Алматылық блоггердің 7 белгісі



1. Алматыдағы тәуелсіз БАҚ-та не болмаса коммерциялық құрылымда істейтін немесе студент адам.

2. Журналситика мамандығын бітірген, қазір де сол салада жұмыс істейді. Интернетке жақын белсенді мамандар журналистер деп ойлайды.

3. Алматылық блоггерлер ең ұйымшыл халық және блог саласында алда тұрмыз деп есептейді. Бұл жағынан әсіресе астаналықтардан көп алдамыз деген ойда. Өзінің блоггер бауырларымен жиі бас қосып, шәй ішкенді жақсы көретін юзер.

4. Келесі Блог-құрылтайды Астанада емес Бурабайда өткізген дұрыс деп есептейді.

5. Егер Астанаға үй береміз, жұмысқа келіңіз десе, елдің бәрі барып жатқанда, еңбегімді елеп шақырса, қазақша интернетке еңбек сіңіріп жүрген адаммын, неге маған бармасқа деген ішкі ойы бар пенде.

6. Ұлтшылдық мәселесіне келгенде, да ресми көзқарасы мен ұстанымы биліктікіне кереғар. Өйткені билік қазақша интернетке қолдау көрстепей жатыр дейді.

7. Астаналық блоггер сияқты, өз блогыма шатып-пұтып бірдеңе жазсам да Интернеттегі Қазақ контентіне үлесімді қосып жүрмін дейтін, шын мәніндегі жүрегінде ұлтшылдық сезімі бар патриот қазақ. Кез келген жердегі, кез келген елдегі қазақ блоггерін жақсы көреді, сыйлайды, бауырым деп есептейді.

Осы белгілерге 3 ескертпе тағы да сол жерде.
Әрі қарай

Астаналық блоггердің 7 белгісі



1. Астанадағы ресми билікке жақын мекемеде яки БАҚ-та жұмыс істейтін немесе депутат адам.

2. Дипломы бойынша мамандығы журналист емес, бірақ қазір Интернетке жақын болғандықтан журналистика төңірегінде жүрген адам.

3. Алматылықтардың астаналық блоггерлер ұйымшыл емес дегеніне қарсы, бірақ блоггерлер басқосуына анда-сонда келетін кісі.

4. Келесі Блог-құрылтайды Астанада өткізгісі келеді. Оны астаналық блоггерлер тамаша ұйымдастырады деп есептейді.

5. Қатты қиналған кездерінде Ақтөбесіне, Алматысына немесе Шымкентіне кетіп қалғысы келеді.

6. Қанша жерден ұлтшыл болып тұрса да ресми көзқарасы мен ұстанымы биліктікіне жақындау. Біртіндеп болса да билік қазақша интернетке көңіл бөліп келе жатыр дейді.

7. Алматылық блоггер сияқты, өз блогыма шатып-пұтып бірдеңе жазсам да Интернеттегі Қазақ контентіне үлесімді қосып жүрмін дейтін, шын мәніндегі жүрегінде ұлтшылдық сезімі бар патриот қазақ. Кез келген жердегі, кез келген елдегі қазақ блоггерін жақсы көреді, сыйлайды, бауырым деп есептейді.

МАҢЫЗДЫ! Осы белгілерге қоса үш ескертпемді блогымнан оқуларыңызға болады.
Әрі қарай

Блог-құрылтай: қызықты суреттер мен видеолар

19-20 наурызда өткен Блог-құрылтайға қатысып бір серпіліп қайттық Алматыдан. Тіліміз дамымайды деп қақсай бергеннен гөрі осындай шаралар ұйымдастырсақ бәрі де алға басар еді.



Асхат пен оның командасына көптен-көп рахмет айтамыз! Алла істеріне разы болсын!

Сол Блог-құрылтайда үлгергенімше түсіріп, "Қазақ" Интернет-журналына мынандай материалдар салып едім, тамашалаңыздар:

Блог-құрылтай: Қалып қойған суреттер мен видеолар

Блог-құрылтай: Старт-апта кім жеңді?

Блог-құрылтай: белсенділер де марапатталды

Блог-құрылтай: Жанарбек Ақыбиұлының сөзі

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер? (жалғасының жалғасы)

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер? (жалғасы)

Блог-құрылтай: үздік блоггерлер кімдер?

Блог-құрылтайдың 2-күнінен фоторепортаж

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 4

Алматыдағы Блог-құрылтай. 2-күн

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 3

Майталман блоггер Нұрғисаның Блог-құрылтайға жыр-арнауы

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 2

Қазақ блог-құрылтайы өтуде.

Блог-құрылтайдың баспасөз мәслихаты өтті

Блог-құрылтайға қатысушылардың пікірлері – 1

Қазақ тарихындағы тұңғыш Блог-құрылтай басталды

Әрі қарай

Блогшыға ескерткіш!

