Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
Әрі қарай

Қандай "Движокта" сайт жасаймын? Қазақ тілінде желі қолданушылардың сауаттылығы

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі интернет қолданушыларының сайт иесі болуға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл қуанарлық жайт. Жастарда әртүрлі жаңа идеялар туылып, сол жобаны іске асырып, соған арнап сайт жасағысы келеді. Сол сайтты әрі қарай дамытып, адамдардың сайты жайлы білгенін қалайды. Енді кейбіреулер сайт арқылы табыс тапсам дейді.
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюі — казнеттің дамуына септігін тигізеді, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді. Бірақ, тек қана жақсы ниетпен іс бітпейді. Өкініштісі, сайт иесі болғысы келгендердің көбінің ол жайлы түсінігі өте аз, кейбіреулер мүлдем білмейді.
"Қалай тез және тегін сайт ашсам болады?!" деп сұрақ қояды, Балтабай бір форумда.
«Ucoz деген движокта!» деп оған Балғабай жауап қайтарады.
Осылайша жанбай жатып сөнетін сапасыз сайттардың қатары тағы біреуге артады. Сайтына ешкім кірмегеніне ренжіген Балтабай, «бұның бәрі далбаса!» деп қоя береді.

Сайт деген не?

Әрі қарай

Drupal қазақша сөйлей бастады

Сәлем, kerekinfo.kz қауымы!

қазақша Drupal

Қазіргі таңда Drupal CMS-і қазақшаға аударылу үстінде. Нақтырақ айтқанда Drupal 6 ядросының 70%-дай жолы аударылды. Кейін Drupal 5 және 7 нұсқалары да аударылады. Сонымен қоса CMS-тің тек қана қолданушы емес,
Әрі қарай

Жұмысына риза болатын программалар

Кейде қарап отырып жұмысына риза болатын программалар болады, сондай программаның бірі «Artisteer» бұл программаның көмегімен wordpress, joomla, drupal, сияқты CMS тардың, шаблондарын, басқада сайт беттерін жобалауға болады, әсіресе тіл
Әрі қарай