Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
1. Сайттың дизайны көзтартымды және юзабилити(түсініктілік әрі жеңілдік) шарттары сақталған болуы қажет. (Кейбір сайттарға қарасақ өте көріксіз дизайн, ненің қайда екені түсініксіз, тіпті сайт не жайлы екені де белгісіз болады)
2. Сайтта ешқандай қателер қызылмен боялып шығып тұрмауы керек
3. Сайтта неше түрлі шет ел тілдеріндегі жазулар, артық сілтемелер болмау керек. (Копирайтта болады көбінесе). Және егер сайт қазақ тілінде болса, сайт функциялары (кіру, тіркелу, жіберу деген сияқты сөздер войти немесе login деп тұрмауы қажет) орысша немесе шет тілінде болмауы керек.
4. Сайт қауіпсіз болуы керек. Яғни сайтты жасағаннан бір апта өткен соң, сайтыңыздың орнында «Hacked by Karbyzbai!» деген жазу мен Албанияның жалауы тұрмауы қажет.
Бізге кемінде осы шарттарды қанағаттандыратын сайт керек. Енді біздің алдымызда екі түрлі мәселе бар. Біріншісі, сайттың техникалық тұсы, яғни сайттың өзін дайындау. Екіншісі, хостинг пен домен алып сайтты интернетке қою.
Сайтымызды CMS жүйелерін пайдаланып жасайтын боламыз. Әлемдік тордағы сайттардың 30% дан астамы осы жүйелерде жасалған. CMS – тердің өте көп түрлері бар. Біз солардың ішіндегі ең кең таралғандары жайлы сөз қозғаймыз. Ондай «сиэмэстерге» Joomla, Wordpress, Drupal жатқызуға болады. (Басқа да жүйелер өте көп, бірақ мен оның бәрін жазып отырмаймын)
1. Wordpress – өзінің жеңілдігімен ерекшеленетін жүйе. Бұл жүйеде кез келген қиындықтаға сайттарды жасауға болады, бірақ көпшілік оны блог жасауға немесе жаңалықтар сайтын жасауға пайдаланады. Оның негізгі артықшылығы орнатуға оңай және басқарылуы өте түсінікті әрі жеңіл. Егер сізге жеңіл үйренетін және күрделі емес, қарапайым сайт жасау үшін CMS керек болса, онда Wordpress ең қолайлысы.
2. Drupal – ды күрделі сайт жасау жүйесі деп айтуға болады. Оны жақсы игеріп, сайттар жасау үшін web программалаудың негіздерін білу қажет болуы мүмкін. Бірақ друпалдың артықшыдығы – оның көмегімен кез келген қиындықтағы сайттарды жасауға болады.
3. Joomla – Бұл алтын орта! Джумланы орнатып, онымен сайт жасау өте жеңіл және ол арқылы визитка сайттан бастап интернет порталға дейінгі кез келген сайт жасауға болады.
Сайт жасау жүйелерінің ерекшеліктерімен таныстық. Ендігі мәселе сайтты жасаудың процесі қалай болады?
Алдымен компьютерімізге локалді сервер орнатуымыз керек. Ол дегені интернеттегі хостингтің компьютердегі түрі. Ол арқылы біз сайтымызды интернетке қоюға дайын болғанға дейін дайындаймыз. Мен apache mysql php орнату керек деп миды ашытып отырмаймын. Біз үшін бастысы сайтты жасау, ал бұл посттың негізгі аудиториясы программист емес қарапайым қолданушылар.
Локалді сервер – ол компьютерге орнатылатын бағдарлама. Олардың бірнеше түрлері бар. Кең тарағандары Denwer, Xampp, Wampp. Локалді серверді олардың сайттарынан көшіріп компьютерге орнатамыз. Оның ешқандай қиын жері жоқ. Орнату барысында «я» немесе «әрі қарай» дегендерді басып отырсақ болды.
Енді біз CMS – ті нтернеттен жүктеп, оны локалді серверге орнатамыз. Яғни сиэмэс ол көп файлдар мен папкалардан құралған архив түрінде болады. Оны серведегі арнайы папканын ішіне шығарамыз. Сосын оны браузермен ашып, орнату сатыларын орындаймыз.
Орнату барысы сіздің қайсы CMS- ті немесе қайсы локалді серверді пайдаланатыныңызға байланысты әр түрлі болады. Сондықтан мен ол тақырыптарға тереңдемедім. Алдыңғы абзацты түсінбесеңіз еш қорқыныштысы жоқ. Мен бұл постта сіздер сайт жасау барысын елестете алуларыңыз үшін жалпы түсініктерді жазып отырмын.
Орнатып болған соң сайтты жасау барысы браузерде орындалады. Сайтты толығымен біткеніңізден соң оны интернетке жүктеу қажет болады. Сіз ол үшін хостинг және домен сатып алуыңыз қажет. Немесе тегін алатын жолдары да бар. Бірақ тегін хостингпен доменнің өз кемшіліктері бар.
Тегін хостингте сайтыңызға берілетін орын көлемі аз болады. Ал тегін домен екінші емес үшінші дәрежелі болады. Біз күнделікті көріп үйреніп қалған сайт адрестері мысылы www.google.kz www.nur.kz екінші дәрежеді деп айтылады. Ал үшінші дәрежелі домендер www.balenshi.tulenshi.kz деген форматта болады. Ондай домендеодің кемшілігі, біріншіден сайтқа кірушіге жаттауға қиын және «несеръезный» болып көрінеді. Екіншіден іздеу жүйелеріне қатты ұнамайды ондай домендер.
Домен мен хостингті алып болған соң, компьютердегі сайтты интернетке лақтыру қалады. Сайтыңыз екі бөліктен тұрады: сайттың негізгі файлдары және деректер базасы.
Жоғарыда айтқанымдай бұл пост сайт жасау барысы қалай жүретіні жайлы жалпы ақпарат береді. Алла қаласа келесі посттан бастап сайт жасаудың техникалық жақтарын түгелімен талдайтын сабақтар жүйесін бастаймын. Сол посттар барысында біз нөлден бастап толық функционалды сайт жасап үйренеміз.
Пост жайлы өз ойларыңызды қалдырып, блогқа қосылуыңызды өтінемін.
Бөлісу:

