Ең кішкентай мәшине

Блог - totiya: Ең кішкентай мәшине
Әлемдегі ең кішкентай автокөлік Лондонда орналасқан. Ол 1964 жылы жасалған. Салмағы небәрі 59 келіні құрайды. Тұманды Альбионға жолыңыз түсіп, көшеде бұл көлікті көре қалсаңыз, езуіңізге күлкі үйірері анық.
Әрі қарай

Тәжік салған із.

Ал қуаныңдар. Тәжік ұстап алдық. Ұстағанда жаммман ұстап, соттап жібердік. Бейшара бес күнге абақтыға қамалды. Жазығы бар. Астанамыз Астананың көшесінде кіші дәретін өтепті, жазған неме. Оны қайдан білдік? Елорданың полицейлері жақында ғана үлкен мақтанышпен таныстырған жаңа камералар бар емес па… солар түсіріп алыпты. Бірақ өз басым бейшараны аядым. «Астана салқын, шыдамадым», — дейді. Енді өзіміздің халық «джаурап» жүргенде, тәжік байғұс шынымен тоңған шығар. Дегенмен біздің сот әділ ғой, анау-мынау жеңілдік беретін деректерді де ескеріп, шағын ғана жаза белгіледі.
Әрі қарай

Қола алған қолаңшаш

"Қолаң деген шаш кемінде тізеден төмен түсіп, тобыққа оратылып тұру керек" демеңіздер. Мен Лондон олимпиадасында 75кг салмақ дәрежесінде әйелдер арасындағы бокстан сынға түскен Марина Вольнова жайлы айтып отырмын. Осының алдындағы кездесуінде алтыннан дәмелі ұлыбританиялық Саванна Маршалды сабалап жүріп жеңген соң жерлесімізден біз де алтын күттік. Дегенмен, Марина (Бақ кз-тіктер жазғандай Наталья емес) қоржынымызға екінші қоланы салды. Ал, құтты болсын! «Еркексің Терешкова!» деген сөзді осындайда айтса керекті.


Сурет www.bnews.kz сайтынан алынды.
Әрі қарай

Біздің чемпиондарға мың тағзым!

Чемпиондар
Ия, Лондон Олимпиадасының чемпиондарына бас имейтін қазақ жоқ шығар. Не деген бақыт Құдай-ау! Құдайға мың шүкір, осындай жарқын жетістіктерге куә қылған біздерді. Бұл күнге жеткен де бер, жетпеген де бар білеміз. Кім қуанбай жатыр, кім мақтанбай, кім мадақтамай жатыр біздің Олимпиада қаһармандарын?! Құдіреті биік көк байрағым көкке көтерілгенде, айбыны асқақ Әнұраным шырқалғанда жүрегім жарылуға шақ қалып, көздің жасы мөлт-мөлт етіп тоқтаусыз ағады. Бақытымызды тасытты ғой, тасытты жұдырықтай жүректері елім деп соққан Зулфия мен Майя қыз, Светлана мен Ольгалар һәм Илья мен Александрдай ағамыз. Олар нағыз қаһармандар. Ел тарихында алтын әріппен аты қалатын құрметтілер!
Ел намысы үшін жан алысып, жан беріскен текетіресте қалай өнер көрсеткенін таңдай қағып тамашаладық. Салмағын екінің бірі еңсере алмайтын зілтемірді бойынан асырып, қалт етпей биік ұстағанда талай рекордтарды жаңартып, қуанышымызды еселей түскен қыздарымыз бен Екі Дүркін Олимпиада чемпионы атанған Ильямызды қалай мақтасақ та, қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Талай биікті бағындырып, Олимпиада алтынымен спорттағы мансабына нүкте қойған Винокуров пен Ольга апасының жетістігін 12 жылдан кейін қайталаған Ольга Рыпаковалар абыройымызды тасытқан абзал азаматтар. Біз мақтанамыз осылайша, олар қалай елді сүйсе, біз оларды миллион есе құрметтейміз. Олар біздің патриот тұлғаларымыз. Ильяның отансүйгіштігіне тәнтімін. Былтыр ғана ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын білесіздер. Сондағы киімі 20 жылдыққа арналған болатын, ал күні кеше жарысқа шыққанда, ел байрағының үлгісін үстіне қондырыпты. Одан сайын тартымды көрінді дүркін-дүркін чемпион атанғанда. Көңілімізден кетер емес, шат-шадыман күйге бөлегені спортшыларымыздың. Ұйқыдан қалдық, «алтын», «алтын» деп ұрандап. Ал, кешелі бері «Илья батыр елге келеді, күтіп алайық жиналып!» деп твиттерлік ағайынның алақайлап жатқанын көріп, әттең Алматыға жол тартсам ғой деп армандаймын. Тарихи сәтті көргім келеді көзбен, сезінгім келеді алып чемпионның елге келгендегі сезімін. Бірақ жаңалықтан, интернет порталдардан қалт жібермей көру бақытын ғана қанағат етемін.
Құрметті алматылықтар, құрметті достар, ел еркесін күтіп алу рәсімінен қалмауға тырысыңыздар. Чемпиондардың әр қазақтан құрмет көргені артық етпейді. Ал, біз ауылдағы ағайын оларға рух сыйлауға алаңға шығып, қолдау көрсететін боламыз.
Ел еркелері елге аман-есен оралсын деп Алладан ақ жол тіледік!
Чемпиондардың жеңісі басқа спортшыларымызға жұғысты болғай! Алтын көбейсін!
Әрі қарай

Лондон олимпиадасы туралы мистикалық аңыздардың астарында не бар?

Енді 17 күннен кейін (шілденің 27-сі) әлемдік деңгейдегі үлкен спорт додасы – Лондон олимпиадасы шымылдығын түреді. Ағылшын жерінде өтетін жазғы Олимпиадаға дүниежүзі бойынша он жарым мыңнан астам спортшы қатыспақшы. Барлығы 39 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынатын байрақты бәсекеге атақты палуанымыз Нұрмахан Тінәлиев бастаған 114 спортшымыз аттанғалы отыр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа мәселе…

Соңғы кездері Лондон олимпиадасына қатысты аңызға бергісіз мистикалық әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе тосын табиғат құбылыстары мен астрономиялық түсініксіз жайттар туралы әпсана көп. Дәл осы байрақты бәсеке қарсаңында жұмыр жердің халқы магнитті дауылдар, аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелер секілді адам түсініп болмайтын жайттарға куә болатын секілді. Осыдан тура бір жыл бұрын «Утро.ру» сайты астрономдардың «күн белсенділігінің күрт артқанын соның салдарынан күн тәжінен бөлінген магнитті дауылдардың кесірінен жер бетіндегі күллі ақпараттық жүйе істен шығуы мүмкін. Бұл өркениет атаулыға үлкен соққы болады!» деген дабылын жариялаған болатын. Ең қызығы, магнитті дауылдар шабуылының ең белсенді кезеңі 2012 жылы Лондон қаласында өтетін жазғы Олимпиадамен тұспа-тұс келетін секілді. Осының салдарынан күллі компьютерлік жүйеге зиян келіп, спутниктер біраз уақытқа хабар тарата алмай қалмақ. Осылайша адамзат баласы олимпиада ойындарының тікелей көрсетілімін көре алмай қалуы бек мүмкін», – деп жорамал жасады. Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін уақыт көрсете жатар.

