанады, бала ерте ширайды» деуші еді әжелеріміз. Ұрпағының қамын ол өмірге келмей жатып ойлаған ақылды ене ауыл жастарын шақырып «келін көңілі» деп аталатын әдемі басқосуды жасап береді. Жастар әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй шертіп, қызық ойындар ойнап, жарасымды әзіл-қалжыңмен болашақ ананың көңілін сергіткен. Қазіргі ғылыми-зерттеу тәжірибелері жағымды сезімде жүретін ананың баласы мейірімді, сезімтал, кісіге жақын, үйірсек болатынын дәлелдеп жүр. Ал әжелеріміз мұның бәрін баяғыда оқымай-ақ білген ғой.


ЕМІЗУ немесе АЛҒАШҚЫ АУЫЗДАНДЫРУ
Біз ананың екі-үш күн ғана болатын уызында тектік қасиет болатынын біле бермейміз. Ал тектік қасиет дегеніміз — ұлттық қасиет.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Бұрынғы әжелер өмір есігін жаңа ашқан жас нәрестені құйрықмаймен ауыздандырған. Алғаш аузына алып, татқан дәмі май болғандықтан да, қазақ баласының асқазаны ауырмаған екен. Кейде ер балаларды «қасқырдай қайсар болсын» деген ниетпен қасқырдың қылымен ауыздандыратын. «Қара суға қарап қалады» деген сеніммен баланы еш уақытта сумен ауыздандырмаған. Қазір жас нәресте туыла салысымен анасының бауырына салғанды жұрт жаңалық көріп, «америкалық тәсіл» деп дабыралатып жүр. «Америкалық тәсіл» болмай-ақ, біздің қазақ ежелден-ақ өмірге келе салысымен нәрестені анасының бауырына салған. Анада аналық сезімі баласын емізген кезде пайда болады. Алғаш сәбиін қолына алып, омырауын тосқан ананың алпыс екі тамыры шымырлап, өзгеше бір сезімге бөленеді. Қазақ әйелі ешқашан шашын қобыратып, орамалын байламай баласын қолына алмаған. Үнсіз оңаша отырып емізетін болған. Көргенді ене «балаңның жүзіне мейірлене қарап, іштей тілеуіңді тілеп отырып еміз, сонда балаң мейірімді әрі сенің қадіріңді біліп өседі» деп үнемі келініне айтып отырған. Баланы өзгелер қанша күтіп-бақса да, ананың мейірімі мен ақ сүтіне ештеңе жетпейді. Зейнеп апайдың айтуынша, нәресте бүкіл өміріне жететін иммунитетті екі күн еметұғын уыздан алады екен. Қазақта «уызына жарымаған» дейтін сөз бар. Мысалы, уыз ембеген жетім қозылар тез өліп қалады. Тіпті тірі қалған күнде басқа қозылармен салыстырғанда, шөкімдей болып, өспей қалады. Адам баласы да сондай болғаны ғой…
Біз ананың екі-үш күн ғана болатын уызында тектік қасиет болатынын біле бермейміз. Ал тектік қасиет дегеніміз — ұлттық қасиет. Ата-бабаларымыздың уызға аса қатты мән бергенінің себебі — осы. Мейіріммен берілген сүт баланың бойына дәрумен болып, шипа болып сіңеді. Құр әншейін қарын тойғызу емес, мейірлене емізу арқылы балаға күш-қуат құйылған. Тіпті мұның астарында да үлкен тәрбие жатыр, бұл да негізсіз емес.


КІНДІК ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой...
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі

