Фатмагүлдің кінәсі не?



31-каналда болып жатқан жаңа сериалды қарап жатқандар бар ма? Басқа сериалдарға ұқсамайды сюжеті, сценарийі қызық сериал. Түркияда 1 ай бұрын алғашқы маусымы аяқталған екен. Сериалдың соңғы бөлімдерінің қысқаша мазмұнын оқып алдым, енді оқып қойғасын қарау шарт болып тұр
Сериалдың ресми сайты күшті жасалған екен: fatmagulunsucune.tv/
Кейіпкерлер жақсы түсіндірілген және әр бөлімнің мазмұнын оқуға болады.

Youtube-тағы каналы: www.youtube.com/fatmagulunsucune
Бөлісу:

138 пікір

asaubota


бүгінгі бөлімнің трейлері
Nurgisa
Бүгінгі Түркия ғана емес, дәстүрге бекем біраз елдегі бар жағдайлар сияқты былай қарасаң. Қоғамдағы «бәләшкілерді», сыздауықтарды боямасыз беріп қана қоймай, жағдайдың ушыққан кездегі сценарийлер мен жан азабын ұтымды жеткізетін сықпытты.

Әлгі Мұстафа Яшарандар концернінің түбіне жетіп, күл-талқанын шығарса таң қалмаймын…
a63a1
Таныс қыздар Керимге ғашық болып жатыр нақтың
Nurgisa
Оның өзінің қызық қлықтары бар. «Резкі» істейді әр нені. Бұрылса, жалт қарап бұрылады. Қалтафонын қоярда резкий әрекетпен қояды… Ішкі арпалысымен күресіп жүрген ол Австралиясын қойып, Фатмагүлмен дәм-тұзы жарасып кетіп жатса таң қалмаймын…
asaubota
Полат Алемдардан басқа сериал қарамай жүрген мені және сериал қарамайтын сені қаратқан бұл сериал осал емес ау, а, құрдас?
Nurgisa
Солай болайын деп тұр. Бір жақсысы, мыжғыламай, сағызша созбай, раз-раз, на матрас қып жатыр ғой, бәтшағарлар.

"Қыналы қардағы" «Алла, Аллалап» жүрген ана әртіс мында абыройлы адвокат, ісмер. Есесіне, Фатмагүлдің ағасын мүләйімсітіп қойыпты…
AKA
 «Зехра, Зехра!» дейтіні бар еді тағы, Қамбар ғой, Қамбарчииик
Nurgisa
Әли мұғалім келді, Әли мұғалім келді. Шай ішейікші, шай ішейікші деп әр нәрсені екі рет айтатын, әр нәрсені екі рет айтатын…
AKA
   /өлдім күлкіден, әзілқойсыз ғооой/
Abilakim
"Қыналы қардағы" Қамбар бар болса көруге болады екен
Nurgisa
Иә, Қамбар бұл жерде дәу дөкей, мыңғырған бай династияның әлімжеттігінің кәнігі мысалындай персона. Бұл жерде "Қыналы қардағыдай" екі сөйлемейді, шешеді кәдімгідей. Мәселелерді. Сүрінулері де жоқ емес, дегенмен…
satvaldo
үйдегі көршиш дегенде «КВ-дан басқасы далбаса» деп өзімше болғам. енді жұмыста бос уақытта, оданғалды үйге кеп тығылып көріп жүргеніме 1 апта болт =))))
asaubota
біз де сол  жұмыстан кеш келсек тамақты залда ТВ алдында ішетін болдық

шынымен жақсы сериал
a63a1
Анада бірінші сериалы басталғанда қарап нем бар десиш, енді күнде интригаватетіп қоят иолки
a63a1
Өзі неше сериадан тұрад екен?
monti
ужас, алғашқы сериясын байқамай көріп қойдым да, жүрегім тоқтап қалд(((
тіпті, ертесінде ТВ бар жерден қаштым)))
Керим сұлу кен бірақ
Nurgisa
Ертң ата болса, немере-шөбересі жүреді де, Керимов болып керім пәмильямен…
monti
Ертң
сіз қате жазбауЧ едіңіз ғо)))

кажся, кино аяғында бір/біріне ғашық болатын сияқт ғо вальс билеп тұрғандарына қарағанда
Nurgisa
ол фотошоп болуы мүмкін, маркетологтардың приемі. Әдейі жұртты ынтықтырып қою үшін Шын мәнінде олай болмай, өмірлік қаскөй қанішері Керимді жұлып жеуі де мүмкін. Гуляны айтам.
monti
мен ішім сезед фотошопсыз екеуі ғашық болад))))
Xansha
иәәә.... Біздің үй күнде көріп отыратын. Әні аянышты-ақ, осында отырып ашуыма тиетін. Неғлған бітпейтін трагедия деп. Сосын қарап көрсем, расында аянышты екен Фатмагүлдің тағдыры. Басымыздан аулақ. тфәй-тфәй.
Zhan
Мына кәменттерден кейін еріксіз Фатмагүлді қарайтын болдық қо
Nurgisa
Сен оны қарамасаң, ол сені қарайд! Қара да тұр. Яғни, сериалды қара, сосын тұр. Отырып қалма деген мағынада емес…
Zere
Че-то мені тартпады. Фатмагүл шын қайғырған кейіп таныта алмаған сияқты болды. Сөйтіп қарамай кеттім.
konvict
Кәрісше болмағасын шығар
Nurgisa
Меніңше, сериалды саздық сүйемелдеуге «Бақай» тобы сай келер еді «А, а, кім кінәлі???» композициясымен…
asaubota


