Түркі елінің әнұраны

Кеше фейсбукта отырғанымда түркияда тұратын бір жігіт маған мынау түркілердің әнұраны деп сілтеме жіберіп еді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынсам. Сауал: Кім қандай пікірде екен? Жалпы түркілерге біріккен дұрыс па?
Бөлісу:

8 пікір

konvict
Мынаны жұртшылықтың назарына ұсынамын
balzaminka
Бірігу енді жоқ қой, дегенмен шыққан түбіміз бір, жүрегіміз жылып тұратыны рас.
meirzhan
Бейнедегі сюжет пен әуен бір-бірімен ұштаспай тұр. Клип мәні драматикалық болса, музыкасы көңілді.
Әрине, түріктердің өз тарихын ұмытпағаны дұрыс. Біраз түркі елдерін, халықтарын атап өтіпті. Дегемен де түркілер деген тек бұл аталғандар ғана емес. Бұған Ресейдегі талай түркілер де кіреді: татарлар, қарашайлар, якуттар т.б.
Бұл клиптің шығуы (клип деп атауға келсе әрине) пантүркілік саясатқа жақын. Мен тіпті естіген болатынмын, олар өздерін ішкі түріктер десе, Түркиядан тыс түркі халықтарын сыртқы түріктер дейді деп. Қазіргі танымал болып кеткен түрік сериалдарынан да бұл саясатты байқауға болатын шығар. Меніңше қазақтың бұдан ұтатыны аз емес. Әсіресе рухани жағынан қарастырғанда. Дегенмен де Түркияның басқа түркі елдерін мәдениет жағынан экспансиялау қауқары барын ұмытпау керек.
Пікір түзетілген: 24 шілде 2011, 19:51
AKA
Мынау "Ұлытау" тобының Махамбеттің күйіне түсірген "Жұмыр қылыш" атты клипі емес пе?
meirzhan
Жоқ ол емес, бұл пародия.
AKA
Осы клиптен үзіп-үзіп алған ғой…
asaubota
Түркияда оңшылдардың жиындарында жиі еститінмін осы әнді