Ал енді аспан әлеміндегі жұмбақ шұғыла-сәулелерге қарай ойыссақ. Кейбір ғалымдар бұны магнитті дауылдардың әсерінен болатын табиғат құбылысы деп түсіндіріп отыр. Астрономдар дәл спорт додасы қарсаңында болмаса да осы жылдың қыс мезгілінде күн бетінен бөлініп шыққан магнитті дауылдар салдарынан ғаламшарымыз түгелге жуық поляр шұғыласына оранады дейді. Дегенмен, жер бетінің көп бөлігі магнитті дауылдар шабуылына қарсы жүйемен жабдықталғанын да естен шығармаумыз қажет. Ал бұндай жүйе орнатыла қоймаған жердің оңтүстік және солтүстік полюс халқы бірнеше апта бойы ғасыр ғажайыбына куә болатын секілді. Алайда бұндай ғажайыптан алған әсерлерін адамдар жердің басқа нүктесіндегі туысқандарымен бөлісе алмайды. «Өйткені, дәл сол уақытта жердің оңтүстік және солтүстік полюсінде бірнеше апта бойы интернет торабы мен спутникті байланыс жүйесі істен шығады», – дейді астроном ғалымдар. Айтпақшы, «ақырзаман – 2012» дақпырты тағы бар. Бұл туралы сөз қозғамай-ақ қоялық.

Алайда соңғы кездері бұдан да күдікті әрі қорқынышты жайттар айтыла бастады. Ғаламтор бетінде Лондон олимпиадасының бойтұмарларына қатысты пікір талас өршіп-ақ тұр. Әдетте спорт тарихында олимпиада символы ретінде жануарлар таңдалып алынады. Соның ішінде адамға ерекше әсер сыйлайтын барыс, дельфин, қонжық секілді сүйкімді жануарлар болады. Ал бұл олимпиаданың символы – Венлок пен Мандевиль – мүлдем оғаш тіршілік иесі. Мифтик бейне деуге де келмейді. Құбыжық деуге болады. Бірі басында пирамида (!) тәріздес тәж, екіншісі қамал бейнесіндегі бас киім киген жалғыз көзді қос бейне. Көзі қарақты оқырман пирамида мен 13 қатардан тұратын қамалдың «әлемдік үкімет» деп аталатын құпия ұйым – масондардың белгісі екенін жақсы түйсінеді. Ендеше бұндай масондық белгілердің әлемдік деңгейдегі бәсеке – олимпиадаға қандай қатысы болуы мүмкін. Әрі жалғыз көзді қос тажалдың атауының өзі – күдікті көрінді. Ғаламторды ақтарып отырып, Wenlock сөзінің «шіркеудің әулие-әнбиесi, жебеушісі», ал «mandevil-дің» көне француз сөзінен алғанда – «ұлы қала» немесе үлкен оқиға болатын аймақ және жасырын уақыт деген мағына беретінін көріп жағамызды ұстадық.

Олимпиаданың логотипындағы «2012» санының да цифрдан гөрі «Zion» сөзіне қатты ұқсайтыны кезінде үлкен дау тудырды. Сион сөзі Иерусалим қаласындағы дәстүрлі еврейлік белгінің атауы секілді. (Тағы бір деректерде «Zion» сөзі Иерусалим қаласының атауы) Осыны дер кезінде аңғарған Иран Ислам Республикасы осы жылдың наурыз айында Лондон Ойындарына бойкот жариялаған болатын. Кей деректерде құбыжық бейнесіндегі осы таңба мен бейнероликті ғаламтордан көрген көптеген адамдар жүйке ауруын шалдыққаны туралы айтылып жүр. Бірақ бұл да нақтыланбаған жайт. Венлок пен Мандевилдің бейнесін британдық «Wolff Olins» брэнд-дизайнерлік фирмасы жасап шығарыпты. Бұл фирманың негізін қалаған адам – еврей жұртынан шыққан Уолли Олинс атты адам. Ол күллі үрім-бұтағы, тұқымымен масон болған көрінеді.

