Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі

«Бізде шоу-бизнес жоқ, бәрі той бизнеске айналып кеткен © Қазақ қоғамы»

Блог - Ispek92: Twitter желісіндегі жұлдыздардың сауаттылық деңгейі
Бізде әупірімдеп, сүйретіліп келе жатқан шоу-бизнес бар. Шоуын қайдам, бизнесін керемет дамытып жатыр…
«Ән мен атақтың жолында күнін де, түнін де қаладан-қалаға жетумен өткізетін жұлдыздарымыз кітап оқи ма екен осы?» — деген ой келеді. Оқитын шығар… ұшақта, пойызда уақыт табуға болады.
Уақыт демекші, жұлдыздарымыз әлеуметтік желілерде өз аккаунтын жүргізуге уақыт тауып жүр. Әсіресе, Twitter әлеуметтік желісінде көп олар, биыл көбейді.
«Біздің жұлдыздар да шетелдік жұлдыздармен иық тіресіп келеді, интернетті пайдаға асыра алады» — деп, марқайып қаламыз. Сосын түңілеміз. Тіпті еңірейміз. Болмаса, күлесіз.
Әрі қарай

Мөлдір Әуелбекова: "Бір халықты шоу-бизнес және той-бизнес тыңдарманы деп екіге бөлуге болмайды"

Әнші Мөлдір Әуелбекованың «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген сұхбаты.

— Өмірдегі Мөлдір мен өнердегі Мөлдірдің айырмашылығы мен ұқсастығы бар ма? Өнер иелері үнемі маскамен жүреді дегенге келісесіз бе?
Біріншіден, кез келген өнерпаз үшін өнер – өмір, өмір – өнер. Сондықтан екі жерде екі түрлі болу – екіжүзділік. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын, ал менің шығармашылығым – менің өмірімнің көрінісі. Мен шырқайтын әндер менің жан толқынысымның, менің ой-пікірімнің, менің қоршаған ортаны қабылдауымның, менің дүниені түйсініп-сезінуімнен туады. Өмірде басқаша ойлап, өнерде басқаша сайрасам кімге пайда, кімге зиян? Өзіңді жоғалту, мақсаттан таю, тірлікте адасу осындайдан басталады. Екіншіден, өнер иелері үнемі бетперде киіп жүреді деу – стереотип. Шекспир мырза «Өмір – театр, ал адамдар — актерлер» деген екен. Өмір сахнасында бәрінің бір немесе бірнеше бетпердесі бар. Ол әнші, ол мұғалім, ол депутат, ол құрылысшы. Сондықтан белгілі бір топқа ғана теліп қоюға болмайды. Бір білетінім – өнер адамы бетперде киетін бір жағдай бар. Өнерпаз да ет пен сүйектен жаралған адам, оның да өмірінде отбасы, қызметінде қиындықтар туып жатады. Бірақ тыңдаушысын сыйлайтын әнші сахнаға сол жан күйзелістерін бірге алып шықпайды. Іштегі түтінге қалың көпшілікті куә қылмай, сахнада жайнап, халыққа қуаныш сыйлаған жанды не үшін сөге аламыз?
Әрі қарай

Мөлдір Әуелбекова: "Айтар датым бар"

