керек дерек - Дила


Дила Ханым атты телехикая бүгін, яғни 1-шілдеден эфирге шығады. Кешкі 8.40-та.
Сіздерге бұл ақпарат қызық па, жоқ па ол жағын білмедім. Дегенмен, ғаламтор қауымдастығына ақпарат тарату міндетін атқарып отырғаным ғой.

Кейінгі кездері Кузей-Гюнейден өзге түріктің жақсы сериалдарын көре алмадым. (Сулейманды есепке алмаймыз, олар бәсекелестер)

Бірақ, Диланың сюжеті ерекше екен. Күйеуін өлтірген адамға ғашық болған Дила ханымның оқиғасы.
Банально… деп айтуға асықпаңыз. Өйткені, Дила екі күн ғана жұбайлық өмір сүріп, жесір қалған соң, жарын өлтірген адамнан кек алмақ болады (кешіріп қоя салса болады ғой).

Сөйтіп аттан жығылып, әлгі Рыза атты Эркан Петтекаяның кейіпкерімен танысады (күйеуін өлтірген сол ғой). Оған ғашық болып қалады.
Әрі қарай

Әуе.Жер.Ғашық - Каппадокия





Қазір «31 арна» эфирінен беріліп жатқан «Әуе. Жер. Ғашық» телехикаясы оқиғаларының тартымдылығымен ғана емес, телетоптама түсірілген орынның табиғатының әдемілігімен де көрермен назарын өзіне аударды. Басты рөлді сомдаған – Бирче Ақалай мен Мұрат Уналмыш – телехикая түсіріліп жатқан Каппадокия жері туралы әсерлерімен бөлісті…

Каппадокия табиғатының әдемілігімен және ғасырлар бойы салынған жерасты қалаларымен, таудан қашалған ғибадат орындарымен әйгілі. Бұл табиғаттың өзі жасаған керемет орын.

Басты рөлдегі Хавваның рөлін сомдаған актриса Бирче Ақалай, Каппадокиямен өзінің арасында беймәлім тылсым байланыстың бар екенін айтады.
«Мен Стамбулды өте қатты жақсы көрем, одан тыс жерлерде жұмыс істеу маған қиын. Үнемі жұмыста болғандықтан, қалыптасқан әдеттерім бар. Түсірілім барысында мен үйімді қатты сағынамын. Алайда, Каппадокия жайлы орын екен, мен бұл жерден жаныма сая таптым. Бұл өте ерекше жер, тіпті оған бауыр басып кеттім.
Стамбулдан келгенім кеше және достарыма қашықтыққа бұрынғыдай қатты қиналмайтынымды айтам. Бұл орынды аралап көруге бұрын мүмкіндік болмағаны өкінішті. Стамбулға оралғанда осы өңірдегі үйлесім мен тыныштықты аңсай бастаймын»,-дейді актриса.

Бирченің өмірінде бұл аймақтың маңызы ерекше, өйткені дәл осы жерде хикаяның түсірілімі баысында ол болашақ жары – Мұрат Уналмышты кездестірді. Олардың хикаядағы махаббаты, шынайы өмірде үйлену тойымен аяқталды.

Мұрат Уналмыш (Юсуф) осы жердің тумасы, сондықтан да бала кезінен бұл өңірді жиі аралаған. Дарынды актер түсірілім жұмыстары басқа емес, дәл осы Каппадокияда өтіп жатқанына қуанышты.

«Менің пікірімше, телехикаяның табысты болуының негізгі себебі де осы. Мен, жақын маңда орналасқан Кайсериденмін, алайда Каппадокияның кереметін бұрын-соңды дәл осылай сезініп көрмеппін. Бұл шынында да өте әдемі орын, мен үшін маңызы да ерекше. Бұрын мұнда ата-анама еріп келетін едім. Ал түсірілім жұмыстарына келгенімде өзгеше бір тылсымды сезіндім. Бұл орынның айрықша жағымды қуаты бар»,-дейді актер.
Хикаяның режиссері Атил Инанш айрықша орында, айрықша өнер шеберлерімен жұмыс істеп жүргеніне сенімді. Атилнанштың ойынша, телехикаяның көрермендерді тартуына Каппадокияның жағымды қуатының да әсері ұшан-теңіз. Режиссер: «Менің тобымда тек кәсіби мамандар жұмыс істейді, оларға менің алғысым шексіз. Түрік телехикаяларының басым бөлігі соңғы жылдары Стамбулда түсірілді, қала да көрермендерді жалықтырып жіберді. Каппадокия – өте әдемі, ол көпшііктің назырына тұрарлықтай орын».

