Астана блогшылары. Алғашқы кездесу

Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесу
Иә, осыдан (…) күн бұрын Амантай қажының “аттанына” салып тұрып, Астана елді мекеніндегі бас көтерер блогшының бәрін жиналуға шақырғанбыз
. Жиналдық. Кеше “қағаз толғатып, кәзет туатын” күн болғандықтан, сәл кешігіп барғанмын. “Алматыдан Асхатарнайы келгенде, қарамыз аз болып қалмаса екен..” деп ішімнен жуалдыз түрткілеп келе жатқан ғой. Жоға, “Шербеттің” ұзын үстелінің қос қапталын

шылғи блогшылар “басып алыпты”. Араларынан әзер дегенде адам сиярлық орын таптым Блог - Orkenegro: Астана блогшылары. Алғашқы кездесуОң-солыма мойын созып қоямын, алдымда “Қазақтелекомнан”, ақпараттық жүйелер дирекциясынан Ержан Нүсіпбеков деген ағамыз, төр басына қарай Парламент депутаттарының арасындағы жалғыз “штук” блогшымыз Мұрат Әбенов отыр екен. Одан бергісі, өзіміздің Бекжан Толыбай, Ерлан Оспан, Аршат Оразов, Айжаннұр туған сіңлісі Айсұлумен, Фазылбек Әбсаттарұлы (“Жас қазақ үні” газетінің бас редакторының орынбасары), Виктория (Қарақыз), ерлі-зайыптылар Нұрғиса Асылбек пен Кәмшат Тасболат, Рауан Сәбитұлы (“Сақшы” газетінің бас редакторы), Рахат Жақсыбайұлы (КZ жобасы), Әйгерім (Dabai.kz), әрине, өзіміздің Өрімтал болды. Бетіме бөрткен шығардай ұялатын жерім – мен танымайтын, танысқанмен қазір аты-жөнін ұмытып тұрған 5-6 қыз жігіт болды (кешіре гөріңіздер). Әрине, Дәруішөлгеннің “01-ші” демократы Амангелді Құрметұлы (“Тамшы”), “Алаш айнасындағы” Бүркіт Нұрасыл (“Ақиық”), Салтан Сәкендердің (“Жүрек сөзі”) қатыса алмағаны қабырға майыстырды. Қайтесіз енді… Мұрат Есжан (“Тұспал сөз”) Алматыда, Серік Мұратхан (“Көкжал”) Токиода, білесіздер. Жарайды, жиырма ауыз тәтті шай мен пиццадан ала отырып, қырық құлақ Асхаттың блогкэмп форматын түсіндіргеніне қарай түріліп, тыңдады. “Кімнен кейін кім сөйлейді”, “КИМЭП-тің әжетханасы қайда?”, “кофе-брейкте көк шалап беріле ме?” деген сұрақтар миымызда туып үлгермей жатып, жауабын беріп тастады. “Кім, кім?” Асхат! Очм, Ұлыстың ұлы күніне қарай болатын құрылтайымыз сайлаудың қарсаныңдағы перфоманс, я саяси-діни ұрандар айтылып, ұрыс-ушудан жарысатын жер емес екенін жеткізді. Бұл жай ғана блогшылардың бас қосып, презентациялары арқылы пікір алмасып, білгенімен бөлісетін жиыны. Артық ештене тілемеңіз де, күтпеңіз де…
Әрі қарай

Байқау! Байқау! Байқау!



Достар, наурыз айына жоспарланып отырған блогшылар құрылтайы таяп келеді. Егер дабай-ға қатысушы ретінде тіркеліп үлгерсеңіз, блогкэмп аясында өтетін блогшылар байқауына да қатысуға асығыңыз!!!

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

Мақсат — қазнеттің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген блогшылар қауымын ынталандыру, блогосфераның дамуына жағдай жасау;

БАЙҚАУҒА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Байқауға айына кемінде үш жазба жариялап тұратын, қазақ тілінде жазатын (немесе жазбасының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде) кез-келген блогшы қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТЫ

Байқауға қатысқысы келетін әрбір блогшы:
  • арнайы тіркеуден өтуі тиіс;
  • байқауға бір блогты тек бір ғана номинация бойынша ғана ұсына алады;
  • есесіне бір немесе одан да көп блогты қатыстырта алады;
  • сонымен бірге өзге де блогтарды ұсына алады.
Әрі қарай

Астаналық блогшылар, аттан!

“ Аттан” деп атқа қонатындай төтенше жағдай туып тұрған жоқ. Тек “ блогшылардың бабасы” дейтін Асхат Еркімбай бұйыртса, Астанада бір күн болады. Ол бір күні, ертең емес, арғы күннің ертеңі, общым7 ақпанда біздің қалада болады деседі “ Дабайликс” ақпарат агенттігі. Соған қарсы жиналсақ, бас қосып,Блогкэмптің форматын түсіндіріп берсе деп отырған ойымыз бар. Өзі де сол мақсатпен келемін деп кеше түсімде аян беріпті.
Әрі қарай

Авторлық құқық жайлы қозғалған пікірді қолдаймын


Блогшылардың құрылтайы Алматыда өтеді деген ғаламтордағы қуанышты хабар әп-сәтте жан-жаққа тарауда. BlogCamp форматында өтетін басқосудың негізгі мақсаты жүздесу, пікірлесу, сонымен қатар өзара тәжірибе-ойлармен бөлісу болып табылатыны да айтылуда. Көптің ойында жүрген дүниені іске асыру ұйымдастырушылар тарапына оңайға соқпас. Қалай дегенмен, алғашқы басқосудың орны бөлек.
Әрі қарай

Құрылтайда интернеттегі авторлық құқық мәселесі көтерілуін қалайсыз ба?

Интернеттегі авторлық құқық мәселесі туралы пікірлеріңізді білгім келеді. Осы тақырыпты көтеріп көрсек қайтеді? Құр консультация, ақыл-кеңестен гөрі нақты шешімдер шығаратын кез келген сияқты.

BlogCamp: Құрылтайда интернеттегі авторлық құқық мәселесі көтерілуін қалайсыз ба?
Сурет *ГА «Беларуская асацыяцыя журналістаў»-қа тиесілі,
Әрі қарай

Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)

Блог - Orkenegro: Қариннен қауіптенбеңіз (Блог құрылтай)Ал, ағайын, Dabai.kz жобасына келіп қалдық! Алғашқы жазбам ретінде блогымда «байқаусыз» аты-жөні аталып кеткен ағамызға тоқтала кетсем деймін. Таак, туған жылы 1976, туған жері… тууф, не айтып кеттім, Ерлан Қаринді барлықтарыңыз білерсіз деген ойдамын. Иә, ресми лауазымы — бас партиядағы жауапты хатшы, дегенмен тұла бойы қазақ деп тұрған, нағыз ұлтжанды (ұлтшыл) азамат екенін қайталап айту керек емес шығар. Сол көкеміз Жаңа жылдан кейін «жастардың атынан биылға қандай ұсыныстарың бар, қаржы жағынан көмектесіп көрейін» дегені бар ма? Әрине, көптен көкейде жүрген блогшылар басқосуы туралы айта бастап едім, бірден қолдай кетті. Бұл жерде Ерлан Қариннің қазақы блогосфераның тынысын байқап, біраз блогты (қандай екені құпия :-)) мұқият оқып жүргенін ескертейік.
Әрі қарай