Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі
Ол екеуміздің бала махаббатымыз бақытты поэмаға айналған жоқ, бітті ме, бітпеді ме, ол жағы өзімде қалсын. Дегенмен, бала махаббатыма жасағын бір қызықты сыйлық жайында айтайын. Жағдай 2008 -бе, жоқ әлде 2010 ба, сондай жылдардың бірінде болды. 8 наурыз қарсанында сөзге келісіп қалып едік. Енді не керек сыйлық жасау керек. Кітаптардан қыздардың гүлді жақсы көретіні жайлы оқып едім, ауылдағы дүкенге барып қызыл раушан гүлін алдым. 35 теңгеге шықты. Алдым да, дүкеншіге қалтырып кеттім, кейін алып кетемін деп. Мектептегі мереке аяқталған соң ел тарқады, кешкі дискотеканың темасын шешіп жігіттер жағы әлек. Арасында қызы бар мен ғана, әрі ішпейтін-шекпейтіндердің тізімінде жалғызбын. Мұғалімдер болса асханада кетті.
Қызымды қолынан алдым да, үйге бірге қайтып кетті. Жолда дүкеннің қасына тұрғызып қойдым; «Сен осында бол, ал мен қазір келемін». Гүлімді алып шыға бергенімде құдамның атпен келе жатқанын көріп, тұрып қалдым. "Қазір көріп қойса улкен әзілге айналады. Әзіл қыздың әкесіне жеткен соң менің бетімдегі көк түсті нүктелерге трансформацияланады" деген күдік бұл. Күттім. Көршім кетті. Жан-жаққа назар аудардым да, қолымдағы бір штук гүлімді қызға ұсындым. Ол мәз — өмірінде бірінші рет сүйгенінен гүлді алғаны. Мен де мәз — өмірімде гүлді алғаш сыйлағаным бұл. Сонымен қатар, «жанымның» жүзіндегі кереметтен өзімді дәу еркектей сезіндім. Кәдімгі романтика ғой: айнала аппақ қар басқан, екі қара киімдегі адамдар тұр және қызыл гүл…
Не керек, мен үйіме кеттім. Ол да қолына гүл ұстап, әрі «анам көрсе не деймін?!» деген қорқынышпен, сонда да болса, бақытты жүзімен үйіне кеттім. Бар пәлі сол анасынан басталды: әлгі гүлдің ортасында қыздың ішкі киімі бар екен. Анасы оған көрсетіп шегінен айрылды. Қыз бұны мен әдейі жасаған-ау деген ойға батты. Мен болсам қытайларды жек көре бастадым.
Не деген креатив деңіз — гүлдің ішіне қыздың іш киім тығындап тастау.
Содан кейін мен қыздарға гүл сыйлаған емеспін.
Әрі қарай

Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері

Жалпы еркек заты жас кезінде қыздармен жүріп көреді. Барлығы емес әрине. Біреулер туғаннан тұйық, тормоз, біреулердің отбасысының діни көзқарастары бойынша, біреулер туғаннан қызтеке дегендей қызбен жүрмейтіндер де бар.

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері

Бүгінгі адамтану жазбамды қызбен жүретін немесе жүргісі келіп жүргендерге арнаймын. Ғашықтық, ұнату, сүйіспеншілік әлбетте үйленгенге дейін болатын сезімдер. Және бұл қарымқатынастар сенің кішігірім әлемің, шағын автономиялық мемлекетің. Өкінішке орай өмірде барлығы жақсы бола бермейді. Осы әлеміңді бүлдіретін, ғашықтық аймағыңа зиян келтіретін лаңкестер, іштен жеп құртатын құрттар, сезім вандаллары әлбетте бұл өмірде бар. Бүгін сол залымдарға тоқтала кетейік.

1. Қыздың ең жақын құрбысы
Қыз бен жігіт қарымқатынасы тек 2 адам арасындағы қатынас деп қате тұжырым жасама. Шын мәнінде сен қыздың ең жақын құрбысымен де жүресің. Тек қызыма арнап әдемі сөздер, хабарламалар жазып жүрмін деп ойлама, әлбетте ол жазғандарыңды мұқият оқитын тағы біреу бар. Қыздан күткеніңдей жауап келмей жатса әлбетте мұндай бақытқа тосқауыл болатын да қыздың құрбысы. Көп жағдайда қыздың құрбысы қыздан әдемі емес. Сондықтан құрбысын негізінде көре алмайды, оның да өзіндей бақытсыз және үмітсіз болғанын қалайды. Сен туралы барлық мағлұматты жинайтын, бұрын кіммен жүргеніңді, қандай жаман әдеттерің барын, қанша бауырың бар екенін білетін де осы қыз құрбысы. Негізі саған жау ретінде қарамай, керісінше жақсы сөйлесуге тырысады. Жүріп жүрген қызың туралы не ойлайтыныңды ақырындап сұрап отыруы да мүмкін. Байқа!

