"Ғашық жүрек – 2" сөреден шықты…
«Время» газетінің хабарлауынша, "Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды" фильмі өз шығындарын өтеп қана қоймай, таза табыс әкелген тұңғыш қазақстандық туынды екен. Құлағымыздың естігені бас продюссері Баян Есентаева болған фильм жайлы үлкен-кішінің әңгімесі мен көзіміздің көргені кассадағы ұзын-сонар кезек болған соң, көңіліміз әлгі ақпаратқа сенді.
Менде бар тағы бір мәлімет бойынша, Интернет-кеңістікте, жалпы БАҚ-дарында жаппай талқыланған "Ғашық жүректің" екінші бөлімі «бісмілла» деп түсірілімін маусым айында бастап кетпек. Әзірге сценарий жазылып жатыр. Бұл жақта шыдамымыз бітіп біз отырмыз:) Жоба бойынша жаңалықтар болса жариялаймын.
Қазақ киносына деген жақсылы-жаманды үміт сыйлаған жаңа толқынның алдыңғы қатарында келе жатқан фильмның жалғасы көптің көңіліне майдай жағады деп өзгені қайдам өзім болжап отырмын. Бұйырса, романтикалық комедияның деңгейін болашақ бізге көрсетіп берер.
Пы.Сы. Айтпақшы, "Ғашық жүректі" әлі күнге «На Райымбеке» кинотеатры көрсетіп жатыр.
Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/02/12/%d2%93%d0%b0%d1%88%d1%8b%d2%9b-%d0%b6%d2%af%d1%80%d0%b5%d0%ba-2-%d1%81%d3%a9%d1%80%d0%b5%d0%b4%d0%b5%d0%bd-%d1%88%d1%8b%d2%9b%d1%82%d1%8b/
кішкене кутіп, асыкпай шыгарса да болады гой, сосын ана «екі жулдыз»,«шіркін лайф» сиякты дамі кетіп калады, ешкім коргісі келмей…
Мәселен Властелин Колец (мен де салыстырып қоям ия?:)))) түсірілімі ешқашан үзілмеген. 3 сериясы бір-ақ түсірген. Тіпті кейбір үшінші сериясының кадрлерін екіншісін түсірмей жатып түсіріп қойған дейді білетін адамдар.
"ҒЖ-2" бүгін көрдік.
Біткен іске сыншы көп, қазбаласақ біраз нәрсе шығып қалатын сияқты.
Маған бәрібір ұнады.
Пы.Сы: Айгүл Иманбаева мықты актриса!
байқағаным сұрақ қойып отырған орыс қазақтарды менсінбейтін секілді.