Тізесі шыққан болса да...

Барлық әл.желіде соңғы уақытта көп талқыға түскен тақырып «Блоггерлер» туралы болды ғой. Мен де қалмай бірдеңе жаза салайыншы) жұрттан қалам ба ))))
Жалпы, өзім «Блог» туралы біліп, таныса бастағаныма көп уақыт болған жоқ. Бірақ блоггерлердің блогтарын оқып, сайттарымен таныса бастағанымнан бұл «белгісіз» сфераға деген қызығушылық бірден оянды. Ол не? Мақсаты неде? Не үшін? деген сан сауалдың жауабын таба алмай, өздерімен байланысқа түсуге жүрексініп, Гугл қариядан сұрап, әйтеуір ізденісте болдым. Оқыған сайын ұмтыла бердім. Ақыры, фейсбукте блоггерлерге достық жіберіп, барынша сол ортаға сіңуге тырыстым. Мектеп кезімнен күнделік жазған соң ба, бір жағынан түсіну, санама сыйғызу секілді процесстер жылдам-жылдам жүзеге асты. Нәтижесінде, осы Керекке тіркелдім. Алғашында, өзімше абдырап, «мұндағы қаншама блоггерлердің ішінде жоғалып кетем бе? Қолымнан келмесе қайтем?»-деген үрей болған еді. Кейіннен бар энергиямды жинап, кірістім. Дегенмен, керемет жазбалар жазып жүргем жоқ. Ойым шашыраңқы, жазуға келгенде бәрееен ұмытып қаламын. Сөйте-сөйте үйреніп те кетермін. Сараптамалар жасап, ашық пікір білдіріп, желікпе әңгімелерге ілесіп кетпей, жеке пікір қалыптастыру сынды дүниелерге үйреніп келемін. Оған «аға» блоггерлердің үлесі зор. Енді тақырыпқа көшсек...

Блог туралы, Блоггер туралыәңгімелердің әбден тізесі шығып біткен, бәлкім жыртылып та үлгерген болар. Бірақ соны, ұмыттырып жіберіп, қайта қопарып, проблема шығарып, «Олар кімдер сонша? Не бітіріпті? Елге қандай пайда әкеліп жатыр? Ақша үшін сатылғандар!»-деген сыңайдағы топас сұрақтар мен әңгімелер жылда шығады білем. Әсіресе, Блогқұрылтай өтетін уақытта күшейеді))))
Ал, олар блоггерлер кей журналистер сияқты бір нәрсенің соңына жетпей аттандап шығатындар сияқты емес, нақты фактті алға тарта сөйлейтін, рейтингтің соңынан қуалай бермейтін, жеке айтарлары бар бір блогсфераның тұрғындары екенін мойындағылары, ой түсінгілері, түф, қабылдағылары келмейтіндей көрінеді.Ойым қаншалықты дұрыс?Сіздердің пікірлеріңіз маңызды мен үшін. «Пікірсіз қалған блог жетім» демей ме?)))) Мүмкін ойым қате болар. Сонда да көп дүниені мойындағысы келмейтін һәм жамырағат жандарды түсіне алмай кететін шығармын. Көптен ойымда жүрген еді, жазудың сәті бүгін түскен секілді. Алдағы уақытта Керектен алар керекті дүниелерім көп болатынына сенемін. :) :) :)
Әрі қарай

Наурыз және Қыдыр Ата

Блог - nurbolkarataev: Наурыз және Қыдыр АтаЖелтоқсан мен Наурыздың қарама қайшылықтары көп қой жалпы, солардың бірі Жаңа жыл. Біздің ел Жаңа жылды екі рет тойлайды. Бірі орыстың отарлауынан сіңген Христиан дінін ұстанушыларға тән Жаңа жыл болса, екіншісі бабамыздан еншіге қалған Түркі жұрты, Ислам әлемінің Наурыз жаңа жыл мейрамы. Екеуіде қолайсыз уақытта бірі қар борап, қытымыр қыстың, екіншісі қар еріп, жаңбыр маусымының басталар уақыты. Ал ең қызығы осы екі жаңа жылдыңда өз кейіпкері бар. Кім дейсіз бе? Бірі Аяз Ата енді бірі Қыдыр Ата. Біріншісі балаларға базарлық таратса, кейінгісі жалпы халыққа Бата беруші. Балалар Аяз атаға арнап хат жазсада, Қыдыр атадан Бата аламын деп ешкімде күтпейді. (Көбіне Қадір түнімен шатастырады) Бізге енді Қыдыр Атаны насихаттау қажет секілді. Солай етсек қана 31-ші Желтоқсанда күтетін жаңа жылды Аяз Атасымен қоса жеңеміз! Ал Наурыздың жалпы халықтық мейрамға айналғаны көз қуантады.
Әрі қарай

Жұрттың баласымен салыстыру неге дұрыс емес?

Әдетте қазақтың қоғамын жамандаушылар көп кездеседі. Қазақтың барын көрсеткіштігі, мақтаншақтығы жиі тілге тиек болып жатады. Алайда біздің қоғамда кең таралған, орысша айтқанда понт және көре алмаушылықтың себебі неде? Осы тақырып жайында менің видео-пікірімді көре отырып мүмкін жаңа ой ести аласыз. Келіспесеңіз өз ойыңызды қалдырыңыз, жаңа пікір оқуға әрқашан ризамын.
Әрі қарай

Ninety One тобын Шымкентке жолатпау дұрыс қадам ба?

Жақында жаңалықтарда Ninety One тобына Шымкентке кіруге тыйым салынды деген хабар тарап кетті. Осы орайда маған «Халық неге бұл жігіттерді ұнатпайды?» деген ой келді. Себебі бірден белгілі болады: киген киімдерін, шаш бояуын оңтүстік тұрғындары ерсі көреді. Бірақ тек осы себеппен ғана бұл әншілерді жеккөрген дұрыс па? Бұл сұрақтың жауабын толығырақ менің видео жазбамнан көре аласыздар:
Әрі қарай

КІРІСПЕ

Заман ағымына сай ақпараттың оперативтілілігі көз ілестірер емес. Секунд сайын ғаламтор бетінде қаншама миллиондап жаңа ақпарат пайда болып, неше мың пікір жазылады, фотолар мен видеолар легін бақылып отырудың өзі уақытқа бағынбай тұр. «Айшылық алыс жерлерден жылдап хабар алғызған» заман болып тұр. Осындай кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сананы оятып, нәрсені ақ пен қара деп айыра алу, өзіндік пікір қалыптастыру біздің, жастардың мойнындағы парыз, жауапкершілік деп түсінемін. Сол себепті, білегімді түріп қойып, ноутбүкті ашып жіберіп, өз ой-пікірімді тасада қалдырмай, жеке блог жазуды бастап отырмын. Негізі көптен бері Фейзбүкте де, осында да, белсенді қолданушылар мен танымал блогерлердің жазбаларын бақылап жүрмін. Алуға болатындай дүниелер байқадым. Ол кісілер де едәуір еңбек пен ізденістің арқасында көп оқырманның назарын аударып отыр-ау деп ойладым. Иә, қай кезде де алдыңда арқа сүйер ағаң болғаны жақсы ғой. Блог әлемінде үйренерім көп екеніне сенімдімін. Тек дұрыс жол көрсетіп, қателескен болсам «бетіме басып» отырыңыздар) Сын қабылдай білемін. (Кеулімжай Әйгерім апайымнан алған ескертулерім сабақ болғанын айта кету керек шығар).