Бұл күнде қыздарымыздың белдері ашық-шашық жүреді. Бүйректеріне суық тиетініне, бүйректің суықты бірден қабылдайтын өте нәзік әрі сезімтал мүше екенін білмейді. Кіндікті көрсетіп жүргенді сән көріп жүрген қаракөз қыздарымыз жетерлік. Ал біздің қазақ кіндікті өте қасиетті деп санаған. Бұрын ұл баланың жолдасын — алты қырды асырып, ал кіндігін табалдырықтың астына көмген. Әжелеріміздің «табалдырықты баспа» дейтіндері сондықтан. Ұл — шаңырақтың иесі, елін-жерін қорғайтын ертеңгі азамат, болашақ жауынгер әрі түздің адамы.
Ал қыз баланың жолдасын да, кіндігін де оттың басына көмген. Олай болатыны, ол — қай жерге бармасын, қазан-ошаққа ие болар болашақ келін, ұрпақ өрбітетін болашақ ана. «Оттың басына түкірме» дейтін тыйымның мәні осында жатыр. Жетпіс жыл бойы біздің кіндігімізді кім кеспеді, түскен кіндіктің қайда тасталғаны да бізге белгісіз. Күл-қоқысқа лақтырылып, ит пен мысық жегендіктен де, бірімізді біріміз тыңдамай, сөзімізді көтере алмай, итше ырылдасып жататынымыз осыдан болуы да мүмкін ғой… Кім біледі… Былай қарасаң, кіндік — соншама қадірлеп әрі дәстүрлеп көметіндей емес, тырнақтай тері. Бірақ ата-бабаларымыз кіндікке соншама мән беріп, қасиетін бағалағандықтан да жаужүрек ұлдары, үлкеннің алдынан кесіп өтпеген ибалы келіндері болды. Ата-бабамыздан бізге осыншама кең-байтақ жер қалуының бір сыры осында жатса керек. «Кіндік қаны тамған жер» деп те айтып жатамыз… Қалай десек те, бұл негізсіз емес. Бұл күндері, Құдайға тәубе, баланың кіндігі түспей жатып үйге шығарып жібереді. Белгілі себептермен перзентханада ұзағырақ жатып қалса, кіндікті сұрап алып, адам аяғы баспайтын ағаштың түбіне көміп тастайтын отбасылар қатары көбейіп келеді.


БАЛАНЫ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ
Баланың 40 күнге дейін еті мен сүйегі бөлек тұрады. Ал қырқынан қалай шығарады, ет пен сүйек бірігеді.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Бірнеше жылдан бері баланы 20 күннің ішінде қырқынан шығаратын үрдіс пайда болыпты. Айтуларынша, күн мен түнді қосып есептегендегі-кіші шілде. Бұл дегеніңіз арғы жағын білмеу. Қазақтың бұрыннан келе жатқан ешбір жырларында, шығармаларында күн мен түнді қосып есептеген жазбалар көрмейсіз. Не үшін қырқынан шығаратынын да білмейді. Мен өзім қазақтың кемеңгерлігіне, парасаттылығына, данышпандылығына қатты таң қаламын. Жаңа туған бала 40 күнге дейін жердің баласы емес. Өте қауіпті кезең. Ол баланың 40 күнге дейін еті мен сүйегі бөлек тұрады. Ал қырқынан қалай шығарады, ет пен сүйек бірігеді. Жылаңқы, мазасыз балалардың өздері қырқынан шыққаннан кейін көзі жылтырап, айналасына қарап жылағанын тоқтатады. Жас келіннің өзін 40 күн күткен. Суық суға қолын салдырмайды, кір-қоқыс ұстатпайды, қалжалап, сорпалап ұстайды. Өйткені, ұрпақтың болашағын ойлайды.


ШІЛДЕХАНА
Шілдехана жәй тойлау емес!
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Баланы қырқынан шығарғаннан кейін қазақ бірінші күні шілдехана тойын жасаған. Түнімен өлең айтады, домбыра тартады. «Түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі» дейтін халқымыз туыла салған баланың құлағына ән-жыр сіңіреді. Шілдехана жәй тойлау емес! «Жын-шайтан жоламасын» деп шілдехана өткізеді, қазіргі тілмен айтқанда, жаман энергияны тап-таза, періште денесіне жолатпау. Неге? Себебі жеті әуезді Құдай жаратқан. Ән айтқан жерде жаман ой болмайды, тек жақсы көңіл-күй, жақсы тілек, таза ниет қана болады деп жорыған қазақ.


