Қандай "Движокта" сайт жасаймын? Қазақ тілінде желі қолданушылардың сауаттылығы

Қазіргі таңда қазақ тіліндегі интернет қолданушыларының сайт иесі болуға деген қызығушылығы артып келеді. Бұл қуанарлық жайт. Жастарда әртүрлі жаңа идеялар туылып, сол жобаны іске асырып, соған арнап сайт жасағысы келеді. Сол сайтты әрі қарай дамытып, адамдардың сайты жайлы білгенін қалайды. Енді кейбіреулер сайт арқылы табыс тапсам дейді.
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюі — казнеттің дамуына септігін тигізеді, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтеді. Бірақ, тек қана жақсы ниетпен іс бітпейді. Өкініштісі, сайт иесі болғысы келгендердің көбінің ол жайлы түсінігі өте аз, кейбіреулер мүлдем білмейді.
"Қалай тез және тегін сайт ашсам болады?!" деп сұрақ қояды, Балтабай бір форумда.
«Ucoz деген движокта!» деп оған Балғабай жауап қайтарады.
Осылайша жанбай жатып сөнетін сапасыз сайттардың қатары тағы біреуге артады. Сайтына ешкім кірмегеніне ренжіген Балтабай, «бұның бәрі далбаса!» деп қоя береді.

Сайт деген не?

Сайт — бүкіләлемдік желінің бір бөлігі. Яғни, бүкіл әлемге қолжетімді файлдар, ақпараттар мен құжаттар.

Сайт қалай жұмыс жасайды?

Сайт жұмыс жасау үшін екі шарт орындалуы қажет:
1. Файлдарды қолданушы дұрыс көре алуы тиіс
2. Сол файлдар белгілі бір адрес бойынша бүкіл желіге қолжетімді болу қажет
Әрбір құжат түрін оқуға арналған бағдарлама бар болғаны сияқты, сайтты оқитын арнайы бағдарлама да бар. Ол — браузер(Firefox, Internet Explorer, Google Chrome, Opera, Safari т.б.)
Браузер біз түсінген тілді түсінбейді.
Егер интернетті үлкен сауда базары деп елестетсек, ол жердегі бутиктер ол сайттар болсын. Енді бізге сол базарда аяқ киім сату қажет. Аяқ киім — сайтқа қоймақшы болған ақпарат. Бірінші кезекте бізге бутиктің өзі қажет. Ол үшін біз пластиктер мен әйнектерді алып оны құрастырамыз. Сол пластиктер ол HTML, яғни сайттың негізгі қаңқасын жасауға арналған құрал. Біз HTML көмегімен негізгі қаңқаны құрастырдық, бағандарды қойдық, есік терезелерді жасадық. Енді бізге бұл бутикті әсемдеу қажет. Сыртын жасыл түске бояп, әртүрлі наклейкалар жапсырып, полкаларды көк түске бояу деген сияқты. Ол үшін бізге CSS көмекке келеді. CSS ол HTML кодтарды әсемдеуге арналған құрал. Енді біздің әп-әдемі бутигімізге аяқ киімдерді толтырып базарға апарып қойсақ та болады, бірақ бізге аяқ киімдерді сатып отыратын сатушы қажет. Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. Барлық іс-әрекетті талап ететін қызметтерді PHP атқарады. Клиенттен ақшаны алу, оған аяқ киімді беру, жиі келетін қолданушыларды тіркеу. Енді сатушы жаңылыспауы үшін бүкіл ақпараттарды жазып отыратын кітапша қажет. Ол кітапша — деректер базасы (Data Base орыс. База данных) Mysql, PostgreSql, Oracle т.б.
Қорытатын болсақ, HTML сайттың қаңқасын құрайды, CSS оған сыртқы келбет силайды, PHP операцияларды орындайды, ал Mysql-де ақпараттар сақталады. Браузер өз кезегінде осының бәрін қосып, адамға түсінікті етіп көрсетеді.
Енді біздің сайтымыз дайын, бутик жасалған, аяқ киімдер тұр, сатушы бар, кітапша бар. Сайт толық болуының бірінші шарты орындалды. Енді екінші шарт:

Хостинг және домен деген не?

