Авторлық құқық жайлы қозғалған пікірді қолдаймын


Блогшылардың құрылтайы Алматыда өтеді деген ғаламтордағы қуанышты хабар әп-сәтте жан-жаққа тарауда. BlogCamp форматында өтетін басқосудың негізгі мақсаты жүздесу, пікірлесу, сонымен қатар өзара тәжірибе-ойлармен бөлісу болып табылатыны да айтылуда. Көптің ойында жүрген дүниені іске асыру ұйымдастырушылар тарапына оңайға соқпас. Қалай дегенмен, алғашқы басқосудың орны бөлек.
2010 жылғы мамырдағы «Мінбердің» басқосуында біраз блогшылармен жүз таныс болып қалып едік, ендігі кең ауқымды жиында таныстықтар артып, тағы құнды, пайдалы ақпараттарды меңгеріп, тәжірибе жинақтап жатсақ, нұр үстіне нұр емей немене?
«Мінбер» семинарының алғашқы күнінде «Интернет саласының құқықтық реттелуі», «Блогтың заңнамалық аспектілері, авторлық құқық» тақырыбында мамандар тарапынан баяндамалар тыңдаған едік. Дәл қазір сайтта «Құрылтайда интернеттегі авторлық құқық мәселесі көтерілуін қалайсыз ба?» сұрағы төңірегінде сөз қозғалыпты. Негізі, семинарда Аршат «блогтардан ұрлап, көшіріп басу» мәселесі жөнінде сұрақ өрбіткен де еді. Шыны керек, аса мардымды жауап берілген жоқ. Өз басым, тамыз айында аймақтағы облыстық «Дидар» газетінен блогымда жарияланған «Гүлдер сыры» /газетті сақтап қойып едім, өкінішке орай кеше үйден таппадым/, Шымкент қаласынан шыққан «Тылсым дүние» газетінде «Жұлдыз-жорамал», «Ақ қоян жылы не сыйлауға болады» атты материалдарды сөзбе –сөз көшіріп басқанын көрдім /Ақзере салып жіберді/. Аталған мәліметтерді орыс тілді сайттардан аударғаным жайлы блогымда сілтеме де көрсетілген. Ал көшіріп басушылар оны өз газеттеріне сілтемесіз-ақ жариялаған. Бұл жайт басқа да блогшылардың басында бар. Не деуге болады? Меніңше,құрылтайда көтеретін мәселелер тізіміне міндетті түрде енгізілуі тиіс.
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
кезінде Арулар сайты осындай мәселелермен жабылып қалған еді. сен жеке кайф үшін ерінбей еңбектеніп материал жазасың, ал оның қызығын айдаладағы журналист көреді.

авторлық құқық қорғайтын бір орталық ашылуы керек, мұндай "ұрылармен" басқаша күрес мүмкін емес.
gerakl
Нұр Отанның өкілдері де қатысады деп естідім құрылтайға. Солар арқылы бұл мәселенің шешімін табуға жол ашу қажет.
Malimetter
Аиртуалды орталық қажет. Және ондай жағдайларды аяқсыз ақлдыра самай, заңды жолмен шешуге тырысу керек.
urimtal
Кеше Интернеттегі авторлық құқықты қорғау тақырыбын Интернет Қауымдастығы ұйымы көтеріп жатыр еді. Олардың қандай ұсыныс әзірлеген әзірге біле алмай отырмын.

Жеке өзіме америкадағы DMCA (Digital Millenium Copyright Act) жүйесі ұнаған. Бізге бірақ оны сіңдіру үшін біраз заңға арнайы түсініктер енгізу керек болады екен.
muza
Казир негизинде бизде кобинесе авторлык Кукык дегенде Эстрада аншилеринин андери гана соз болады.Ал кол жазба немесе блог жазушылар.Жас акындар мен жазушылардын каншама кунды жазбалары апталык газет беттеринде жарияланып жатады.Анши акша ушин десек блогшы мадениет ушин куресип журген болар менин тусинигимде.
muza
DMCA-ga biraz uakit kerek siyakti.
urimtal
Біздің құқықтық жүйе әзір бұған жете қоймағаны анық. Бірақ дұрыс жүйесі сол сияқты.

