Блогшылар Құрылтайына қатысу анкетасы
Блогшылар Құрылтайына қатысқыңыз келсе төмендегі қатысушы анкетасын толтыруыңызды сұраймыз.
Қатысушы анкетасы
Қатысушы анкетасы
ИТ маманы ретинде :))
Блогтарда белсенді пікір қалдырушы ретінде тіркеліп, көрсеңізші :)
Сөзін айтыстың немесе дастанның мақамымен жазып шығатын адам табылса қатып кетер еді.
«Дабай да, дабай күн туса...» деп Наурызбен құттықтап, Блог құрылтайды да тілге тиек етсе…
сосын оны сіз оны домбырамен орындап шықсаңыз…
біз мына жақтан құттықтауларға толы видеоларымызды қоссақ…
еһ, қиялдың түбі көрінбейді-ау! :)
Дабай да, дабай, дабайла!
Дабайламағаннан абайла!
Дабайға үн қосқан ел
Дабайламаса жарай ма!?
Дабаймен батқан кешіміз
Ұлассын алтын арайға!
Дабайламаған ұланды
Дабайшыл деп жұрт санай ма!?
Дабай-ұран біздің ой-қырда,
Өзенде, көлде, тоғайда!
Дабай-тойдың үстінде
Дабайлап қалуға болмай ма!?
Бүгінгі қазақ аттандап,
Дабайлайды ғой ондайда!
Дабайлап жүрген көп блог
«Дабайлап» сәлем жолдай ма!
Бүтін бір ел тұрса дабайлап,
Оған да көңілің толмай ма?!
Көп сөзді қой да, есіл ер,
Жазбаң жаз да, «дабайла»!!!
Қалай, ә?!:)
енді домбырамын төгілтіп тұрып орындайтын адам болса ғой :)
@AKY ондай өнеріңіз бар шығар, ә?
Дабайлап сөзді бастасам,
Дабайлап шабыт келе ме?
Әуезбен оны қоштасам,
Соңынан домбырам ере ме?
Дабайлап айтқан сөзіме
Елеңде, елім, елеңде
Мәні бар оның маржан тас
Жататын құпия тереңде…
Дабайымнан жыр ағып
Нұр шашар мынау әлемге…
Қалың ел, базыңды изеп қой,
Дабаймен айтқан сәлемге…
Дабай деген назды үн
Айлы түнде шыққан қыздардың…
Дабайлаған жігіттің
Қаһарынан мұздадым…
Дабайсыз сөздер айтылса
Сеземін желін ызғардың…
Дабайды іздеп көл бардым,
Шыңына шықтым құздардың…
Дабайлап елм сағынар,
Блогшы болған боздағын.
Дабайсыз өткен күндерді,
Осы болсын менің бұзғаным…
Енді жігіттер бір топ боп, сосын қыздар бір топ боп бәрі ұлттық киім киіп алып, бір-біріне осы өлеңді айтып келе жатқан көрініс көз алдыма келе бастады.