БЕСІККЕ САЛУ
Бесік жыры — балаға берілетін алғашқы тәрбие
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Кемпірлер баланы бесікке салады, бесікке міндетті түрде әжелер салады, өйткені оның қолынан көптеген немере-шөберелер өтті.
Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі — бесігін аңсап тұратындығында. Ондай бала өзінің бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала әбден тойған сәтте анасы бесікті жайлап тербете отырып, бесік жырын айтатын болған. «Қазақтың 3-4 жасар баласының тілі жатық, ал 5-6 жастағы балалар шешен әрі тауып сөйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі», — деп таңдана жазған екен жер аударылып келген поляк революционері А.Янушкевич өз естеліктерінде.
Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай.
Біздің елде ауыздан қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.
Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
Қазақы мінезіміз бен болмысымызға қайта оралу үшін әр ана бесік жырын сәбиінің бойына сіңіріп өсіруі керек. Бесікке асыла отырып мейірлене бала емізген анадан, бесік жырын айтып отырған келіннен сұлу әйел жоқ шығар, сірә! Осыны естен шығармағанымыз жөн!


БАЛАҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ СІҢІРУ
ДИНАРА БОЛАТ: Қазақылығымызды жоғалтпайық деп, бала бағуды салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға негіздеуді жөн көрдім.

Тақырыпқа сай екі баланың анасы, әрі психолог Динара Болатпен бала тәрбиесі жөнінде әңгімелескен едім.Блог - rakisheva: Ұлттық тәрбие - ұлттық рухтың негізі
— Ең алдымен сәбилі болатынын білген ата-ана баласына есім таңдайды. Өйткені балаға берілген есім оның болашақ тағдырын анықтап, өмір жолына әсері болады деп жатады ғой. Соны ескеріп және заманауи тұрғыдан, яғни баланың есіміндегі дауысты дыбыстардың тұйық емес, ашық болғаны жөн дегенді басшылыққа алып, жолдасым екеуіміз сәбиіміздің өміріне ауыртпашылық бермейтін есім іздестіріп, Хақназар деген есімге тоқталдық. «Хақназар» ол біріншіден, «Хақ» — Алланың 99 есімінің бірі, сол Хақтың оң назарында болса, екіншіден, қазақтардың ауызбіршілігі жоғалып, қазақ басы ыдырай бастаған кезде билікке Хақназар хан келіп, халықтың басын біріктірген және ең ұзақ 42 жыл ел билеген ханның есімі.

Бірінші баламды көтергенде жас болдым. Ал екіншісінде есейгендігімізден болар, осы қазақылығымызды жоғалтпайық деген ниетпен жүкті кезімде қазақтың салт-дәстүрлерін көп оқыдым. Яғни, бала бағуды салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға негіздеуді жөн көрдім. Осыған орай Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың бала емізуге қатысты айтқанында бұрын қазақтар денсаулығына, мінез-құлқына байланысты түрлі ырымдар жасаған екен. Соның ішінде ұл туғанда баланы қайсар болсын деп қасқырдың жүнімен ауыздандырған дейді. Мұны оқығаннан соң интернетті шулатып қасқырдың жүнін іздегенім бар (күліп). Оны тапқаннан кейін қасқырдың жүнін берген адам жүнін қай жерінен кесіп берейін деп сұрады. Қасқырдың жалы деп жатады ғой желкесіндегі жалынан кесіп беріңіз дедім. Босанғаннан кейін өзім қиналып жатсам да, мейірбикелер тезірек емізіңіз дегеніне қарамай сол қасқырдың жүнін перзентханаға бірге алып барып, омырауымнан бұрын баламды сонымен ауыздандырдым. Сонымен қатар, босанғаннан кейін баланы алып келіп, «Алыңыз, бетінен сүйіңіз» дегенде қазақ баланы маңдайынан бағы болсын, бақытты болсын деп ырымдап сүйетіндігі есімі түсіп, оның үстіне қыз емес ұл туып жатқаннан соң оны несіне еркелетіп бетінен сүйемін деп, медбикеге маңдайын жақындатуын сұрап, маңдайын сүйіп, «бақытты болсын» деп алғашқы аналық батамды бердім. 

Кіндік шешесі Нәзира Бердалы жүкті кезімде «баланың кіндігін жерге тастамайды екен деп» ескерткен болатын. Оқып жүрген салт-дәстүрлер кітабынан «Қазақ бабамыз бала туылғанда кіндігін осы бала ата-анасына, туған жеріне, Отанына байлансын, Отанын сүйіп өссін деген ниетпен баланың кіндігін туған жеріне көмеді» дегенін оқып, перзентханадағы босандырған дәрігерден баланың кіндігін өзіме беруін өтініп, кіндігін өзімізбен бірге алып шықтық. Сөйтіп, өзіміз Астанада тұрып жатсақ та Хақназардың ата-анасы, ата-әжелері туылған Жайықтың топырағында сақталсын деп балының кіндігін Оралға беріп жібердік. Балаға қатысты осындай ырымдар жасадық.

