Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Биыл Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын керемет тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап паркте аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары және тағы басқа сауық-сайран нысандары іске қосылады.

Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Астана жаңалықтары: Астаналық парк 1 мамырда есігін ашады

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.

Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналмақ. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған. Енді спортпен шұғылданамын, уақытымды ұтымды пайдаланамын, көңіл көтеремін десеңіз, Астаналық паркке келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Алғашқы дәнекерлік тәжірибем

Әуесқой дәнекерші жабдығын («сварка») сатып алғалы бері алғашқы еңбегім.
Қағаз бен «клаваны» балға мен орақ қылып жүрген маған шынымды айтсам дәнекерлеу кәсібін үйрену қиынға соқпады. Әрине, әлі біраз үйрену керек.


Міне держакты қолыма алдым, ішіне электрод салдым. Қысқашын бір кесек темірге бекіттім. Тоққа қостым. Қараңғылатқыш пен қолғапты кидім.
Жұмыстағы сварщик шал үйреткендей, әлгі кесекке бір екі рет ұрып көрдім.

Сатыр-сұтыр жарқышақтар. Артым дір ете қалды. Белгісіздік үрей ұялатады, бірақ тәуекел мен жас баланың қызығушылығы басым. Тағы да бір-екі рет жүргізіп өттім.
ӘРі тызылдатып, бері тызылдатып, арасында атыңнан айналайын ютубтан видеосабақтарды қарап, жарты қорап электродты боқтан өзгеге жаратып, ақыры меңгеріп алғандай болдым.
Әрі қарай

4,5 айдағы нәтиже

Тренажерға барып жүргеніме 4,5 айдан асты. Арық, дым бұлшықет жоқ болатын. Қазір шүкір, бұлшықеттерім кішкене өскені байқалады. Бұрын кішкене семіріп алған соң тренажерға барам деп жүретінмін. Бірақ, уақыт өтсе де cалмақ қосқан жоқпын.Темір--терсек көтергелі бері салмағымда кішкене өсті. Киімдер қонымды тұратын болды.:)
Әрі қарай