мына видеоны қараңдар, алдағы бөлімдер туралы қызық подсказкалар бар
Nurgisa
бекер қойған сияқтысың
Nurgisa
Фатмагүл гардеробын жаңартып, ана қоңыр жемпірін тастайтын күн бар екен-ау, ә!
AKY
 Сирриялды көрмесем де, күліп отырм)
konvict
Көргім келмей отыр, кәменттерді оқып ішіне кіріп кетемін бе деген қорқынышта жоқ емес
Gulistan
Мен үшін үлкен жаңалық — Фатмагүлді Асау мен Нұрғисаның қарайтындарыРас айтам, шын сенсация болып отыр.
Ия, адвокатты көріп, еріксіз Қамбар түседі еске. «Зехрам(?) менің» деп жыланғанда бүкіл көрерменді жылататын еді ғой.
Осы "Қыналы қарды" талқылауға үлкен форумда бір тақырып болып еді ғой, жанын салып, барлығы сол жерде өз ойларын лақ еткізіп, кей жерлерін керекше жаңғыртып, бірақ әбігерге түсетінбіз.
Ал сериал туралы айтарым, өкінішке орай қарай алмай жүрмін, бірақ бастамасы жаман емес. Тек бас кейіпкер әлсіз,өзіндік «мені» жоқ.Оған, әрине айналасы көп әсер етеді ғой, әсіресе ана оңбаған жеңгесі екі ортаға түскенде,қанды қайнатады. «Тәк, ей» деп айтатын күйеуінің ұсқыны анау болса қайтесің…
Маған Вуралдың тағдыры қызықтау болып тұр, Зейнеппен қосылса екен деймін.
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 10:04
Nurgisa
Адвокат Мунирге негізі Яшарандар көп жүк артыпты. Өзі би, өзі қожа. Қайын іні ғой, қайткенмен. Ағалы-інілі екеудің мансапқа таласуын күту керек еді. Алданбаппыз. Ақыры біреуінің тынысы тарылып, шамасы, бақилық болуымен тынғалы отыр. Қо-ош делік… Goodbye емес.