Өзіме сәттілік тілеймін! Сәлем, КЕРЕКИНФО!

Әрі қарай

Менің алғашқы оразам

Қатты шаршап-шалдыққандықтан осында түнеуге бел будым.
"… Өмірімде елестете алмайтын мұншалықты сұлу тауда қалай пайда болып қалғаныма еш ақылым жетпейді. Жантая жатқан қалде оң жағымнан жүзіп келген ақ ұлпа бұлт үстіне құлай кеттім. Ақ ұлпа бұлт мені қарсы беттегі тік жартасқа оп-оңай алып келді. Ол жерден төмендегі көздің жауын алар табиғатқа көзім түсті. Тау баурайынан ағып өтуші дария бойындағы жазықтықта мен білмейтін бір мереке өтіп жатты. Ол — қуаныш сыйлаушы мейрам, мен көрген мерекелердің еш қайсысына ұқсамайтын. Мерекеге қатысушылар орындаушылар әміріне мойынсұнуларынан өте қуанышты еді. Олар Мизам таразысынан өткен, Аллаһ жарылқаған мүмін-мұсылмандарға ұқсайтын.
Дария бойындағы қақпадан бір кісі шығып, орындаушы періштелер алдында тұрғанына көзім түсті.
Сол сәтте жеті қат көк бойлап керемет үн таралды:
— Мүміннің амал дәптерін оқы!
Перішті амал дәптерді ашып, оқи бастады:
— Есімі Мүмін, Мұсылманның ұлы, тірілігінде диханшылықпен шұғылданған. Соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с) үмбеті. Барша бірдей Пайғамбар (с.а.с) атына салауат айтқан соң:
— Сауапты істерін жарияла! — деген керемет үн құлақ тұндырды.
— Диханшылықпен бірге, көшелерді жолаушыларға кедергі келтіретін бұталардан тазалап тұрған, мешіт ауласын сыпыруды әдет еткен.
Осы амалдары айтылған сәтте Ухуд тауына тең келетін бір ыдысқа сауап толды.
— Жалғастыр…, делінді.
— Он жыл бойы таң намазынан қайтарда бекетті сыпырып тұрған, бұл қайырлы ісін ешкімге білдірмеген. Сол себепті амалына жазылған сауап жеті жүз есеге арттырылған, Мизам таразасында сауабы басым болған.
— Сыйын есіт! — дейісімен көкте қызыл жолды нұр пайда болды. Күш және қуаныш бағыштаушы үн жәнеде қаттырақ шықты!
— Бұл мүмінді қызыл нұрлы жолмен Дарус-сәләм жәннәтына кіргізіңдер.
— Аллаһқа сансыз мадақтар, Пайғамбарыма (с.а.с) салауаттар болсын, — деді жәннәттық қуаныштан беті бал-бұл жайнап.
— Мұсылманның қуанатын уақыты және орыны осы жерден басталады, — деді басқарушы періште баршаға жария түрде. Және жәннәттық кісіні құттықтады, — Аллаһтың сыйы мүбәрәк болсын, йа, мүмін пенде!
Қақпадан екінші кісі шықты. Орындаушы періште амалын оқыды:
— Кедейге қарыз берген.
Сол сәтте Ухуд тауы көлеміндей үлкен бір ыдыс сауапқа толды.
— Үш кедейдің қарызын кешкен. Оның сауабы өте жоғары дәрежеге көтерілген. Көкте таралған нұрдан күміс түсті жол пайда болды. Тағыда сол үн: — Дереу Дарул хулуд жәннәтына кіргізіңдер. "Әлхамдулилләһ", — деді жәннәттық. Барлық періштелерде Аллаһқа мадақ айтты.
Содан соң амал дәптерлері оқылған бірнеше мүміндерді періштелер алтыннан пайда болған жолмен Жәннәтул аднаға, күмістен пайда болған жолмен Жәннәтул мәуаға, нұрдан пайда болған жолмен Дарул муқамаға алып кетті.
Орындаушы періште келесі мүміннің амал дәптерін оқи бастады:
— Білім иесі болған. Өлімінен соң перзенттері, жазған кітаптары һәм шәкірттерінен келір тұрған сауап екі дүниесін толтырған.
Көкте пайда болған нұр жер бетін нұрландырды, кенеттен гауһардан жасалған жол пайда болды. Баршаны өзіне ғашық еткен үн жермен — көкті жаңғырта қайта естілді.
— Фирдаус жәннәтына кірсін! Білім иесі «Субханаллаһ» деді. Періштелерде дұғаны қайталады. Содан соң бір кемпір шықты. «Жетім асыраған», — деп оқылды амал дәптерінен. Кемпірдің машақатты еңбегіне аз емес, көп емес — он төрт Ухуд тауына тең келетін ыдыстар сауаппен бетпе-бет толды. Дүниелік өмірінде кемпір шалының разылығын алған екен. Көкте таралған нұрдан алтыннан бір жол пайда болып, ол әл — Мақамул — әмин жәннәтының қақпасына дейін жетті. Орындаушы періштелер кемпірді сол жолмен жәннәтқа бастады. Кемпір жол бастаушымен жәннәтқа бұрылған сәтте он сегіз жастағы қызға айналды. Олардың баршасы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарға (с.а.с) салауат айтты. Кейін және бір кісі шықты.
Міне ғажап, оның бет-бейнесі маған ұқсайтын, тек жасы егделеу екен. Менің және әкемнің есімі айтылды.
— Оқы!, — дейілді.
Амал дәптерімнен оқылды:
— Ол — ораза ұстаушы.
Сол сәтте мерекені басқарушы періште барлық құжаттарды жинастырып, періштелерге белгі берді, барлық періште бірдей: «Аллаһу акбар!» деп мақтау айтты. Сол сәтте баршасы ғайып болды. Басқарушы періште төмендегі сөздерді оқыды: — Ораза ұстаушы мүміннің сауабын тек Аллаһ Тағаланың өзі береді. Бұл сый баршасынан қайырлы. Ораза ұстаушыларға жәннәттың хош иісті және сұлулықта теңдессіз «Раййан» қақпасы ашылады. Аллаһтың қалауымен бүкіл әлемнің жаратушысы Аллаһтың жүзін көру нәсіп етсін!". Періштелердің: «Жалла жалалоху!», деген үндері естілді.
Кенеттен бір періште келіп, желкемнен тарта бастады:
— Сіз туралы айтылды, жүріңіз оның алдына…
Сол сәтте құлағыма әкемнің үні келді:
— Тұр ұлым — , деп маңдайымнан сипады. — Тұр енді, сәресін ішеміз, қасиетті Рамазан басталды…
Осы қайырлы түстен соң мен әлі күнге дейін оразамды қаза етпедім, маңдайымды сәждеден ажыратпадым.
Сол таң менің ең алғашқы оразам болатын.