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Ехехе, Whatsapp-та мықты жазғанымен жігітің негізі тормоз ше, Қаламқас...

2. Қыздың жақын жігіт досы
Иә, иә, білемін, білемін, қыз бен жігіт әлбетте дос бола алмайды. Бірақ қыздар солай ойлайтынын біл, көн, шыда. Бір күні бір жігітті досым деп таныстырса таң қалма. Бұлар жыныстасың ретінде сенің не ойлайтыныңды, қалай ойлайтыныңды әрине жақсы біледі. Қызыңа түрлі тактикалар беріп отыруы ғажап емес. Мұндай көтлектердің 2 түрі бар. 1-шісі осы қызды бұрын ұнатқандар, әлі ұмыта алмай айналшықтап жүргендер. 2-шісі білдірмей ұнатып жүргендер. 3-шісі де бар негізі, бірақ олардан тап саған пәлендей зиян келе қоймайды, олар қызыңның омырауына, етегіне көз салмайтын типтер, бұл жағынан қам жеме. Сонымен ана дос болып саналатын малды, иә, танымасам да сен үшін мен де теуіп тастағым келіп тұр. Бірақ шыда, қызыңның көзінше агрессияға барма. Қызыңа айтып қойып, араларыңды бұзуы мүмкін. Оңашада ұстап алып, қысып жібер.

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Щааа, Нұргүлдің бұрынғы жігіті саған келіп жүр ма, не?..

3. Қыздың анасы
Сен қанша жерден тәрбиелі, білімді, жақсы жұмысты, өнерлі, өнегелі, ақылды, көрікті, сымбатты болсаң да үйлену тойына дейін сені оңбаған, алқаш, нашақор, қаңғыбас ретінде ғана көретін адам түрі бар. Ол — қыздың анасы. Бұл әйел егер Фейсбук, Инстаграмдағы жігіттермен футбол қарап, сыра ішіп отырған суретіңді көріп қалса бітті дей бер. Болды, сен соңғы ақшасын бәс тігуге құртатын, өзі сияқты маскүнемдермен күнде ішетін, саунадан сауна қоймай түрлі ұлт, ұлыс, жас категорияларымен жыныстық қатынасқа түсуді ұнататын нағыз оңбаған болып шыға келесің. Суреттеріңді өшір. Өйткені қызына бір күні "өткендегі жігіттің Мирында фотолар бар ма еді?" деп сұрап қалуы әбден мүмкін, әбден!

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
(Google дәл осыған дұрыс сурет тауып бере алмады, мына суретті ұнағасын ала салдым)

4. Қыздың ағасы
Махаббат әлбетте түрлі қиындықтар арқылы келеді. Сондай кедергілердің бірі — қыздың ағасы. Сені әрине бір көргеннен ұнатпайды, жек көреді, ұрғысы келеді, боқтайды, телефонмен айқайлайды. Ағасы тіпті Болашақ арқылы Германияда музыка бойынша білім алатын болса да, бір діни жамағатта имам дәрежесіне көтерілген болса да оның ішінде бәрібір 79-дағы Сағындық жатыр. Өйткені ол қыздың ағасы, ал сен нақұрыссың. Амал жоқ шыдайсың, көзіне көп көрінбейсің. Бірақ, бір жақсы жері тойдан кейін саған жақсы қарайтын болады. «Біздің қызды ренжітпе» деп арқаңнан бір қағады, содан кейін көтіңе кірмесе де былай жақсы қатынаста болады. Тойға дейін ол егер шығыс жекпе-жектерінің бірімен айналысатын спортшы болса онда не дейін, өз обалың өзіңе. Басқа қыз қарап көр, мысалы Алмагүл де жақсы қыз сияқты былай…

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Ептібайымайттың баласы, кет құры нақ!

P.S суреттер Google іздеу жүйесінен алынды
Әрі қарай

Ажал аузындағы махаббат

Ғибратты әңгімелер: Ажал аузындағы махаббат

Бір жұп ғашықтар болыпты. Жігіт әлсіз, жасқаншақтау болса керек. Қашан да қиындыққа жолықса алдымен қалыңдығын сынап көруге мәжбүрлейтін болса керек. Ал бойжеткен осы үшін назаланатын.