Мұстафадан біржола күдер үзген Фатмагүл енді Керимге басқаша көзқараспен қарайтынын күту керек. Кеше су жағасында қос мұңлықтың түн ауа ұшырасып қалғаны қызық болды. Бәрінен де қызықтысы, Фатмагүлдің жеңгесі Мукадестің күйеуі Рахми (Фатмагүлдің ағасы) келіншегінің айтқанын екі етпей орындап, қарындасы мен тәуіпке дүрсе қоя беруі еді. Өте тартымды эпизод болды, меніңше…
Meru
 Сериал көруді қойып кетіп ем, талқылағандарыңды оқып
Nurgisa
Қандай жорамалдар жасауға болады?
Дәулетті Яшарандар империясы күйреуі керек ақыр соңында. Кериммен бақытын табуы мүмкін Фатмагүл (Гуля). Бір-екі бала-шағалары боп қалуы мүмкін соңғы сериаларында. Тәуіп маңайына ардақты, сыйлы емші болады (Ақтөбедегі Джамаладдин оның фонында шеткеріректе жүйкесі жұқарған күйі шылым шегіп тұрар-ау)… Мукадес сол мінезімен қалады, зымиян күйі. Анау ұлдары бір пәлеге ұшырап, бәлнеске түсер, оған Керим жігіттік танытып, қанын тапсырып па, басқалай жолмен бе, өлімнен арашалап алуы мүмкін. Мұстафа кек алам деп жүріп өзіне де, өзгеге де қырсық жасап қояды. Ана жүрісі деңілтек қызбен біраз дүрілдетуін күтейік. Вурал да баяғы қызымен табысар. Тек, әлі кемінде екі-үш өлім болатын сияқты… Кім екенін сіз болжап көріңіз…
asaubota
кішкентай бала өзін сыйлайтын әр түрік сериалындағыдай ұрлануы тиіс. ол баланы Керим тауып әкелуі керек. бірақ, бұл сериал өзгешелеу сияқты.
Gulistan
Бала демекші, оның бар-жоғы аса байқалмайды ғой.Жалпы, Мукадес «асыл жар, аяулы ана» шаблонына келмейтін сияқты, оны адвокатпен жақсы жұп құрады деп айтар ем.
сосын… Вуралдың мамасы тым жас көрінеді.
Janasil
Киноны қайдам, сайты жақсы екен. flash mx ті қолданған секілді.
Gulistan
Мұстафа Керімнің визасын не қылды, Нұрғиса? Көгала төбелес болған жоқ па Яшарандар кеңсесінде?
Nurgisa
Керімдікі екенін көре беруі мұң екен, лифттің есігі ашылып, Мунир жетіп келді ар жағынан. Мұстафаға зекіді. Нең бар мені аңдып, өткенде қалтафонымнан жасырын Керімнің нөмірін ұрлапсың, жақсылығымның қадірін ұқпапсың сынды риторикамен біраз жерге апарып тастады. Тіпті, жұмыстан шығарды да. Анаусы да осал емес, таразыға салды, сабасына түсті, кейін кеңсеге қайта кеп, кешірім сұрап, жұмысқа қайта алуларын өтінді. Арасында ауылдасымен асханаға барып, ракы ішіп алды. Ана қыздыкіне барып түнеп шықты. Мас күйі. Таңертең сотыбиіне Фатмагүл шырылдатады, бұл ұйқыны дырылдатады. Дырылдатып жатқанында, тұтқаны әлгі жеңіл жүрісті қыз ап жауап береді. «Мұстафа әлі ұйықтап жатыр еді төсекте, оятайын ба?» дейді ғой Фатмагүлге… Міне, бас-аяғы осы тектес жағдайлар боп жатыр…
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 13:18
Gulistan
Фатмагүл жай соғып па?
Nurgisa
Керім оған Мұстафаның да шет елге кеткелі жатқанын айтып еді, мынаусының сондағы жасағаны осы. Жасарларын жасап, асарларын асап алғасын мені қайтсін бұл безбүйректер деген тәрізде кеюі де жоқ емес. Негізі, жеңгесінен зәразап болған бұ қыз тәуіппен, әлеуетті енесімен жақсы тіл табысып келеді. Өткенде аяғын емдеп жатқанында бір нәрсенің ұшқынын сезгендей боп едік, нақақтан нақақ емес екен…
Gulistan
Сол аяғы неден жарақаттанды, Керіммен төбелесті ме сонда?
Nurgisa
Анар, қолың тисе қарауға тырыс, сұрақтарыңа жауап аласың.
Gulistan
Мен өтіп кеткен сериалдарының кейбір моменттерін сұрап жатқаным ғой. Нұрғиса, алтын уақытыңды алсам, кешір
Zilola
Өткен жолы баламен үйде отырған құрбымдыкіне барсам, осы сериалды қарап отыр екен. Ара-арасында түсіндіріп берді кімнің кім екенін. Актерлері түрікке ұқсамайды екен, әлде маған солай көрінді ме
Маған Еларнадағы Чинар мен Ишимнің махаббат машақаты жайлы хикая ұнайды, бірақ көруге уақыт жоқ
Erkekyz
Маған Еларнадағы Чинар мен Ишимнің махаббат машақаты жайлы хикая ұнайды, бірақ көруге уақыт жоқ
Соңғы кезде мен де көре алмай кеттім осы сериалды. Басында ұнамайтын сериал, кейін бір көрген соң бітті ғой.
Ал Фатмагулді қарайын десем тура сол уақытта балалар балабақшадан келеді да, мультфильм қосып алады, ананы көрейік десем скандал басталады, сосын ойбай сен-ақ көрші деп басыңды алып қашасың.))
asaubota
біздің күтуге жүкеміз жетпей және кешкісін көп уақыт алуына байланысты интернеттен түсіріп алып осы апта болатын бөлімдерді қарап тастадық. осылай тездетіп қарап тастайтын болдық. не болатынын айтпай-ақ қояйын, осы апта жібермей қараңдар, күшті бөлімдер болады.

