Қайта оқып баяғы посттарымды

Мен кейде былай армандайтынмын: мысалы, мен бір танымал әнші болып кеттім. Эллиот Смит сияқты. Сосын теледидарда не оқисыз деп тележүргізуші сұрап қалғанда, керекинфоны айтам да, бүкіл Қазақстан керекинфоны оқып бастайды. Сөйтіп елдің көзі ашылады, адамдар рухани дамиды, Сатыбалдыны бәрі білетін болады деп.

Керекинфо керемет жер. Сағындыртып барып оқып тұрам. Қызығушылықпен кезінде өзім де жазып көрдім аз-мұз нәрселерді.

Ескі жазбаларымды оқып отырып бүгін, осыдан 3-4 жыл бұрынғы өзімді көріп, езуіме күлкі, жүрегіме мұң орнады. Кей ойларым менің қазір өзгерген. Жазбаларға қарасаң, әлі бала болғанымды көремін.

Музыка өнердің шыңы екенін түсіндім, бұрын музыкаға бей-жай едім. Көп нәрсеге бақылаушы бола бастадым. Латын әліпбиі сынды хабарларға тіпті минут арнағым да келмейді, оқымаймын. Түсінікті онсыз да болашағымыз. Артымнан ерген іні-сіңлілеріме елден кетуді ұсынатын болдым. Өзімнің де сол ойдың мазалай беретіндігі қынжылтады. Бұрын жай ой еді 2 жыл бұрын, қазір нақты қадамдар жасап жатырмын сол бағытқа қарай.

Философия көмектеседі жалпы өмірді қабылдауға. Камю айтпақшы өмірде тек бір сұрақ бар. Сол сұрақ ғой діңкені құртатыны.

Уақыт өтіп жатыр. Қазір 26-дамын. Көзді ашып-жұмғанша 40, сосын 50 болады. Сосын ше? Қалай сонда? Эй, мен түсінбей қалдым! отырып аламын кей кезде. Фу, ештеңе емес екен го өмір деген. Бар, сосын жоқ. Бітті.

Не айтайын, барлықтарыңызға денсаулық пен жақсы өмір тілеймін. Керекифнолықтарды рухани достарым деп санаймын жүрегімде.

Сурет vokrug.tv сайтынан алынды.
Әрі қарай

Жауапкершілік жүктемейтін комедия


«Тәжірибе» атты комедия шығыпты, Гугл туралы екен деген әңгімені естісімен, Интернетте жағалап жүрген пақыр ретінде көрмекке құштарлығым артқан-ды. Әу баста әлдебір драма яки байопик болар деп едім. Комедия екенін білгенде біртүрлі болғаным рас. Әйтсе де сеанстан тоғайып шықтым.
Әрі қарай

Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар!

Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 20-шы жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Мейлі, біреуден артта болайық, біреуден кем, бірақ қалай болғанда да тәуелсіз елде өмір сүріп жатырғанымыз әмбеге аян. Мұны тіпті радикалдығы асқынған қай оппозиционер болса да мойындауы керек!

Тәуелсіздіктің өлшемі не өзі?

«Бас бостандығы» десем, коммунизмнің салқыны қаққандар оныма келіспейді. «Жан тыныштығы» десем, «Күйттегенің сол?» ма дейтіндер табылар. "Ішкенім артымда, ішпегенім" алдымда десем, «тоғышардың тірлігі» дейтіні сірә белгілі. Сонымен? «Тәуелсіздік» деген не өзі?
Әрі қарай

Қалай десе де...

Ақтөбеде ҰҚК ғимаратында болған оқиға, лезде халық арасына таралып кетті. Бұқара қауым «теракт» деп жар салғанымен, ресми ақпарат оны террористтік әрекет еместігін айтып бағуда. Ақпараттық аренадағы арпалыстың соңғы нүктесін Гугл қойғандай. Қазір
Әрі қарай

Гугл аудармасына үлес қосайық,

Қазіргі кезде біз істетіп отырған гуглдың тек қана іздеу түрі ғана қазақша, қалған түрлері толық аударылмаған толық аударылса басқада түрлері қазақша болады.
Мына жерге :http://services.google.com/tc/guidelines.html кірген соң сізден гугл
Әрі қарай

Мен Гуглмін!



Мен Гуглмін немесе Гуглменмін!

Негізгі жұмысымнан бөлек жұмыста бір оқиғаға байланысты материал, фото тауып берумен айналысамын. ХХІ ғасырда өмір сүреміз, технология бәрі дамыды дейміз, бәрінде интернет бар дейміз. Бірақ, соның бәрі босқа сияқты. Бәрін тастап гуглдетуге мәжбүрмін. Өйткені бұл жұмысты тек Гуглмен істейді, Google тек солар үшін ғана құрылған сияқты.

Жұмыстан бөлек те көп адамдар мазалайды, көбісін наққа емес Гуглге жіберемін. Түсінбеймін адамдар өздері іздеуге ерінеді ме әлде мен бәрін біледі деп ойлайды ма екен?

Қиын емес қой іздеу деген. Кілтсөздерді дұрыс жазсаң болды ғой. Суретті де материалды да оңай табуға болады. Әлде бұл іс әркімнің қолынан келмей ме? Орысша айтқанда «чутье» да керек пе?

Қой жарайды кеттім, Моңғолия президентінің, грек премьерінің, Сингапур президентінің фотоларын іздеп келейін.
Әрі қарай

Гугл доменін сатамын

  • jasulan
Ия Гугл.kz доменін сатамын аламын деушілер болса өте арзан. Келісеміз дегенім ғой.
Бұл доменнің маңыздылығын білгілеріңіз келсе,
Гугл.рф доменін бір шалып өтсеңіздер де болады.
Әрі қарай