Көкжалдар жаңа белгі іздеуде!!!



Қызылорданың Қайсар футбол клубы жаңа белгі(логотип) ойлап табуға конкурс жариялады.

Әр автордан 3 белгі қабылданады.

Жеңімпазға 75000тг көлемінде сыйақы беріледі.

Конкурс 1 наурызға дейін жалғасады.

Белгі жасар алдындағы ескерту:
-Қызыл және ақ түстерді қолдану
-Міндетті түрде қасқырдың және доптың суреті болуы
-Белгіде(логотип) ағылшын тілінде клубтың аты — FC Kaysar,
қаланың аты болуы — Qyzylorda(Kyzylorda) немесе Orda
-Құрылған жылын белгілеу — 1968
-Белгінің ақырғы нұсқасы векторлық форматта болуы және де басып шығаруға ыңғайлы болуы керек

Дайын жұмыстар мына электронды жәшікте қвбылданады:alimzhan90@gmail.com

Кайсар ФК-ның сайты: fckaysar.kz
Фан-клуб: wolves.kz

Жаңа белгі, жаңа маусым, жаңа мақсат, жаңа жеңіс…
Фэйсбукте: facebook.com/fckaysar.kz
Әрі қарай

Месси биыл да келмеді



Қызылордада шығатын «Сыр ақшамы» газетінің дәстүрлі «Жылдың үздік спортшысы» жүлдесінің марапаттау салтанаты өтті. Аталмыш жиынға осы жылы да үздік спортшы атанған «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси жүлдесін алуға келмеді.

Газет оқырмандарының дауысы бойынша жиналған сауалнама қорытындысы қызылордалық спортсүйер қауымның үздіктерін анықтады. Алғашқы орын тағы да Мессиге бұйырса, Илья Ильин өзінің 2-ші орынын қорғап қалды. Ал, үшінші орынды республикалық спартакиада жүлдегері, жас жеткіншек Гүлмира Сапарбаева иеленді.

Суретті түсірген Даниал Оқасов, tengrinews.kz
Әрі қарай

Қолөнер

Сәлем бердік, жамағат!  Сіздермен бөлісер қолөнер бұйымдарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы. Қағаздан жасалатын осынау әдемі бұйымдарды сынақтан мен де өткізбек болдым. Сонымен…
Әрі қарай

Қызылордалықтарға алтын сырға және тек қана оларға емес

Орталық мешітке барған едім, көзім «Араб тілі сыныбы» дегенге түскені. Үйдегі қыздарды берсем бе деп ойланып шартын сұрасам, тек ұлдар оқытылады екен. Дегенмен, бір жіп іліп шықтым. Сонымен, 10.06.2011-де ұлдарға арналған 1 айлық тегін лагерь
Әрі қарай

Қызылордам-ай



Бұл Қызылорданың орталық алаңының көрінісі.

Соңғы уақытта көрген қалаларымның ішіндегі шаршағаны, тозғаны менің туған қалам болып тұр өкініштісі. Климаты да, жер жағдайы да ұқсас деген Атыраумен салыстырсам, Атырауға қарасаңыз, көзіңіз тояды.
Әрі қарай

Досымжан Таңатаров гастрөлдік сапармен Қызылордада болды

Бүгін қазақ эстрада жұлдызы Досымжан Таңатаров Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы драма театрында жеке концертін өткізді.

“Қызылорда-мен үшін ерекше, мен үшін биік. Репертуарымда қызылордалық сазгерлердің бес әні бар, бұл- менің Қызылордаға
Әрі қарай