Facebookтің бас кеңсесі

Facebookтің бас кеңсесі 2009 жылдан бері Калифорнияның Пало-Альто қаласына орналасты. Кеңсе дизайнын Studio O+A, Virginie Manichon, KPFF – Consulting Engineers, Air Systems Inc., Elcor Electric и Brightworks секілді дизайн-студиялар жасаған.

Блог - Daniar-Alan: Facebookтің бас кеңсесі

Кеңсенің жалпы аумағы — 13,935 ш.м.-ді құрайды. Кеңседе 700-ден аса адам жұмыс жасайды.
Әрі қарай

Егер компьютеріңізде Facebook ашылмай тұрса...

Блог - asaubota: Егер компьютеріңізде Facebook ашылмай тұрса...
Бірнеше күннен бері көп адам компьютерлерінен Facebook-ке кіре алмай жатыр. Ал смартфон, планшеттерден ашылады. Егер сізде де ашылмай тұрса мына сілтемені басыңыз немесе браузеріңізге Facebook адресін
https://facebook.com
деп жазыңыз.

Егер бұл жазба сізге пайдалы болған болса достарыңызбен бөлісіңіз.
Әрі қарай

Еріккен екеу

Назгүл Қожабекова
Көзің қайда, көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда, жанымыз егіз деген?
Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей қысты күн жем іздеген…

Айсұлтан Жақыпов
Өткенді ешкімнен де жасырмаймын
Мен саған ендігәрі бас ұрмаймын
Көгершін болсаң қайтейін жем іздеген
Аквариумде балық қазір асыраймын

Назгүл Қожабекова
Өткенді жасырсаң да, елесі бар,
Бәрібір өшпек емес ол ойыңнан.
Ақ қанат көгершінді менсінбесең,
Сұп-суық балық салып жат қойныңа.

Айсұлтан Жақыпов
Елесті өшіретін амал бар ма?
Сурет боп тізбектелер жанарларда
Мен көргенде көк қанат көгершін ең
Қанатың қарттық келіп ағарған ба?

Назгүл Қожабекова
Көк аспанда шарлаған талмай ұшып,
Қанаттың ағарғаны ағат емес.
Қойныңызға балық сап жылынсаңыз,
Сізге де жастық шағың болған елес…

Айсұлтан Жақыпов
Жігіт ем талай топта «атойлаған»
Бірде дұрыс бір жерде қате ойлаған
Көгершінім, бір сұрақ қояйыншы
Қойныма не салғаным на қой саған?
Әрі қарай

Цукербергтің кезекті суқиты


Фейсбуқ желісі «Instagram» компаниясымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы Марк Цукерберг өзінің парақшасында аттай болмаса да, ешектей қылып жазыпты. Ал, уордпресстің негізін салушы Матт өзінің блогында осы жаңалықпен бөліскен екен. Ал, ресейдің порбс журналы Марк неге бұндай қадамға барды деп бас қатыруда.
Instagram — ұялы телефонға арқылы сурет жариялауға арналған приложение/application. Оның Simbian-ға және Aplle-ге арналған нұсқалары бар екен
Әрі қарай

Faceglat

Ортадоксалдық еврейлерге арналған, FaceGlat деп аталатын әлеуметтік желіні хасидизм қозғалысының мүшесі Яков Суисса жасап шығыпты. FaceGlat-та ортадоксалдық иудаизмнің барлық дәстүрлері орындалады-мыс. Жүйеге кіргеннен-ақ қолданушылар ерлер бір жаққа, әйелдер екінші жаққа болып екіге бөлінеді. Яғни, FaceGlat-ты екі желіден құралған деп айтсақ та болады.
Әрі қарай

Түркі елінің әнұраны

Кеше фейсбукта отырғанымда түркияда тұратын бір жігіт маған мынау түркілердің әнұраны деп сілтеме жіберіп еді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынсам. Сауал: Кім қандай пікірде екен? Жалпы түркілерге біріккен дұрыс па?
Әрі қарай

Жалғастың суреті еске түсірді...

Баяғыда бір чукча әскерде жүріп ағаштың артына тығылып суретке түсіпті. Суретке түсіруші «Не үшін тығылып түсесің?» деп сұрапты. Сонда анау «Мен бұл суретті анама жіберемін. Ол» балам қайда?" деп қарап тұрғанда «мен мұндамын» деп атып шығамын" деген екен.


ПыСы: Жалғас Ертайдың фейсбуктегі суретін көріп еске түскен әнек қой)))
Әрі қарай