Біздің үйде тұрған бутигімізді ешкім көрмейді, оны базарға апарып қою қажет. Яғни, компьютердің ішіндегі сайтты енді желіге қою қажет. Біріншіден, бізге бутикті қоятын орын қажет, бутигіміз қанша үлкен болса сонша көп шаршы метр қажет. Ол орын хостинг деп аталады, сайтымыздың үлкендігіне байланысты үлкен көлемді хостинг алу керек болады. Бірақ хостинг шаршы метрмен емес мегабайттармен өлшенеді. Базардағы орын үшін базаркомға ақша төлегеніміз сияқты, хостинг үшін хостинг компаниясына ақша төлейміз (hoster.kz, idhost.kz, dnr.kz т.б.).
Келесі мәселе, адамдар бутикті тауып келе алу үшін оның номері болу қажет. Мысалы, 152 -ші бутик деген сияқты. Бұл номердің орнына желіде домендік есім қолданылады. nur.kz kerekinfo.kz Бұл сайтымыздың адресі.
Сайт жайлы жалпы түсінік пайда болған болса, аталмыш «Движоктар» жайлы екі ауыз сөз айта кетсек. Жоғарыдағы әңгімелерден, ең қарапайым сайттың өзі бірнеше сатылардан өтетіндігін түсіндік. Яғни бір "ғажайып движок" арқылы бәрі бола салмайды екен. Ал біз движок деп жүрген нәрсе ол CMS (Content management system) яғни, контентті басқару жүйесі. Ең атақтылары Joomla, Drupal, Wordpress, DLE т.б. Олар жаңағы HTML, CSS, PHP, Mysql сияқтылардың көмегімен, программалаудан хабары жоқ адамдардың сайт құрастыруына арналған бағдарламалар. Мысалы, Сізге пластиктің қайсы деталін қайсымен қосу керек екендігін білу қажет емес, красканы қалай растворить ету қажет, сатушыға нұсқауларды қалай беру қажет, кітапшаға деректерді қалай жазу керек екендігін білудің қажеті болмайды. Сіз бар болғаны айтып отырасыз, қалғанын CMS өзі жасайды. Бірақ қандай CMS болғанымен, кез-келген сайт жоғарыдағы айтылған бөліктерден құралады. CMS арқылы сіз тек сайтты дайындайсыз, ал хостингке қою және домен алуды өзіңіз жасайсыз.
Ал «укоз» сияқты қызметтерге келетін болсақ, олар әрі CMS қызметін атқарады, яғни дайын сайт құрастырып береді, әрі хостинг пен домен береді.
Бұл аталғандардың барлығының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бірақ бұл бөлек тақырып.
Келесіде программалаудан хабары жоқ адамдар үшін сапалы әрі қауіпсіз, әдемі әрі пайдалы сайт жасаудың жолдарын түсіндіруге тырысамын.

P.S. Бұл тақырып сайт жайлы түсінігі өте аз немесе мүлдем жоқ қолданушыларға жеңіл болу үшін қарапайым және тереңдемей жазылған, және де бұл менің осы сайттағы алғашқы постым. Қатты сынға алмауларыңызды өтінемін. Түзетулер мен кеңестер болса қуанып қабылдаймын.
Бөлісу:

