Әйелдер тұрақсыз

La donna è mobile. Джузеппе Вердидің «Риголетто» операсындағы Мантуан герцогінің ариясы. «Әйелдер тұрақсыз», — дейді герцог. «Әрдайым ізетті, әдемі бола тұра, олардың ойы мен дауысы құбылып шыға келеді. Күлгені де, жылағаны да өтірік. Оларға сенген еркек бақытсыз». Шамамен осылай аударуға болады.
Әрі қарай

Гей клубта өткізген 8-наурызым

Өткен жолы 8-наурыз – біздің мейрамда әріптес қыздармен бас қосып, қыдырайық, мейрамды тойлайық деп ойладық. Кешкі сағат 10-дар шамасында әні-міні деп бас жиналып, бірнеше кафеге бардық. Орын жоқ Содан бір қыз осында бір гей клуб бар екенін, ол жақта біз сияқты қарапайым адамдар да жүретінін айтты. «Мүмкін сонда барармыз» деген ұсыныс тастады. Жарайды барсақ, барып, бір жағынан мәлімет жинап қайтайық деп бір ауыздан келістік. Бір жағы қызық боп тұр.
Гоголя көшесімен төмен түсіп, айтылған клбука келдік. Әрине, ол кубтың атын атап айтпай-ақ қояйын. Менің таң қалғаным біз сияқты клубка көп бара бермейтін адамдар оның клуб екенін ажырата алмайды. Себебі, көше қап-қараңғы, сыртында жарығы жарқырамаған бір есік тұр. Оның ішіне кірсең, подволға түсесің. Сол подвалда дікш-дікш билеп жатқан адамдар. Әдетте клуб десе, көз алдымызға жарқ-жұрқ еткен жарықтар, сыртында көзді арбайтын жазулармен безендіріліп аты жазылады клубтың. Кіріп-шығып жатқан адамдар. Абыр-сабыр күй. Жоқ, бұл клубта бәрі керсінше. Мүмкін «көгілдірлердің» клубы болған соң бәрі де жасырын жасалған түрі шығар, әйтеуір ерекше.
Әрі қарай

Мен сізді жақсы көремін...

Жұма… Далада шелектеп жаңбыр жауып тұр. Көңіл-күйім күндегідей көңілді емес, сәл де болса жабырқау бар. Себебі, сағындым… Жаныма жігер, күш, сенімділік, бойыма қуат беретін, көңілімді көтеріп, бірге қуанатын, жылайтын да жан жырақтау болып тұрғаны…
Әрі қарай

Аналарымызға не сыйлаймыз?

Ассалаумағалейкум Керекші қауым! Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймын қазір қар жауып жатса да  Ақ сүтін беріп аялап өсірген аналарымызға не сыйлайсыздар? Осы жерде бөлісе отырсаңыздар…
Пы.сы жарытып жазба да, пікір де қалдырмасам да қатырып тұрып оқимын осы сайттағы посттарды
Әрі қарай

Мерекелеріңізбен ...

«Уішівөл» © АКУ, alisha, monti, sammita, balzaminka, VKM, aikona, zilola, Altygradus, Erkekyz, bazuka…


Наурыздың 8 і. Демалыс. Таңертең тұрып, «Мерекеңмен Жаным!» деп жұбайыңнаң беттен бір сүйіп қоясың бастамасына. Қалтаңның түбінде жатқан
Әрі қарай

Былтырғы 8 наурыздағы өлең

Сегізінші наурыздың да таңы атты,
СМС-ті достар қарша боратты.
Арасынан көріп сенің атыңды,
Маужыраған ұйқым шайдай ашылды.

Гүлге оранып сала берді өмірім,
Телефонға қарай бердім қуана.
Небір сыйға ерімеген көңілім
Тасып кетті, тағдыр неткен дуана?!

«Мерекеңмен!» Бір-ақ ауыз жазғаның,
Сол бір сөзің жүрек қылын қозғады.
Көптеу жазсам, үміттенер дедің бе?
Ал жазбауға мүлдем дәтің бармады…

Авторы: мен
Әрі қарай