Олимпиада жүлдегерлері қанша сыйақы алады?

Әр ел өз жеңімпаздарына түрлі сыйақы тағайындапты. Ең көбі Грузияда, Олимпиада чемпионы атанған грузин спортшылары доллар миллионері атағына да ие болады. Бір алтын медалист миллионерлері бар әзірше. Әзірбайжандықтар чемпиондарына 510 мың доллар береміз деп отыр. Біздің ел 250, 150, 100 мың доллардан сыйақы береді. Қытай тек алтын медальға ғана сыйақы береді, ал Ұлыбритания ешқандай сыйақы тағайындамаған. АҚШ бірнеше жылдан бері тек 25 мың доллар береді Олимпиада чемпионына.



Кесте sports.ru блогтарынан алынды.
Бөлісу:

52 пікір

Aldeken
Қазақстан үшін 250 мың шартты көрсеткіш, яғни ресми сыйақы, одан бөлек, облыс әкімі машина, қаланың әкімі үй, бизнесмендер де анау-мынау сыйлайд, чемпиондарға…
bazuka
чемпиондарды телевизормен алдай салатын еді бұрын, қазір өйтпейд шығар ия
asaubota
қазір строго үй ғо
SaZhaM
Оларға үйіп-төгіп молынан берсе де артық етпейді! Өйткені олар қазіргінің батырлары ғой!
bazuka
Қазақстан 4,5,6 орындарға да сыйақы тағайындаған ғой, кеше бір жерден оқып едім
asaubota
аха 6-шы орынның өзі 5 мың доллырды қағып алады
asaubota
Грузияның спорт министрі "қой, құрсын, қайдағы миллион доллыр?" деп ақпараттың өтірік екенін айтыпты. www.rosbalt.ru/exussr/2012/07/27/1015855.html

