Тез, 10 минутта істелетін "тамақ"
Сіз үйге шаршап келдіңіз дейік, ал тоңазтқышта қатып тұрған етті шығарып, одан дені дұрыс тамақ істегенге дейін шыдамыңыз жетпейтін болса, мынандай «тамақ» істеулеріңізге болады:1 кесе сүтке,2 жұмыртқа езесіз, сәл ғана тұз салып, жақсылап арластырасыз.Нанды кішірек қылып турап(кесіндіні 4-ке бөлсе,қуыруға да оңай, түрі де әдемі шығады), жаңағы езіндіге батырып аласыз.Тезірек болу үшін табаға сәл өсімдік майын қыздырып қойсаңыз, соған екі жағынан қуырасыз.Үстіне біраз пияз бен укроп турап сеуіп жесеңіз, тез тоясыз.
Ас болсын!
Әрі қарай
Ас болсын!