Ғибратты әңгімелер: Менің алғашқы оразам

#меніңалғашқыоразам
Әрі қарай

Күнделік. Жамбыл облыстық Қоғамдық Кеңес мүшесі ретінде. Жеке блогым.

2016 жылдың қаңтар айында «ҚР Қоғамдық Кеңестер туралы» Заң талаптарына сәйкес Қоғамдық Кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі комиссия құрылып, облыстық мәслихат хатшысы Б.Қарашолақов жетекшілік еткен. Конкурстық негізде Жамбыл облыстық "Қоғамдық Кеңестің" құрамына еніп, ең жас мүшесі атандым. Маған біріншіден, бұл үлкен міндет пен қоғамның қозғаушы күші жастардың атынан мәселе көтеріп оның шешу жолдарымен xалықтың тыныс-тіршілігін билік өкілдеріне жеткізу деп білем. Алғашқы отырысты Төрағамыз болып белгілі қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы, xатшы болып Қайрат Шотбақов сайланды. Облыстық Қоғамдық кеңес өз жұмысын облыс әкімінің есебін тыңдаудан бастады. Мен сол отырыста кеңес мүшелері мен билік өкілдеріне ұрпақтар сабақтастығын мәселесін көтеріп қоғамда жалғастыруын айта кетіп, қызметте, жастар арасындағы кейбір келеңсіз жақтарына тоқталып бала тәрбиесіндегі ата-аналарының, оқу орындарының, еңбек ұжымдарының рөлін көтеруге ұсыныс, пікірлерімді ортаға салдым.

Ендігі кезекте Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысы сәуір айының 15 жұлдызында өтіп, онда облыстық әкімдіктің басшылары ұсынған мәселелер қаралды. Оның ішінде облыстық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалардың облыс әкімдігінің қарауына жататын нормативтік құқықтық актілерін қарап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер регламенттерінде азаматтардың құқықтарын бұзылмауын зерделеу міндеттелген болатын. Айта кететінім, кейбір стандартта жұмыс күні емес күнтізбелік күн көрсетілген болатын, осы мәселені облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбековаға стандарттағы күнтізбелік күнді жұмыс күніне ауыстыруға ұсындым. Өйткені, дипломның телнұсқасын алуға бағытталған стандартта барлық атқарылар жұмысқа 20 күнтізбелік күн көрсетілген болатын, бізде кейбір кезде демалысымыз 5 күнге дейін үзіліссіз демалыс болып қызмет көрсетушінің құқықтарын шектеліп қалады.
Келесі кезекте облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиевке студенттер жастарға проездной мәселесі мен қара түтінді шығаратын автобустар туралы болды. "қара түтін шығарғыш автобустарды" газдық баллондарға жоспарлануда, ал проездной мәселесі күрделі деп жауап қайтарды. Бұл жауапты естіп облысымыздың белгілі азаматы, мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы «мен сіздің жауабыңызға қанағаттанбадым» деп сұрақтың астына алды. «дағдарысқа байланысты тура бір жылда, екі жылда шешіледі, бірақ даму бағдарламасы бойынша автопарктердің автобустары жаңартылады» деп Р.Байтелиев жауап қайырды.
Одан кейін мінберге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Масалимов шықты. Өзім зерделеген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының ішінен «псиx диспансер мен наркологиядан алынатын анықтама туралы регламенттерінде» жұмыс уақытысы қызмет беруші қазақшасында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, ал орысшасында сағат 9.00ден 17.00-ге дейін үзіліссіз делінген сәйкессіздіктің бір ізге түсіруді ұсындым. Тағы да қаланың азаматы ретінде екі сұрақ қойдым: 1) қалалық жаңа ауруxана қашан қолданысқа беріледі: шілде-тамыз айларында беріледі; 2) облыстық ауруxана күрделі жөндеу жүргізілейін деп жатыр, ем алушыларға қаншалықты жағдай жасап жатырсыздар: ауруxана жөндеуіне 100 млн теңге бөлініп, мамыр айында бастаймыз, ал емделушілерді арнайы бұйрықпен қалалық ауруxаналарға және облыстық ауруxана да қабылдайтын боламыз. Ертеңгі күні емделемін деп келушілерге қиындықтар туындамау қажет деп Ерлан Тоқтарұлы жауап берді.
Кезекті алып облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары С.Арубаев жаңа қабылданған стандартты таныстырды, ол стандарт атауы «ақталған адамға куәлік беру регламенті». Бұл жаңа регламент мәні сот шешімімен жазықсыз сотталғандарға арналып ақтау куәлігі беріледі. Бұны көбінесе «желтоқсандықтарға» арналған регламент екен.
Соңғы болып мінберге облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева сөз алып, Тараз қаласы «Арай» алқабындағы есімі жоқ екі көшеге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі берілу туралы республикалық ономастикалық комиссияның шешімімен таныстырылып қабыл алдық. Бірақ алдағы уақытта биыл 150 жасқа келген Алаш орданың көсемі Әлиxан Бөкейxанұлы мен Мұстафа Шоқай есімдері әрбір қазаққа таныс есімдерді мектептер мен көшелерге берілу туралы ұсыныс білдірдім. Ғалия Бектенқызы "Ә.Бөкейxанұлының көше мен мекемеге атау берілу туралы ұсыныс түскен болатын, негізі есімдер берілуге мораторий етін, мораторий ҰОС Ардагерлеріне ғана жүрмейтін, сәуір аяғына қарай министрліктен бұл мәселе шешім тапса, Әлиxан Бөкейxанұлының есімін қай жерлерге берілетін қарастыратын боламыз" деді.
Мені қынжылтатын Әлиxан Бөкейxанұлына көше мен мектеп атауы жоқтығы еді, алдағы уақытта шешімін тауып жатса өте дұрыс болар еді.

П-с: Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Қоғамдағы түйінді, тыныс-тіршіліктеріңіздегі мәселелер болса маған жеке жазып өтініш білдірсеңіздер болады. Мен өзім жағымнан бар күш-жігерімді мәселелердің шешілуіне оң септігімді тигізсем деп едім. Сіздерден ұсыныс пікірлеріңізді күтемін.
Әрі қарай

ДОН КЛАУДИО ЧЕМПИОН БОЛА МА?