25 пікір

JAKO
Тамаша жазылған екен, мен сияқты пақырларға таптырмайтын сабақ, жалғасын асыға күтемін.
Adiletshu
Рахмет. Біреу комппен сайт жасап көрсетпесе, қиын сияқты
nurjanbay
kz доменді қайдан алған дұрыс? мысалы:
nurhost.kz
hostline.ru
centrhost.kz
dnr.kz
BahtiAlemger
Домен — ол мен тақырыпта айтқандай тек сайттың орналасқан жерін көрсететін адрес. Оны қайдан алсаңыз да ешқандай айырмашылық болмайды. Ал хостинг компаниясын бірінші кезекте олардың қызмет көрсету сапасына, бағаларына, қауіпсіздігіне қарай таңдаған жөн. Қазақстандағы хостинг компанияларының қайсысы жақсы екенін, олардың әрқайсысымен талдау жұмыстарын жүргізіп, зерттеп қана нақты айтуға болады. Ал менің жеке тәжірибем бойынша, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы хостинг компаниялары ол hoster.kz idhost.kz(біраз кемшіліктері бар). Дегенмен мен қателесуім мүмкін. Егер сұраныстар болып жатса, оларды зерттеп, осыған байланысты пост жазуға тырысамын.
neoaskar
Жақсы жазылған екен. бірақ ең қолайлы әрі ыңғайлысы қай движоқ, мен тек жоомла мен вордпрессті ғана қолданып көрдім. екеуінің айырмашылығы әжептеуір екен.
BahtiAlemger
Негізінде, CMS — тің жақсылығы біріншіден, сізге қайсысы түсінікті және оңай екеніне байланысты. Ең көп тараған Joomla, Wordpress, Drupal сияқты CMS — тердің әрқайсысының қолданылу аясына байланысты өз артықшылықтыры мен кемшіліктері бар. Мысалы блог жасау үшін Wordpress қолайлы онлайн магазин үшін Joomla. Менің келесі тақырыбым осы жайлы болады. Осы блогты күзетіп отырсаңыз тез арада шығып қалады.
sigma
Қорытатын болсақ, HTML сайттың қаңқасын құрайды, CSS оған сыртқы келбет силайды, PHP операцияларды орындайды, ал Mysql-де ақпараттар сақталады. Браузер өз кезегінде осының бәрін қосып, адамға түсінікті етіп көрсетеді.

