"Сұраусыз қалдық па?"
Сайлаушы өз таңдауын жасап жатыр
Құдайдың қалауы, халықтың таңдауымен президентіміз қызметіне қайта сайланды. Сайлауға тақау қалған уақытта осындағы біраз қазақ елшіліктен ескерту келер деп күткен болатынбыз. Бейжіңнен хабар келмеген соң, өзім сайлауға екі күн қалған күні қай саулау учаскесінде тіркелгенімді білмек болып Орталық сайлау комиссиясының поштасына дерек алуға сұрау салып хат жолдадым. Оксанадан бірден «Деректерді алуға сұрау салуда тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, туған күніңізді, жеке куәлігіңіздің нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) көрсетуіңіз қажет» деген жауап келді. Мұнда тек паспортпен жүреміз… Ал жеке куәлігім өзіммен болмаған соң, қайта байланысудың мәні болмады… Бірақ, осында (Қытайда) халықтың жеке куәлігіне біздегідей тегі, әкесі және өзінің атын шұбыртып жазбаса да миллиардтаған жұрттың аттарын шатыстырып жатқаны туралы естімеппін. Сан бойынша Қытайдың бір қаласының тұрғынына шақ келмейтін біздің елде әйтеуір мәселе көп… Тегім мен әкемнің аты және есімі менікімен бірдей Қазақстанда тағы бір азамат бар дегенге өз басым сенбеймін. Жақсы бар делік, алайда ол адаммен туған жылымыз, айымыз, тіпті туған күніміз де бірдей болуы… қойшы, жақсы… Айтпағым, сол куәліктің нөмірінсіз де менің қайда тіркелгенімді табу қиындық туғызбаса керек еді… “ Оксаналар” тізімімен іздеуге құлықсыз да болған шығар…