Бүгін чемпиондар Лигасының кезекті ойын күні. Алайда кәрі құрлықтың футбол әлемінде бұдан да басқа қызықтар жетерлік.
Еуропада футбол кезекті футбол маусымы аяқталуға жақын. Ол дегеніміз АПЛ — да төменгі жақта орналасқан командалар келесі жылға орындарын сақтап қалу үшін барлығына да дайын деген сөз. Сөзіміздің дәлелі ретінде былтырғы маусымдағы Лестердің ерлігін айтсақ та жеткілікті…
Сөз жоқ Лестер осы маусымның басты жаңалығы. Маусым басталғанда команда тізгінін итальяндық маман Клаудио Раньери өз қолына алғаны белгілі. Бұған дейін итальяндық маман бірде -бір елде чемпиондыққа қол жеткізіп көрмеген. Ол Челси, Монако клубтарымен вице- чемпион болды. Бірақ әлі чемпион болған емес.
Егер де былтырғы маусымда келесі жылы Лестер чемпиондық атаққа талас жүргізеді дегенді айтқан кезде ешкім де сенбес еді. Енді міне ол шындық. Әрине бас бапкердің көп жұмыс атқарғандығы барлығымызға мәлім. Бірақ бас бапкердің жұмысы алаң сыртында. Ал алаңда барлығы да басқаша. Тура бір қан майдан дерсің. Джейми Варди, Рияд Махрез, Каспер Шмейхель. Міне осы есімдер Лестер дегенде көз алдымызға келеді. Осы маусымның басты жаңалығы сөзсіз Джейми Варди. Ол МЮ шабуылшысы Руд Ван Нистерлойдың ерлігін қайталап, 15 ойында қатарынан өзінің сұрмергендігімен көзге түскен еді. Қазір Англия ұлттық құрамасының шабуылшысы сұрмергендер тізімінде 19 доппен Харри Кейннен кейінгі екінші орында. МЮ дегеннен шығады, қақпашы Каспер Шмейхель кезінде қызыл сойқандардың чемпион болуына өз үлесін қосқан Питер Шмейхельдің ұлы. Әке жолын қуған Каспер бүгінде әкесінен асып түспесе, кем түспейді. Кинг Пауерде соңғы өткізілген сегіз ойынның жетеуінде қақпасын голдан аман сақтап қалған. Тағы бір жұлдыз Алжир құрамасының ойыншысы Рияд Махрез. Алжир құрамасының ойыншысы өзінің керемет ойыны мен көзге түсіп, үздік сұрмергендер қатарында. Оның еншісінде 16 гол бар.
2015 жылғы 4 сәуірден бастап есептегенде Лестер бүгінгі күнге дейін 91 ұпай жинаған көрінеді. Енді мынаған қараңыздар. АПЛ дің қазіргі чемпионы лондондық Челси екені белгілі. Егер 38 тур ойындарына дейін Раньери шәкірттері чемпиондыққа қол жеткізетін болса, Хиддинг командасы чемпиондарға арналған чемпиондық корридор жасайтын болады, және ол Стэмфорд Бридж стадионында болмақ.
Әрі қарай

Блогқұрылтай: жаңа жоспар

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Алтыншы құрылтай да аяқталды.
Қарап тұрсаң, тәулік сайын ауысып, апта сайын түрленіп тұратын қазіргі заманда аз уақыт та емес. Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз де жоқ. Сол, майда жеңіс(шік)тер. Ия, жастар көптеп тартылып жатыр, спикерлердің деңгейі өскен, құрылтайға министр келді… бірақ… жазбаның деңгейі өсті ме? Қай блогшы инфографиканы қатырып жасайды? Кім фотошедевр түсірді? Құдай ауу, видеоблогтың өзін күнделікті түсіріп жүрген адам таппайсың ғой..

,-деп жылап бастасаң постты :)
Кеше блог әлемінің ақсақалы бар, қарасақалы бар (Mikhael емес), Көкбөрісі бар ақылдастық. Отыра қалып биылға, келесі жылға жоспар құрып та тастадық. Келесі жылғы блогқұрылтайдың форматын да анықтап тастадық. Бұл мәселелерді негізі құрылтай кезінде (бәріміз бірігіп) айтылуы, талқылануы керек еді, алайда белгілі бір себептерге байланысты өтпеді. Сонымен…

ФОРМАТ

— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді.
Спонсорлар табамыз, қосымша қаржы табамыз, алайда символикалық болса да жарна төлеп келеді қатысушылар.
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.
Әлеуметтік желі мен интернет қолданушылардың жиылысы емес, блогшылардың шарасы болғандықтан, осы бастан блогқа тіркеліп жазба жазуды бастасаңыздар. Мүмкін шектеу де қоярмыз. Мәселен, блогыңызда кемі 20 жазба болуы тиіс деген секілді.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді.
Өзін-өзі мойындатқан блогшыларға артықшылықтар беріледі. Ол жарна төлемеу, жатын орынды ұйымдастырушылар көтеру, жол ақысын ұйымдастырушылар көтеру секілді тағы да басқа жеңілдіктер берілуі мүмкін.
— Үздіктер анықталады.
«Жыл блогері», «Жыл жаңалығы», "Үздік видеоблогер" секілді тағы да басқа номинациялар беріліп үздіктерді анықтап отырамыз.
— Қай өңірде өтетінін өзіміз анықтаймыз.
Әкімшіліктермен хабарласып, қай өңір қабылдауға дайын екені анықталған соң дауыс беру арқылы өңірді анықтаймыз. Әкімшілік спонсор емес, қолдаушы (орын, автобус т.б.) ретінде қатыстырылуы мүмкін.

Онан бөлек...
Блогкемп аясында тағы да 4 шара ұйымдастыруға тырысамыз.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Астана қаласында мамыр мейрамдары кезінде өтеді. Әзірге 8-9 мамыр деп отырмыз, бірақ датасы өзгеруі мүмкін. Аты айтып тұрғандай тақырыптар видеоға арналады. Ішіне: видеоблог, сценарий, жарық қою, ютюб баптаулары, монетизация секілді көптеген тақырыптар кіреді.
Шара ақылы. Суммасы 5000 теңгенің жобасында болуы мүмкін. Онан асырмауға тырысамыз. Қатысушылар шектеусіз (яғни тек блогшылар ғана қатысады деген шарт жоқ).

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара тамыз-шілде айларында Шымкент қаласында өтеді. Форматы былтырғы «Жазғы мектеп» секілді. Тақырып: мәтін. Яғни, мәтін жазу, тақырып қою, пост құрылымы, СММ тағы да басқа мәселелерге арналады.
Шара ақылы. Нақты сомасын қазір айта алмаймыз, бірақ 20-25 000 шамасында болады. Қатысушылар шектеулі. 50-60 адамнан аспауы тиіс. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Алматы қаласында қазан айында өтеді. Фото түсіру, ракурс, фото жанрлары, жарық таңдау тағы да басқа мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Барлық шараның қорытындысы есебінде «Астана интернет форумы» өтеді. Бұл жерде тек қана блог емес, интернет мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, ІТ секілді көптеген мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

Әзірге осы. Жаңалықтар болса хабарландырып тұрамыз ;)
Әрі қарай

Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

BlogCamp: Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

Таразда Блог-Құрылтай атымен өткен іс-шарадан кейін кей түсініктерді қайтадан қарау керек деген ойға келдім. Жиын өтті. Жақсы өтті. Бірақ, формат басқа, қатысушылар басқа, блогерлер аз. Неге бұлай болды, бізден қандай қателер кетті, енді не істейміз деместен бұрын алдымен негізгі терминдерді бір шолып шығайық.

БЛОГ
Адамның интернеттегі жеке күнделігі, түрлі тақырыптарда ойларын жазатын алаңы. Бұл алаңқай дербес стенделон домендегі блог немесе КерекИнфо, Массагет, Айтабер, Блогтайм, Wordpress.com, Blogspot, ЖЖ, Ювижн сияқты блог-платформаларда ашылған блог. Әлеуметтік желілердегі жеке апарақшалармен шатастыруға болмайды. Ол әр адамның виртуал әлемдегі паспорты. Ал, блог — күнделігі, дәптері.

