Блоггинг бар жерде Blogcamp бар

«В начале было Слово» дегендей, әуелі қазақша блогтар пайда болды. Содан кейін барып, «Блогқұрылтай» дүниеге келді. Дегенмен, алдымен сол әуелімізге оралып алсақ.
Тарихқа 5-6 жыл артқа шегініп үңілер болсақ қазақ блогшыларының небір жауһарларына тап боларымыз сөзсіз. Әрнені бір шалатындар да, тақырыптық блогтар да болды сол дәуірлерде. Бір қарасаңыз қызығушылықтары бір жерде тоқайласқан 100-200 адам бас-басына блог ашып алып, бір-бірінің жазбаларын оқып, бірі екіншісіне пікір қалдырып кетіп отырған сыңайлы. Иә, бір қарағанда расымен солай.
Әбіләкімнің  ауылы: Блоггинг бар жерде Blogcamp барОсы ат төбеліндей топтың арасынан ара-тұра болса да саяси жазбалар жазатын блогшылардың шығуы да заңды еді. Араға «Азаттық радиосы» килікпегенде ит үріп, керуен көше берер ме еді кім білсін… Бұл радио «Балағының биті бар» блогшылардың жазбаларын өз сайттарына сала бастады. Әрине, жазба авторларының келісімімен я болмаса түпнұсқаға сілтеме көрсету арқылы жариялап отырды. Осылайша блогшылардың жазғандары өз орталарынан тысқары ортаға жете бастады. Тіпті, блогшылардың жазбаларының басын біріктіріп, шағын кітапты да жарыққа шығарды.
Әрине, кейбір блогшыларға бұның ұнамауы мүмкін емес еді. Ол қанаттанып, келесі жолы одан да мықты жазба салуға тырысқан болар. «Казкомерцбанктың» қазақ тіліндегі жарнамасы жайлы жазбам «Азаттықтың» сайтына шығып, банк қызметкерлері хабарласып, жарнама алынғанын көрген кезде расымен қуандым. «Блог арқылы көп шаруа тындыруға болады екен ғой» деген ой бір менің ғана басыма келмегеніне мен кепіл.
Осман империясының гүлденген шағындай осыбір кезеңдерде қазақ блогшылары «Blogcamp» ұйымдастырды. Блогшылар ешкімнің сойылын соқпайтын бейтарап жандар болғанымен тысқары күштер блогшыларды «рычаг» ретінде пайдалану жоспарына кірісіп кеткен еді…
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын замандар» кете бастады. «Азаттық» байқап үлгерген қазақ блогшыларын билік бас-көзсіз жіберіп қоймасы анық. Солай болды да. Блогшылардың блогына барар жолдарын шідерлеп тастады. Екі-үш жыл әрбір жерде жазып жүрген белсенді блогшылар вордпресс қайта ашылған кезде баяғы қарқынын жоғалтып алған еді. Бұған жанама себеп, блогшылардың басқа да қазақша блогтұғырнамаларға жазба жаза бастаулары десек те қателеспейміз. Бірақ, сынған айнаны қанша жерден жамасақ та сынығы білініп тұратыны белгілі емсе пе? Бұл жерде де тура сондай жағдай орын алды. Интернет әлеміндегі кез-келген парақшалар, сайттар БАҚ айналып шыға келгенде блогшылардың тартынбай қалатындай жөні жоқ еді.
Тауықтың кімнің тарысын жесе соның қорасына жұмыртқалайтынын негізге алған ресми орындар блогшыларға дмеушілік танытуды шындап қолға алды. Блогқұрылтайларға демеуші бола бастады. Қанша жерден билікке басжібімізді бермейміз дегенімізбен, демеуші тарап та өз мүдделерін алға тарта бастады. О бастағы блогшылар жиыны, мақсаты мен мүддесі жолда қала бастады. «Куда ты денешься когда разденешься» деген орыстың нақыл сөзі шынға айналмасына кім кепіл? «Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» демекші дәл қазір «Сарай блогшысы» болудың аз-ақ алдында тұрмыз.
P.S. Қызылорда облысының әкімдігі: «Келесі жылғы блогқұрылтайда жүздескенше достар!»

Биыл кие жаздаған футболкаларыңызды бонус деп қабылдаңыздар
Әрі қарай

Нельсон Мандела: "Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді."

Өмірбаян: Нельсон Мандела: Ұмыта алмаймын, бірақ кешіруге шамам жетеді.ОАР-ның бұрынғы президенті, 94 жаста, Йоханнесбург

Мен жайлы бір адам: «Туғанында ол Ролихлахла-«қалтылдаған ағаш» деген есімді иеленді, кейін Нельсон Манделаға айналып, әлемді солқылдатты» депті. Менен құдай-адам жасамақ болатын әрекеттерді ұнатпаймын. Мені де «өз әлсіздіктері бар Мандела» ретінде білгендерін қалаймын.
Менің елімде, алдымен түрмеге отырады, сосын президент болады.
Мен жете ұққан бір нәрсе: Ерлік — қорқыныштың шетте қалып қоюы емес, сол қорқынышты жеңу. Ерлік жасаушы-ештеңеден қорықпайтын адам емес, сол қорқынышымен күресе білетін жан.
Әрі қарай

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!



Құрметі сайттастар, ұлттастар!

Ежелден еркіндік аңсаған халқымыздың негізгі, бас мерекесі құтты болсын. Тәуелсіздік чемпиондық атақ сияқты. Біреуге оңай, біреуге қиын жолмен келеді. Қалай келгенде де оны сақтап қалу ең қиыны. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен админдерің.
Әрі қарай

Өзгенің көзімен қарау

Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Әрі қарай

"Азаттық Радиосы": Блогшылар құрылтайы туралы



пысы. Мақпалдың ұйытқы болуымен «Азаттық» радиосы да ақпараттық демеушілеріміздің қатарынан табылды. Құрылтайдан тікелей хабар таратқан Мәди мен Артурға үлкен алғысымды білдіремін. «Азаттықтың» қара дорбасының ішіндегі Абайдың қара сөздері CD дискісі мен Блогстан кітапшасы маған тимей қалды. Біреу-міреуде артығы қалмады ма?
Әрі қарай