Топрақтың рөлін сомдаған Селен Сойдер де бұл өңірге ғашық екенін айтқан болатын. Дарынды актриса Каппадокияда жұмыс істегеніне қуанышты болғанын мойындаған еді.

Хикаяға қатысты тағы бір жаңалық,



Мұрат Уналмыш

«Әуе. Жер. Ғашық» фильмінде ұстамды да, сезімтал Юсуфтың рөлін сомдап миллиондардың жүрегін жаулаған актер 1981 жылы дүниеге келген. Киноөндірісіне келмес бұрын ол кәсіби спортта атағы дардай жұлдыз болған. Студент кезінде-ақ, «Фенербахче» баскетбол клубының құрамында ойнаған. Ал, телехикаяға түсуіне, ұлын киноактер ретінде көргісі келген анасы ықпал еткен. Осылайша, тағы бір талантты актерді көпшілік таныды. Қазір ол түрік киноөндірісіндегі сұраныстағы актерлардың бірі.

Бирче Ақалай
Бирче Ақалай, тәуелсіз, мақсатшыл, тәкаппар Хавваның рөлінде ойнайды, ол 1984 жылы Стамбулда дүниеге келген. Театр саласында жоғары білім алады. Әр жылдары Түркияның телеарналарында тележүргізуші ретінде «Чемпиондар лигасы», «Сегізінші кезең» секілді спорттық бағдарламаларды жүргізеді. Одан кейін, «Түркия аруы» байқауына қатысып, үшінші орын алады. Бұл байқау үшінші орын ғана емес, Бирчеге үлкен мүмкіндік сыйлады. Өйткені оны байқаған режиссер, кастингке шақырады. Киноәлеміне актрисаның сапары осылай басталды. Бүгінде бірнеше телехикаяға түсіп үлгерген сұлу, «Еуропа Аруы» байқауында бағын сынап, ақтық мәреге жетті.
Бирче мен Мұратты тағдыр «Әуе. Жер.Ғашық» телехикаясының түсірілімі барысында тоғыстырды. Әріптестік байланыс, көп ұзамай махаббатқа ұласты, танысқан соң, үш ай өткеннен кейін, мамыр айында олар үйлену тойларын жасады. Бұл жұлдызды жұп түрік халқының мақтанышы. Оларды үлгі тұтып, қайырымдылық кештеріне шақырады.

Cелен Сойдер

Селен Сойдерді жұртшылық телехикаядағы нәзік те, сүйкімді Топрақ арқылы біледі. Ол 1986 жылы 26 желтоқсанда Измир қаласында дүниеге келген. Анадолы университетін «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы «Түркияның сұлу модельдері» байқауында жеңімпаз болды. Халықаралық «Әлем Аруы» байқауында (Пекин) үздік бестіктің қатарына енді, «Үздік ұлттық киімі» үшін марапатқа ие болды. Ал, 2007 жылы «Түркия Аруы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Содан кейін, жарнамалық роликтерге және бейнеклиптерге түседі. Ал киноэкранға 2010 жылы шығады. Бірқатар киносыншылардың пікірінше, Селен өзінің нәзіктігімен және айрықша сұлулығымен түрік киносына ерекше леп алып келді. Қазір ол Стамбул университетінің тарих факультетінде білім алуда.
Әрі қарай

Қоғам қайраткерлері түрік сериалдарына қарсы



Танымал саясеткер Марсель Көшімхан және қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов елімізде соңғы жылдары көбейіп кеткен түрік сериалдарына тосқауыл қою туралы Мәжіліске ұсыныс әзірлеуде. Қоғам қайраткерлерінің айтуынша түрік сериалдарындағы интрига, қастандық, меланхолия және трагедия мөлшерден асып кеткен. Халқымыздың рухани жағдайына үлкен әсер етеді, келешек үшін үлкен қауіп дейді қайраткерлер. Бұл туралы өздері ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында мәлімдеме жасалды.
Әрі қарай