БЛОГЕР
Алдыңғы пункттен түсінгеніңіздей Блогер — блог жүргізетін адам. Оны стилінен, никнеймінен, тақырыптарынан көпшілік онлайн немесе оффлайн танитын адам. Көбіне блогер бірнеше жерде емес, тек бір платформада жазады.

БЛОГГИНГ
Блог жүргізу, пікір жазу, блогосфера өміріне белсене қатысу.

БЛОГОСФЕРА
Блогерлердің тіршілік аймағы. Блогерлер ортасы. Блогерлер жиыны, түрлі іс-шаралары.

БЛОГКЕМП
Блогерлер жиналатын қала сыртындағы лагерь жиыны. Түрлі мастер-класстар және демалыс. Еркін форматта пікірталас. Негізгі мақсат — блогерлерді бір жерге жинап, һәм дәріс, һәм демалыс өткізу. Қатысу үшін жарна төленеді.

БЛОГ-ҚҰРЫЛТАЙ
Жылына бір рет өтетін кең көлемдегі жиын. Мақсат — танысу, білісу, тәжірибе алмасу, бірге қыдыру, қаламен танысу. Қатысу үшін жарна алынбайды, шығындары демеушілер тарапынан жабылады, сәйкесінше олардың да талаптары орындалады. Мысалы блог-турлар, экскурсиялар, пиар мақалалар, репортаждар арқылы.

БЛОГ-ТУР
Блогерлер арқылы жарнама жасауды көздейтін экскурсия түрі. Тапсырыс беруші жақтың талаптары бойынша блогерлер көрген білгендерін репортаж, сұхбат форматында жазады.

БЛОГИАДА
Берілген тақырыптар бойынша арнайы жүлде үшін жазылатын посттар жарысы.

Енді бастапқы тақырыпқа оралайық. Тараздағы Құрылтай Жамбыл облысы әкімдігінің демеушілігімен өтті, ұйымдастыру да олардың мойнында болды. Біз тек қонақ қатысушы ретінде бардық. Сондықтан қонақ «дастарханын» сынап кетуден аулақпыз. Тек блогерлікті өмір стилі ретінде ұстанатын топ ретінде негізгі түсініктердің өзгеруі, негізгі форматтан алшақтануы әлбетте жанымызға батты. Бұлай бұларын алдын ала білдік те. «Бұл кең көлемдегі соңғы құрылтай болуы мүмкін» деп жаздым да. Бірақ, бардық, көрдік, өз ортамызда жиналдық, өз құрылтайымызды да өткіздік. Бұл тұрғыда өте жақсы жиын болды. Көптен көрмеген достармен бас қостық, тәжірибе бөлістік, білмегенімізді үйрендік, бірге қыдырдық. Біздің негізгі мақсат та осы еді.

Жанымыз ашитыны — блогерліктің сөз ретінде де, іс ретінде де қадірі кете бастағаны. Ойлап қарасақ шын Құрылтай 2011, 2012 жылдары Алматы мен Астанада ғана өтіпті. Блогерлік те осы жылдардан кейін ұйқыға кете бастады. Басты себеп ретінде әлеуметтік желілердің танымал бола бастауын айтамыз. Сол жылдары Твиттерге тіркеле бастаған саясаткер, қоғам қайраткерлеріне блогер аты беріле бастауы осы үрдістің басы болды. Блогосфераны жандандыру мақсатында 2014, 2015 жылдары Блогиада жарысы өткізілді. Бірақ, бұл да тек уақытша нәтиже берді. Жарыстан соң қайтадан сылбырлық басталды. Керісінше адамдар тек ақшалай мотивация болмаса жазғысы келмейтіндей болып қалғандай болды.

Бірақ, бәрі өз қолымызда. Блогосфераны қайтадан тірілту үшін бір әрекеттер жасауымыз керек. Ең алдымен мына постта жазған негізгі түсініктерді өз орындарына қойып, әр нәрсені өз атымен атау керек. Блогерлікті қайтадан тренд, престиж ұғым қылуымыз қажет. Блогерлік өлді, бұрынғылар енді жазбайды, қазір жазатындар жастар деген оймен келіспеймін. Керісінше блогерлік 30 жастан кейін басталады деп ойлаймын. Адамның ойы да, тәжірибесі де қалыптасқан кез. Нағыз сапалы мақала, тұшымды ой жазатын кез. Ендеше не тұрыс? Кеттік, блогтарымызды қайтадан қолға алайық!
Әрі қарай

Блогиада және статистика

Керектің статистика агенттігі: Блогиада және статистика

Енді екі күннен соң Блогиада аясындағы 2015 жылдың үздік блогерін анықтайтын боламыз. Өзімді статистика агенттігіне жұмысқа қабылдап, алғашқы мәліметтерімді назарларыңызға ұсынбақшымын:

1. Ең көп балл жинаған — Medium / 27 ұпай /
2 Ең аз балл
Әрі қарай

Қайта қауышу!!

Адастым, демей-ақ қояйын, бірақ, ғаламторды әрі шарлап, бері шарлап, ұзақ үзілістен кейін, үйірлеріңе қайта келіп отырмын, қосу-қоспау өз еріктеріңіз.
Әрі қарай

Блогиада туралы естеліктерім

  • KazNET
KazNET: Блогиада туралы естеліктерім
Боладысынан, керісінше, болғаны қызық сирек шаралардың бірі — блогиада да ақтық мәресіне жетті. Блогиаданы қорыту, мына пақырларыңыз үшін сонша қиын боларын өзі де білмесе керек-ті. Тақырыптың аты аталған сәттен бастап, ойыма түрлі идеялар мен естеліктер қаумалап қоя бергені сол, тіпті ішінен мен үшін ең маңызды сәттерді де іріктеу оңай болмады. Қалай болғанда да, осы шарада маған тілеулес болған оқырмандарым мен жанкүйерлерім үшін әйтеуір бір қызығы болар деген ниетпен басымнан өткен қызықтарды тізіп өткім келеді.


