Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)

Блог - VKM: Бұл қай керекші? #12 (Эстафета)
Сәлем, достар! Мен жасырғалы отырған адамды барлықтарыңыз жақсы білесіздер.Білімді, ақылды,өнерлі, жан-жақты адамды керектен көріп,қатты қуанып,өзім үшін «ашқанмын».Қазір көп кірмейді, бірақ анда-санда кірсе де,әр нәрсеге өз ойын ашық жазады. Сонымен, сұрақтар мен жауаптар:

1. Қазақстан 2030 деп жүріп,2050 болып кеткені туралы өз ойыңды жазшы.
Отсрочка алудың амалы шығар.
2. Депутат болсаң Қазақстанда білім алу саласында нені өзгертер едің?
Бүйтер едім, сүйтер едім деп айта салуға болар еді, бірақ қалай? Білмеймін, оны депутат болып жатсақ көрерміз.
3. Жеке өміріңде не жаңалықтар болып жатыр? Ғашықсың ба?
Ғашықтық дегеннің өзі не? Менің ара-арасында жылт ете қалатын сезімдерім ғашықтық емес, жай қызығушылық сияқты. Сондықтан ғашық емеспін.
4. Сатыпалдыға мінездеме берші)))
Былай ақкөңіл, жақсы адам сияқты. Әдейі өзін ішкіш, оңбаған етіп көрсететін тәрізді. Шын өмірде намаз оқитын иманды жан болып шықса таң қалмаймын.
5. Керекте не ұнайды, не ұнамайды???
Соңғы кезде флуд көбейіп кеткен сияқты. Ал жалпы ұнайды бәрі, қазіргі эстафеталар да.
6. Керекшілерге айтар тілегің…
Ашық аспан, мол бақыт, зор денсаулық. Виртуалда ғана емес, реалда да жетістіктерге жете берсін, биіктерден көрінсін!

Ал, кеттік!!!
Әрі қарай

Астанадан алған әсерлерім (Asaubota-ға арналады)

Сонымен келесі кезек құдіретті де күшті, «патшалардың патшасы» талай басшылардың басшысы, алтыннан ардақты админіз asaubota ағзамның нысанаға ілінген қасиеттеріне ден қоймақпыз. Ол кісімен де сол Zhan бикештің жанында таныстық.
Әрі қарай

Asaubota жігіт болды



Ескерту: оқиға жазушының фантазиясының байлығына байланысты фактілермен сәйкес болмауы мүмкін.

… Бүгін Сіз туылдыңыз. Ең алғаш дүние есігін ашқанда көргеніңіз көз шағылыстырар жарық… сосын… көзәйнектің артынан сұқтана қараған жанар… Ең алғаш естіген сөзіңіз «Ей, мынау өзі ұл ма қыз ба?.. әәә, ұл екен… құтты болсын мамаша. Мынауың жыламайды ғой ей». Шарт. Құйрығыңыз шыммм ете қалды. Ең алғашқы сөзіңіз: «Аййй, құдайым-ай,әлгі шляпалы жігіттен зәрезәп болған ем, енді мынау… Көрем дегенім осы ма еді..». Бұл сөзіңіз басқаларға іңгәләп естіліп жатты. "Құлыныммм",-деген жағымды дауыс естілді. Еріксіз жағымды дауыс иесіне қолыңызды соза бердіңіз…
1-апта өтті. Дәл осы күні бір мұртты ағай келді. Аузынан жағымсыз иіс шығады. Иісті туғызып отырған заттың арақ деп аталатынын, кейінірек оны өзіңіз де талай сүйсініп ішеріңізді білмедіңіз бірақ ол кезде. Мұртты кісі ернін бетіңізге тақап сілекейлей береді. -«Мамааааа». "Әй, мынауыңның қарны ашып жатыр ау дим"…
… Бүгін үштесіз. Туыстарыңыз жиналып қалған. Анаңыз шат-шадыман. Жақсы көретін тәтеңіз бір қорап «Ирис» әкеліп берген. Осы жағымды сәтті пайдаланып өзіңіз жауабын таба алмай жүрген (Әке-шешеңіз айтпай жүрген) бір сұрақ қоюға бекіндіңіз тәтеңізге. Құлағына тақалып, сыбырлап қана: — Тәте, мен қалай туылдым?..
— Уахахахаха, о тоба не дейді мына жүгермек… Тырна әкеліп тастап кеткен… уахахахаха…
… Тағы да түсініксіздік.
… Алтыдасыз. Бұрынғы тәтеңіз де отыр туылған күніңізде. – Тәте, сіз мені алдапсыз.
– Иии, не деп?..
— Мені тырна алып келмепті…
— Уахахахаааа әй мына жүгермекке кім үйретіп жүр мынаның бәрін…
Одан соң әрине, мектеп, бастауыш сынып… Ең алғашқы төбелес… Староста. Алғашқы махаббат… Бұзық досыңыз… Темекі… Соңғы қоңырау…
Студентсіз… Алты жасыңыздағы әңгіме есіңізге түссе еріксіз басыңызды шайқап күлесіз… (no comment....)
Үйлендіңіз. Жаңа өмір. Жаңа мама. Жаңа төс…
Алғашқыларыңыз дүниеге келді. Бұдан артық қуаныш бар ма?!!!
… Бір апта өтті. Аузыңыз арақ сасып тұр. Сақалыңыз өсіп кеткен… Барлық әкелік махабатыңызды кішкентай құрбақаға төгіп отырсыз… «Іңгәәәә, іңгәәә...»… «Әй мынаның қарны ашты ау дим, қатыыыыннн»…
Міне екіншісі дүниеге келді…
1-аптадан соң. Күхня. Барбаросса жоспары: — «Жаз, қатын. Бүгіннен бастап шығындарды азайту қажет. Туысқан, туған күн т.б. қоя тұрамыз екі-үш жыл. 5-6 ай қор жинап Астанаға көшеміз».
… Бүгін туған күніңіз… Барлығы шат-шадыман. Әйеліңіз ерекше пейілін көзімен-ақ білдіріп жүр. Тұңғышыңыз әжептәуір ер жетіп қалған. Тізеңізде отыр. «Папа, папа дим… бір сұрақ қойсам бола ма?.. Мен қалай туылдым?!!»…
— Ееее, балам…