Блоггерлерге ескерткіш бар екенін блогкэмпта алғаш естідім))Оның бірі Қостанайда екен.Ғаламтордан іздеп тапқандарым мына суреттер:
Қостанайдағы блогшы қыз))

IT маманына арналған

Бәрімізге таныс орын

Енді баршаңызға бір сұрақ! Алматыға осындай ескерткіш керек пе? Керек болса қандай болғаны дұрыс??
Әрі қарай

Астаналық блоггерлерді шаңғыға шақырамыз!



Астаналық блоггерлер, 13 наурыз жексенбі күні сағат 15-00де Есіл өзені үстінде шаңғы тебуге келуіңізді өтінеміз. Шаңғыны жалға алу сағатына 500 теңге. 1 сағаттық спорттан кейін Алматыда өтетін блогкэмп туралы маслихат өткіземіз.
Әрі қарай

Блоггерге 7 сауал

Қазақ блогосферасы соңғы уақытта ғарыштық қарқынмен болмаса да, Формула1 жарысындағы жылдамдықтар деңгейімен дамып жатырғаны көңіл қуантады. Жалпы осы біз блогты не мақсатпен жүргіземіз деген ой туындап отырғаны. Сол ойдың жетегімен Сіздерге бірнеше сауал қойсам деймін, қарсы болмасаңыздар.
Сонымен:

1. Блог ашуға түрткі болған себеп?
2. Блог жүргізу Сізге не береді?
3. Блог жүргізудегі мақсатыңыз?
4. Блогтарыңызға жаңа жазбаларды қаншалықты жиі жазасыз?
5. Жазбаны тәуліктің қай мезгілінде толтырғанды ұнатасыз?
6. Жазбаны көбіне қандай көңіл-күйде жазасыз?
7. Жазбаны жазуға не түрткі?
Әрі қарай

Блоггер екеніңізді айтасыз ба?

Блог - Zere: Блоггер екеніңізді айтасыз ба?
Менің жақындарымның ішінен менің блоггер екенімді ешкім білмейді екен. Әрине, интернеттегі достарымды айтпағанда (оның өзінде де осы блог арқылы танысқан). Интернеттен алшақ құрбыларыма блогымның сілтемесін беріп көрдім бастапқыда, ашып көрді ма, көрмеді ма, әйтеуір қызығушылығын танытпады. Содан кейін тағы бір танысқан адамдарға сілтемесін берген уақытта да, ләм-мим демейді, сөйтіп осы сілтемені беруден де, айтудан да қалдым. Жалпы біреудің бірдемені маған «навязывать» еткенін жек көрем, сосын өзім де солай жасамауға тырысамын. Жазғым келді, жаздым. Жазғым келмей, ерініп кеткенде, оқырмандарым неге жазбай кеттің деген сөзінен-ақ шабыт алып, 2-3 адам болсын, әйтеуір біреумен ойымды бөлісейінші деп жазып жүрмін.
Үйде ата-анам, бауырларыммен тұратындықтан интернет қауымымен көрісуге кетерде не айтарымды да білмей дал болатынмын басында. Кейін анама шет жағасын айтқан болдым, олар да шет жағасын түсінгендей болды. Бірақ интернетті ашып, «осы менің блогым, күшті ма?» деп айтуға батылым жетпейді )) Блогты да тек жұмыста жазамын, модерацияны да жұмысқа келіп жасаймын. Қазақ блоггерлерін де жұмыста оқимын. Үйде тек видео қараумен өтеді көбіне.
Бір күні үйге келіп, компьютер тұрған жаққа барсам, інім менің блогымды ашып, оқып отыр. Ұялып кеттім, бірдеме айтайын десем, аузыма сөз түсер емес. Әлі күнге дейін осы қырымнан танымайды олар. Таныса бір сюрприз болатын шығар, не шимай-шатпақ жазып жүрсің деп прикол да ұстап тастар ))
Әрі қарай

Байқау! Байқау! Байқау!



Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
  • арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
  • байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
  • есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
  • сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.
Әрі қарай

Дабайға блоггерлердің жазбалары қосылуда



Негізі біраз адам өз блогтарындағы жазбаларды осында өздері көшіріп жүр. Осындай жұмысты жеңілдету мақсатында Дабайға жаңа функция қостым. Блогтардағы жазулар RSS лентасы арқылы осында өздері автоматты түрде қосылады. Блогқа жаңа жазу жазылған кезде бірден болмаса да сол күннің ішінде осында көшіріледі. Әзірше тест режимінде. Қолмен көшірілмегесін әрине қателер болады, оларды өзім түзетудемін. Бірақ қалай болғанда да осындағы аудиторияға ыңғайлы болады деп ойлаймын. Өйткені автордың блогына бармай-ақ жазбаларын осынан оқуына болады, ал авторға да жақсы жағы: өз мақаласына осы жерден көп пікір жинай алады.

Әзірше қосылған блогтар:


P.S кеше чат қосылды. дұрыс мақсатта қолданасыз деп ойлаймын. :)
Әрі қарай