Өте керемет! Әлде Қарасақалдың елесі ме?

Байқадыңдар ма, керектің төменгі оң жағында Facebook-тың ұнату белгісі тұр екен. Әлде, @blackbeard-ше айтқанда маған елестеп жатыр ма?
Бөлісу:

19 пікір

konvict
@asaubota мәләдес! Керемет! Ырза болып отырмын
konvict


Менің көзіме осылай көрініп тұр ма?
Nurgisa
Асқаттың, Дінмұхамедтің, Аршаттың фейсбукта қос-қостан беттері бар деп ұғайық па?
omarbirat
Фейсбукқа месенжір бағдарламамен кіріп отырғандардың суреттері қосарланып кететін болса керек қой
konvict
Бәсе, мен түсіне алмай дал болып едім
qisyq
Дінмұхамед…
Nurgisa
Кешір, Ахметыч :)
urimtal
@asaubota үстіңгі оң жақ бұрышқа шығарып қою керек тәрізді.
asaubota
тұра берсін төменде :) жәй ғана Фейсбук виджеті ғой. мақсат Фейсбук қолданушыларды көбейту. құтылыңдар қазақтар Моймирден! :)
Nurgisa
Иә, мәліметтеріңізді фыысбі біліп отырғанша, фыбыірлер білсін. Тым құрығанда, қашықтау. Лап қоймайды.
urimtal
Бұл виджеттің де атқарар көптеген функциясы бар ғой. Жоғары жақта тұрса, мүмкіндігі арта түседі. Тек Фейсбуктағы парақшаға да бір админ сайлау керек.
asaubota
жоғарыға қай жерге қоямын? ең үстінде баннер, одан кейін онлайн, сосын эфир, әрі қарай маңызды емес қай жерде тұратыны.

сені админ қылып қойдым бетке.
urimtal
сеніміңе рахмет. Ендігі ұсыныстарымды абайлап айту керек болды ғой :)
konvict
Менде соны ойлап едім. Бірақ @asaubota жақтырмай жатыр ғой. Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса дейміз енді))))))
asaubota
фейсбуктен гөрі бұл сайттың приоритеті жоғарылау, сондықтан төмендегі орнын алып тұр. неге Фейсбукті төрге шығарып жарнамаалуым керек? бұл сайттағылар онсыз да осы сайтты жүр, мақсат Фейсбук арқылы осында адам әкелу. сондықтан осы сайттағы фейсбуктілер ана виджетті көрсін деп қойғаным ғой.
konvict
Жарайды, негізі мен өз ойымды айтып жатырмын. Менікі дұрыс емес болып шыға береді ғой. Ойың да дұрыс екен. Толық қосыламын
sammita
фейсбукта жоқпын, бұл қуаныш маған бұйырмаған екен:((
Zilola
онда дереу тіркеліңіз