Қайта оқып баяғы посттарымды

Мен кейде былай армандайтынмын: мысалы, мен бір танымал әнші болып кеттім. Эллиот Смит сияқты. Сосын теледидарда не оқисыз деп тележүргізуші сұрап қалғанда, керекинфоны айтам да, бүкіл Қазақстан керекинфоны оқып бастайды. Сөйтіп елдің көзі ашылады, адамдар рухани дамиды, Сатыбалдыны бәрі білетін болады деп.

Керекинфо керемет жер. Сағындыртып барып оқып тұрам. Қызығушылықпен кезінде өзім де жазып көрдім аз-мұз нәрселерді.

Ескі жазбаларымды оқып отырып бүгін, осыдан 3-4 жыл бұрынғы өзімді көріп, езуіме күлкі, жүрегіме мұң орнады. Кей ойларым менің қазір өзгерген. Жазбаларға қарасаң, әлі бала болғанымды көремін.

Музыка өнердің шыңы екенін түсіндім, бұрын музыкаға бей-жай едім. Көп нәрсеге бақылаушы бола бастадым. Латын әліпбиі сынды хабарларға тіпті минут арнағым да келмейді, оқымаймын. Түсінікті онсыз да болашағымыз. Артымнан ерген іні-сіңлілеріме елден кетуді ұсынатын болдым. Өзімнің де сол ойдың мазалай беретіндігі қынжылтады. Бұрын жай ой еді 2 жыл бұрын, қазір нақты қадамдар жасап жатырмын сол бағытқа қарай.

Философия көмектеседі жалпы өмірді қабылдауға. Камю айтпақшы өмірде тек бір сұрақ бар. Сол сұрақ ғой діңкені құртатыны.

Уақыт өтіп жатыр. Қазір 26-дамын. Көзді ашып-жұмғанша 40, сосын 50 болады. Сосын ше? Қалай сонда? Эй, мен түсінбей қалдым! отырып аламын кей кезде. Фу, ештеңе емес екен го өмір деген. Бар, сосын жоқ. Бітті.

Не айтайын, барлықтарыңызға денсаулық пен жақсы өмір тілеймін. Керекифнолықтарды рухани достарым деп санаймын жүрегімде.

Сурет vokrug.tv сайтынан алынды.
Бөлісу:

1 пікір

ken
c = ш

Qay elge qonıs awdarmaqcısız? Ne ücin ol eldi tañdadıñız?