эххх біз бәріміз орысша сияқты түрікшені де түсінгенімізде ғой… Мунир, Эрдоған, Мукаддестердің сөздерін аудармашылар дұрыс жеткізе алмай жатыр. құрғақ аудару кетіп жатыр, ал негізінде олардың сөздері күшті жазылған.
Nurgisa
Proofreading (жарияламас алдын жазылған мәтінді тағы бір қайтара оқып шығу) атымен жоқ сияқты. Орфорграфиялық қате өріп жүр қазақтілді мәтінде.
Бір қиыны, ол титрлар бар, оған қоса астында жүгіртпе жол бар. Не жазып едік??!!!
Фатмагүлге бауыр басқанымыз сонша, сенбі мен жексенбіден гөрі, апта күндерін жақсы көре бастадық…
asaubota
Фатмагүлден гөрі Керим алдыңғы планға шыға бастайтын сияқты болып көрінді маған. Жұрт Керимді жақсы көре бастайды
Nurgisa
Керім жігіт… Керім — жігіт… Фатмагүлдің ендігі пайымы оы тезис төңірегінде түзілсе керек.
Вурал да ішкі арпалысынан арыла жүргенде біршама симпатияға ие боп еді. Бірақ, онысынан не қайран, Фатмагүлдің ары аяққа тапталғанда. Мукадес, негізі, ролді мықты сазандайды сомдайды екен. Жеккөрінішті образды шебер сахналандырып жатқанына тәнтімін.
Қазірге дейін екі адам өлді сериалда. Төртеу боп қалады деп ойлаймын. Мына жердегі сюжеттерден тірі сытылып шығу оңай емес…
asaubota
бұл сериалға кастингті күшті жүргізген екен. ана Мерйем роліндегі апай танымал актриса, ал Решат роліндегі Муса Узунларды түріктердің Панині деуге болады. өзінің ерекше мимикалары, Паниндікіндей даусы бар. Көкжалдар мекеніндегі Искендер ролімен танымал. ал ана Мукаддес роліндегі актриса сұмдық ойнайды енді. Фатмагүлдің ролі де оңай емес, үнемі қабағы қатулы қызды ойнау оңай емес шығар?
bazuka
Берен Сааттын басқа сериалдарында да қабағы көп ашыла қоймайды.
Zhan
Нұрғиса, кешегі апта менде дәл осы халді кештім. Блин, Фатмагулді сенбі жексенбі де берсе ғой деп армандадым. Кәдімгідей дүйсенбіге асықтым.
bazuka
Мукадес рөліндегі актриса ең мықтысы болайын деп тұр бұл сериалда. сериал ұнады, көп жерлеріне жасап отырған болжамдарымыз жүрми қалып жатыр))))))))
asaubota
сериалдың ерекшелігі сол сияқты. сценарийін болжау мүмкін емес және бір бірімен күнделі байланыстары көп. көрермен сол үшін қызығып қарайтын сияқты.
Xansha
 Киімдерін бір ауыстырмайд! Тіпті, жатқанда да шешінбейд.
Nurgisa
Қызық. Түркияда 39 сериясынан кейін үлкен үзіліс жарияланды. Бірінші топтамасының біткені. Бізде бүгін 34 сериясы көрсетіледі, қателеспесем. Келесі аптада бізде де бірінші бөлімі бітеді деген сөз. 40 сериясы әлі Түркияның өзінде көрсетілген жоқ. Қыркүйектің орталарында жалғасатын ұқсайды. Оның өзінде, оларда қалыптасқан дағды бойынша аптасына бір-ақ серия қауышады қарарманымен. Соған қарағанда, бізде кемінде келер жылдың басына дейін «капиталды» демалыс болайын деп тұр-ау. Дегенмен, қазірдің өзінде басқа бір сериалды бастағалы жатыр… Ол инеге де бірталай адам отыратын болды-ау.
dark_nazgul
Иә, Мурат Йылдырым деген «күшті ине». Нұргүл Йещилчайды жақтырмаймын бірақ…
asaubota
сондай танымал актерлардың ойнауынан қорқып отырмын, сценарийі нашарлау болып қалмас па екен деп.
dark_nazgul
Сценарий «Сертке» ұқсайтын сияқты.
dark_nazgul
Бәтіш қыз енді қайтер екен…
Nurgisa
Ана әккілер соттан аман-есен сытылып шыққасын бұларға күн берсін бе. Есерсоқтар Керімнен кек алуға ынталысына ынталы. Қызықтың төресі алда. Мерием ханым адвокат мырзамен жұптасса таң қалмаймын. Ал әлгі «Асу» баласын алдырмаған боп шықса, және таң қалмау керек.