Баланың психологиялық жағдайына келетін болсақ, бала анасының ішінде де, кейін сыртында да анасымен тікелей байланысты. Соның көбінде ананың жүкті кезіндегі психологиялық ахуалы. Өзім кішігірім зерттеулер жасап көргенімде байқағаным, бала сен жымисаң саған жымиады, сен қабағыңды түйсең ол да саған біртүрлі қарайды. Яғни, ол тума түйсік болғанымен кез-келген сәби бұл дүниеге жақсылыққа, мейірімге толы жүрекпен келеді. Сәбилер таза парақша ғой. Анасының жүкті кезіндегі жағдайының жақсы болуынан болса керек, жақында дәрігерлер келіп кетті. Хақназар оларға гуілдеп сөйлеп, күлімдей берді. Дәрігерлер баламда уақытынан бұрын даму болып жатырғандығын айтып қуантты. Ал менің ойымша бұл анасының жүктілік кезіндегі оңтайлы күйінен берілген нәрсе. Сондықтан жалпы баланың, оның ұйқысының тыныш болуы және мінезінің қалыптасуы ананың жүктілік кезіндегі көңіл-күйіне тікелей байланысты. Қазір мына бала кішілеу бұған қарап көпнәрсе әлі айту ерте. Сондықтан тұңғышым жайында айтып берейін. Ол кезде студент едім. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрдім. Алайда өзімнің ішкі күйіме жақсы қарайтынмын және сол уақытта жолдасыма әр нәрсенің балаға қалай әсер ететіндігін түсіндіре отырып, ол да менің жүктілігіме белсене араласуын сұрадым. Баламыз ата-анасының үлкен махаббатынан дүниеге келгендігін сезінуі үшін мен жүкті кезімде екеуіміз үйде бірге би билейтінбіз, міндетті түрде күніне екі рет серуеңге шығатынбыз, тек жайлы әңгімелер айтып, позитивті фильмдер көріп, бірге әсем әуендер тыңдайтынбыз. Соның нәтижесінде қызым өте көңілді, әрі кішкентайында өте тыныш бала болды. Сол жүкті кезімдегі белсенді іс-әрекеттеріме байланысты қызым өте ширақ және үлкен адамдармен араласқыш, кез келгенмен тез тілтабысқыш бала болып өсіп келеді. Сәйкесінше, мына баладан да сондай нәтиже күтеміз!


P.S. Акварельмен салынған суреттердің авторы: Вета Попова.
Әрі қарай

Жиырма бесінші көктем

Өзіңді түсінбейтін адамның қасында болудан артық жалғыздық жоқ ©
Өмірде жалғыздықтан асқан қасірет жоқ шығар. Себебі жан дүниенің жалғыздығы адамды түрлі ойларға жетелейді. Көбіне адамдар жалғыздықтың салдарынан өмірден түңіліп, өз-өзіне қол жұмсап, не өз ішіне тығылып депрессияға түсіп кетіп жатады… Алайда жалғыздық әрдайым ондай болмайды екен!
Мен осы аптада әдемі жалғыздықты кездестірдім…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Оның есімі — Жеңіс.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс — суретші. Ол таң атқаннан кеш батқанға дейін өзінің шеберханасында…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Осындай әдемііі түрлі-түсті бояулармен… Кенеппен… Өз ойымен… Жалғыз…
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс өмірде жалғыз емес. Достары бар, жақындары бар… Бірақ ол шеберханасында, өзінің түрлі-түсті әдемі әлемінде, өз ертегісінде жалғыз.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңістің өз ертегісінде жалғыз болуының бір себебі бар. Ол бақытын Жеңіссіз тапқан бойжеткен.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Ерекше көктемгі тақырып іздеп жүріп, мен осы жігіттің сол бір жиырма бесінші көктемін салып жатқан сәтінің үстінен түстім.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Суретте «жаңбыр» осындай лактың көмегімен салынады.
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Блог - rakisheva: Жиырма бесінші көктем
Жеңіс Нұртасұлының «Жиырма бесінші көктем» картинасы, кенеп, майлы бояу, 2014 жылдың көктемі

