Өзгенің көзімен қарау

Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Бұл жалғыз Азаттық Радиосына ғана тиесілі емес. Қай жерді оқып шықсаң да (пікірлерін) мақалаға байланысты тек тура пікірлерді байқайсың. Бәрі бірдей демей ақ қояйын. Арасында өзгеше пікірлер де кездеседі. Абай.кз мен Масада, Намыста, Жастарда — қай-қайсында болмасын осындай ауру бар. Тіпті, осында — керекке де сондай ауру еніп кеткен секілді көрінеді маған. Біреу пост жазады. Астындағы комментерді оқысаң барлығы қостай кеткен. Бәрі бірдей емес енді. Гастарбатыр, Сатыбалды, Асаубота сынды ардагерлер шынайы өз ойларын жазады. Міне, маған осындайлар ұнайды. Сәл қарсы пікір жазып қалса бет алды минустап тастайтындар бар(әзірге ешқандай рейтинг уқалаудың белгісі жоқ. минус дегенді ұнамайды деп түсінем қазір). Барлығы бірдей пікір ұстануы керек емес қой.

Бірді айтып бірге кетіппін. Мен бұны біреуді түзейін деп, не осыдан кейін бірнәрсе өзгереді деп жазбадым. Жай ғана ойым. Мүмкін қате де шығар
Бөлісу:

62 пікір

sigma
Осы Стингтің не үшін келмегені туралы жеке сайтындағы жазылымға қарап ойлап отырмын. Неге тап сол мұнайшылар көтерілісі, неге сол ереуілші мұнайшылардың жағдайы, неге сол мұнайшылардың қатын-баласының жағдайы?
Адамдарды иіріп ереуілге шығаратын аштық, жыртық жалаңаштық  Аш-жалаңаш мұнайшы ақылыма қонбайды. Неге мұғалыімдер, дәрігерлер шықпайды ереуілге? Негізі жалпы жағдай мәз боларлықтай емес қой.
Бір күш бар сияқты қозғаушы, сол күштер Стингті келтірмеген болар.

Менің жеке ойым, осылай ойлаңдар деп ешкімді мәжбүрлемеймін, осылай ойламағандарың үшін ренжімеймін.
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 10:43
konvict
Менде солай ойлаймын. Ереуілге бір шығар болса мектептегі техперсоналдар мен медсестралар шығар еді ғой
Economist
@sigma Стингтің келген-келмегені туралы емес, басқа нәрсе туралы айтқым келеді. Аш-жалаңаш мұнайшы ақылыма қонбайды, депсіз. Бірақ дәл қазір екі мыңнан астам ереуілдеп жүрген мұнайшылар қара жұмысты істейтіндер. Ал одан жоғары алатындар тып-тыныш отырған шығар. Егер шынында 100 мыңнан аса айлық алатын болса көшеге шығып несі бар. Алатындары керемет деп, орташа жылдық жалақыны көрсетеді. Оған басшыларының алып отырған ақшасы да кіріп кетеді. Бұрын Өзендегі екі бухгалтерия туралы оқымадыңыз ба? Жұмысшылар үшін бір және жоғарыдағылар үшін екі жүргізілетін? Асып кеткенде бала-шағасынан, жылы үйінен асып 15 күн бойы айдалада 40 градус ыстықта, аңызақ желде жүріп тапқаны айына 80-90 мың. Экологиясы тағы бар. Менің де туыстарым істейді сол жұмыстарда. Ал солар өндіріп жатқан мұнай бүкіл қазақтың ырысы ғой. Тапқандары бұйым да болмайды. Маңғыстауда продукты қымбат. Киім-кешек бар. Кемінде 5 баладан болатын бір отбасыға отағасы тапқан осы ақша қай жыртығын жамайды?
sigma
Шынымен аш-жалаңаш жүрген мұнайшы жоқ, сіз былай депсіз:
Бірақ дәл қазір екі мыңнан астам ереуілдеп жүрген мұнайшылар қара жұмысты істейтіндер.
Асып кеткенде бала-шағасынан, жылы үйінен асып 15 күн бойы айдалада 40 градус ыстықта, аңызақ желде жүріп тапқаны айына 80-90 мың.