Түптің түбінде дәл қазір блогшыларға қатысты мәселенің бәрі журналистер (редакция, баспахана т.с.с.) арасындағы құқықтық сауаттылыққа келіп тіреліп тұр. Егер бір газет пен блогшы арасында соттық инцидент немесе соған жете қабыл бірнәрсе болса, бәлкім басқаларына сабақ болар ма еді. Журналистер блогтардан ғана емес, бір бірінің газетінде шыққан мақалаға да «жиендік» жасағанын көріп жүрміз.

Блогшылардың заң алдындағы мәртебесі нақты болмағандықтан ол кезде де блогшы ұтылып қалуы мүмкін. Себебі қазіргі заңдағы «барлық Интернет ресурс — БАҚ» деген түсініктің өзі бұлыңғыр ғой.

Бұйыртса, Блог Құрылтайға Мұрат Әбенов, ҚР Парламент мәжілісі депутаты қатысамын деп тіркелді. Презентациясының тақырыбы да осыған арналған. Егер біздің тарапымыздан бірлескен бір ұсыныс болса, онда интернеттегі жазбалардың заң алдындағы мәртебесін бекіттіріп алуға болады. Сосын интернет контенттегі авторлық құқықтың қорғалуын қадағалайтын, кеңес беретін орталық болса құба-құп.

ал DMCA-ға ұқсас жүйе жұмыс істеуі үшін Қазақтелеком монополиясынан айырылыуы тиіс. Сол кезде провайдерлерге жауапкершілік жүктелмек. Бірақ қазіргі кезде әрбір шалт қимылып бақыланып отырған саяси жүйеде бұған жол беріле қоймас…

@muza Түркияда бұл мәселе қалай жүйеленеді екен? Білгенің бар ма?
muza
digital millennium copyright act негизинде Клинтоннын америкалык блоггерлер мен тагыда коптеген акпарат алмасушылар мен таратушыларга ен улкен сыйлыгы болса керек.иа авторлык кукык кай елге болмасын кай когамга болмасын керек-ак.Бирак шектен шыкпайтын жагдайда демократиянын олшемдеринде жузеге аскан кезде гана.digital millennium copyright act оте танымал бир уйым.Ал одан караганда EUCD, European Union Copyright Directive улкен бир уйым болсада жасап жаткан ис шаралары коп козге илине бермейди.

Туркияда накты медиада кандай авторлык кукык жобасы бар екенин дал кесип айта алмайм.Ал козбен корип жургендеримнин кобинде газетте, интернет беттеринде, блогтарда китаптарда миндетти турде силтеме турады.Жане де ен жаксы коретин бир жайтымда форум беттеринде «Маган курмет корсетпесенде енбегимизге курмет корсет, акпаратты болискен кезде силтеме беруди умытпа» деген кагида бар.Меннше оте керемет нарсе…

Ал бизге келер болсак.Ондай бир уйымнын дал казир курылганы оте дурыс болар еди.Ен жок дегенде бастамасы басталса жалгастырушылар табылар еди.Мысалга digital millennium copyright act кандайда бир сайттагы акпаратты алып тастауын отинсе накты далелдер аркылы ол сайт админи немесе сервердегилер ен коп бир куннин ишинде алып тастайды.Амир кузиретти жерден дегендей :)

Ерлан Карин Давай деп турганда давайлап калу керек… Мундай сат кунде туа бермес…
muza
bul jakta arnauli sandik juiedegi materialdardy korgaun zani jok birakta avtorlyk kukik zani jaksi bekitilgen eken…
Malimetter
Мұндай жағдай тек газеттерде емес, Интернет-ресурстарда да көптеп кездеседі. Мұртын балта шаппайтынын білетіндер әкесінің фотоальбомынан алғандай етіп тұрып шетелдік агенттіктердің фото-материалдарын пайдаланады. Шетелдіктер қазақтілді сайттарды тіміскілеп жүрмейді ғой.