Меніңше Селимнің анасы ақыры қайтыс болып тынады-ау. Ананың жүрегі соншама көп ластықты көтере алмас. Ең соңғы сериаларда Керім мен Фатмагүлдің кішкентайлары былдыр-былдыр етіп жүреді, соған сену шарт
dark_nazgul
Мукадес, жыланның аяғын көрген әккі әйел ғой, бірақ пальтосының жеңін қасқартып киюге миы жетпей ме екен?
vebred
Мәссаған!!! Нұрғиса мен Асау Бота көрген соң-ақ, бұл сериалдың оңай болмағаны))!!! Міне рейтингт өсіріп жатқан кімдер десем))!!! Бірақ, 15 тамыз бұл серилдың алғашқы маусымының соңғы сериясы болады… Екінші маусым 31 арнада жалғасатын болады, тек Түркияда түсіріліп болғаннан кейін… Сондықтан енді күтуге тура келеді..http://www.31.kz/ru/video/document12477.phtml
Пікір түзетілген: 15 тамыз 2011, 16:51
Khan
Бар кінәсі киноға түскені болар
vebred
Түріктің Fatmagul телехикаясы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Енді көпшілік қауым басты рөлдерді сомдайтын әртістер Фатмагүл (Берен Саат) пен Керема (Энгин Акюрек) туралы толығырақ мәлімет беруді сұрайды…
Екі актердің де жұлдызды жолдары «Түрік Жұлдыздары» байқауынан басталды, онда екеуі жүлделі орындарды өзара бөліскен болатын. Энгин бірінші орынды, Берен екінші орынды иеленген еді. Осы байқаудан кейін бірден Акюрекке, 25 жасар танымал актриса Берен Саатпен бірге киноға түсуге ұсыныс жасалады. Болжалды түрде, бұл кездесу екеуінің де өміріне үлкен өзгеріс әкелді деп айтуға болады.
Fatmagul-телехикаясы өздерінің армандарын жоғалтып, өзгелердің қалауымен өмір сүруге мәжбүр болған екі жастың оқиғасы. 4 мас еркектің қатыгез ойынының құрбаны болған жас қыз. Ол өзі тұрмысқа шыққан жанның тұтқынына, ал ері болса өз арының тұтқынына айналады.
Бұл филімнің сценарийі 30 жылға жуық уақыт бұрын жазылған. Әр уақытта түрлі сценаристер филімде де әртүрлі атаған болатын: «Үмітсіз таңдар», «Бұл әлемді қарғыс атсын». Алайда, сценарий жазушылардың ешқайсысының еңбегіне шығарма авторының көңілі толмайды. Сондықтан, ол фильм түсіруге өз рұқсатын бермей келген. Тек, 1986 Веджат Тюркальдың тартымды сценарийі бойынша, режиссер Сурея Дуру «Фатмагүлдің кінәсі неде?» деп аталатын көркем фильм түсірген болатын. Ал, 2010 жылы телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленген осы аттас телехикая жарық көрді. Сыншылардың пікірінше, телетоптама тамаша актриса Берен Сааттың әдемілігі мен талантының арқасында табысты болып отыр. Телехикаядағы басты рөл өзіне ұсынылған кезде ол бас тартыпты, алайда, сценаристер Беренді «бұл сценарий арнайы сізге арнап жазылған» деген дәлелмен көндірген екен.
Берен Саат 1984 жылы 24 ақпанда Анкарада дүниеге келген. TED Анкар Жоғары Колледжінде, кейінірек анкаралық Bilkent университетінде білім алған. Осы университет қабырғасында Менеджмент мамандығы бойынша білім алған Берен, қаланың орталық көшелерінде өткізілетін жас актерлардың сайысына қатысады. Tomris Giritlioğlu'nun brother командасы өткізген осындай байқаулардың бірінде жеңіске жеткен оған, алғаш рет түрік телетоптамаларының біріне түсуге ұсыныс жасалады. Актриса сондай-ақ, кәсіби музыкамен әуестенеді. Ағылшын және испан тілдерін меңгерген. Бұған қоса, жас актриса Голливуд жұлдызы Моника Белуччимен бірге «Мүйізтұмсықтар маусымы» фильміне түсіп үлгерді.
Жас болғанымен актриса танымал актер Бюлент Иналмен некеде болған. Одан кейін, 2 жылдай режиссер Левент Семерджимен кездесіп жүреді де, Fatmagul телехикаясының түсірілімі кезінде онымен де айырылысады. Осы оқиғадан соң, актриса тағы бір басты рөлді сомдаушы Энгин Акюрекпен кездесіп жүр деген сыбыс тарады. Оның үстіне, осы аралықта 27 жасар актер өзінің қызы Гюлфер Сарыгүлмен айырылысқан екен. Айтушылардың сөзіне қарағанда Берен мен Энгиннің қарым-қатынасы өте жақсы. Берен ойнайтын кейіпкердің Эрсан сомдайтын кейіпкерге деген телехикаядағы өшпенділігі, шынайы өмірдегі махаббатқа айналған секілді.
Gulistan
Сонымен кеше немен бітті?? Жақсылап суреттеп берсеңіздер…
AKY
 сен ылғи өстесің))
AKY
@sammita, сен көрдің бе кеше фатмагүлді?
sammita
ондай кәкір-шүкірге уақытымды қимаймын
AKY
@sammita, неге ғана сен сондайсың?
Gulistan
Сабақтан келгенде Фатмагүл түгілі, соңындағы жарнамаға дейін бітіп кетеді
Айтпақшы, Хабарда басталған Гүлпаре де жаман емес сияқты, қалай ойлайсыңдар??
Начинаааеттсяяя демеңдерші тек
Пікір түзетілген: 16 тамыз 2011, 12:06
sammita
Начинаааеттсяяя
AKY
@sammita, аудармаңды жаса
Nurgisa
Арнайы @Gulistan үшін:

Кеше бірінші бөлімнің шымылдықжабар 39-шы сериясы болды. Квазикуәгерлерді ақшаға сатып алған Яшарандар діттегеніне жетті: Селим, Эрдоған және Вурал «аман-есен» абақтыдан уақытша босатылады. Сот ісіндегі әділетсіздіктен Фатмагүл де, Керим де түңіледі. Рахми қуып жіберген келіншегі Мукаддес «анаусынан» қайыры болмағасын баласын қимай қайтып келеді. Онысына қоса, аяғы ауыр, «Рахми, аяғым сенен ауыр» деп қоятыны бар. Ол қайтсін, жайшылықта мойынсұнғыш табиғаты бұл жолы да Мукаддес құрған иірім құрбаны болып қала береді.