Міне өзіңіз ойланып көріңізші. 80-90 болмасын 70 мың алсыншы сол жұмысшылар, бұл айтып отырғаныңыз 15 күннің ақысы, тіпті бір айдікі бола қойсыншы. Бірақ олар қара жұмысшы ғой, еш білімдері жоқ, болса да пайдаға асыра алмай жүргендер ғой. Мысалға мектеп мұғалімі, дәрігер осындай жалақы алады ма? Әрине алмайды сонда олар ереуілге неге шықпайды?
Economist
Мұғалімдермен неге салыстырасыз? Түсінбеймін. Егер олар шыққысы келмесе қажеттілік жоқ шығар?! Ал бұларда мотив бар. Қара жұмысшы деген солар бүкіл Қазақстанды асырап отыр, ана білімдері тасып кеңседе отырғандар солардың арқасында шалқып отыр. Тіпті хатшысына дейін, хотя білімі іс жүргізу. Әділет қайда? Білімі жоқ екен деп төмен жалақы алуы керек пе? Бар тағар мін сол ма?
sigma
Дайвай онда сол қара жұмысшыларға, көп ақша берейік те, дипломды жұмысшыларға төмен төлейік. Себебі олар кеңседе отырады, сплит, ең ауыр жүгі номеклатура папкалары болар. былайғы уақытта клавиатура тықылдатқаннан басқа жұмыстары жоқ.
Кішкене ойлан сайшы, дене еңбегі мен ой еңбегінің ара жігінің қандай екенін.
Қара жұмысшы деген солар бүкіл Қазақстанды асырап отыр
асырап отырған жоқ.
Әркім өз деңгейіне қарай жалақы алу керек.
Economist
дене еңбегі мен ой еңбегі ара жігін білемін. Әңгіме дене еңбегінің қандай деңгейінде жұмсалатындығы. Жақсы дене еңбегі дейік, сонда денсаулықты құртып жасағаны тиын-тебен үшін бе?
sigma
Жалпы оқымаған адам жетекке ергіш болады, соның ішінде бұрыс ақыл берушілерге.
Себебі оң солын ажыратуға сауаты жетпейді. Төбелес құмар болады. Ол ереуілді біреулер ұйымдастырып тасада қалған болар.
Economist
Сигма, нақты жағдайды сіз нақты білмейсіз. Сондықтан оқымаған деп өз болжамыңызды жасамай-ақ қойғаныңыз дұрыс. Сізге ұсыныс, бір апта солардың ішінде болып келіңіз. Басқа ештеңе де сұрамаймын. осымен сөз тәмам болсын.
sigma
Мен де Сізді түсіндім, осы арадан қоя салайық
konvict
Сигма дұрыс айтады Экономист. Атыңа затың сай болса білетін шығарсың мемлекет қаржысының қайнар көзі салық. Ал, сол жұмысшыларға қандай салық салынады екен? Менің де алыс туыстарым мұнайда істеп келді. Біреуі білімді еді. Айына төрт жүз мыңдай алады. Үшеуінің білімі мектептен кейін жоқ тұғын. Тиісінше сексен мың алды. Әділетсіздік пе? Жоқ! Әділетті! Себебі — білім!
Economist
Конвикт, әркімнің өз пікірі бар. Жағдайды біліп отырған соң мен үндемей қалуды өзіме ар санадым. Сенің туыстарыңның мектептен кейінгі білімі жоқ болса, менікілердікі бар. Саған да айтар жауабым, мұнайшылар қасында бір апта болып кел. Содан кейін пікір айтарсың. Ок?
sigma
Бар білімін пайдасына асыра алмай қара жұмыс жасап жүргеніне кім кінәлі сонда. Былайша қарағанда 15 күнге 80-90мың дегенің біраз ақша, демалған күндерінде басқа жұмыс жауаына ешкім кедергі жасамайды ғой.
Дипломым пайдаға аспай қалған күні барармын жер қазуға.
konvict
Біздің ауылда әкімшіліктің полын жуатын кісі бар. Айлығы 17 047 теңге. Төрт-бес баласы бар. Үлкен екі қызын ұзатты. Бірақ, сол кісінің ақша жоқ дегенін, ашпыз дегенін көрмеппін
KeSHa
Гастарбатыр, Сатыбалды, Асаубота сынды ардагерлер шынайы өз ойларын жазады.
Қалған гамбургерлер өзгенің өтірік ойларын жаза ма, сонда?
konvict
Очм, түнде кеш отырып пост жазшы өзің
edige
«Менің керекте түнде жазған постым көп, ал айлығым аз» деген жұмысшыдай шықты
Beytanis
Керекинфода «кәсіподақ төрағасын» сайлау керек, осындай мәселелермен айналыссын.  ---
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 16:43
TERISKEY
Әбеке, еліктеушілік жаман қасиет иә?
Пікір түзетілген: 6 шілде 2011, 12:12
meirzhan
Әрине пікір алуандығы болған жақсы ғой. Бірақ көпшіліктен басқа пікірде боламын деп, көпшілік пікіріне қасақана қарсы шыға беру де онша дұрыс емес.
Gastarbaiter
"Әрине пікір алуандығы болған жақсы ғой. Бірақ көпшіліктен басқа пікірде боламын деп, көпшілік пікіріне қасақана қарсы шыға беру де онша дұрыс емес. "