Жеңіс өзінің емес, өзгенің бақыты болып кете барған сүйіктісіне арнаған бұл картинасы жайында:
— Өмір қызық қой. Мәңгі бірге болатындай болып жүресің де… Бір уақытта ол жоқ болып кеткенде жаның қаңырап қалғандай болады. Тағдырыңа жазылғаннан қашып құтыла алмайсың дейді ғой. Өмірде қосылатын да, қосылмайтын да шын ғашықтар бар. Мен бұл картинаны жиырма бес жасымда өзіне қатты ғашық еткен бойжеткенге арнадым. Алайда біз бір бола алмадық…
Мына картинаға мән беріп қарасаңыз көөөп нәрселер көре аласыз. Адамдар, қала, көктемгі нөсер, түрлі-түсті гүлдер, үйлер, машиналар… бәрі-бәрі бар. Тек көре алу керек.
Негізгі акцент картинаға қараған сәтте бірден көзге түсетін екі ғашыққа түсірілген. Жандарынан қолшатыр ұстаған жалғыз қыз өтіп бара жатыр. Ол өмірде махабаттан басқа жалғыздықтың да бар екенін еске салады.
Жоғарырақ қарасаңыз нешетүрлі гүлдер көресіз. Біреулер оларды ағашта өсіп тұрған гүл деп ойлар. Жо-жоқ, ол көктемнің лебі. Гүлдеу, бүршік ату, құлпыру деген мағынаны береді. Байқап қарасаңыз гүлдердің арасында көктемнің ең әдемі гүлдерінің бірі «сиреньді» көре аласыз.
Көктемгі нөсер… Жаңбыр деген нұр ғой. Менің ойымша ол екі жасты бір қолшатырдың астына кіргізіп жауып тұрған нұр. Сонысымен картинаға романтика беріп тұр. Өзім жабырдың астында серуеңдегенді жақсы көремін. Бұл картина менің өмірімнің бір сәтінің көрінісі. Мәңгі осылай болғанда деген арманға толы туынды...
Әрі қарай

Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

Биыл BlogCamp-2014 шеңберінде өтетін "Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған үздік фотосуреттер" байқауына өз нұсқамды ұсынып көрмекпін.

Қарағанды — шахтерлер қаласы. Мен үшін шахтерлер — өз деңгейінде жете бағаланбай жүрген өнеркәсіптің қаһармандары. Маған шахтерлер мен блогерлерді байланыстыру қажет болды. Бұл идеямды іске асыру үшін 2008 жылы шыққан «Таңғажайып Халк» («The Incredible Hulk») фильмінің постерін негізге алдым:

BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет
Суретте шахтер және блогер бейнеленген. Бұл бір жағынан аталған фильм постеріне пародия, әрі шахтер мен блогшыны бірге көрсету амалы.

Ал мынау түпнұсқа постердің өзі:
BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

"КерекБлогер шеберханасы" жобасы

Блог - asaubota: КерекБлогер шеберханасы жобасы

Жастарды және бұрынғы тәжірибелі қолданушыларды жаңа жобаға шақырамын. Жоба мақсаты жас қолданушыларды сапалы блог жазуға үйрету, жаңа тұлғалар қалыптастыру және тәжірибелі блогерлерді де бапкер ретінде шыңдау. Жобаның алғашқы маусымын осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, үздік бапкерлер мен блогерлерді бірге анықтаймыз. Қысқаша түсіндіретін болсам: жас блогерлер өз жазбаларын алдымен бапкерлеріне көрсетіп тексертіп алады, олардан нұсқаулар алады, мақаланы қалай орналастырып, қалай жеткізу керегін үйренеді, оны жарнамалау жолдарын, пікірталасты қыздыру әдістерін де үйренеді.

Жарыс 16 қыркүйекте басталып кетеді, қатысатын бапкерлер мен үміткер блогерлер өтініштерін жұма, 13 қыркүйек, 15:00-ге дейін жіберсін. Бір бапкер максимум 2 оқушы ала алады. Қатысушылар тізімі осы пост ішінде жазылып, жаңартып тұрады.

