Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Бөлісу:

22 пікір

Janasil
Мынауың жақсы болды!
omarbirat
Сілтемеден қателеспеппін )
omarbirat
Аталмыш сайтта өтіп кеткен жарыстарды қайталап көруге де мүмкіндік бар.
qyzylordalyq_jigit
сонымен қатар, барлық бокс ойындарын мына жерден қарай аласыздар:
www.youtube.com/user/AIBABoxing/videos
(әлі салынбаған)
Aidakonya
Илья Ильин — кашан, сагат каншада шыгады, өткізіп алуға коркамын
asaubota
күнде кіріп тұр осында, жарыс қорытындыларын және сурет, видеоларын іліп отырамыз.
qyzylordalyq_jigit
мында да Лондон-2012-дегі өтіп кеткен ойындардың толық көрсетілімін көруге болады екен:
www.youtube.com/user/olympic/feed
(бізде көрсетпейді екен бірақ, қап)
qyzylordalyq_jigit
біздің боксшылардың күнделікті қай уақытта шығатынын мына кестеден білуге болатын сияқты:
www.london2012.com/boxing/schedule-and-results/day=30-july/all-day.html
(Лондон уақыты Астана уақытынан 5 сағат қалық)
Adiletshu
Алмас Өтешов жаттығуда жұлқа көтеруде — 190, серпе көтеруде — 230 кг көтереді екен. Ильяның басты қарсыласы Алмас болса екен
alisha
Осы ауыр атлеттердің жарысын көзбен көргендер бар ма арамызда?
Марқұм ағамның айтқаны есімде қалыпты, «Мұрнымды басуға ұялып, зорға шыдап тұрдым» дегені бар еді…
mercedes
Алмас психологиялық әлсіз. Қазақстанның ішінде көтере берсе де, сыртқа шыққанда көтере алмай қалады, тем более олимпиадада.
Adiletshu
Иә. Сондайы бар. 2011 жылы әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 170 келіні көтере алмай қойған.
Janasil
Боксшыларымыздың жеке сайты.
Әдеттегідей қазақша беті жоқ немесе мен таппай отырмын.
olympic.kfb.kz/
StrangeR
Мына сайттан ойындарды көре алмай отырмын. Менде ғана көрсетпейді ма әлде аймаққа байланысты ма? Бұдан басқа қай жерден көрсе болады?
asaubota
бокс 9-шы каналда. Қанат шығады.
Aidakonya
неге корсетпей тур менде білмейсіз ба
asaubota
өкінішке орай телепаттық қасиетім өте нашар дамыған, тіпті жоқ деуге де болатындай жаман. кешірім өтінемін, ештеңе айта алмағаныма.
Aidakonya
шынымен де окінішті
StrangeR
Менде де көрсетпеген болатын. Опера браузерін жазып алып көріп отырмын. Алдыңғысы Хром болған. Бәлкім көмектесіп қалар
asaubota
кеше болған ойындарды да қайталап көруге болады екен мына сайттан. қазір Аннаның саналмай қалған кезін қараймын.