1. «Сүмесүт»

KazNET: Блогиада туралы естеліктерім
Құрметті оқырманның есінде болса, сүт тақырыбына ұсынған фоторебім мәзірі ұмыт болған сүмесүт тағамын дайындау турасында болған еді. Алайда, көбіңізге ұнаған бұл фотореп соңғы күні жасалғанын бірі білсе, бірі білмейді. Себебі… cебебі, ол алғашында видеореп болуы керек-тін. Иә, Эльвираның «Көктем» тақырыбындағы фурорынан кейін-ақ, құр жазба мәтінмен бұл сайыста алысқа шабу қиынға соғатынын түсінген едім. Содан ба, назарым бұрын соңды елемей жүрген ақпарат беру әдісі — видеоға бірінші ойысқан еді.
Оның жарыққа шықпау себебі, өзіме бейтаныс видеомонтаж бағдарламасында жасалған клиптің кенет опат болуында. Жалпы, бұдан кейін де бейтаныс форматтармен бірнеше рет тәуекелге бардым. Оның сәтті болғандары назарыңызға ұсынылды, ал сәтсіздері ноутбугымның терең қатпарында қала берді. Бірақ, сол сәтсіздіктен бері видеореп жасау талпынысынан бетім қайтып қалған еді.
«Видеосюжетофобиям» сол күйі комплексқа айналып кетпеуі үшін ақыры әлгі видеоны өздеріңізбен бөліскенім дұрыс деп шештім. (Ескерту: Видеода әдепсіз сөздер кездеседі :-)



2. «Дивани Хикмет»


KazNET: Блогиада туралы естеліктерім

Қазылар тарапынан да, оқырмандар тарапынан да үлкен қошеметке ие болған «Дивани Хикметке» арқау болған фотолардың жартысы «Еркін тақырып» берілмей тұрып түсірілген болатын. Иә, оны қазір мойындаудың реті бар шығар, атышулы диванымды мен тақырып берілмес бұрын жөндеп қойған болатынмын. Тақырып берілгенде көрнекілік үшін диванның тысын қайта шешіп алып, бүкіл процессті қадам-қадамымен қайта суретке түсіріп, симуляция жасаудың реті келді. Тіпті маталар дүкеніне қайта барып, сатып алған матамды тауып, оны суретке түсіруге тура келді. Тақырып берілгеннен кейін, маған тек сюжет желісін жасап, оған кішкентай орындықтың жасалуын қосып, «азан шақырып» репортаждың атын қою ғана қалған болатын. Ақыр соңындағы «Блогиада» жазуын әбден тәптіштеуге уақыт пен ниет қайдан пайда болғанын енді сіз де білесіз:)




3. «Синемалогия»

KazNET: Блогиада туралы естеліктерім
"Ұрыспаймын" деп уәде беріңізші тек. «Синемалогия» деген жазбада естеріңізде болса, алдымен бір топ жамағат психоаналитикке белгілі бір киноға қатысты пікірін білдіреді… Жоқ. Ондай киноталдауға қатысқаным да, жазылған пікірлердің болғаны да рас. Тек… дискуссияға қатысушылардың есімдерін есіме түсіре алмадым. Сол мезет көңіл-күйім дұрыс болмады ма, әлде жасаған жазбам өзіме ұнамады ма, қатысушылардың аттарын ойдан шығардым. Онда тұрған да ештеңе жоқ болар еді, әрине, олардың есімінің алғашқы әріптерін тігінен оқыған адам «далбаса» деген сөздің орысша баламасын көретіні болмаса…

4. «Асқар»

KazNET: Блогиада туралы естеліктерім

Бұл видео тек ішінде «аса мәртебелі» өзімнің болғандығымен есімде қалады деп ойлайтын шығарсыз. Әрине, ол да бар. Дегенмен, блогиада финалынан есектей дәмесі мен мамонттай мүмкіндігі болған Жандостың сол видеоны жасау кезінде Шиеліге келіп қандай қиындыққа ұрынғанын көру де бір қызық болды. Мысалы, менімен жаттығу залына барғанда, камерасы бар адам көрсе үркитін басшылықтың «съемка» жүргізуге келісімін алу үшін жарты сағатымыз кетті. Оның барлығы Жандостың дайын өніміне кірмеді. Сондай-ақ, Жандос пен оның досы, әрі уақытша «операторы» арасындағы қызықты қарым-қатынасты да көрген жоқсыз. Бәрін Джеймс Камерондық перфекционизммен «как положено» қылғысы келген таза режиссерлерше күйгелек Жандосты жұмыс үстінде көру бір кәйп те, оның ескертулеріне ара-тұра тіксініп қалатын досы Нұралының шырт кетіп, «арс» етіп өзіне кейіп тастайтын сирек сәттерін көру бөлек бір ғанибет:)

Шиелінің негізгі тасжолымен күннің аптабына көніп, бірі камера, бірі штатив, бірі рюкзак арқалаған үшеуіміздің қасымызға бір көлік тоқтап, ішінен қазандай бір бас шығып, «Ей, не істеп жүрсіңдер?» — дейді. Біз, шыны керек, бір-бірімізге қарап, бір сәт аңтарылып қалдық. «Кетнақ» деу керек пе? Жоқ әлде бірдеңе бүлдіріп жүрген бүлдіршінше «Жоқ, ағасы ештеңе, жай ойнап жүрген» — деуіміз керек пе? Бәлкім, оларға блогиаданын не екенінен бастап түсіндіріп, лекция оқуымыз керек пе еді?
— Сізге қатысы жоқ. Жігіттер, жүре беріңдер! — дедім мен бір кезде.
— Ей, нақ, мен адам сияқты сұрап тұрмын!— дейді анау жауапқа қанағаттанбағанын білдіріп.
«Аға-көкелеп» оны шығарып салып болып, келе жатсақ, алдымыздан жол полициясының көлігі көрінді. Кенет, Жандостың досы — Нұралы жүгіріп барып, көліктің ішінен бір жас баланы сүйреп алып шықты да, оны қыспаққа алып жатқан жол полициясымен ерегесе бастады.
Жандос екеуміз аң-таң күйі жақындадық. Камераны көрген жол полициясы да ыңғайсыз күйге түсті. Бақсақ, мәселенің мән жайы мынада екен. Нұралы — қазір Астанада жұмыс істеп жүрген Шиелілік режиссер жігіт. Ал жол полициясы ұстап алған жас бала оның қара шаңырақта қалатын інісі болып шықты.
Нұралының ашуына себеп болған — жол полициясының жас баланы документсіз көлік айдағаны үшін соққыға жығайын деп жатқаны. Оның бәрі камераға түсіріліп жатыр. Әйтеуір, жолполшылар тап солай ойлауы үшін барлық жағдай жасалды.)))
Нұралының інісінің кінәсы — құжатын үйде тастап кеткені. Ал жолпол қызметкерінікі — оған қол жұмсауға әрекеттенгені. Баланың мойнында тіпті қолдың іздері қызарып қалып қойған. Видеоайғақ бар. Куә бар)))
Шиеленіс тереңдей түсер ме еді, Жандос ортаға араласып, мәселенің дипломатиялық шешімін, яғни бас аман, көз түгелде инцидентті ұмытып, тыныш тарқап кетуді ұсынбағанында. Бұл шешім жолполшыларға да, сіңбіруге уақыт таппай жүрген бізге де керек еді. Сөйтіп, бәріміз өз жайымызға кеттік.
Небары бір сағатқа жетпес уақыт аралығында, бейтаныс мекенде жергілікті бюрократиямен де, «гопниктермен» де, жол сақшыларымен де қақтығысып үлгерген Жандостың жайын түсініп отырған боларсыздар.
Welcome to Shiely, Жандос!