Ух, шаршадым көргім келмейді

Шын айтам. Мүлде көргім келмейтін бір нәрсе — сериал. Осы сериалдардан кім не алады, жастар өзіне қандай тіәрбие алады деп таң қаламын. Өзімнің байқағаным менің 4 жасар қызым сериалдан тіл үйренеді. Онда да, «Бахри әйелінің көзіне шөп салыпты» деген секілді. қай сериалды ашып қалсаң да, ақымақ болып жүрген біреу, өзіне-өзі сенімсіз жандар, солар тудырған жанжал, баянсыз махаббат, немесе арсыз адам… Бұл әңгіме ұзын-сонар кете береді. Жоқ деймін ау сол сериалдардың беретіні аз, тәрбиелік, эстетикалық жағынаи да. Тарихи сериалдар болса бір сәрі…
Күндіз жұмыста сериал, кешке үйге келсең, екі жақта екі түрлі сериал. Біреуін күйеуім, екіншісін ата-енем мен балаларым көреді.
Сосын қызым жыр қылып ол сериалда не болғанын айтып береді. Сөйтіп сериалмен ғұмыр өтіп жатыр.
Ал, сол екі ортада кухнядағы менің өмірім… Сонда мұндай өмірден қызық не, менің жаныма кім келіп, ішкі ойыммен кім бөліседі… деп отырмын. Балаларым мен күйеуімді сериалдың тағдырынан қалай құтқарсам екен))
Әрі қарай

Орташа есеппен түрік сериалы

Түрік сериалдарында не болады? Орташа есеппен қарап көрейік:



— Махаббат болады. Екі түрлі қарама қарсы полюстегі әлеуметтік топтардың махаббаты.
— Көзге шөп салу.
— Екі ғашықтың арасына түсетін біреу болады.
— Оқиға үлкен, зәулім үйде болады.
— Үйдегі қызметшілер ас бөлмесінде өсек айтады.
— Үй өте үлкен болса да маңызды нәрселерді адамдар тығылып сөйлеспей, қатты сөйлеседі. Нәтижесінде оны біреу естіп қояды.
Әрі қарай

Енді мына бір жаңа телехикаяны көрейік. Әуе. Жер. Ғашық




Бұл Жер мен Көк секілді бір—біріне мүлде ұқсамайтын апалы-сіңлілі Хавва мен Топырақ туралы хикая. Тағдырдың жазуымен екі қыз да бір жігітке ғашық болады.
Фильм желісі бойынша Топырақтың сәбиі шетінеп кетеді. Ал, Хавва өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Ол екеуі бір-біріне мүлде ұқсамайды: біреуі мұңға батып, торығып жүр. Ал, Хавва тәкаппар да еркін қыз, ол қашанда діттегеніне жетпей қоймайды. Олардың өмірінде Юсуф атты жігіт пайда болады. Оның таяуда ғана сүйіктісі қайтыс болып, жас сәбиімен қалған еді. Бұл үшеуінің де алдында тағдырдың қатал сынағы тұр. Тек әзірге оның қандай қиын боларын ешқайсысы да білмейді.

Атауы: Yer Gök Ask
Әрі қарай

Қайткенде адам қалады адам болып?


КТК арнасынан жаңа түрік сериалы болып жатыр ғой. "Қайран заман" деген. Бас жағын көріп едім, тым ауыр екен. Әлде, таныс жағдай, таныс тағдыр болған соң ауыртты ма екен… Әйтеуір, көргім келмеді.
Бірақ, анда санда, мамаға барғанда, бірге көремін. Сол кездері адамның бір қателіктен екіншісіне қалай ұрынатынына, адам баласына деген аяушылықтың, сыйластықтың болмай кететін кездеріне таң қаламын.
Төрт баласы бар отбасын тастады. Мақұл. Жүрекке әмір жүрмейді, жарыңнан суынып, басқа әйелмен тағдыр қосқың келді ме — бәрі өз қолыңда. Бірақ, неге еркектер сол бір қадамды адам сияқты жасай алмайды екен деп ойлаймын.
Неліктен, қанша жыл отасқан әйеліңді тастап бара жатып, тым болмаса сол әйелдің арын, намысын аяққа баспай, адам құсап кетпеске?
Неліктен, әке мейрімінен айрылып, тірі жетім қалып бара жатқан балаларыңның бұдан былайғы тағдырына алаңдаушылық танытпасқа?
Неліктен, тым құрыса, балаларыңның туып, өскен қара шаңырағын солардың өздеріне қалдырып, соқа басың кетпеске?
Неліктен, бұдан былай пешенесіне жартыкеш өмір жазылған бұрын, бір кездері сүйіп қосылған әйеліңнің аяғынан тік тұрып, тіршілігін жалғастырып, балаларын өсіріп жеткізу жолындағы талпынысын сырттай болса да құптамасқа?
Неліктен оны бауыр еті баласы, көз қуанышы кенжесінен айырмай, онсыз да жаралы жүрегін ауыртпауға тырыспасқа?
Неліктен, нақсүйеріңді бұрынғы отбасыңнан алыста ұстамасқа?
Неге? Неге осы ер-азаматтар өздері үшін талас жүріп жатқан кезде қоразданып кетеді? Неге осындай қыл үсті, онсыз да ары таразыға түсіп тұрған сәттерде қоқиланып, айналасындағыларға қорлық көрсетіп жібереді?
Түсінбеймін… Осы сериалды көрген сайын санамды сан сұрақ тілгілейді. Адамның азғындығының шегі осы ма, әлде одан да сорақы қылықтар жасай ала ма?
Сол сериалда мен Джемилеге емес, Алиге жаным ашиды. Сорлылықтың шегіне жетіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, ойыншыққа айналғанын сол өзі ұға ма екен?
Әрі қарай