Пы-сы: Құрметті де аса қымбатты Аsaubota мырза. Туылған күніңізбен. Сізге барлық жақсылықтарды тілейміз. Бақытты да бай болыңыз. Екеумен тоқталмай қазақтың санын көбейтіңіз.

Тағы да пы-сы: Сіздің 32.14.2011 жылғы 00012354521 «Туылған күндеріңді басқа әлеуметтік желілерде жариялау туралы» жарлығыңызды білеміз. Бірақ лиииибббооойй эксперттеріңізді шақырыңыз. Бұл әдеби шығарма… уот так-то.
Әрі қарай

@aldeken-ге көрінген бәле

Соңғы кездері байқап жүрсіңдер ме, байқамадыңдар ма мен беталды минус қою синдромына(БМҚС) куә болдым. Мына жерде виктм Aldeken болып отыр. Негізі бірнеше қолданушы БМҚС-мен ауыратындардан «жаппа шегіп» отырған сыңайлы.




Әрі қарай

Соңғы жаңалықтар: КОРОНАВАЛИ САТЫПАЛДЫ

Кеше қаңтардың 24-і күні біздің кішкентай және де сонымен қатар үлкеееен «Керек» мемлекетімізде елді елең еткізер оқиға болды. Өзінің барлық билігін және беделін салып патша ағзам, өз пікірлерімен ерекшеленіп тұратын және осы мемлекетке көптен-көп еңбек еткен (… я так думаю) Сатыпалды мырзаны модераторлар басшылығына бекітті.
Его величество Асаубота (Цытата): "… Сайт басшысының өкімімен Сатыбалды Багратионұлы Кербабаев КерекИнфо сайтының Модерация қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды" (төте сілтеме).
Айта кетейік БАҚ құралдарының ешқайсысы кіргізілмей, жабық түрде өткен «коронация салтанатында» тағы да басқа мәселелер шешіліпті (ұзынқұлақтан естігеніміз). Сонда да болса халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген фототілші Негатив Цифровик терезеден сығалаааааааап тұрып, бір фото түсіріп үлгеріпті. Тамашалаңыздар:

Әрі қарай

Керекинфолықтар тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында жылды қорытындылады...

Кворум

Баскенттің сол жағалауындағы «Керуеннің» үшінші қабаты «Керекинфоның» бастыжайына айналып келеді. Бүгінгі айтулы мәслихаттың кворумын Атыраудан Алмас (sigma), Қостанайдан Талғат (talgatjez), Алматыдан Һісеһ (qisyq), Бекжан, Қызылордадан Ләйлә (lyaila), Ақтөбеден Алдан (Aldeken), Әйгерім (AKY), Аршат (asaubota), Шымкенттен Жансая (Zhan) және мен құрадық. Abilakim Айсұлтанның шұғыл шаруалары шығып қалуы оның келмеуінің себебін түзді.

Жиналудағы мақсат
Әрі қарай

Біз қандаймыз? Еріккен ойлар

АКҮдің Монтиға арналған таяқшасын қабылдап алдым

Ұнайды: Антошкамды жақсы көру, тыныштық, Агата Кристидің Пуаро сериясы, билеген, көңілім болғанда сабақ оқу, есеп шығару, Сатекеңнің жазбаларын оқу, көңілім болса пікір таластырған, себелеп тұрған ақ жауында қыдыру, көк орман, тау арасында демалу, Көлсай, Бурабайда тас үстінде жатып ұйықтаған, су ағысына қарап отырған, өтектеген, сорпа, сынды бетіме айтатындар, Легенда о пианисте, классикалық музыка

Ұнамайды: бір нәрсені мың қайталап сұрап, айта беретіндер, көңілім жоқта сабақ істеу керектігі, жігіттердің ездігі, аузы ашылып жүретіндер, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген өмірдегі, фантази фильмдер, рикшаның жүргізушілері

Эстафетаны Асауботаға бердім
Әрі қарай