Мелтем Нью-Йоркта, жырақта. «Малғұндардың» сытылып шыққанын біле сала Мұстафаға телефон соғады. «Аналар шығыпты ғой, сен де солардың сөзін сөйлепсің, неткен жиіркенішті едің» деп дүрсе қоя береді. Мұстафаның есіл-дерті басқада. Кек алу көксегені.

Вурал ішкі күйзелістерінен арыла алмай әуре. Түнделетіп Фатмагүл түсіне енеді, "қарғысы жібермейді". Оқиға орнына барып, жеңілдеуге бел буады. Ол жерде Керимге кезігеді. Таяқ та жейді. Қанжоса болады. Керим үйіне беттейді. Ол кеткесін бұларды сырттай бақылап тұрған Мұстафа Вуралды соққы астына алып, өлтіреді. Керим болса қолы қып-қызыл қан, көйлегі де. Өзі кеткеннен кейінгі болғандардан бейхабар.

Ертесіне полиция Фатмагүл мен Керимдікіне келіп, «Вуралдың өліміне себепкер» ретінде Керимді алып кетеді. «Ол бейкүнә!» деп шырылдап байғұс Фатмагүл қалады. Мұстафаның күткені де осы, ұзап бара жатқан полиция машинасының саңылауынан сығалап тұрған Керим оның Фатмагүлге жақындай бергенін көреді. Фильм осы тұста тәмам болады.

P.S. Жалғасы, меніңше, кемінде 6-7 айдан соң болса керек. Сабыр ет, халқым.
Gulistan
мм, жайсыз бітіпті ғой…
madlen
ужасно болыпты ғой
dark_nazgul
Мұстафаң құзғын екен ғой. нағыз қатын.
vebred
Мүмкін, махаббат азабы болары оны алып бара жатқан, әрі, сүйген қызына аналардың көрсеткені анау, қаны қызу түріктерге тән нәрсе ғой.
Nurgisa
Арын Яшарандарға ақшаға сатқан адамда махаббат азабы қайдан болсын. Зағип кек оныкі. Адамшылықтан жұрдай болды ол. Әке-шешесінің өзіне зекігесін не қайыр.
Gulistan
Фатмагүлді тастап кеткендігінен-ақ солбыр екенін білгем
Nurgisa
@Gulistan, қалай ойлайсың, әлгі оңбаған сілімтіктердің арасында Керим де болды, мәселен. Бірақ, кейіннен бар кінәні өз мойнына алып, Фатмагүлдің қас-қабағын аңдып, оған жағдай жасауға тырмысып жүруі оның жасаған қылмысынан босата ма? Фатмагүлдің оны кешіру-кешірмеуін есепке алмасақ…
Gulistan
Негізі, мен Керімді аса құп көрмедім, ол да «лох» болды ғой басында. Кімді тыңдарын білмей, біресе адвокатқа бас ұрып, одан қалды апайының дегенінен шыға алмай…
Мендегі үміт Фатмагүл мен Мұстафада еді, екеуінің махаббаттары осы оқиғадан соң үлкен сыннан, қатерден өтіп, бір қайралып барып, жаңа бағытта дамитын болар деп ойлаған, екеуі тез суып кетті бір-бірінен, соған қарағада сезімдері де жүрдім-бардым болған сияқты…
Пікір түзетілген: 17 тамыз 2011, 15:50
Nurgisa
Зинақор болса да Керимнің образы оң интерпритациямен берілуде. Қазіргі оң істерімен бұрынғысын жуып-шайғандай месседж бар өрбіп жатқан оқиғалар желісінде. Түбі, екеуі шын некелесіп, бір жастықта қартаяды-ау деймін…
Gulistan
Амандық болса…
Nurgisa
Мұстафа мен Мелтем екеуінің перспективасы туралы не ойдасың? Тәндері жақындасқандардың жандары жақындаса ма?
Gulistan
Мелтем образын соңына дейін ұғынбағандықтан, оның Мұстафамен ара-қатынасына әлдеқандай баға беруден аулақпын.
Nurgisa
Еш күтпедім. Төсектес болғандары тіптен сюрприз болды. Мұстафаға не, Фатмагүл, Асу, Мелтем… коллекциясын байытып жатыр. Ебі бар. Епті байып жатыр.
Gulistan
Ойбай, олар қашан, қай эпизодында үлгеріп жүр?
солай жүріп Фатмагүлге ренжиді ау?! Бірақ ана үйді бекер өртеді
Nurgisa
Ол өзі өзбек гастірбайтірлерге әдейі солай жарым-жартылай соқтырылған үй-ау. Ал аналар үлгерді: алдымен Мұстафа сүйіп алды. Мелтемнің денесі дір-дірррр, дір-діррррр ете қалды. Арада біраз уақыт өтеді. Мелтем кетәрі емес. Сосын Мұстафаныкіне келеді. Типі, бір мәселелерді қаузауға. Ақыр соңы түндікке соныкінде қалады. Таңертең бір төсекте оянады. Бұл мәменттерді қалай жіберіп алып жүрсің, қасқа?
Gulistan
Мен бастапқы екі-үш сериясын қарадым ғой, болды, қалғандары сендердің әңгімелеріңнен.
Nurgisa

