Блоггинг бар жерде Blogcamp бар

«В начале было Слово» дегендей, әуелі қазақша блогтар пайда болды. Содан кейін барып, «Блогқұрылтай» дүниеге келді. Дегенмен, алдымен сол әуелімізге оралып алсақ.
Тарихқа 5-6 жыл артқа шегініп үңілер болсақ қазақ блогшыларының небір жауһарларына тап боларымыз сөзсіз. Әрнені бір шалатындар да, тақырыптық блогтар да болды сол дәуірлерде. Бір қарасаңыз қызығушылықтары бір жерде тоқайласқан 100-200 адам бас-басына блог ашып алып, бір-бірінің жазбаларын оқып, бірі екіншісіне пікір қалдырып кетіп отырған сыңайлы. Иә, бір қарағанда расымен солай.
Әбіләкімнің  ауылы: Блоггинг бар жерде Blogcamp барОсы ат төбеліндей топтың арасынан ара-тұра болса да саяси жазбалар жазатын блогшылардың шығуы да заңды еді. Араға «Азаттық радиосы» килікпегенде ит үріп, керуен көше берер ме еді кім білсін… Бұл радио «Балағының биті бар» блогшылардың жазбаларын өз сайттарына сала бастады. Әрине, жазба авторларының келісімімен я болмаса түпнұсқаға сілтеме көрсету арқылы жариялап отырды. Осылайша блогшылардың жазғандары өз орталарынан тысқары ортаға жете бастады. Тіпті, блогшылардың жазбаларының басын біріктіріп, шағын кітапты да жарыққа шығарды.
Әрине, кейбір блогшыларға бұның ұнамауы мүмкін емес еді. Ол қанаттанып, келесі жолы одан да мықты жазба салуға тырысқан болар. «Казкомерцбанктың» қазақ тіліндегі жарнамасы жайлы жазбам «Азаттықтың» сайтына шығып, банк қызметкерлері хабарласып, жарнама алынғанын көрген кезде расымен қуандым. «Блог арқылы көп шаруа тындыруға болады екен ғой» деген ой бір менің ғана басыма келмегеніне мен кепіл.
Осман империясының гүлденген шағындай осыбір кезеңдерде қазақ блогшылары «Blogcamp» ұйымдастырды. Блогшылар ешкімнің сойылын соқпайтын бейтарап жандар болғанымен тысқары күштер блогшыларды «рычаг» ретінде пайдалану жоспарына кірісіп кеткен еді…
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын замандар» кете бастады. «Азаттық» байқап үлгерген қазақ блогшыларын билік бас-көзсіз жіберіп қоймасы анық. Солай болды да. Блогшылардың блогына барар жолдарын шідерлеп тастады. Екі-үш жыл әрбір жерде жазып жүрген белсенді блогшылар вордпресс қайта ашылған кезде баяғы қарқынын жоғалтып алған еді. Бұған жанама себеп, блогшылардың басқа да қазақша блогтұғырнамаларға жазба жаза бастаулары десек те қателеспейміз. Бірақ, сынған айнаны қанша жерден жамасақ та сынығы білініп тұратыны белгілі емсе пе? Бұл жерде де тура сондай жағдай орын алды. Интернет әлеміндегі кез-келген парақшалар, сайттар БАҚ айналып шыға келгенде блогшылардың тартынбай қалатындай жөні жоқ еді.
Тауықтың кімнің тарысын жесе соның қорасына жұмыртқалайтынын негізге алған ресми орындар блогшыларға дмеушілік танытуды шындап қолға алды. Блогқұрылтайларға демеуші бола бастады. Қанша жерден билікке басжібімізді бермейміз дегенімізбен, демеуші тарап та өз мүдделерін алға тарта бастады. О бастағы блогшылар жиыны, мақсаты мен мүддесі жолда қала бастады. «Куда ты денешься когда разденешься» деген орыстың нақыл сөзі шынға айналмасына кім кепіл? «Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу бір пәсте» демекші дәл қазір «Сарай блогшысы» болудың аз-ақ алдында тұрмыз.
P.S. Қызылорда облысының әкімдігі: «Келесі жылғы блогқұрылтайда жүздескенше достар!»

Биыл кие жаздаған футболкаларыңызды бонус деп қабылдаңыздар
Бөлісу:

3 пікір

Gastarbaiter
Ептібайымайыд-ай десейш, Билік адамдарының «отработанный» жақсы әсер тудыру техникасы бар және қамшы мен пірәндігі әрқашан дайын тұрады. Сарай интригаларынс… мен де сағынамын сол күндерді. Бірақ сол билікке жақындаған амиголар, құр айтқанға еріп, бас шұлғып, сарайдың әнін сала бермей, өз дегендеріне билікті ықтырып, көндіре білсе, азаматтық қоғам құрғысы келетін ел үшін ол да бір жетістік емес пе?
«Тұтқалы адамдар қатардағы блогерлерге құлақ түрді» немесе «билік блогерлермен санасты» деп ақтаймыз өзімізді, егер санасса. Керісінше болып кетсе, қалай ақталарымызды.
Соңғы түзету: