Бас жазар
Шеттерінен гурман, жоқ гурман емес спринтер аспаз. Кешегі «тер шығарарымды» ұзақ деп, мұрындарыңды шүйірдіңдер ғой, тіпті. Ең жылдам сорпа керек болса, мә рецепт.
Жарты литр кәдімгі суды, кез-келген металл ыдысқа құйып қайнатасыз. Бұрқ-сарқ болып жатқанда, кептірілген сорпаны (
) ішіне салып жібересіз.

Болды. Шамамен мынадай шедевр шығады.

Анау кубиктер негізінен бір литр суға есептелген. Алайда, біздің қазанымызда судан басқа ештеңе болмағандықтан, әдейі жарты литр аламыз. Сөйтсек, болашақ сорпамыз әлдеқайда қою, әрі дәмді болады. Оны осылай қотара салуға да болады. Ал, егер, оған ұятыңыз мүмкіндік бермесе, үйдегі барлық қатқан нанды үгіп араластырып жеңіз.
Бұл жарықтық, мына пақырларыңды студенттік кезде талай құтқарған. Әсіресе, жатақханада, кешегі «тойдың» әлегінен таңертең мал болып, бас мең-зең, көз ашылмай, ауыз дәм сезбей, арқаң жазылмай отырғанда таптырмайтын ас, енді. Жарықтық, ол заманды да аңсайды екен-ау адам.
Пы.сы: Епті, Сатыбалды, қай-қайдағыны еске салып, барып көз жасымды сығып келейін.

32 пікір