Қарсы шыққаннан бұрын, айтылмаған, қозғалмаған тұстарын, ескерілмеген ньанстарын аша көрсету де болады. Кейбіреулер оны жеке жақтырмаушылық деп түсінеді.
meirzhan
Сондықтан қозғалған тұстарын мақтай отырып, ескерілмеген, қозғалмаған ньюанстарын да айта кету керек. қамшы мен пряндік сияқты.
konvict
Пост басында басқа мақсатпен басталып еді, аяғы невтему керекке кіріп кетіпті ғой. Түнде жазғанның кесірі осы
meirzhan
Бәріне Стинг кінәлі.
konvict
Айтпа, менікі тв бізге нені жақсы көрсетеді — сол бізге жақсы, нені жамандайды — сол жаман деген ойды айту еді, қуып кетіппін
meirzhan
Ол қоғам санасын басқару деп аталады. БАҚ-тың күші. Блог та БАҚ-қа жатады. Демек блогшы да қоғамдық пікірді жасақтауға кірісе алады.
konvict
БАҚ-ты бекерден бекер төртінші билік демейтін шығар. Сол төртінші билік дұрыс нәрсені санаға енгізсе, қайдағы жоқты тықпаламай
meirzhan
БАҚ-тың өзі көп нәрселерге (билік, оқырман талғамы) тәуелді ғой. Қазіргі Қазақстан БАҚ билік құрсауында. Жалпы абсолютті тәуелсіз БАҚ-тың болуы мүмкі н емес сияқты. Бәрібір тәуелді болады, бәрібір ақпаратты керекті формада береді, бәрібір қайдағы жоқты тықпалауға мәжбүр болады. Бар үміт тек оқырман санасында. Қазіргі оқырман саралау қабілеті төмен сияқты. Сондықтан олар шайнап беретін аналитикалық материалдарға зәру.
VKM
Жалпы пікіріңе қосыламын.Бірақ 3 адамнан басқасының өз сөзі жоқ дегенге келіспеймін.
konvict
сынды ардагерлер
деген сөзді сіз үшін арнайы қарайтып қойдым
asaubota
мен Стингтікі дұрыс я бұрыс демеймін. ол енді оның өзінің жеке көзқарасы. біздікілер келесіде мұндай көзқарастағы адамды шақырмайды, жақсы сабақ болды.

айтпақшы Азаттықты көп оқи берме, пиғылдары белгілі БАҚ қой
edige
Тіпті, осында — керекке де сондай ауру еніп кеткен секілді көрінеді маған. Біреу пост жазады. Астындағы комментерді оқысаң барлығы қостай кеткен.
Сіздің түпкі ойға жетпей жазатын посттарыңызға /айып етпеңіз мәртебелі/ ештеңе жазбай да өтетінім сол… Барлық жерде емес бірақ…