Тағы бір күдік тудырып отырған мәселе – байрақты бәсекенің Англияда өтуі болып тұр. Тұманды альбионды әлемдік деңгейдегі спорт бәсекесін өткізуге құқы бар зайырлы мемлекеттің бірі дегенімізбен ресми Лондон масондық ұйымдардың негізгі ордасы саналады. Аса құпия ложалардың біразы осы елмен тікелей байланысты болып жатады. Оның үстіне бұл бәсеке олимпиадалық есеп бойынша, отызыншы ойын. Әдетте халықаралық стандарт бойынша, бұл реттік нөмiр римдiк цифрмен жазылады. Яғни XXX (Үш икс) болып шығады. Әрбір оқиғадан құпия астар іздейтін мамандар өзге емес дәл отызыншы олимпиаданы өткізу бақытының Англияға бұйыруының өзі кездейсоқтық болмаса керек деп отыр. Кейбір батыстық басылымдар «үш иксті» ібілістің санын білдіретін 666 яғни «үш алтылықтың» құпия бейнеленген нұсқасы деп жазып үлгерді.

Тарихқа үңіліп көрсек, алғашқы кездері олимпиада атты дүбірлі доданың түпкі мақсаты болғанын байқауға болады. Жарыстардың барлығы да бастапқыда спорттық шара емес, Аполлонға, яғни Ібіліске табыну мақсатында жасалған дiни жоралғылары болды. Бүгінде сол секуляризм мен толықтай оккульттік былыққа айналған бұл діни сипаттағы жоралғы тек спорттық ойын ғана емес, әлеуметтік, саяси астары бар оқиға ретінде әлем елдерінің басын қосып келе жатқан әлемдік шараға айналып кеткеніне бір ғасырдан асып барады. Оның үстіне Олимпиадалық қозғалыстың негізін қалаушы Пьер де Кубертен масондық ұйымдардың белді мүшесі болғаны тарихтан белгілі. Осыған қарап, кейбір құпия ұйымдарды зерттеушілердің «Олимпиадалық ойындар ең алдымен, әлемдік ұйым құрудың алғашқы қадамы болды. Олимпиаданың ресми символы – құрлықтар. Эмблемадағы 6 құрлықты сақина етіп, бір-бірімен байланыстыру арқылы әлемдік ұйым құру идеясы шынайы өмірге қадам басты» деген болжамында шындық жатыр ма деген ой келеді. Оларға сенсек, АҚШ долларындағы құпия символдар мен белгілердің символикадан ауысып жаратылыс ретінде көрініс тауып отыр. Яғни турасын айтқанда, Лондон олимпиадасы қарсаңында әлемдік үкімет атты аса құпия ұйым жаңа сатыға қадам басады-мыс!

Оның үстіне Лондон олимпиадасымен Қасиетті Рамазан айының сәйкес келуі де көңілге күдік болып отыр. Бәлкім ұлы жаратушының ислам дініне берік мұсылман елдеріне «бұл бәсекеге бармаңдар!» деген ескертуі болуы мүмкін емес пе? Әрине, ондай жайттан бетін аулақ қылсын дейміз.