Қолымда «Дат» газеті. Мөлдір Әуелбекованың сұхбатын оқып отырмын. Осы сұхбаттың түпнұсқасын өзім тексерген болатынмын. Журналист ойына келгенін істеген. Бұрынырақ шығып кеткен сұхбаттарымен араластырып жаза салған. Ұялып отырмын. Назарларыңызға түпнұсқаны ұсынамын.
«Сөз басында «Дат» арқылы айтар датым бар. Жеке шығармашылықпен айналысып жатқаныма бір жылдай болып қалды. Бір жылда талай істің басын қайырып, тілге тиек болар көп шаруа атқардым. Алайда жаршымын дегеннің барлығы айналып келіп бұрынғы өмірімді қазбалап сұрай береді. Айтары естіліп, жазары оқылып біткен тақырыпты тақырлай бергеннен алтын шықпайтынын түсінер уақыт жеткен сияқты. Шындықты айтып, ел мұқтажын жоқтайтын, бағамдап, сараптап, жол сілтеп жіберетін төртінші билік өкілдері құлқынның қамымен өсек-аяңның айналасынан шықпайды. Өкінішті.
«Адамның бақыты мен тыныштығын ұрлайтын Ібілістің үш ілмегі бар: өткен іске өкіндіру, келешекке алаңдату, қазіргінің қадірін ұмыттыру» дейді қасиетті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисі. Жан тазалығы, иман беріктігі үшін осы хадисті өмірлік ұстанымым еттім. Өткеніме өкінбеймін – бүгініме жасаған қадам. Келешекке алаңдамаймын – бір жаратушының бұйрығы болады. Қазіргінің қадірін ұмытпауға тырысамын – күпірлік болар. Сондықтан да бұрынғы продюсерім, тобым, кино, ортам туралы сұрақтарға мүлде жауап бермесем деймін. Шынымен жаңалық жаршылары, өнер жанашырлары болса өткенім туралы сауалдар қоймаса екен тілегім бар.

— Ежелде өз қанын қаңғыртып тастамайтын қазақ жұртындағы бүгінгі жетімдер жағдайы қалай деп ойлайсыз?
Өркениеттің жемісі. Кез келген нәрсе өткір пышақ сияқты ғой. Дұрыс ұстасаң нан турайды, олақ ұстасаң қолыңды кеседі. Өзгеден үйренеміз деп жүріп қазаққа жат қатігездікті, өгейшілдікті, жүрексіздікті, қайырымсыздықты сіңіріп алғанымызды байқамай қалыппыз. Жетімі жабырқамаған, ешкімге телмірмеген елдің әр аймағында он шақты жетімдер үйі бар болғаны жанды жегідей жейді. Еліміздің ертеңі ана мейірімінсіз, әке қамқорлығынсыз, бауыр жылуынсыз өскені жақсылық емес. Мемлекет барынша қамқорлық көрсеткенмен жан жылуын сезінбеген ұрпақ иманды болар ма екен? Бар медетті жаратушыдан сұрайық.

— Айтыңызшы, жетімдердің көбеюіне елдегі жеңілтек жүрісті қыздар ғана себепкер ме?
Себеп көп қой. Біреуді «көкек-аналар» тастайды, бірін ата-анадан ажал айырады, тағы біреулер бала тәрбиелеу құқығынан айрылып жатады дегендей. Қоғам дерті. Әр азамат «Осы дертпен күресу – міндетім» десе басқаша болар ма еді. Айналып келгенде бәріне кінәлі нәпсі ғой. Көкек-ана, көкек-әкелердің ойы етектен төмен. Нәпсі. Әке-шешеден ажал айырғандардың туыстары өз қарындарын ойлайды. Нәпсі. Тәрбиелеу құқығынан айрылғандар – алкоголь мен нашаның құлдары. Нәпсі. Жаратушы оларға иман берсін деп тілейік. Өзге мұсылман үшін тілеген дұға қабыл болады дейді ғой.