Ал қарсы камент жазғандардың барлығын «аса ақылды», "өз ойын жеткізді" деп те айта алмаймын
Пікір түзетілген: 7 шілде 2011, 12:09
Meru
Шынайы/өтірік жазып, қолпаштаса/даттаса да әркім өзі біледі, біреуден екіншісін ақылды/ақымақ деп санау бекер Пікір шынайы ойын білдірмеуі де мүмкін))
Ottegin
Қарап отырсақ, қазақ жұмысшыларының, кәсіпқой жұмысшыларының өз өмірін материалдық тұрғыдан жақсартуға тырысуы кейбір керекшілердің қотырына себілген тұздай екенін көреміз, "қара жұмысшы, қара жұмысшы",-деп қарғаша шулағандарды түсінбеймін, "Қазмұнайгаздың" орталық офисінде "қызмет" істейтін, "қызмет" болғанда, тек қана «жалаумен» айналысатын, сол үшін 200 мың теңге жалақы, 600 мың теңге «демалыс» ақшасын алатын қызметкерсымақтарды жеке танимын
Ottegin
Стингтің келмегені-оның аптариқат жинағаны деп білетіндерге: өз елінде тұрмақ түгіл, біздің елде де Стингті білмейтін адам аз шығар, соған қарағанда, оның арзанқол аптариқат жинау үшін концерттен бас бас тартуы екі талай, ал біздің атқамінер «жалағыштардың» ойлап таппайтыны жоқ, солардың бірі идеяны тастаған болуы керек, а тут обломОрыстың Киркоровы емес қой, дегенмен
meirzhan
Жалпы бұл сайтта пікір-алуандығының аз екенін дұрыс байқадың. 1-2 адамның айтқан пікіріне көбі еріп кетеді. Өздері де бұны байқамауы мүмкін. Сірә, бұл жеке пікірдің болмауынан емес, корпоративтік рухтан болар.
Beytanis
Себебі неде деп ойлайсың?
meirzhan
Себеп — көшбасшылықта шығар. Мысалы, 1-2 тілі ашты блогшы постқа кекеткен коммент қалдырса, Кейінгі комменттер соған ұқсап кетеді. Әсіресе жаңа блогшылардың посттарында сондай жағдайлар болып тұрады.
Ымырашылдықты көбі бұзғысы келмейді. Тыныш жүре берейік деп.
Және де көпшілікке қасақана қарама-қайшы пікір жазатындар да бар. Олар сөйтіп өз пікірі жоқ, өз «мені» жоқ адам болып кетуі мүмкін. Объективті болуға тырысқан жөн. Бірақ адам табиғаты сондай, ол әрқашан кішкене болсын субъективті.
Beytanis
Пікіріңе рақмет!
Abilakim
Өзгенің көзімен қарау дегеніңіз-біреудің линзасын киіп айналаға қараумен тең. Ал, киіп алған линзаңыздың сізге дәл келмеу мүмкіндігі көп
VKM
Білмим. Маған ұнаса, жақсы деп жазамын(сатыпалды мазақтайды сондайда). Ұнамаса-ұнамайды деймін де, тағы пәлеге қаламын.
Өзімнің ойлауымша объективті қараймын
Beytanis
Пікіріңе рақмет!
meirzhan
«Объективті қараймын» деген субъективті пікірің.
VKM
хехе)
Beytanis
Венераға айтар бір нәрсем: Ол көп мәселеге жеке басымен салыстыра отырып баға береді. «Менде былай, оларда былай екен, иә....» дегендей боналды таңғалыс көп болады. Ренжіме, жаман пиғылым жоқ.
meirzhan
Негізі көп адам солай ойлайды ғой. Көйлекті бірінші ойша өзіне кигізіп көреді. Бірақ әркім ойындағысын ВКМ сияқты саф қалпында жаза салмайды.
VKM
Все познается в сравнении дегендей.салыстырып отырып,өзіме жаңалық ашсам, жаман емес қой.Мүлдем білмегеннен жақсы) меніңше
Beytanis
Венера алдыңда жуан мен жіңішке тұрса, қайсысын таңдайсың?
VKM
жуан мен жіңішке
не? Адам? Ағаш? Мал? Әріптер?
meirzhan
Абстракциялық сұрақ қоюдың шебері
VKM
Онда жуан:
1. Мал болса, еті жақсы
2. Ағаш болса, көп жылдык. Жемісі көп
3. Адам болса-дооообрый)))
4. Әріп болса, дауыс қатты шығады
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 16:15
Beytanis
Онда жуан:
1. Мал болса, еті жақсы
2. Ағаш болса, көп жылдык. Жемісі көп
3. Адам болса-дооообрый)))
4. Әріп болса, дауыс қатты шығады

Мал «жуан» болмайды, семіз, қоңды болады.
Ағаш мәселесіне дау жоқ.
Адамның жіңішкесі де доооообрый болуы мүмкін.
Әріп емес, дыбыс деші.

Abilakim
Жіңішкенің «добрыйының тірі мысалы Патик қой
VKM
Негізі көп адам солай ойлайды ғой. Көйлекті бірінші ойша өзіне кигізіп көреді. Бірақ әркім ойындағысын ВКМ сияқты саф қалпында жаза салмайды.
Мейржан, рахметии.Мақтағанды жаным жақсы көреді
meirzhan
негізі мазақтаған болып көрінген шығармын. бірақ ондай ойым болған жоқ.
себебі позитив ляляля
Beytanis
Мақтағанды кім жек көреді?! Даттағанды кім жақсы көреді?!
Gastarbaiter
Еее, сөйтіп тағы бір күнді ля-лямен өткіздіңдер))