Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі
Ол екеуміздің бала махаббатымыз бақытты поэмаға айналған жоқ, бітті ме, бітпеді ме, ол жағы өзімде қалсын. Дегенмен, бала махаббатыма жасағын бір қызықты сыйлық жайында айтайын. Жағдай 2008 -бе, жоқ әлде 2010 ба, сондай жылдардың бірінде болды. 8 наурыз қарсанында сөзге келісіп қалып едік. Енді не керек сыйлық жасау керек. Кітаптардан қыздардың гүлді жақсы көретіні жайлы оқып едім, ауылдағы дүкенге барып қызыл раушан гүлін алдым. 35 теңгеге шықты. Алдым да, дүкеншіге қалтырып кеттім, кейін алып кетемін деп. Мектептегі мереке аяқталған соң ел тарқады, кешкі дискотеканың темасын шешіп жігіттер жағы әлек. Арасында қызы бар мен ғана, әрі ішпейтін-шекпейтіндердің тізімінде жалғызбын. Мұғалімдер болса асханада кетті.
Қызымды қолынан алдым да, үйге бірге қайтып кетті. Жолда дүкеннің қасына тұрғызып қойдым; «Сен осында бол, ал мен қазір келемін». Гүлімді алып шыға бергенімде құдамның атпен келе жатқанын көріп, тұрып қалдым. "Қазір көріп қойса улкен әзілге айналады. Әзіл қыздың әкесіне жеткен соң менің бетімдегі көк түсті нүктелерге трансформацияланады" деген күдік бұл. Күттім. Көршім кетті. Жан-жаққа назар аудардым да, қолымдағы бір штук гүлімді қызға ұсындым. Ол мәз — өмірінде бірінші рет сүйгенінен гүлді алғаны. Мен де мәз — өмірімде гүлді алғаш сыйлағаным бұл. Сонымен қатар, «жанымның» жүзіндегі кереметтен өзімді дәу еркектей сезіндім. Кәдімгі романтика ғой: айнала аппақ қар басқан, екі қара киімдегі адамдар тұр және қызыл гүл…
Не керек, мен үйіме кеттім. Ол да қолына гүл ұстап, әрі «анам көрсе не деймін?!» деген қорқынышпен, сонда да болса, бақытты жүзімен үйіне кеттім. Бар пәлі сол анасынан басталды: әлгі гүлдің ортасында қыздың ішкі киімі бар екен. Анасы оған көрсетіп шегінен айрылды. Қыз бұны мен әдейі жасаған-ау деген ойға батты. Мен болсам қытайларды жек көре бастадым.
Не деген креатив деңіз — гүлдің ішіне қыздың іш киім тығындап тастау.
Содан кейін мен қыздарға гүл сыйлаған емеспін.
Бөлісу:

1 пікір