"Сайтанның сыңары"-на рецензия

Фильм 80-жылдардың соңындағы Бағдадты суреттейтін Латиф Яхьяның автобиографиялық кітабының желісімен түсірілген. Оқиға Ирак диктаторы Саддам Хусейннің үлкен ұлы Удейдің қолында билігі, қойнында қыздары болса да, қорқыныш қамауына түсіп, одан шығар жол — «сыңар» іздеуінен бастау алады. Таңдауы сыртқы бейнелері ұқсас, алайда ішкі жан-дүниелері сай келмейтін сыныптасына түседі. Латиф «жұмыстан» бас тартқанымен, келісімін беруге мәжбүрлейтін кейбір кедергілердің арқасында «жаңа бейне»-ні сомдауға кіріседі.