Қорытындыңыз біраз адамды адастыратын сияқты. Олай дейтін себебім HTML, PHP дегендер бағдарламалау тілдері. бұлар бір-бірінсіз өмір сүре алады, яғни сайтты таза HTML не PHP тб тілдерде жазуға болады. Сонымен қатар тілдің мүмкіндігі жетпеген жағдайда скриптілерді пайдалануға болады. Скрипт дегеніміз белгілі бір тілде жазылған бір немесе бірнеше функциялар топтамасын орындайтын бағдарлама. Ол VB, Java, Php, perl тб тілдерде жазылады. Осылардың кез келгенін Html не Php кодтарға енгізуге болады. CSS сайттың қаңқасы. Бірақ міндетті түрде сайт қаңқасын CSSте жазу керек деген емес. Кезкелген тіл толық қанды сайт жасайға жетеді. CSSті сайттырың белгілі бір структурасын қалыптастыруда қолданады. Мысалға сайтыңыздың өзгермейтін шапкасы, оң жақ, сол жақ колонкасы болса осы каңқаны құру. Тіпті код жазғанда бас ауыртпау үшін сол бағандардағы шрифт түсі, өлшемі бәрі бірден беріледі. Яғни сізің кодыңыз кей ақпараттарды осыдан CSSтен оқып алады.
MYSQL бұл база. Сайт контентін сақтау үшін қолданылады. базаның да неше түрі бар тек мускул емес. Ол сайттан информацияны іздеуге көп жеңілдіктер береді. SQL-сіз де сайт жұмыс жасай алатынын баса айтқым келеді.
Сонымен сайт деген HTML+CSS+PHP+MYSQL емес!
BahtiAlemger
Ескертуіңіз дұрыс. Сайт жасау тек қана HTML+CSS+PHP+MYSQL емес. Бірақ мен олай деп айтқан жоқпын. Мен оқырманға қиындап кетпеу үшін тек кең таралған жиынтықты көрсеттім. Ал HTML — ге келсек, ол программалау тілі емес. Ол белгілеу тілі HyperText Markup Languag ru.wikipedia.org/wiki/HTML. XML сияқты. Мен сайт тек HTML — де ғана бола алмайды деп айтпадым. «Енді біздің әп-әдемі бутигімізге аяқ киімдерді толтырып базарға апарып қойсақ та болады, бірақ бізге аяқ киімдерді сатып отыратын сатушы қажет.» Яғни, тек HTML- ді пайдаланып сайтты жасауға болады, бірақ ол динамикалық болмайды статикалық болады. Сайт функциялар жасай алу үшін оған программалау тілдерін қолдану керек болады. Сосын мен тек PHP ғана демедім.
«Ол сатушы сервелік программалау тілі (PHP, ASP.NET, Ruby т.б.) PHP — ол сайттың миы деуге болады. „ Бұл тілдерде сайттың бағдарламасы жазылады, бірақ егер HTML- ді пайдаланбасақ бұлардың көрсететіні тек аққа қарамен жазылған қатарлар түрінде болып қалады. Және де CSS ол сайттың қаңқасы емес, HTML сайттың қаңқасы, ал CSS HTML көмегімен жасау қиын болған кезде немесе таза кодты стильдермен араластырмау ниетінде қолданылатын, сырттан қосылатын стильдер кестесі. ru.wikipedia.org/wiki/Css
Сіз мақаланы мұқият оқымаған көрінесіз. Жақсылап оқысаңыз мен тек қана осылармен ғана жасалыды деп айтпағанымды түсінер едіңіз.
Пост web-программистерді дайындауға емес, қарапайым халыққа жалпы түсінік беру үшін жазылған. Бұйырып жатса, алдыңғы уақыттарда сайт жасаудың техникалық тұстары туралы тереңделген посттар жазуға тырысамын.
Соңғы түзету:
sigma
мен сіздің мақалаңызға тиісіп отырған жоқпын. Жаман емес мақала біраз танымдық тұстары бар, HTML туралы түзеткеніңізге қуаныштымын. Бір сөйлеммен қорытынды жасағаныңыздан программист емес жай халықты адастырғаныңыз көрініп тұр зер салып оқысаңыз. Мен Сізді пәлен деді түген деді деуден аулақпын. шыны керек салғыласқым да келмейді.
Erasyl2
яғни сайтты таза HTML не PHP тб тілдерде жазуға болады
Жымидым))HTML-сіз тек PHP-де жасалған сайт?)) Екеуі екі түрлі ғой. PHP бұл серверлік скрипт, яғни html-ді генерация жасайды.
justme
Avtor, text azaitip, beinelerdi kobeitsen jaksirak pa deimn.
serjan
Жаңадан бастағандар үшін ең дұрысы wordpress, басында өзіне арналған шаблондарды сол күйінде пайдаланып жүресіз, кейін CSS пен PHP файлдарын шұқылап өзіңізге ыңғайлап өзгертуді үйренесіз, сол кезден бастап программалау тілдерінің не екендігі миыңызға кіре бастайды. (жеке тәжірибемнен)
Onlasyn
Жалғастыр Баха, жалғастыр
asaubota
алдымен хостингтің не екенін түсіндіру керек сияқты. мен ана сен жазғаннан басқалай түсіндіре алмаймын, басқа салыстыратын мысал жоқ шынымен.
neoaskar
ең дұрысы видеоуроктан қарап, жоомла мен вордперсті орнатуды үйреніп алу керек те, сосын шұқылап-шұқылап көре беру керек. әйтеуір бірдеңе шығады. сосын дайын нұсқаларын да қоя салуға болады (менің тәжірибем)
Bakdaulet
Өте жеңіл керемет жазылған дүние! Ал сынап отырғандардың өздерінен осындай тақырыптар күтеміз!
almatast
Мой мирді сайт деп жүргендерге жақсы керемет мануал деп ойлаймын) 
Қазақ тіліндегі контенттің көбеюі — казнеттің дамуына септігін тигізеді
өте дурыс қазақша сайттарды көбейту керек.
Yernar
жаксы жазылған екен алдағы укытта казакша сайттар көбие берсін
KILYZAMAN
Е, бәсе — деймін ау… Осындай пұшпақтарды(технология) илейтін орта қалыптаса бастаған сыңайлы… Сигма бауырымыз кезінде Линуксты түртпектеуге біраз құштарлығымызды оятып барып қоя салып еді. Мүмкін қайта қолға алар ;-) Дәмді тақырып екен. Рахмет ниетттенушіге — бөлісерің көп болғай!!!
Bahauaddinbek
Сонымен нақты сайтты қалай жасайтын болдық? Менеің пікірім гуглге кіріп: как сделать сайт? деп жазып, оқып істеген тезірек сияқты.