Балмұздақ, лимон, коррица немесе асүйдегі эксперимент

Жұрт сияқты өлең де жазбаймын. Бірақ махаббат апталығына да қатысқым келді. Енді қайттім деп отырғанда, өткенде жампозыма жасап берген мына бір тәтті есіме түсіп кетті.
Кәдімгі балмұздақ пен «сгущенканы» бәрің білесің. Тәп-тәтті. Жей бергің келеді. Бірақ одан да қызық тағамдар жасауға болады.
Екі жүз грамм балмұздақ немесе бір банка қоюлатылған сүт аламыз. Үлкендеу бір ыдысқа құйып, үстіне жарты лимонды сығамыз. Енді бір шымшым коррица ұнтағын қосасыз. Сосын жақсылап тұрып шайқау керек. Жабық блендерден көрі миксермен немесе жай ғана қасықпен араластырған дұрыс. Өйткені шайқаған сайын сүт оттегімен байып, зефир сияқты, бірақ зефирден әлдеқайда жұмсақ массаға айналады. Ал коррица мен лимон балмұздақтың/қоюлатылған сүттің әдеттегі дәміне ерекше қышқыл беріп, алдыңыздағы тым қарапайым көрінетін асты романтикалық сыйлыққа айналдырады.

Біреуге «бос әуре» болып көрінер, ал біреуге дәмі ұнамай қалар… Мұны білу үшін істеп, жеп көру керек. Өзіміз жалап-жұқтап жеп алдық.

Айтпақшы, бетіндегі жүректің бейнесі кәдімгі шоколадтан жасалды. Кішкене еріттім де шырпының ұшына жағып алып, суретін салдым.
Сурет қалтафонға түсірілген, сапасы үшін кешірім сұраймын.
Бөлісу:

16 пікір

Nurgisa
Күшті! Сынап көреміз
Aya
Бетіндегі жүректі, несін айтасыз, тамаша өрнектеген екенсіз)) Сонысы ұнавотыр өзіме
Marco
Қиыны да сол болды) Ыстық күйінде құя салайын десем батып кетеді.
Aya
Ерітпей, ұнтақ күйінде сепсе батып кетпейтін шығар.
Marco
Ол да мүмкін, бірақ дәл сол уақытта жөні түзу шоколад та болмай, ішінде желесі бар бірдеңені ерітуге тура келді.
Aya
бәсе, бататын жөні бар екен ғой)
aza
Мерекелеріңізбен, братаны! Жампоз жеңгей мәз десейш)
Massa
Коррица деген не?
Marco
Тамаққа қосатын спайстардың бірі.
VKM
не деген романтика! Маркоға респект!
torgai
Жеңгейдің жүрегін аялау керек. Оны түсінген Марконың сезімі жасасын!
Aidakonya
Кандай керемет едi)) таттiнi оте жаксы корем, маган да бiреу жасап берсе гой