Мынадай заңбұзарлардың әкімшілік жазаға тартпаса, ойына келгендерін істейді.
Malimetter
Кей адамдар осы авторлық еңбектің ұрланғанын айтсаң, «Не болды сонаша? Жадный» дегендей бүртие қалады. Ал өздерінің адал еңбектерімен жазған дүниелеріне басқа адам қожайын болса, өздері де шу шығарады. Сол үшін, авторлардың ауызбіршілігі керек. Сиырдың басына туған күн бұзауға да туады. Интеллектуалды еңбектерді бірге қорғау керекпіз.

Біздің қоғамда «тек қолға ұстап көретін заттар ғана біреудің меншігі болады, ал қалғандары меншік емес» деген надан түсінік бар. Электронды түрдегі ақпараттар мен сол типтес еңбектерді ұрлау, заңсыз иемденіп кету дегеніңіз қалыпты жағдай сияқты.
Malimetter
Тоты, қазір ғана газеттің редакторымен телефон арқылы сөйлестім. Есімі Талғат екен. Өте ұят болғанын айтып, кешірім сұрайтындығын жеткізді. Аталған гезіттің редакторы қызметкерлерінен ақпараттың сілемесін талап еткендігін айтты. Бірақ қызметкерлері «көп сайтта жүр ғой, авторы қайсысы екенін кім білсін?!» деген жауап айтыпты.
Мүікін, ол кісі сіздің өзіңізбен электронлы пошта арқылы хабарласып та қалар.
Bekjan
Бұл жерде журналистік этика мәселесі қозғалу керек… Негізі бізде журналистика дегенің жауапкершілігі туралы, журналистикалық этика туралы оқытылмайды ма деймін…

Журналистік бұқаралық ақпарат құралдарында жазып жүргендіктен, оның достарымен, көршісімен болған жаңалықтары, пікірлері бөлек те, басылымның бетіне шығаратын мақаласындағы пікірлер бөлек болуы керек… Себебі бұл жерде журналис тарапсыз адам, ол қолға алған ақпаратын, өзінен ешнәрсе қоспай, тарапсыздық таныта отырып жеткізуі керек… Бір ақпаратты бергенде, ол ақпаратқа байланысты жақтардың барлығын ойларын, пікірлерін қамтуы керек…

Сол сияқты, өзі жазған мақалалардындағы фактілердің, дәйектердің алынған жерін әрдайым көрсетіп отыруы керек, құрымағанда қайдан алғанын өзі білуі керек… Елдің базардағы өсегін факті қылып көрсету бөлек, ресми бір ақпарат көзінің факті бөлек… Сондықтанда мақаласындағы мәліметтерге байланысты ақпаратты сол мақаланың ішінде көрсетіп отыруы керек… Оқырман, мақаладағы ақпараттың өтірік шынына көз жеткізгісі келсе, немесе өз көзімен көріп, зерттегісі келсе ол фактінің қайнаркөзі туралы ақпаратты сол мақаладан алып отыру керек…

Бұндай нәселерді орыс тілді басылымдардан кездестіресің, бірақ қазақ тілді басылымдарда көп көрмейсің..Қазақ журналистері қоғамда болып жатқан оқиғаны жеткізген кезде, көбінесе сол оқиға байланысты өзіңің өткір пікірін жазуға тырысады… Ал маған оның пікірі керек жоқ, маған оқиғаның детальдарі керек… Оқиғаға қатыстықты жақтардың ой пікірі, позициясы керек… Мысалға… Журналис қауымы маған ренжімесін… :)
Abilakim
Журналисттерді оқытқанда бейтарап пікірді жазу оқытылады.Оны көбіне сақтай бермейтініміз де шындық.