Азаттық радиосы екен сондай ақпарат шығарып жіберген. кестедегі қате үшін кешірім сұраймын.
bazuka
үйбүй шала байып қалады екен деп отырсам, ұят болды ау
Aldeken
пезнессс, қазақстандық радиоарналар әлі айтыватыр, Грузия чемпиондарына 1,2 млн доллар береді деп…
Zhan
Англия неге сыйақыны көрсетпеген? Германия жадный екен ғо. Ресейліктердің күміс жүлдегерлері біздің қоламен бірдей екен. Мұны білсе ресейлік спортшылар біздің құрамаға ауысқысы келетін шығар. Ал Қытай дегенің ваще, әділетсіз халық екен, күміске де, қолаға да дым жоқ. Кім сосын жарысқа қатысқысы келсін дейін десең, ылғи да бірінші орын солардікі.
Aldeken
1,5 миллиард адамның ішінен тек чемпиондарды ғана марапаттау заңды нәрсе деп ойлаймын. Біздікілер сол 16 миллионның ішінен әупірімдеп, медальға іліксе әулие көріп, ондыққа іліккеннің өзіне ат-шапан сияпат көрсетуге тырысады. ол да заңдылық…
Zhan
1,5 миллиард адамның ішінен тек чемпиондарды ғана марапаттау заңды нәрсе деп ойлаймын.
Мә, сен Президент болсаң, қатал болады екенсің.
konvict
Ағылшындар 12 мың доллар береді және жеңімпаздарға пошта маркасын арнайды. Газет оқу керек
bazuka
Грузия алтынға 50,0 мың у.е. деп ойлаймын
huanysh
Ең мықты жасаған қытай екен
aikarakoz
Саясаттары қалай, ә?
huanysh
біз бірінші болу керекпіз деген! Сол себептіде олар бірінші! мотивация!
satibaldi
Тәжікстан сосын бір жыл тамақ ішпей ме сонда?
Zhan
Сатеке, тамақтың қандай қатысы бар? Түсіне алмадым.
satibaldi
Енді 66 000 долларды Душанбе екі жылда табад деп естідім…
aikarakoz
Сыртқа жүнін қампайтып жүрген шығар…
Zhan
Екі жылда табатын, таппайтынын білмейді екем, бірақ «Киберчайхана» деген Асхат Еркімбай берген кітаптан Тәжікстанның экономикасы сорақы екені туралы шетелдік блогерлердің жазбасын оқығаным есіме түсті.
satibaldi
Тәжікстанның экономикасы сорақы екені
"Қара сора ақысына" негізделген дегіңіз келген болар?
GulL
Тамақты бізге келіп асырап жүрген жоқ па, базарлардығ парковкасында, светофордың қызылы жанғанда қайыр сұрап
satibaldi
Қойнақ, 0 деген дым алмайд деген сөз емес қой. Жәй, Қоғамдық Қорлар, бірлестіктер арқылы алатын шығар. АйтпақЧ, Олимпиада Комитетінің өзінің де тиыны бар емес пе беретін?
TOTY
Бұрынғы жылдарда жүлде қоры бізде де аз еді ғо, мүмкін мемлекет тарапынан спортшыларымызға жағдай жасау мәселесі түзу жолға қойылған шығар
Gulistan
Қайбір елде Бейжің жеңімпаздары өздеріне берілген үйді тек биыл алды деп естігем. Сондай бір нәрсе болып жүрмесін. Өз басым Қытайдың саясатын қолдаймын.
АҚШ та дұрыс жасаған.
GulL
Неге Түркия жоқ мында?
Сосын дамыған елдер дым бермейді, бірақ спортшылары күшті дайындалған үнемі орын алады
Негізі олар спортшыларына 250 мыңның жағадайын жасап, сыйақыны аз беретіндігі сондықтан шығар. Біздікілер сияқты душы болса туалеті жоқ, есігі болса да терезесі жоқ ескі спортзалда емес
Marationok
Сосын дамыған елдер дым бермейді, бірақ спортшылары күшті дайындалған үнемі орын алады
Негізі олар спортшыларына 250 мыңның жағадайын жасап, сыйақыны аз беретіндігі сондықтан шығар.
Одан емес, оларға өмір бойы пенсия беріледі, көптеген жеңілдіктер, комитет арқылы сыйақы да беріледі, тағысын тағы. Мысалға АҚШ-та, ұттың ба, болды, жәйбірақат өмір сүре аласың, дым ойланбай.
GulL
күшті эх бізде қашан сондай болады екен
satibaldi
Спортшы ма едіңіз?
GulL
болғанмын өткен өмірімде
Marationok
Реинкарнациядан өту, жалпы қалай ол?
GulL
тамаша, сөз жоқ тек эмоция
VKM
Дэюдодан ресейліктер 3 алтын алды.
ushkin
Қанша алса да, лайық, лайық…
satibaldi
ushkin , осы ай және жылдың аяғына дейін жалақы болмайд: барлығы чемпиондарды марапаттауға кетті.
— Қанша алса да, лайық, лайық… Сссуки…
ushkin
Күрек-күрек қаржы көзге көрінбейтін, ел түсін түстемесе де, арнайы шеңбері ғана танитын фигураларға кеткенше, соларға кетсін
konvict
Ақпаратты тексеріп отыру керек ©
asaubota
дәл осы кесте еліміздің басты газетіне шығып кетіпті
saginish
Өте қызық.Олимпиада Ұлыбританияда болып жатыр.Яғни астанасы Лондонда.Өз елдерінде бола тұра сыйақыға ештеңе тағайындамағаны қызық екен?Қалай түсінуге болады? ОМГ!
StrangeR
Қырғыстан жазғы Олимпиадалардан бірде-бір алтын алып көрмепті. Ал Әзірбайжан бокстан алып көрмеген екен. Осы жолы бокстан әлем чемпионы Магомедрасул Меджидов алтын алуы мүмкін.
salta
Әзірбайжандар 510мыңнан бөлек, пәтер және порше кайен береді екен))))
Marationok
Дзюдодан Гүлжан Исанова жеңілді дейді…
Onlasyn
Жалпы алғанда нормально ғой. Қазақстан көп болса 10-15 жүлде алар, яғни 2-2.5 млн доллар шығын. АЛ АҚШ 110-120 жүлде алса примерно сол шығын
pessemist
кедей елдер неге сонша үйіп береді екен?
Gulistan
Кім кедей?
pessemist
қожанасыр
Daniar-Alan
бағыреееееммм келдің ба? Мен сеніжоқтап жүрсем…
Doctor
Неге кейбір кереметтей экономикасы дамыған елдер чемпиондарына ақшаны аз береді екен. Мысалы АҚШ.