Алтыннан бастадық, Алтынмен жалғассын!

Александр Винокуров — Лондон Королі
(Еуроспорт комментаторы)



Александр Винокуров Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстанға алтын сыйлады. 250 километр қашықтықты 5 сағат, 45 минут, 57 секундта аяқтап, финишке бірінші болып жетті!

Керемет жаңалық, керемет сыйлық! Кейінгі спортшыларымызға дем беретін, рух көтеретін керемет жеңіс! Құтты болсын алғашқы медаліміз!
Бөлісу:

40 пікір

bazuka
Құттықтаймын! Алғашқы күнде алтын алуымыз ерекше көңіл сыйлайды екен.
aza
Ағылшындар әнұранды ауыстырып алмаса екен)
omarbirat
Қысқасынан күйіндірсін!
konvict
Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін. Қуанышымда шек жоқ
salamat
Керемет!
Арық сөйлеп семіз шықты деген осы!
Александр сияқты Алтын азаматтарымызға Халық Қаһарманы немесе Еңбек Ері атағын беру керек!
aza
Осыны сізден журналистер сұрап келеді ғой, «Сашаға не берейік» деп, сол кезде айтыңыз бұғып қалмай, жақсы ма?!
salamat
Бірнеше мемлекет мен жазған атақтарды өз азаматтарына берді, береді де.
бізде бірінші дәрежелі Барыс ордені. Бұл лайықты марапат емес.
Барлық олимпиада чемпиондарына (марқұм болғандарға да)осы екі атақтың бірін беру керек!
aza
Тап осылай айтыңыз, а то мына елде ерге құрмет те жасамайды, Сіздер айтпасаңыздар)
Marationok
«Халық қаһарманы» aтағы Қазақстан Республикасына ciңірген аса көрнекті қызметі үшін оның бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы азаматтық және жауынгерлік ерліктері үшін беріледі.
«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік бeлгici — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады. Айрықша ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы ордендік тағанға жалғастырушы шығыршалар арқылы бекітілген алқа.
Менің ойымша, Барыс ордені оларға өте лайықты, әрі жеткелікті, әзірге. Үш немесе екі дүркін олимпиада чемпионы болса егер, мүмкін Құрмет ордені де берілер.
salamat
Құрмет орденінің дәрежесі Барыстан төменірек сияқты.
Құрметпен адамдар жиі марапатталады.
Сіздің пікіріңізге AZA қалай қарайды екен?
Marationok
Керісінше, Құрмет Ордені Барыстан үлкен, дәрежесі де жоқ оның. Ал Азаны білмеймін, бірақ Майя Менезаға Құрмет орденін беріп қойған, деп жазылып тұр бір жерде.
aza
— Қандай музыка ұнайды Сізге?
— Мойныңа Олимпиаданың алтынын тағып алып, Әнұран тыңдап тұрғанға не жетсін?!
asaubota
әдемі жуып келдік.

Евроспорттың комментаторы айтты Винокуров бұл жолды жақсы біледі деп. соған қарағанда әр бұрылысын жақсы жаттаған сияқты.

Колумбиялық екеуі пелотоннан қашатын кезде Саша арт жаққа қайта-қайта қарады. менің ойымша ол Асанды көмекке ертіп кеткісі келген сияқты, бірге қашайық деп. Асан бірақ ере алмады. Саша өзі кетті, әдемі қашты. қалай дегенмен әдемі жеңіс болды. бұдан кейін шығатын спортшыларға жақсы көмек болды. бастысы Қазақстан спортшыларына сенімділік әкелді.
GulL
толық видеосы қай жерде бар екен?
asaubota
6 сағаттық видео ма? ол ешкімде жоқ шығар.
GulL
жоқ тек марапаттап жатқан жері болса да, таба алмадым ))
рахмет
ruben
Асан қайта пелотонда біраз пайда тигізді кей мықтыларға кедергі жасап. ырза болдым бес-бесеулеп келген еуропалықтарға. бар күштерін тур де франста қалдырып кеткен секілді.
Швейцариялық тридвараз құлатып кете жаздады бір бұрылыста. трассаны ана (аты есімде қалмады) британдыққа арнап идеал салған екен. Вино рывокты джынды жасады.
Винни: келдім, көрдім, жеңдім!
Елизавета жалғызсырап дөнбекшіп жүр ме, қалай өзі?
aza
Данабек шығады деген үмітпе әлі отырмын…
aza
Иә, Сәт! Шықты бала)))
aza
Мухахаха, Данабек бірден шабуылға лап қойыпты)))
aza
ВКМ нің жерлесі, тәліб!!! Ұтылды!
bake
Ұйқым ашылып кетті…
ruben
ішкен-жегенімді желкемнен шығарды. Виннидің жеңісін тойлап отсақ.
Шығыстан ба еді жарықтық. баяғы таразский движение деп тұтанып отсам. Жамбыл мектебі кешірсін.
ruben
Раков, Рыпакова және ауыр атлеттер алтын әкеп, біздің қазақтар құр алақан қайтар болса, біздің кертартпа дәкөйлердің санасына бірдеңке кіре ма екен?
mercedes
айтпа)))) Кіл орыс, дұңғандар алтын алып, қазақтар алтын ала алмаса қызық болайын деп тұр))
Marationok
Құтты болсын!!! Тағы оншақты алтын алсақ, керемет болар еді.
bazuka
Екінші алтынымыз және әлем рекорды құтты болсын!
mercedes
Урааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа!!!
Rozatai
жанееем! жақсы бастама! тек алтыннан көз ашпасын біздікілер! Спорттың құдіреті осы, әншейінде қырық пышақ боп жүрсең де, осындайда бәріңді біріктіре қалады
asaubota
Алтыннан бастадық,
Алтынмен жалғасты.
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
gauxar9595
кең де кең жер деген
жерге дән шықты ғой.
зіл темір көтерген
спортшылар мықты ғой!!!