42 пікір

Onlasyn
«Hacked by Karbyzbai!» деген жазу мен Албанияның жалауы тұрмауы қажет.
))
Тоқтап қалма әйтеуір, жаза бер )
BahtiAlemger
Karbyzbai деген бұл жерде кез келген бір адамның атығой))) Басқа ат ойлап таба алмадым, сосын қазақтың аттарын PR жасап жатырмынғой)))
Onlasyn
Тағы айта кететін жәйт: қазақша сайттардың көбісінің бір бұрышында орысша немесе ағылшынша сөздер шығып қалады.
BahtiAlemger
Я, солай. Ол жақсы емес. Сайттың сапасын төмендетеді. Сабақтарымда сондай нәрселерді қалай болдыртпауды көрсетемін деп ниеттеніп отырмын
Abylai
Жақсы бастама екен, жағастыра беріңіз. Әзірге плюстауға баллым жетпей жатыр
Onlasyn
Осындай дүниелер жазсаң пайда болады ғой плюс
bizbike
былай жалпы түсінік қалыптасқан сияқты. Офтоп: www.kconnect.kz сайтының осы сайтқа қандай қатысы бар?
Almasss
Офтоп: www.kconnect.kz сайтының осы сайтқа қандай қатысы бар?

Ешқандай қатысы жоқ, бірдей движок, бірдей шаблондар қойылған, ол сайтта орысша контент мұнда қазақша)
bizbike
офтоп: АТ-да плагиат, зияткерлік меншік, авторлық құқық деген түсініктер жоқ па?
Erasyl2
Мынау бар тағы: wikistan.ru/ Негізі LiveStreet CMS — GNU «General Public License» аясында таратылады, яғни:

