Кім кінәлі?
Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Ойланып, толғанамын. Қазіргі жастар қайда бара жатыр деп. Біз осы қайда бара жатырмыз. Жастардың алған бағыты қандай? Әрине, ең бастысы адамға өмір керек. Өмір сүру үшін не керек екенін түсініп жүрміз бе. Жастайымыздан Санаға сіңгені, «алдымен мектепті бітір, сосын ЖОО-ға түс, диплом алғаннан кейін, сол мамандық бойынша жұмыс істе не жеке бизнесіңді жүргіз, көп ақша тап, ақшаң болса ғана сыйлысың», деген ұғымды қалыптастырып алдық. Енді сол ақша табу жолында не істеп жүрміз? Кім қанша тапса, сонша тапсын, айтпағым бұл емес… Қазіргі жастардың тұрымысы.
Әсіресе, қалада жұмыс істеп жүрген жастарымыз. Сол жастарда махаббат сезімі қалды ма екен? Көше бойында құшақтасқан екеу, сүйісіп жатқандар, емеурініп жабысып отырғандар да жастар. Интернеттегі жазбаларды оқып отырсаң да жастардың жүрісі мен тұрысы. Әсіресе, алданып қалған жас қыздар. Екіқабат болып қалса, бас салып кінәлап жатамыз, «тәрбиесіз, көргенсіз, әке-шешесі сондай болған шығар, ұяда не көрсе, соны істейді» деп балағаттап жатамыз. Сонда оған кім кінәлі? К І М?
Алматы қаласы бойынша 2010 жылғы есепте 14 мың түсік жасалыпты.
14 мың сәби дүние есігін ашпады.
14 мың бала жарық дүниені көрмей кетті.
14 оқушы мектепке жетпей кетті.
14 мың жас болшағын білмей кетті.
14 мың адам өмірге келмей кетті.
14 жас отбасын құрмай кетті.
Аборт жасатудың саны ТМД елдері бойынша көш озып тұрмыз.
«Бәріміз де кінәліміз». Неге дейсіздер ғой, ең алдымен қыз екіқабат болса, ол жалғыздан жалғыз екіқабат болмайды. Жігіттің де кінәсі бар. Өзімізше мақтанамыз: «Осындай бір қызды сындырып тастадым» деп, бір жаудың бетін қайтарғандай, ерлікке санап. Ал сол намысымызды өзіміз таптап жатқанымызға мән бермейміз. Сосын келесіге ауыз сала бастаймыз, әрине дәмін біліп алған соң, еттің дәмін көрген бөлтірік құсап. Қыз байғыс жылап қала береді, бұзылмағандай қайда барсын. Ар кеткен соң, ұят та кетеді ғой. сосын артынан сыпсыңдаймай: "өй, бұзылып кеткен ғой",- деп.
Ойланайық, абай болайық, нәпсіге ермейік. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген. Бесік жырын адал жолмен көбейтейік. Еркекпіз ғой, намысты аяққа таптатпайық…
Еркінсудің жеттік пе ең шегіне,
Бала тәннің артық бір бөлшегі ме?
Бір ұл, бір қыз қалалық бауырлардың,
Бара жатыр айналып өлшеміне.
Байлық шіркін болады кімге пана,
Бақыт пе екен үлде мен бүлде ғана.
Аборт атты ажалдың арқасында,
Азайып та қалыпты-ау шілдехана.
Жарық дүние аңсаған жас баласын,
Жоқ қылады сұмдық-ай, масқара шын.
Жарларыңды жігіттер абайлаңдар,
Ұлы адамды алдыртып тастамасын.
(Шорабек Айдар)

7 пікір