Arular.kz
Рейтинг
+11.71

Олимпиадалар

image image

Олимпиада бағдарламасына қосылса, Қазақстанға медаль әкелетін спорт түрлері

Қазіргі Олимпиада ойындарына жазғы түрлерден 28, қысқыдан 7 спорт түрі кіреді. Кірмейтін спорт түрлері көп. Олардың біразынан қазақстандық спортшылар мықты болып саналады. Егер бұл спорт түрлері Олимпиада бағдарламасына кіретін болса, қоржынымызға біраз медаль қосылар еді. Самбо Самбо — елімізде кең...

Олимпиада әдемі басталып, әдемі аяқталды

Алтынмен басталған Олимпиада соңғы күнде де алтынмен аяқталды. Алтынды да, күмісті де, қоланы да алды қазақ жігіттері соңғы күнде. Барша қазақ халқын осы керемет жеңістермен құттықтаймыз.

Қола да Гүзель!

Еркін күрестен 72 кг салмақта Гузель Манюрова жүлдегер атанды. Қола медаль үшін сайыста қытай қызы Джиао Вангты 3-1 есебімен жеңген Гузель Қазақстан қоржынына 3-ші қола медальды салды.

Қоржын қоламен толысты

Грек-рим күресінен 84 кг-ға дейінгі салмақта отандасымыз Даниал Гаджиев олимпиаданың қола медалін тағынып, қоржынымыздағы алты алтынның қатары қола медальмен толықты. Еліміз өз алдына, Даниал үшін бір қуансам, Марат Тұрлыханов үшін тағы қуандым. Керемет ұнайды өзіме… Алты алтынның алтауында да жар салып, сүйіншілеткен Керегім бүгін үнсіз, Асауға не тұсау болды екен деп отырмын күтіп… Сосын "Қой, бұл отырыс жарамас!",- деп, сүйіншіні өзім сұрамаққа бел будым. Алтынға дәнігіп алғанымыз соншалық, анау-мынауды місе тұтпайтын болғанбыз ба, қалай өзі?! Әрине, әзілім ғой… Ал құтты болсын! Жеңіс жалғасын тапсын!

Алтын қыз Ольга Рыпакова!

АЛТЫНшы алтын! Ұзындыққа 3 қарғып секіруден 14,98-дік нәтижемен Ольга Рыпакова чемпион атанды! Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғасты. Думанды бастаған Лондонға қарашы!

Алтыншы алтын!

Өскемендік Ольга Рыпакова Қазақстанға алтыншы алтын медалін сыйлады! Құтты болсын ағайын. Бүгін Лондондағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден жарысқа түскен қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова 14,98 метр көрсеткішпен Олимпиада чемпионы атанды. Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова қатарынан үш рет секіруден үшінші мүмкіндігінде 14,79 метр қашықтықты бағындырып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын салды.

Жарайсың Илья Ильин - Бесінші алтын!!!

Алақай Халайық — 5-інші Алтын!!! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тікелей қоңырау соғып құттықтады.

Төртінші Алтын!!!

75 кг салмақта Света Подобедова Олимпиада чемпионы атанды. Құтты болсын Қазақ елі!

Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Әр ел өз жеңімпаздарына түрлі сыйақы тағайындапты. Ең көбі Грузияда, Олимпиада чемпионы атанған грузин спортшылары доллар миллионері атағына да ие болады. Бір алтын медалист миллионерлері бар әзірше. Әзірбайжандықтар чемпиондарына 510 мың доллар береміз деп отыр. Біздің ел 250, 150, 100 мың доллардан сыйақы береді. Қытай тек алтын медальға ғана сыйақы береді, ал Ұлыбритания ешқандай сыйақы тағайындамаған. АҚШ бірнеше жылдан бері тек 25 мың доллар береді Олимпиада чемпионына. Кесте sports.ru блогтарынан алынды.

Олимпиада гифтері

Лондон олимпиадасының қызықты сәттерінің гифтері. Бразилиялық Дамиаоның әдемі финті

Олимпиададағы 3-ші алтын - Мая Манеза!

Мая Манеза 63 кг салмақта Олимпиада рекордын жаңартып алтын медальді жеңіп алды! Қазақстан қоржынындағы 3-ші алтын!

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе

Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы. www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html

Зулфиядан алтын рекорд!

Әйелдер арасында 53 кг салмақта Зулфия Чиншанло 226 ұпаймен Олимпиада рекордын жаңартып, чемпион атанды! Олимпиаданың 2-ші күні, 2-ші алтын! Құтты болсын!

Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғассын!

Александр Винокуров — Лондон Королі (Еуроспорт комментаторы) Александр Винокуров Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанға алтын сыйлады. 250 километр қашықтықты 5 сағат, 45 минут, 57 секундта аяқтап, финишке бірінші болып жетті! Керемет жаңалық, керемет сыйлық! Кейінгі спортшыларымызға дем беретін, рух көтеретін керемет жеңіс! Құтты болсын алғашқы медаліміз!

USA Today болжаған Лондонның 6 алтынын кімдер алады?

USA Today газеті Infostrada Sports агенттігімен бірге жүргізген сараптамасы бойынша соңғы мәліметтерді қарайтын болсақ Қазақстан спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 4 қоламен командалық есепте 24-ші орын алады екен. Бұл сраптама спортшылардың Олимпиадаға дейінгі түрлі жарыстардағы нәтижелеріне сүйеніп жасалған. Қаншалықты дұрыс шығатынын Олимпиада соңында көретін боламыз. Біз үшін оптимистік бұл болжам бойынша қай сопртшыларымыз медаль алады екен? Бірге қарайық. Алтын: Серік Сапиев (бокс) Максим Раков (дзюдо) Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика/ұзындыққа 3 қарғып секіру) Мая Манеза (ауыр атлетика) Светлана Подобедова (ауыр атлетика) Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі)

Олимпиада костюмы таныстырылды

Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.