Бапкерлер және оқушылар
aikarakozIspek92 , бос
asaubotaAya , Anar70
satibaldikariim , Arys_arlany , Dzhuli
dark_nazgulken , manko , 891355
Marcoademi_alem , burkitshi , Korkem
Gastarbaiter007 , bizbike
Әрі қарай

Киллердің нысанасына блогер де ілікті

Үстіміздегі жылы кәсіби қызметі кезінде өлтірілген журналисттердің саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға артты. Нақты сандарға жүгінетін болсақ, 2012 жылы 86 журналист өлтірілген дейді «Репортеры без границ» ұйымы.
Сонымен қатар ұйым бұл 1995 жылдан бергі ең сұмдық көрсеткіш деп есептейді. Осыған жақын көрсеткіш 2007 жылы тіркелген екен(87 журналист). Ал бұл көрсеткіш 2009 жылы — 75, 2010 жылы — 58, 2011 жылы — 67 болған. Көптеген журналисттер Сириядағы соғыс, Самолидегі хаос және Пәкістандағы тәлібтердің зорлық-зомбылығы кезінде мерт болған екен.
Әрине, кәсіби журналисттерді сыйлайтындар үшін таңдай қақтырып, ішек тарттыратын ақпарат. Бірақ ең сұмдығы жалдамалылардың назарына биыл блоггерлерде ерекше ілігіпті. 2011 жылы 5 блогер өлтірілсе, Ұлу жылында өлтірілген блогерлердің саны 47-ге жетті.

сурет
Әрі қарай

Іші пысқандар оқи отырсын

Негізі мына бір бәлеге алғаш кіруім, Миым ашып кетті,қайда, не үшін кіргенімді құдай білсін,әйтеуір іш пысқаннан ашып едім, шыға кетті.Тіркелем деп 5 сағат оттым, оооо ес енді типо блогерлер сияқты блог жазам девем, арқа қайт күш жетпейт дейма бирдеме шықты,, ообщм бас қатты.Біррақ кіріп алсан шықққың кемейд екен әә, че то ұнаватырр речь деген свободно кетип қалған.Не ғо достар менин блогымды оқысандар көмектесе салндарш,құдайд
ан қайтар
Әрі қарай

Неге блог жүргізе бастадым?

Қазақ тілінде ешқандай мәселе жоқ, оны қолданып жүргендерде қиындықтары бар..(оның ішіне өзімде кіремін) ұзын сөздің қысқасы, тілдің қолданысының тағы бір аспектісі бар, оны қолданатын адамның тілді қолданудағы тәжірибесін қалыптастыру деген. Әрі ойымды жалғастырғым келмейді… тақырыбымнан ауып кетемін.

Блог платформаларды тек блогерлер ғана оқымайды, тіркелмеген "қонақ" болған интернет аумағында қажет ақпаратын іздеп жүрген қолданушыларда оқиды. Оған әбден көзім жетті. Жеке сайт ашсаң оның қолдауы бар (аз болса да тиын), ең бастысы келушілерді қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет етеді. Ақпарат іздестіру жүйелері ең бірінші «кілт сөз» бойынша көп қаралатын беттердің тізімін жасайды, интернет қолданушының психологиясы іздестіру бойынша шыққан бірінші беттегі ақпарат көздеріне сілтемені қарайды («бірінші бетте ашылсын» деген оймен өзің орналастырған ақпаратты өзің сағат сайын іздестірмейсің ғой).
Интернетке деген «тұтынушылық» көзқарас барлары қаншалықты, мүмкін жазбаларымды оқып «одан да күшті жазармын» деп жазбаларын жазып жатса тіпті күшті болар еді.

Өз деңгейімде, шамам келгенше жазбаларымды жазып жүрмін. Жаман болсын, жақсы болсын. Орыс тіліндегі шығармалардың үзінділерін (олардың көбісі шет тілден орыс тіліне аударылған, әттен шет тілдерін білмеймін полиглот емеспін, оригиналға не жетсін..) қазақшаға аударып жаздым. Тағыда ойымды қайталайын, жазбаларымды тек блогерлер ғана емес, интернет із кезушілеріне де арнап жазамын.

Жоғарыдағы жазылғандарға қосымша. Керекинфоның тұрақты қолданушыларына алғысымды білдірем, сын -сапаны арттырады, сіздерге алғыс (сауатымды ашып жатырмын).