5. «Пицца»

KazNET: Блогиада туралы естеліктерім
Баяндаудың ең ежелгі әдісі — ертегі форматын «киім» тақырыбында қолдану ойымда жоқ еді. Ол айланы мен осы фастфуд тақырыбында қолданып көрмек едім. Пицца жасалды, фото түсірілді, бірақ әңгімемнің желісі ертегі форматына еш үйлеспеді. Қисық-қисық, эпизодтары бір біріне жұқпайтын ертегіні жариялағым да келмеді. Сөйтіп, интернет кезіп, жаңа форматқа шабыт іздеп, ақыры таптым-ау дегенде… кен орнындағы шағын вагоншығымыздың генераторы бұзылды да қалды. Бұл бірінші рет емес. Бірақ, осы жолы шеберлер генератордың тек таңға жуық қосылатынын айтты. Ал маған жазбамды жариялау керек.
Болды. Бітті. Осымен, менің блогиададағы жолым аяқталған шығар. Қайта, осы кезге дейін, жолым болғанына Құдайға мың алғыс айтуым керек шығар. Әдепкі кезде, келіншегіме звондап, нобайда тұрған жазбамды жариялауын сұрайтын едім. Бұл жолы, нобайда тұрған жазбам да жоқ. Қашанғы жолым бола берсін… Сөйтіп, шүкірфонымнан Жандосқа звондап, «Осымен, біздің жол да аяқталды!» — дедім.
Жандос әрі-бері альтернативті варианттар ұсынып көрді. Бірақ, оның ешқайсысы менің жағдайымда жүзеге асыруға келмейтін. Тіпті, «Мен үйге жетіп алайын, сен маған пароліңді айтып, телефон арқылы мәтінді баяндап тұр, мен жазайын, көрнекіліктерді кейін жарық қосылғанда қосасың!» — деген ұсыныс та жасады. Үйдегілерге де хабарын жеткіздім. Олар да демін ішіне тартып отырды. Осы жанталасымды көріп отырған бастығым да алаңдай бастады.
— Оскар, мердігерлерден жаңа генератор сұрап көрсек қайтеді?
— Көрейік, Митч, болса — болды, болмаса — қойды енді.

Жаңа генератор жол-жөнекей еш жерде батып, тұрып қалмай, дер кезінде жеткенінің өзінде, бізге әлі басқа қондырғыларды көшіру қажет еді. Бұл екі мәселенің үйлесе қалу ықтималдығы нөлге жақын ғой. Дегенмен, біз тапсырған жаңа генератор біздің мынау ит өлген жерге дер кезінде жетті емес пе!? Жеткенше телефондарына бізден де дамыл болмады:)
Сағат кешкі тоғыз бен онның арасы.
"Ә, көзің ашылғыр, келдің ғой жарықтық!"
Ноутымды ашып, жазған шытпағымды түгел өшіріп тастадым да, бағана тауып алған онлайн-сервисімді ашып, басқа бірдеңелерді жасап тастадым. Ертегіге де бір кезек келер, бірақ бұл жолы емес.


Назарыңызға тұрады-ау деген естеліктерімнің сиқы — осы. Доданың басы-қасындағы барлығыңа рахметімді айта отырып, Айжан Кульмухамбетоваға қайтпас қайсарлығы үшін, Жандос Құсайынға маған жаңа планкалар қойғаны үшін, бірінші кезеңнің бірінші турын аутсайдер болып бастап, талап пен қажырлық арқасында біртіндеп жетінші орынға, одан үшінші орынға секіріп, анық фаворит екендігін баршаға мойындатқаны һәм өзінің мінезі сияқты жып-жылы посттары үшін Айгерім Кеулімжайға ерекше алғысымды білдіремін. Айгерім, мен сенің талантыңа ешқашан күмән келтірген емеспін!
Барша жанкүйерлер мен тілектес қауымға сенімдері мен рухани дем бергендері үшін басымды иемін.
Блогиаданы менен сұрасаңыз, әрбір блогер өмірінде бір рет болса да басынан өткізуіне тұрарлық, теңдессіз тәжірибе деп білемін. Сондықтан, келер жылғы блогиадаға блогерлердің барлығын қатысуға үгіттеймін.
Блогиада мені бармайтын жерлерге барғызды, айтпайтынды айтқызды, іздемейтінді іздетіп, әдетте қызықпайтын салама қызықтырды. Талаптансаң, мүмкіндіктің кеңи түсетініне келесі бір мәрте көзімді жеткізді… Бла-бла-бла кезекті мерекелік, көзіне жас алып, елжіреп тұрған қимастық тост тәрізді пост бұл, иә. Әйтсе де, блогиада аяқталғанымен, қазақ блогосферасында енді қарымды блогерлердің, сапалы посттар мен талғампаз оқырмандардың жаңа дәуірі басталғанына сенемін. Ал, құтты болсын!
Әрі қарай

