Faceglat

Ортадоксалдық еврейлерге арналған, FaceGlat деп аталатын әлеуметтік желіні хасидизм қозғалысының мүшесі Яков Суисса жасап шығыпты. FaceGlat-та ортадоксалдық иудаизмнің барлық дәстүрлері орындалады-мыс. Жүйеге кіргеннен-ақ қолданушылар ерлер бір жаққа, әйелдер екінші жаққа болып екіге бөлінеді. Яғни, FaceGlat-ты екі желіден құралған деп айтсақ та болады. Ерлер әйелдердің қабырғасындағыларды оқи алмайды, суреттерін көре алмайды және керісінше әйелдер де ерлер қабырғасына бас сұға алмайды. Ерлер тек қана ерлердің суретін іле алады, ал әйелдер тек әйелдердікін.



Әзірше қолданушылар өз жынысын ауыстырып кіре алады, еркектер әйелмін деп және керісінше. Бірақ, келешекте мұның алдын алатын технология ойластырылып жатыр.
FaceGlat-тың сыртқы көрінісі Facebook-қа ұқсап келеді. Және бұл жүйеде жарнама атымен жоқ. FaceGlat-қа Facebook-қа тіркелген мәліметтермен (аккаунтпен) кіруге де болады.

Дәл қазіргі уақыт неге екенін білмейм сайт істемей тұр
faceglat.com
Бөлісу:

1 пікір