Қазір Медеу Сәрсекенің шығармаларымен танысу әрекетіндемін (қазақ тіліндегі «фантастика», кейінірек детективтерін іздеймін)
Әрі қарай

"Алау" мұз айдыны BlogCamp-2012 қатысушыларын сырғанауға шақырады!


Астана қаласындағы "Алау" мұз айдыны наруыздың 21-25 аралығындағы «Жаппай сырғанау» акциясына BlogCamp-тің және Астанамыздың 30 қонағын тегін негізде қатысуға шақырады!

«Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» — Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:
  • конки тебу спорты;
  • шорт-трек;
  • хоккей;
  • керлинг;
  • мәнерлеп сырғанау.
«Алау» МС ұжымының мақсаты — жетілген техникалық құрал-жабдықтар, бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.


«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА БІРНЕШЕ РЕКОРДТАР ЖАСАЛҒАН



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР КЕШЕН



«АЛАУ» — АСТАНАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТЕҢ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ



Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел: +7 (7172) 706 744
Факс: +7 (7172) 706 743
e-mail: alau@alau.info
Әрі қарай

Алматы ->> Астана Blogcamp 2012

<img src=«www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/02/04/2012/02/27/ecf8a1.jpg»BlogCamp: Алматы — alt=«BlogCamp: Алматы ->> Астана Blogcamp 2012» />> Астана Blogcamp 2012" />> Астана Blogcamp 2012" />

Бүгін Алматылық блогерлер келісілген уақытта Алматы-2 вокзалында жиналды.

<img src=«www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/02/04/2012/02/27/443246.jpg»BlogCamp: Алматы — alt=«BlogCamp: Алматы ->> Астана Blogcamp 2012» />> Астана Blogcamp 2012" />> Астана Blogcamp 2012" />

<img src=«www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/02/04/2012/02/27/83d115.jpg»BlogCamp: Алматы — alt=«BlogCamp: Алматы ->> Астана Blogcamp 2012» />> Астана Blogcamp 2012" />> Астана Blogcamp 2012" />
Әрі қарай

Блогер болып барып,БОМЖ болып қайту.

Алдыңғы жазбамда жазғанымдай Астана қаласына «Мінбер» журналистерді қолдау қоры ұйымдастырған " Жаңа медиа техналогияларын ақпарат құралдары тәжірибесіне енгізу" семинар-тренингіне бардым. Мақсат сол-блогерлермен кәукілдесіп қайту және тәжірибе алмасу ғой. Бой сергітіп цифрластармен әріптестермен сыр шертісу. Жұма кешке барып сол күні және сенбіде «Абай » қонақ үйінде қондым.
Тұзым жеңіл деп айтып жүруші едім ғой. Жексенбі күні қайтуға дайындалып жатып«Осы мені машина қақпаса да, велосипед қағатын уақыты болып қап еді» деген күпір ой келді. Жазмыштың маған дайындаған сиы бар екен сол күні. «Халық сөзі» газетінің редакциясына соғамын деп жүріп жеке куәлігімді жоғалтып алдым.Таксиде не автобуста қалғанын білмеймін. Шалбарымның қалтасына саналы түрде салып алғаным есімдетін. Соны салғанда да орамал тұрған қалтама салыппын ғой))) Маңдайдан аққан сордың я бақтың терін сүртем деп жүргенде түсіп қалыпты…

ПыСы: вордпрестің ашылмай тұруына байланысты менің блогым толығымен мында көшті. Біразыңызға көшуге кеңес беремін.
Әрі қарай

Асанбайдың айтқаны, жаныма жақты...

Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденінің бес мәрте иегері, Октябрь революциясы, екі еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, экономика ғылымдарының кандидаты, академик, профессор, Алматы Жамбыл, Шымкент(Оңтүстік Қазақстан) облыстарының құрметті азаматы Асанбай Асқоров 1986 жылы Қазақстан орталық комитетін Колбин басқарған кезде, одан кейін де басына ауыр күндер туып төр жылдан аса уақыт қамауда болған. Оған тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған «Желтоқсан көтерілісін» ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты кінәлар тағылған болатын. 1995 жылдың 23-тамызында тағылған айыптың мүлде негізсіз екенін анықталып, толық ақталып шыққан. Асанбай Асқаров 2001-жылдың 13-тамызында дүние салған болатын. Асанбай ағамыздың «Тағдыр» атты кітабында мынандай терең ойлы мағыналы әңгіме жазалған еді. Сол сырлы сөзден сіз де хабардар болыңыз.
«… Оренбургке этап үшінші тәулікке жетті. Төңкерістен кейін ол қазақтардың астанасы болған. Бұл өңірде әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан қазақтар көп. Оренбургке жақындап тоқтаған сайын қазақтар да ұшыраса бастады. Оларды көрумен қатар ана тілімді есту жан жүрегімді езіп жіберді. Сол сәттерде көзімнен жастың қалай ағып кеткенін байқамай да қалдым. Адам бойындағы ең қасиетті ұлттық сезімім ояна бастады. Бұл басқа халықты жек көргендіктен емес, мен екі жарым жылдан бері бір ауыз қазақтың сөзін естіп, бірде-бір қандасымды көрмеген едім. Мына қазақтар туыстық жағынан қаншама қашық болғанымен, бауырымдай, ең жақынымдай көрініп, тұла бойым түгел шымырлап бара жатты» — деп жазған болатын. Ия, ұлттың қадірін, құндылығын жеке дара түсінген жан, өз ана тілін естігенде жүрегі елжіреп көзіне жас алғанын айтты. Ащы да болса шындық бүгінгі таңда сол Асанбай ағамыздың үміт артқан жастары өз ана тілінде сөйлеуі былай тұрсын, өз тілінде ойлана алмайтын халге жетті. Тіпті, орыстың тілде сөз айтуды, ағылшын тілінде ән айтуды мақтаныш көретін болды. Қазақ үшін қан кешкен Ахмет Байтұрсынов «сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» — деп босқа айтпаса керек. Орыс тілінде сөйлеп, қазақша бір ауыз сөз білмейтін қазақ жастарының жүрегі ешқашан елім деп соқпақ емес. Еліміздің дәстүрі, ғұрпы жоғалып бара жатқандығы солардың(орыстің тілінде сөйлеушілер) кесірі дер едім. Қазақ жазушыларының мұра қылып қалдырған кітаптарынан қарағанда, орыстың, ағылшынның қиял ғажыйып жазбаларан оқуға бейім келген қазақтың кей жастары(қазақ деуге ауызым бармайды) ұлтымыздың отына су құюда. «Тілі жоқтың — дымы жоқ». Абай атамаздың «Замандасың жаман болса сен де кінәлісің» — деген сөзін алға тартып, өз тілінде сөйлей алмайтын, ауызында темеке, қолында сыра, құшағында қызы жүрген құз басында тұрған жастардың қазақ болуына, адам болуына көмек бере білсек, өз борышымыздың өтелгендігі деп білемін. Ол үшін не жасау керектігін сіз жазыңыз…
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!!!
Әрі қарай

Time-keeper деген кім?

Он тоғызыншы ақпан күнгі кездесуде ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарына қатысты бірқатар шаруалар талқыланып тастады. Қандай дегенмен үйлестіру ісіне атсалысатын жауапты адамдарды белгілеп, тиісті шешімдер қабылдаудың да уақыты келген сияқты, өйткені аз ғана уақыт қалды ғой. Сонымен, маған тайм-киперлер тобын жинау тапсырылды. Жалпы, 7 аудиторияға 14 уақыт санаушы адам керек деп шештік. Әзірге, кешегі кездесуде қол көтеріп, ниет танытқандар мыналар:

Ернарgreekmith.wordpress.com/
Жалғасyertay.wordpress.com/
Нұржанwww.on.kz/u36851/blog/
Димашqisyq.wordpress.com/
Қуанышhuanysh.wordpress.com/
Салтанатbalgyrgan.wordpress.com/
Мақпалkaldykyz.wordpress.com/
Мейіржанkazprose.wordpress.com/

Енді тағы 6 адам керек. Уақыт санау жұмысына атсалысам деуші блогерлер болса, ernar.bekenov@gmail.com мекеніне хабарласуға болады. Немесе мені жақсы танитындар басқа да жолдармен хабарласа алады.

Тайм-кипер деген кім?
Әрі қарай