Шет елдік сериалдар арасында Қазақстан атауы :)

Түрік сериалдарының
ішінде өзіме қатты ұнағаны «Мың бір түн»(Шехризат). Сериал көру барысында, Қазақстандағы компания жайлы, екі елдің арасындағы байланыс жайлы бірнеше сериалында айтып, көрсетіп жатты. Ажь кейбір жерінде Алматыны басым айтты. Сол тұста, уау, бізді айтып жатыр, даж, Алматыны айтты деп мәз болғанмын. :) Қазір өкінішке орай, түрік сериалдары, тым қызу қанды, атыс/шабыс т.б. көбейген соң, көруді қойып кеттім :(, есесіне, Корей сериалдарын жібермей көретінді шығардым :) Корей сериасында басқа пәлсапа, басқа ой, сұлу бейнелер т.б. көп факторлар әсер еткен болуы керек)))
Әрі қарай

Сүйінші!! Махаббат пен жазаның соңғы сериялары!!! Таяуда!!!



Енді мен еркін демалатын болдым!!! ))) Өйткені Аршаттың аса ұната қоймайтын сериалы «Махаббат пен жаза» таяу күндері ақталады!!! Біздің сайт, ол телетоптаманы Нұрекеңнің (Нұрғиса) көмегімен көріп бітірді. Дегенмен, үнемі теледидар арқылы көріп жүретін жандар, мәселенің ақ-қарасын анықтап, терең тыныстап, ал, Аршат сценарийі ең нашар фильмнің аяқталғанына қуанатын болды!!!
Қуаныштарыңызға ортақпын!!! Алайда, 31 арнада тағы бір керемет сериал басталайын деп жатыр!!! Ол туралы келесі постқа жазам!!!
Әрі қарай

Фатмагүлдің кінәсі не?



31-каналда болып жатқан жаңа сериалды қарап жатқандар бар ма? Басқа сериалдарға ұқсамайды сюжеті, сценарийі қызық сериал. Түркияда 1 ай бұрын алғашқы маусымы аяқталған екен. Сериалдың соңғы бөлімдерінің қысқаша мазмұнын оқып алдым, енді оқып қойғасын қарау шарт болып тұр
Әрі қарай

«Күзгі жапырақтар» сагасының аяқталуына аз қалды…


2008 жылдан бері теледидардан көрсетіліп келе жатқан «Күзгі жапырақтар» түрік сериалы біздің елде үлкен аудитория жинай алды. Бізде ғана емес, Түркияның өзінде сериал бес маусымында да үлкен рейтингпен өткен екен. Тіпті «Манчестер Юнайтед» пен «Бешикташ» арасында өткен матч та көрермендер арасында осы сериалдың рейтингісіне жетпепті.
Әрі қарай

Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...

Блог - aktobe88: Юсуф Мироғлына қалай кезіктім?...Ол кезде біз орта мектептің жетіншіііі, жоқ сегізіншііііі… әлде тоғызыншы сыныбында ма, оқитын едік. Ауылдағы мал жайлау мен қонаққа барудан басқа шаруасы жоқ кемпір-сампыр, шал-шауқанын қойып, жалғыз көзі ашық жұрт саналатын мұғалімдерін де телебізірдің алдына телмірткен «Асау жүрек» бәріңіздің естеріңізде шығар. Біз сияқты ши борбайлар мен жалбыр шаштар екі бастан… Кешкі алты болса «Юсуф» көреміз деп экзаменнің консультациясына бармай қоятынбыз. Бәрінің аузында «Юсуф», «Юсуф» емес-ау, «Есуф». Үлкендер жағы «Жүсіп» десетін. Сосын «Торғай».
Әрі қарай