Әдемі қыз (KeshYou)
Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.
Ақ көйлек, қара камзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған.
Мен сізге ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
Дегенмен Ғарифолладан асыра орындаған жан жоқ және болмайды да!
ойыбай, мынау кімнің сөзі:)))) Памперстен енді шыққан балалар-ау:)))
Тәліб-ай, негатив шакаласы осындай болмашы факторға да зорлық-зомбылық деңгейіне дейін көтеріледі екен-ау.