Әдемі қыз (KeshYou)


Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіңіз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жанымсың.

Ақ көйлек, қара камзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған.
Мен сізге ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
bk
Бөлісу:

26 пікір

edige
Өткендегі Жұбаныштың орындауындағы «Дударай» туралы болғанда барлығы хай-вай шығарған еді. Мұнда "Әдемі қыз" KeshYou тобының орындауында лезби мақсатында сияқты туынды болып қалды.
sammita
тыңдай алмадым. Бірақ Ғашық жүректе қатты ұнап еді…
TERISKEI
Мөлдірдің жеке орындауындағысы жақсы шыққан, сосын Индираның…
sammita
ол Мөлдірдің орындауындағы әнді таппай қойдым. Кімде бар екен? Индира Расылхан ба?
Abilakim
Кешью (дұрыс жаздым ба?) тобы бұл өлеңді нақышына келтіріп айта алмайды. Мөлдірдің жеке орындауында топтық орындаудан жақсырақ әрине. Әйгеро ханым, орындаушысын Ғарифолла Құрманғалиев деп қойсаң риза болып кетер едім…
AKY
Мен соңғы орындаушысын жаздым. А так, халыққа тиесілі ғой бұл ән…
omarbirat
орындаушысын Ғарифолла Құрманғалиев
авторы?
ErNur
Бұл Мұхиттың әні болуы мүмкін. Ғарифолла Мұхиттың көп әндерін орындаған ғой. Сосын Мұхиттың әндерінің көбі халық әніне айналып кеткен деседі.
TERISKEI
мәәәә, бұл әнді орындамаған жан аз шығар, Ғарифолла да, Кешью да, Индира да, Мөлдірдің өзі де жеке партияда, т.б. Сондықтан халық әні дей салсын и болды :)))
Abilakim
kiwi.kz/watch/a5tdo4gbpkz5/ мына жерден көшіріп алып тыңдаңдар

Дегенмен Ғарифолладан асыра орындаған жан жоқ және болмайды да!
TERISKEI
Әбеке-ау! Мына заманның балалары сіз бен біз білген Ғарифоллаларды біледі дейсіз бе? Бұларға тек тарс-тұрс дікіш-дікіш болса жетеді емес пе? (Қилызаман атайдың төлеу сөзі):))))
Abilakim
Ғарифолладан садаға кеткірлер
alisha
Дәстүрлі әннің төресі Ғарифолланы танымайтындарға таныту бізге парыз!
alisha
Қоңыр тобындағы Мархабаттың дауысында Ғарифолламен үндестік бар, өзі де негізі Ғарифолла мектебінің өкілі ғой бірақ.
VKM
Танытыңдаршы, мен сияқтыларға( бірақ ұят болса да шынымды айтайын, терең түсінбегесін бе, домбырамен айтқан әндерді онша жақсы көріп тыңдамаймын. Ал Мөлдірдің орындауында керемет ұнады)
sammita
Мына заманның балалары сіз бен біз білген
ойыбай, мынау кімнің сөзі:)))) Памперстен енді шыққан балалар-ау:)))
TERISKEI
между прочем,- галстөгін түзеп, -Ғариполланың әндерін сұмдық тыңдаған мына біз болатынбыз!.. Жарықтық, жақсы әнші еді, дауыстың тембрін айтсашы, әнді нақышына келтіре әуелеткенде, жан дүнием бір босап сала береді ғой!!! Қайран, «Керімсал, Ғалиялар-ай»!!!
sammita
дұрыс, дұрыс, тек әңгіме жаста емес дегенім еді.
Abilakim
Бірде Жүсекеңмен (Елебеков Жүсіпбек) еріп келгені бар еді біздің арқа өңіріне, сол кезде тамсантып кетіп еді мына мені. БАтыстың екпінді әнін орындайтындар жоқ қой бізде. Былтыр Қатимолда ағамыздың қолын ұстап бір мәз болып қалдық
Zilola
Бұл әнді негізі әу баста Гүлнәр Досматова мен Досхан жолжақсынов ойнайтын бір кинода қойған етін. Естеріңізде болса ауылдан қалаға баласының артынан қалған тұяғын іздеп келетін атай жайлы кино ше.
TERISKEI
иә, Зилола ханым дұрыс айтады, "Өтелмеген парыз" көркем фильмінде баласынан қалған тұяғын іздеуге қалаға келетін шал, әлдебір записьтің соңынан осы әннің үзіндісін естіп қалады. нақ сол!!!
VKM
Мен сол фильмді көріп, жылаған едім.Ана атаны аяп,қызды аяп… даже Досхан Жолжақчыновтың кейіпкерін аяп. Әнге мән бермеппін… Инетте болса, сілтеме сала салыңдаршы, а?
system32
Маган Кешью тобының ән айтысы тіптен унамайды, созып ыңырси береді. Ал бұл әннің Индираның орындауындағы нұскасына сындым. Ынырсып орынсыз майысып айтатын кыз аншілерді корсем, ажетхана кагазы секілді мыжып-мыжып, унитаздан агызып жібергім келеді.
AKY
жынД эпитет екен, білім базымнан лақтырып тастадым.
Gastarbaiter
орынсыз майысып айтатын кыз аншілерді корсем, ажетхана кагазы секілді мыжып-мыжып, унитаздан агызып жібергім келеді.

Тәліб-ай, негатив шакаласы осындай болмашы факторға да зорлық-зомбылық деңгейіне дейін көтеріледі екен-ау.