Ендеше, біл: бұл сериалда есі дұрыс біреу болса, ол Мерием. Керимнің тетясы.
Gulistan
Вуралдың шешесі де жаман адам емес сияқты.
Nurgisa
Иә, тек күйеуінің көзіне шөп салып, Мунирмен мутить етіп қойды демесең…
Gulistan
Енді ол да бір бақытсыз жан, күйеуі "іссапар, анау-мынау" деп шеткерек кетіп қалып, суынып кеткен, ұнатқан Мунирі әркімнің сойылын соғам деп дұрыс көңіл бөлмейді де…
Nurgisa
Оның бақытсыздығына өзі кінәлі сияқты. Қандай жағдай болмасын, берік болуы керек сияқты отбасыдағы мүшелер. Дегенмен, бұл тұрғыда @asaubota не дер екен ол да қызықсыз емес.
dark_nazgul
Вурал шешесі мен Мунирдің әңгімесін естіп қойғанда, меніңше (ИМХО), жігіттің жанына батқаны шешесінің ойнас жасағаны да емес, Мунирдің сол сәтте шешесін қорлап, одан бас тартып, «отвергать» етіп жатқаны.
madlen
Фатмагүлдің орнында болсам, ешқашан, ешқандай себеппен Керимді кешірмес едім!
Nurgisa
Қарағым-оу, Фатмагүлдің орнында болып қайтесің, болмай-ақ қой… Кешке жалғыз-жарым шығам деп жүрмеңдер…
madlen
Құдай сақтасын, әрине!
Бірақ сериалдың ең өзектң проблемасы осы болды маған. Қалай ғана кешірді екен… ужс…
Nurgisa
Өмірде неше түрлі жағдайлар ұшырасады. Бәрі бір өлшегішпен өлшене бермейтіні және бар. Жетім қалған ол бейбақ енді қайтсін, мынаусы жасағанын мойындап отыр, кешірімін сұрап жатыр. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе?
madlen
Оны өзіме де түсіндірдім солай. Сонда да бүкіл өмірін быт-шытын шығарды ғой.
Бірақ Фатмагүл кешірді. Ол сияқты соншама кеңпейілді, ақкөңіл болу өте қиын сияқты. Керим ақ көйлек сыйлағанда жылап қалды ғой. Сол кезде қатты аядым.
dark_nazgul
Керімді кешіруге болады.
Ал Мұстафаны кешірсе, сонда түсінбес едім.
madlen
Керімнің жасаған ісі Мұстафадан кем түспейді негізі. Просто кинода оны супер қайырымды кейіпкер етіп жасап қойды.
Nurgisa
Былай қарап отырсаң, априори Мұстафа ешнәрсе жасаған жоқ. Одан соң, қыз баланың кешке жалғыз жарым көше кезудегі жауапкершілік, қыз тұрмысқа шыққанға дейін пәктігін жоғалтпаудың маңыздылығы бар мұнда. Тәрбие, канондарға ұю жайы. Керимдер солай жасамаған болса, Мұстафа да айуандыққа бара қоймас еді, мисалы.