— Сізді тележәшіктен көрген адам «Мөлдір – уайымсыз қыз» деп ойлайтын сияқты. Мәселен, сіз елдегі қоғамдық ахуалға алаңдайсыз ба? Алаңдасаңыз қандай жағдайларға бейжай қарай алмайсыз?
Мен туралы ғана емес, көп өнер адамдары туралы «уайымсыз» деп ойлайды. Біздің де жүрегіміз еттен жаралғанын, құлқынымыз тесік екенін ұмытып кетеді. Біз де дәл сіздердей жаратушының құлымыз. Шыққан жеріміз бен барар жеріміз – бір. Қоғамда болып жатқан барлық жағдай алаңдатады. Сіздерге өтірік, маған шын, мен тележәшіктен тек жаңалықтар арнасын қараймын. Өскен, жеңген жеріміз болса – есім шыға қуанып, сүрінген тұстарда – қамығамын.
Дін жағдайы алаңдатады. Арандатушылар кесірінен қарапайым халық сең соққан балықтай. Тіл ахуалы ойлантады. Өз шаңырағымызда өз тілімізден ұялатын жалғыз халықпыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып айтып кеткім келеді – ана тілін білетіндер, сүйетіндер «мәмбет» болса, мен «мәмбетпін»! «Мәмбет» болғаныма мақтанамын! Жемқорлық алаңдатады. Қоғамның бар саласына батпандап кіріп алған дерт. «Күресіп жатырмыз» дегендердің өзі жемқорлық үшін ұсталып жатады. «Былай жүрсең арба сынады, былай барсаң өгіз өледі» деген осындайда шыққан шығар.

— Айтпақшы, біздің отырып қалған қыздар арасында «жігіт жоқ» деген сөз бар. Осы «жоқшылықтың» сырын тарқатып бере алмайсыз ба?
Бұл жерде «жігіт жоқ» дегеннен гөрі, «ол жігіттің материалдық жағдайы жоқ» деген орынды болар. Кез келген қыздың басында үйі, астында көлігі, есепшотында алты нөлі бар қаржысы бар жігітті армандайтыны өтірік емес. «Арлы, иманды» жар туралы ойлайтын қыз сиректен сирек. Ол үшін кінәлауға бола ма? Алайда «Өзім ондай жігітке лайықтымын ба?» деп өздеріне сұрақ қоя ма екен? «Үйін сақтайтын, көлігін күтетін, есепшотын арттыруға көмектесетін тәрбие, білім, сана менде бар ма?» деген сұраққа жауап беру керек.
Ал жігіттер базарда арба итеру мен дүкенде есік күзеткенге мәз болмай білім іздесін. Ондай азаматтардың көбісі ауылдан білім деп келеді. Сосын жұмысқа орналасады. Жұмыстан тапқан табысын емтихандарды сатып алуға, ойын автоматтарына, ішкілікке жұмсайды. Дипломды сатып алады. Ол диплом бойынша ешқайда орналаса алмайды – құжат бар, білім жоқ. Барар жол біреу – арба мен күзетке қайта оралмақ. Осындай жігіт сұраныс тудыра ма? Ал саналы қыз болса ерді кебенек ішінде танып, арба тартса да азамат деп қараса, күзетші болса да құрметтесе бұл мәселе көтерілмес те еді. Жеке пікірім осы.
— Демографиялық проблемадан пайда болған «қыздардың жігіттерден көптігі» соңғысын есіртіп жіберді деп ойламайсыз ба? Мәселен, жігіттерде таңдау көп деген сияқты…
Таңдау көп шығар. Талғам жоғары болу керек. Мен ер болсам қыз таңдағанда бетінің жылтырына емес, санасының саңылауына қарар едім. Тыртиған киімге емес, тәрбиеге көңіл аударар едім. Қабат-қабат бояуына емес, қылығына назар салар едім. Үстіне жиғанына емес, жүректегі иманына үңілер едім. Болашақ ұрпағымның анасы, әулетімнің киесі деп ойлар едім. Сапасыз сандалған шақта «таңдау көп» деп есірмес едім.

— Ендігі жерде тележәшіктегі көп тележүргізушінің бірі болып жүре бермексіз бе, жоқ әлде бір қомақты жобаңыз бар ма?
Көптің бірі болсам, бұл сұрақтар маған қойылмас еді. Сондықтан осы бағытымнан таймай, әр күнімді, әр тынысымды жаратушыға, отбасыма, еліме арнасам деймін. Бойда қуат, баста сана барда жолым осы болмақ. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де сол.

