Бас жазар

Шеттерінен гурман, жоқ гурман емес спринтер аспаз. Кешегі «тер шығарарымды» ұзақ деп, мұрындарыңды шүйірдіңдер ғой, тіпті. Ең жылдам сорпа керек болса, мә рецепт.

Жарты литр кәдімгі суды, кез-келген металл ыдысқа құйып қайнатасыз. Бұрқ-сарқ болып жатқанда, кептірілген сорпаны () ішіне салып жібересіз.
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Бас жазар
Болды. Шамамен мынадай шедевр шығады.
Ас Кок жылдам тағамдар байқауы: Бас жазар

Анау кубиктер негізінен бір литр суға есептелген. Алайда, біздің қазанымызда судан басқа ештеңе болмағандықтан, әдейі жарты литр аламыз. Сөйтсек, болашақ сорпамыз әлдеқайда қою, әрі дәмді болады. Оны осылай қотара салуға да болады. Ал, егер, оған ұятыңыз мүмкіндік бермесе, үйдегі барлық қатқан нанды үгіп араластырып жеңіз.

Бұл жарықтық, мына пақырларыңды студенттік кезде талай құтқарған. Әсіресе, жатақханада, кешегі «тойдың» әлегінен таңертең мал болып, бас мең-зең, көз ашылмай, ауыз дәм сезбей, арқаң жазылмай отырғанда таптырмайтын ас, енді. Жарықтық, ол заманды да аңсайды екен-ау адам.

Пы.сы: Епті, Сатыбалды, қай-қайдағыны еске салып, барып көз жасымды сығып келейін.
Бөлісу:

32 пікір

AKA
 Сорпа етіп ішкенді алғаш көруім.  Шарттар орындалған сияқТ
dark_nazgul
эээхххх… талай құтқарып еді…
Arys_arlany
осы аскөк байқауы жұмыста отырғанда оқып, еріксіз бір жұтынып қоюға әкеліп соғып жатыр
Marco
Мен де ойланып жүрмін, негізі күнә жасап жатқан жоқпыз ба, ораза кезінде жұрттың нәпсісін қоздырып?
Arys_arlany
Ауыз ашқаннан кейін жарияланса деген ой бар, кешке кішкене өзіңде үн қосуға бірдеме даярлағансымақ болар ең, сосын, Сатыбалды быратқа алтын сырға ма әлде басқаша қабылдай ма, ораза кезінде «Сәресіге не ішеміз» деген сияқты керек мәліметтерге сайыс болмаса да ұсыныс тастаса eken #depedim
AKA
Қай кезде жарияланса да алғашқы бетте тұрады ғой ертесіне. Одан да Аршат ағай айтпақшы, пікірлерге қосып отыруға болады, дұрысы сол сияқты маған.
asaubota
AKA сияқты өз суреттеріңмен шығарсаңдар жақсы, интернететн дайын сурет қоя қоймай.
Marco
Біздікі енді бәрібір конкурстан тыс қо
asaubota
сенікі енді тіпті конкурсанттық пост та емес қой. өзің бірдеме істеп көрсетсең конкурстан тыс деуге болар еді.
Marco
Лібә, тап ерегіскенде бар емес па?! Қазір, тағы бір пост жазам. Какрас флешкамда суреттері бар.
asaubota
рецепттерді пост емес пікір қылып ұсынсақ қайтеді?
zholantai
иә, әдемі әдіс, осыған кәдімгі сухариктерді салып жіберсе, дәп-дәмді тағам боп шыға келед
aza
ооо, қызыл шоқ мынауың екінші сорпаның рецепті ғой
Daniar-Alan
бырат үшінші сорпаның рецептін айтайын ба? үстіне аскөк сеп
zholantai
ұсақтап туралған сарымсақ тіпті дәмін келтіреді
Nur
Обшагада екі 2-3 кубик, 1 пияз, 1 картоптан кастрюль толы осындай сорпа жасап, екі бөлке нанмен төрт жігіт соғып алатынбыз. Бас жазуға емес, ужинға)))))
nurbolkhan_
Бас жазарларға арнап қарып қыпсыз иә! Басжазарлар сізге үйретер қандай сорпа керек екенін. Қыртыған сорпа!
Marco
 Өш алу жорығына шығыпсың, арқалаға кресің ауыр болып кетпесін! Тапа!
nurbolkhan_
Атам қазақ жаудан қайтқан ба. Бұл жорық емес тікелей соғыс, Поворжан!
aza
Бала, психологияңды жөндее… Әйтпесе, дірілдеп, күлгенің ызаға толып, булығып тұр…
nurbolkhan_
Бәрің кәдімгідей ақыл айтып,ұрысып жатсыңдар ғой мен бәрімен ойнап жазысып отырсам. Маған бұл жерден келіп кетер ештеңе жоқ, жай уақытымды өлтіріп отырсам
Marco
Мен де ұрысайын деп отырғаным шамалы негізі) Егер, шынымен әзіл-ойын, мін емес сын деп қабылдай алсаң, мен ойлап қалғандай емес, «взрослыйлау» екенсің)
nurbolkhan_
 Кей біреулер әлі түсінбеген сияқты. Минус басып ұрысып отыр мемен Дұрыс жағынан ойлағаныңыз үшін пльус басайын десем — күшің мен рейтингің жетпейді дей ма қасқаа!
nurbolkhan_
Әйтпесе Керекте бірәз әбройға ие болған адамдар ғой! Мемен жағаласып отыр Қайталап айтам ойнап жазысып отырмын. «Бетпақ» далада біраз жыл үй тіккен адамдардың маскасы көрініп қалып жатқаны нессс
Daniar-Alan
1 ай бойына 3-4 рет істеп іштім өткенде  Гүшті  Рахмет, Кок
Marco
Ас болсын, басқа не дей қояйын енді
Anar70
Мұндай кезде, борщқа не жетсін))))))))))))))))))))