Болары болып, бояуы сіңген екен, істеген ісінен баз кешіп, сорлап қалған қызды далада қалдырып кете қоймаған Керимдікі жігіттік емей немене? Мойнымен көтеріп жатыр. Қатенің кішісі бар, озбыры бар. Бұған қоса оны мойындай білу, күнәсін шаю үшін қолдан келгеннен тартынып қалмау бар. Әрине, бұның бәрі кешірімшіл жүрек болмаса бес тиын.
madlen
Керимдер солай жасамаған болса, Мұстафа да айуандыққа бара қоймас еді, мисалы.
asaubota
Мустафа жаңа сезонның 2-ші сериясында Керимнің орнына түрмеге кіреді, уайымдамаңдар
dark_nazgul
 сол керек. Әпшуін кестіріп тастау керек оның. Іші мен сырты бір-біріне үйлесіп тұру үшін.
Nurgisa
Мұстафаның әпшуін қайтесіз, әпшуі бола тұрып Асуға алдырғызды ал. Негізі, Мұстафаға осындай қатыгездік тілеп, сол залымның деңгейіне түспей-ақ қойғаныңыз вокзал.
dark_nazgul
Nurgisa
@dark_nazgul, сіздің ойыңызша армияға кеткен Керимнің дос інісі борышын өтеп келгесін не өзгеруі мүмкін? Асумен болған жағдайларын, Асудың ақылы куә бергенін ескерсек…
dark_nazgul
Екінші маусымда ол борышын өтеп келе қоймас. актерден "құтылу" ұшін армияға жіберген болуы да мүмкін.
Ал Асу туған жеріне кетеді. НЕмесе Германияға.
қателесуім де мүмкін.
Gulistan
Нұрғиса, бұл сериал "Қыналы қардан" кейінгі сенің ерекше құлшыныспен баяндаған екінші туынды болды
Пікір түзетілген: 17 тамыз 2011, 18:03
asaubota
негізі Керимнің Фатмагүлді қарату үшін істеген нәрселері жігіттерге үлгі болуы керек. қанша рет бетін қайтарса да шын сүйетінін дәлелдеді соңында. Жағалауда Мустафамен төбелескен кезінде қолын ұсынуы, соңғы бөлімде машинаның артынан жүгіруі өте керемет романтикалық нәрселер. Керим еңбегінің нәтижесін көрді ақырында.
Nurgisa
Осы Керимнің әкесі көп ұзамай Австралиядан келіп, қосылып/қосылмай, Мукадес оған жасырын көмекші болып, бірталай қызық болу ықтималдылығын жоққа шығармау мақұл.
Gulistan
бұл жай болжау ма әлде солай деуге негіз табылып тұр ма?
оның шешесі қайтыс болғанын білем де, әкесі туралы ойланып көрмепін.
Пікір түзетілген: 18 тамыз 2011, 14:44
asaubota
кино түсіруші топтың жақындарының айтуынша Керимнің әкесі де қосылады келесі сезонға.
vebred
Асаубота Түркияға барып келгеннен сау емес-ау)))
asaubota
құрметті веб редактор, интернет не үшін?
Nurgisa
 Енді мәрт болған Вурал үшін, оған қоса түрмеде жапа шегіп, кегін қайтару үшін сахна төріне Эрдоған шығады. Күн санап, жүнжіп кетіп еді, жүгәрмек…
Gulistan
Мен Вуралға бұйырмай қалған болашағын ойлаймын. Зейнеп деген қызбен қосылғанда тәп-тәуір жұп болатын еді.
vebred
 интернет қазір, махаббат, қыздар, сериалдар туралы әңгіме үшін қолданылмай ма )))?!
sammita
өңшең сериалшылдар. елестете алмаймын: Нұрғиса мен Аршат
asaubota
мен анау мынау сериалдарды қарамаймын. қарайтыным тек Көкжалдар мекені еді. ал мынаның сценарийі ұнады, басқаша жазған. қазір бұдан кейін болып жатқан Махаббат пен жаза ұнамады. таныс оқиғалар, белгілі бәрі алдын ала.
Zilola
Маған ұнамайтыны басқа сериалдағы адамдар жаңа сериалда жүрсе.
Тіпті анау Гүміщь деген кинодағы үй қазіргі Ишим жайлы кинода да сол үй, түркияда одан басқа үй құрығандай
Nurgisa
Үй болса күй,
Там болса ән болады
дегендей оймақтай ой ғой бұның. Көбіне Ay Yapim концерні түсіретін ұқсайды. Әдетте, ондай гиганттардың өздеріне тиесілі жылжымайтын мүліктері болатын шығар деп топшылаймын. Немесе ұзақмерзімді жалдайды. Гүмішіңді де, Ишиміңді де қолға алған контора бір болса керек. Басқасына қарыштап, ысырап қылып қайтсін. Аздап интерьерін жаңалар. Гастарбайтер табу сөз боп па.
Zilola
бастысы ішкі интерьер емес, сыртқы көрінісі да, үйді айналдыра ұшақпен түсірген сияқты кадр еріксіз "әй мынау үйді бір жерден көргем" дегізеді ше
madlen
Сенің өзбектерің үйдің сырты түгіл, ішін де бірнеше кинода қолданады.
Маған да сондай ұнамайды.
Gulistan
Гүміштің үйін біздің қыздар Стамбулдағы Босфор жағалауынан біраз іздеп, таба алмапты ғой, жоқ ондай үй дейді.
Nurgisa
Ерінбеген екен. Есіл еңбек-ай десейші  Салдары суға кете қоймаған шығар, дегенмен?
vebred
Бұл жағынан түріктер, кәрістерге қарағанда кемшін тұсып тұрған секілді. Өйткені кәрістер, сәтті түсірілген сериалдарынан кейін, оның түсірілімі өткен жерлерді де мақтап, ел-жұртқа көрсетіп, яғни туристерді тарту мақсатында жақсы қолданады. Бұл жағынан түріктер әзріге осал болып тұр.
Nurgisa
Түріктерде Анталия, Стамбул, симит пен барахолкы бар. Сериалдағы үй арқылы турис тартып жын ұрып па
Meru
 күлмейін десемде еріксіз күлем, тек ренжімеңдерші Арчи мен Нұрғисаның талқылағандары
Nurgisa
@Meru, ренжу жоқ қой  Бірақ сериал шынымен күшті. Қыз балаларда қалай екенін қайдам, ұлдарда солай: бір нәрсеге байланушылық, оны күтушілік болады. Мысалы, төрт жылда бір мәрте өтетін олимпиада ойындары, футболдан әлем чемпионаты… Арасында кідіріс болғанда күнделікті жаттығу-шынығу үшін «Фатмагүл»…