— Жеке шығармашылығыңызда нендей өзгеріс немесе жаңалықтармен толықтырдыңыз?
Әуелі жаратушы, сосын ата-анамның қолдауымен бір жыл уақытым зыр ете қалды. Ел алдында берген есебім – оннан аса жаңа ән жаздырып, бір бейнебаян түсірдім. Еңбегім ТВ мен ғаламтор арқылы елге тарап, халық өз бағасын беруде. Тележүргізушілік тәжірибем де көрерменнің оң бағасын алды. Көңілім тоқ. Алайда жаңалықтар, жеңістер әлі де алда. Ең бастысы сол күндерде елмен аман-есен жолықсақ.
Елге деген ыстық сәлем,
ерекше құрметпен Мөлдір қыздарыңыз»
Әрі қарай

Көріпкел Бақыт Жұматова «Жаужүрек мың балаға» қарсы

«Елім менің» думанының төрінде талай танымал тұлғалар өз білімдерін ортаға салуда.
Кезекті ойында «Талап» пен «Алтын» тобы болып бөлінген қатысушылар бір-бірін аямады. Мұрат Қожаның тобында көріпкелдер сайысының 7-ші маусымының жеңімпазы Бақыт Жұматова, ақиық ақын Исраил Сапарбай, «Алматы аруы — 2010» байқауының жеңімпазы Салтанат Байжігітова, ал Қаракөз Тілеубекованың тобына журналист, дизайнер Азамат Сандыбай, әнші Шәкизада және «Жаужүрек мың бала» фильмінде Таймас-тың рөлін сомдаған жас актер Аян Өтепберген келді.
Ойын барысында Исраил ағамыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе, ал Шәкизада әндерді табуда көрермендерге өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді.
Азамат журналист ретінде екінші айналымда тілге деген біліктілігін көрсетуге тырысты. Бірақ, бүгінде елге жүргізушілік қырынан танылып жүрген Салтанат та фразеологиялық тіркестерді айтуда әріптесінен қалыспады.
Бақыт Жұматова көріпкелдік қасиеттерін қарсы командаға қалай пайдаланғанын, Аян Өтепберген өз патриоттық білімін «Таймас» ретінде қалай көрсеткенін білгіңіз келсе, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Елім менің» думанын көруге асығыңыз. Біз сіздерді қыркүйектің 30-шы жұлдызы, сағат 21:30-да эфирде күтеміз.
Әрі қарай

МБ немесе бір түрлі коктейль



Баян Есентаеваның «Ғашық жүректің» біріншісіндегі қарарман көрермендегіні дөп басуы ұнап еді. «Рэкетир» әкелген тың леп сияқты бір жаңашылдық байқап едім онысында. Кеше екіншісіне жұмыстан сытылып шығып барып қайтып едім.

Бұған дейін барғаныма өкініп, фильмнің бастауалды жиырма минутынан кейін тұрып кетіп қалған екі «кином» бар екен. Біріншісі бір жыл бойында әсіре жарнамаланған ана Шаолинь тәріздес тақырбас бала туралы (фильмнің атауы да есімде қалмапты), екіншісі – орыс кинематографиясындағы ең көп шығынды керектіргендердің бірі, ертегі жанрындағы Кончаловскийдің туындысы. «Щелкунчик» пе еді…
Әрі қарай

Әдемі қыз (KeshYou)


Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Әрі қарай

"Ғашық жүрек – 2" сөреден шықты…


«Время» газетінің хабарлауынша, "Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды" фильмі өз шығындарын өтеп қана қоймай, таза табыс әкелген тұңғыш қазақстандық туынды екен. Құлағымыздың естігені бас продюссері Баян Есентаева болған фильм жайлы үлкен-кішінің әңгімесі мен көзіміздің көргені кассадағы ұзын-сонар кезек болған соң, көңіліміз әлгі ақпаратқа сенді. 
Әрі қарай