GNU GPL — предоставить пользователю права копировать, модифицировать и распространять (в том числе на коммерческой основе) программы (что по умолчанию запрещено законом об авторских правах), а также гарантировать, что и пользователи всех производных программ получат вышеперечисленные права.
serjan
Дұрыс екен, кезінде осындай қазақша жазылған посттарды іздеуші едім.
Bakdaulet
Барған сайын қызық болып барады бұл мақала! Келесіде бейнесабақ болса керемет болушы еді! Оян — Қазақ, Сайт — Жаса!!!
neoaskar
бейне сабақты Camtasia Studio 7мен жасауға болады, ыңғайлы екен.
BahtiAlemger
Бұл ойлар ескеріледі
almatast
новичоктарға WAMP, XAMPP локалды серверлерін қолдануды ұсынамын!
XAMP
WAMP
almatast
Joomla көтерген жүк жеңіл))) деген тақырып қозғасан?
Ereimen
cms тер кайсысы издеу жуйесыне тез косылады?
asaubota
wordpress іздеу жүйелеріне жақсы ілігеді Джумлаларға қарағанда. мүмкін Джумланың құрылымы қолайсыз болар іздеу роботтарына және УРЛ да ұзын болғасын болар?
Almasss
Жумла үйренгенге жеңіл движок дегенге келісе алмаймын! Ең оңайы менің ойымша wordpress движогы блог н/е басқада қызықты проекттерге ыңнайлы!
Соңғы түзету:
RauRau
Жумла үйренгенге жеңіл, локальді желі ретінде Denwer дұрыс деп ойлаймын, менде мынандай мәселе өз компымда жумлада құрған сайтты басқа компта аша алмай жүрмін…
asaubota
өз компымда жумлада құрған сайтты басқа компта аша алмай жүрмін

өзіңіз түсіндіңіз бе не деп отырғаныңызды?
RauRau
Мұны қайталап қоюдың қажеті қанша…
Onlasyn
Локальный сеть болса сайт орналасқан файлды шейр жасап, басқа комптан сайт тұрған комптың IP-ін терсеңіз ашылу керек
Erasyl2
Сонда басқа компта браузердің адрестік жолағына localhost деп жазып ашпақшы болдыңыз ба? Әлде оған да локальді сервер құрып, файлдарды көшіріп ашпақшы болдыңыз ба?))
Соңғы түзету:
RauRau
оған да локальді сервер құрып, файлдарды көшіріп ашуды айтамын… менды ылғи файлдарды таппай қалады…
Соңғы түзету:
Erasyl2
Онда дерекқорды импорт жасамаған сияқтысыз
Erasyl2
дерекқор — database
Bahauaddinbek
Алдыңғы аптада бірінші рет сайт жасап көрдім. Ең оңайы 1-ақ күнде jimdo.ru жасадым. Енді екінші сайтты wordpress-тен жасау керек болып тұр. Жобасын жасадым, кейбір жерлерін түсінбей отырмын. Осы блогтан жауаптары болады деп үміттенемін.
Tamshy
Осы бір сайт жасау, оны жүргізу дегенге давно қызығам. мойын бұрылмай жүр, еріншектік деген жауым әрі досым бар. Жұмыстың сайтында доменге ақша төлеп біреулірге істетеді. Мен сол сетьпен ойын ойнаумен уақыт өткізіп…
Бұйыртса Бақтияр қолдаса қолға алам. Сұрақтарыма жауап беруден мезі болмасаңдар
OmarbekovOlzhas
Жақсы, жақсы  жалғасын күтеміз!
Onlasyn
Не ғой інім, қайда жоғалып кеттің?
toha9566
інің шынында да жоғалып кеткен сияқты, маған да керек еді
mercedes
Маған көмектесіңдер. Операны ашқан кезде автоматты түрде ашылатын бетті қалай алып тастаса болады. Менде yambler.ru ашылып кете береді
Ispek92
ол оңай ғой, операның настройкасында главный страницаны ауыстырып жібересіз
mercedes
Сосын менде Яндекс.ру ашылмайды. яндекк.ру деп жазсам автоматты түрде гуглға лақтырады
toha9566
настройкага кіріп Установить поисковую систему деген жерге қалағаныңды таңдап қоясың
mercedes
toha9566
гугл хромнан істегем өзім. Гугл хромға кір да Установить поисковую систему для омнибокса дегенге кіріп керегін таңдап қой. менікі алдында ask.com-ға лақтыратын
toha9566
бырат сен мына суреттерді қалай мында шығардың жолын айтып жібересің бе?