Айтпақшы, жақында бір сайт туристерге толы Лондонда үлкен теракты болуы мүмкін деп жорамал жасапты. «Ядролық немесе биологиялық қару пайдаланады. (Адам санасына өзгеріс әкелуі де ғажап емес). Нәтижесінде көптеген құрбандармен Лондонның бір бөлігі зардап шегеді. Сол кезде Тажал пайда болып, ес – түсінен айрылған халыққа қол созады. Оның кереметін көрген халық соңынан ереді… Процестер жалғаса береді…», – депті.
Масон демекші, бұндай құпия белгілердің соңғы кездері Қазақ елінің астанасында да қаптап кеткені айтылып жүр. Ғаламтор бетінен де «Астана – ХХІ ғасырдағы масондық ұйымдардың ордасы» («Астана – масонская столица 21-го века», «Астана – столица Сатаны. Масоны») деп аталатын түрлі бейне-роликтер көбейіп кетті. Оларға сенсек бас қаламыздың көрікті жерлері, әсіресе сол жағалаудың архитехтуралық ерекшелігі әр түрлі ложалар мен массондық ұйымдарға тән құпия символ-свастикалармен «өрнектеліп» жатыр-мыс. Сол жағалауда орналасқан «Самрұқ тауэрс», Ақ орда және Бәйтерек монументі мен Яхин мен Боаз колонналарының ортасында жарқырап тұрған дельтасы бар масон сызбасынан өзара ұқсастық «тауып» шулап жүргендер баршылық. Әрине бұның барлығын да кездейсоқтық деп бағалаймыз. Десе де, қытайдың әйгілі философы Конфуцийдің «Әлемді түбінде сөз бен әділ заң емес, құпия таңбалар мен символдар билейді деген сөзін ескерсек, көңілге кірбің ұялайтыны тағы бар. Көгілдір экранға үңілген жұрттың бәрі біледі. Батыс жұртының «Қара бетперделі Зорро» деген атақты фильмі бар. Сол фильде басты кейіпкер Зорроның өзі жаулап немесе жүріп өткен жеріне көрген жұрттың есін тандыратын «Z» деп белгі соғып кетпейтін бе еді? Бұдан әрине, Алаш даласын масондық ұйымдар жаулап алды деуден аулақпыз. Бірақ, «сақ болыңдар Алаш даласына біз де келіп-кетіп жүрміз!» деген ескертуі мүмкін емес пе екен?

Айтпақшы, тақырыпқа тұздық ретінде төменде бір бейнероликтің сілтемесін сылқитып отырмын. қарап көріңіздер…
Лондон 2012
Әрі қарай

Олимпиада костюмы таныстырылды


Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.
Әрі қарай

Ағылшын хертегісі. Робин Көт.

Сол жақта көріп тұрғандарың — әулие Петр Соборы, көк «Совереннен» тур ұтып алған паровоз ептібайымайдтар! Енді дәстүр бойынша, сыраханаға жеткенше атақты ұлдарымыздың бірі — Робин Көт туралы айтып берсем деймін, факхиемазесстің.

Очм, осыдан он жыл бұрын шахта жабылғанда жұмыссыз қалып, барлығымыз кәсіподақ төрағасы
Әрі қарай

Әкімдер жұмысқа қалай барады?


Суреттен байқасаңыз батыс мемлекеттерінде мемлекеттік қызметкерлер қатардағы қарапайым халықпен әлеуметтік деңгейі бірдей және тең. Ортақ құқық, ортақ мақсатты ел мүддесі үшін қызмет істеу олар үшін абырой…
Біздікілер осылай шайтанарбамен немесе метро, автобустармен бір ретте болсын жүріп көрген бе екен… Әй, күмәнім бар…
Егер Лондон мэрі сияқты, шайтанарбамен кез келген әкім-қаралар жүретін болса, арттарында 2-3 МАЙ мәшинесі арнайы алып жүретініне сенімім зор. Ал Нью-Йорк әкімінің орынында Алматы әкімі болса, метрода бәрі орын беріп, болмаса сол вогонда замдарымен қоса барлық қалалық мемлекеттік ведоства басшылары жүретін шығар...
Ал Мәскеу мэрінің іс-әрекеті бізге өте жақын таныс дүние…
Әрі қарай

Лондонның Kew Gardens патшайым бағы

Халайық, бүгін сіздермен Лондонның Kew Gardens патшайым бағына саяхат жасамақпыз. 281 жылдық тарихы бар бақтың береі көп, өте керемет жер!!!
Суреттерді көруге болады. Бақ туралы мына жерден оқи аласыздар:http://www.kew.org/
Ал Уикипедия: en.wikipedia.org/wiki/Royal_Botanic_Gardens,_Kew
Ал кеттік ендеше! Түймедақты алқап:
(1114 Kb, 2560x1920)
Әрі қарай