Күндердің күнінде теңізге саяхаттай шыққан қос ғашықтың қайығы дауылға жолығып, аударылыпты. Әзер дегенде қайықтың сынық ағашын ұстап аман қалған олар амалсыз әлдеқайдан келер көмекті күтумен болыпты. Батыл, қайсар бойжеткен жігітін сынап көрмекке «сен қорқасың ба?» деп сұрайды. Көзінде үрей тұнған жігіт жалма-жан қалтасына үнемі салып жүретін пышағын алып «егер әлдеқайдан қатер төнер болса, алдымен сені қорғаймын» депті сеніммен. Дәл осындай қатерлі сәтте мынадай батыл шешімге риза болған бойжеткен іштей риза болыпты.

Көп өтпей үлкен жүк кемесі бұларды байқап құтқаруға келе жатады. Қуанышы қойнына сыймаған қос ғашық дәл сол сәтте өздеріне таяп келе жатқан жыртқыш акуланы да көреді. Қорқыныштан қалқыма ағаштан ұстап қалған күйі мелшиып қалған жігітке бойжеткен «Тез, ана кемеге бар күшімізбен малтайық. Мүмкін аман қалармыз, тездет!» деп айқай салыпты. Бірақ, жігіт қызды бар пәрменімен итеріп жіберіп, өзі бөлек жүзіп кетіпті. Бұған аңырып қалған қыз сол сәтте қатты күйзеледі. Төніп келе жатқан ажалға амалының жоқтығын біліп іштей қайғырады. Бақытына орай әлгі жыртқыш оның қасынан келсе де, оған бұрылмастан жігіт малтап кеткен жаққа қарай өте шығыпты. Бейшара жігіт әп-сәтте акуланың азуына ілінеді. Жан-таласып жатқан сәтінде бар дауысымен «Мен сені сүйемін!» деп айқайлапты.

Аман қалған бойжеткен есін жиғанда кемешілердің «Қорқақ» жігітіне аза білдіріп жатқанын көреді. Кеме капитаны қыздың жанына келіп, оны жұбата «Бикеш, осы өмірімде көрген ең ержүрек азамат сіздің жігітіңіз! Оның өлімі үшін қайғырамыз, сабыр етіңіз!» дейді. «Жоқ! Ол барып тұрған қоянжүрек! Мен ештеңеге қайғырмаймын» дейді қыз жасын сүртіп. Кеме бастығы бойжеткеннің бұл қылығына түсінбей «Қалайша оны кіналап тұрсыз. Мен бәрін де бақылап тұрдым. Мен оның сізді кеме жаққа қарай итеріп жіберген соң өз білегін тілгенін көрдім. Ал акуланың қанға деген сезімталдығы өте күшті. Егер ол бұлай істемегенде сіздің аман қалуыңыз мүмкін емес еді» дейді сабырлықпен.

Мейлі қаншама әлжуаз, қорқақ болса да шынайы сүйіспеншілікке толы жүрек өмірдің ең бір қатерлі сәттерінде өз махаббаты үшін құрбандық беруден бас тартпайды.

дереккөз

суретке сілтеме
Әрі қарай

Кім кінәлі?

Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Ойланып, толғанамын. Қазіргі жастар қайда бара жатыр деп. Біз осы қайда бара жатырмыз. Жастардың алған бағыты қандай? Әрине, ең бастысы адамға өмір керек. Өмір сүру үшін не керек екенін түсініп жүрміз бе. Жастайымыздан Санаға сіңгені, «алдымен мектепті бітір, сосын ЖОО-ға түс, диплом алғаннан кейін, сол мамандық бойынша жұмыс істе не жеке бизнесіңді жүргіз, көп ақша тап, ақшаң болса ғана сыйлысың», деген ұғымды қалыптастырып алдық. Енді сол ақша табу жолында не істеп жүрміз? Кім қанша тапса, сонша тапсын, айтпағым бұл емес… Қазіргі жастардың тұрымысы.
Әрі қарай

Алғашқы кездесу


Қызды кездесуге шақыру мақсатындағы телефон әңгімесін құруға көмектесетін жалпы жағдаяттар:

1) Хабарласудың алдында позитивті болып ал.
2) Телефонмен сөйлесуден ляззат ал. СЕЗІНЕ біл!
3) Кұлімдеп отырып сөйлес. Егер 2-ші пункттті орындасаң, күлкі өзінен-өзі пайда болады.
Әрі қарай