#ББББ. Нағыз инвестициялық шолу

Инцес… Инфоцессс… Инвестициясы несі, а? © Қалдыбек
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуБала туғалы жатқан қатынның соңғы серпінінің алдындағы бір күшенуі секілді, блогиаданың жетінші туры да қылаң берді. Бұл жолғы тақырып, әй жоқ, шәй жоқ, «Инвестиция» деп былш етіп түсті-ау жарықтық. Біз секілді қарабайыр, қос дәрет арасындағы ажалды оқырман үшін тым күрделі тақырып болғанымен, оны да оқып көрмекке бел буып, құйрық тіреп, қол босаттым.
Уа, гений және сіредний, суфий және сүкий жамағат! Мен бұл тақырыптан гөрі Дженна Хейздің туындыларын көбірек білем, сіз де аса қатты файнаншел-білгір емессіз-ау. Алайда әлеуметтік маңыздылығы, мемлекеттік өзектілігі де ықтимал, сарабдал тақырып екенін мойындаймын. Сондықтан, рұқсат етсеңіздер, байсалды бағыттағы блогерлер жазбасына бір уақ "өз кәйпімнен" тыс шығып, ми салып оқып көрейін. Рұқсат етпесеңіздер де — кеш, бастап кеттім.
Маралбек Сағынғанов үлестік инвестициялық қорлар жайлы жазыпты
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуЖазыпты дегенде, әуелгі скриніңізді айтам. Маған да мұндай жанашыр бауырлар/сестралар жиі жазып тұрады. Әрине, спам, тіпті боттар жазып жатыр ма деймін, ол да мүмкін. Бірақ осылай негізгі тақырыпқа өтудегі мағыналық линиясы тірі блогерлік әдіс екенін атап өту қажет.
Жазба тілі жетік, грамматикасы — ретімен. Безендіруі бірыңғай. Оқырманға түсінікті жеткізілгенімен, сюжеттік бояуы тым терең қаузалмаған. Механизмдік сауалдар туған оқырманға ары қарай жітірек өздерің зерттеңдер деген ниеттегі бағыттық пост болып шыққан. Танымдық, өзіндік жазбагерлік жүйе бар, «Серъезность бар. Бірақ кішкене құрғақтау екен» деген қазының сөзінде гәп бар ғой.
Тақырып ҮИҚ болғандықтан, қордың үш түрі аталған шақта кірішкесіз һәм кіршіксіз көңіліме сол үштіктің барлығы жайлы көбірек ақпар берілуі тиіс секілді көрінді. Сіз екі қор жайлы «Интервалдық қорларда мұндай операцияны нақты белгіленген уақыттарда ғана жүзеге асыра аласыз. Ал, үшіншісіне қор құрылып жатқанда ғана кіріп, нақты белгіленген уақыт мәресіне жеткенде ғана шығып кете аласыз. Оның үстіне интервалдық және жабық қордан үлес сатып алу тым қымбат» дегеннен аса қоймадыңыз. Оның себебі — бұл екі қаржылық жолдың оқырманға қымбаттығы мен механизмдік қолжетімсіздігі деген аргументтерді айтқаныңызды ескере отырып, бұл жағдайда жалпы жазба атауы/тақырыбы — «АҮИҚ» болуы қисындырақ еді. Қалған екеуі сонда жалпы кіріспе бөлімшенің бөлшегіне айналмақ керек, шамасы.
«Хижра бойынша 1425 жылдан бері.»дегеніңіз ұнады. Оу, е, баламалы ойлау мысалы!
«Неғайбіл» сөзі осылай жазылмайды-ау буын үндестігіне орай. Әлде мен шатасып отырмын ба?
Танымдық ақпарат… Әрине, әйтпесе, Маралбек болармысыз?..
Міне, соңына да келіп қалдық. Жалпы, қарапайым идея ұтқыр жеткізілген. Аяқталуы басталуымен байланысты, сондықтан қисынды, тапқыр. Трольшық! Спамның күні спаммен деген осы!
Әйгерім Кеулімжай, "Инвестиция". Қаржыны қайда құям?
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуӘйгерім Кеулімжай, ҰҚК мен өсекшілердің соңғы мәлімет бойынша, берекең кіргір БӨРІБАЕВА, әңгімесін «Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады?» деп бастайды. Ашығын айтайық, маңдай термен таппаған қаржыны да құя беруге болатынын біздің елдің әккі мырзалары біліп қойған…
Жазба қызық, тақырыпқа орай әдіс-түрлерінің біразы/бәрі қамтылыпты. Суреттер сирек, ой жинақы.
"Қазақстаның депозиттерге кепілдік беру қоры" — Менің Қазақстаным, сенің Қазақстаның. :)
"… төмендетілмейтін қалдықтың аз болуы" тіркесін басым әлі қақпай отыр. Жарайды, назар аудармаңдар маған. Оқи түсейін, түсініп қалармын.
«Мәдина, тәуекел-менеджер» — ықықы. Тәуекел-менеджер! Ықықықы. Көне қазақ жазбалары Тәуекелдің (1583 — 1598 ж.ж. билеген) шынымен тәуір менеджер болғанын растайды.
«Дегенмен, Қазақстанда ҮИҚ – тиімсіз болып табылады» — Маралбе-ек??? :)
Жазбаңыз ұнады, тіпті шадыман көңіл «Мәдина там, Мәдина здесь» деп әндетуге бейіл.
Кеттім. Тағы бір шиша алуға. ©
Асқар Базарбайдың атауы ұзақ тағы бір шағын шедеврін оқуды бастадым
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуОй, оқу деп қоямын. Анимация! Маған жұмысты жеңілдеткеніңіз, бір жағынан, қандай жақсы!
Посттың тілі даусы… Ақақақақақақақақа, дауыстар, дауыстар менің басымда! GoAnimate-ті пайдалануды бастаңдар, креативбектер!
Фантастика! Ана бала кәмелетке толмағандығымен де фантастика. :)
Эх! Иә, сосын Дубля*ж дегендегі жұлдызшаны байқаған жалғыз мен бе? :)
Жюридің пікірін шолдым. Неге жюриді біркелкі, бірсарынды қылудан шаршамайсыз? Маған да шолу жасауға аса қатты маневр қалдырмадыңыз. Жалпы, анимациялық фильмнің өз ішінде, фильм есебінде конструктивті сын жасауға болар еді, бірақ тақырыптық көзқарас пен шешімнің шогы оған мүмкіндік бермей отыр.
Сонда да бір далбаса жіліктейін бе?
«Менің балмұздағым жақсы, себебі ол басқалардікімен салыстырғанда, ерімейді» — бұл тіркес Асқардың посттары жайлы.
«Сау бол, балақай!» — ал бұл қарсыластарға айтылған «давайдасвитания».
«Басы артық ақшамды енді қалай пайдаға асырсам екен?» — дейді Асқар өз даусымен миллион алған соң. Болды.
Мөлт еткен мульт. Бәрекелді-і-і! *Мұрынды қысып тұрып оқу керек*
Эльвира Ерғалина үйге инвестиция салу жайлы қалам тербейді
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Нағыз инвестициялық шолуЖазба қызық, өзекті. Тап-тұйнақтай пост. Жеңіл оқылады. Суреттер… жәрәйді енді. Тақырып желісі жеке көзқарасқа негізделген, бірақ блогерге абсолют объективтілік қажет емес. :)
Мына бір жерде: "өзің үйде «потологқа түкіріп жатасың»" — Өзің үйде сексапотолоГқа түкіріп қойып жатасың. :)
Одан бөлек, маған артықшылықтары мен кемшіліктерінің салмақ категориялары "үйірейіп" тұрып болмаса да, аздап әртүрлі секілді көрінді. Басқа айтарым жоқ. Сапалы!
p.s. Сіздің жазбаңыз арқау болып, уа, Эльвира ханым, мен анекдот ойлап таптым:
Алматыдағы жер сілкінісі пәтер деген мүліктің сондай бір жылжымайтын емес екенін дәлелдеп берді. :)

Осымен, тәмам. Жазбаларда ешкім мазмұндық жаңалық ашпаған, оған тақырыптың тартыныстылығы да, жаңалық ашу қажеттілігінің жоқтығы да себеп шығар. Айқын ойды әдемі, шым-шытырықты, әртүрлі алып келуге болады. Бірақ қазы келіншектің «кэптей» беруінің де гәбі мен діті бар-ау.
Жаңалық ашпағанда, технологиялық-көрнекі жаңалық, әрине, болды. Анимациялық фильм. Мен соңғы турда да посттардан көзімнің майы құрғайды деп сенемін.
Сондай-ақ, айтып кетейін: блогтарда пунткуациялық ақаулар болып тұрады енді, оны бірақ ешкім оқып отырмайды ғой. Оның үстіне, олар жай «ачепятка», әйтпесе, шынымен білмей жазады дегенге мен де, Назгүл ханым да Ctrl+Хтамайды екенбіз.
Жалпы, #ББББ бойынша, тұғырдың екінші сатысы үшін айқас соңғы турға қалып отыр. Қанды қоймалжың арпалысты жақсы көрем өзім. Гызляр, сәттілік!
Иә, әнебір сайтта блогерлерді бағалаған жюри саны бірдей емес. Қане, қане, табыңдар, қай жазбагерді бәрі жапа-тармағай бағалап тастады? :)
Қорыта отыра, соңғы турға кіріспе тастай келе, тақырып жөнінде мынаны айтқым келеді. Блогиадашылар! Сіздердің жыл бойы іздеген қазбаларыңыз бен жазған жазбаларыңыз, төккен тер мен кеткен шер, ой мен дене еңбегінің барлығы — қазнеттің ертеңіне салған инвестицияларыңыз. Тек, бұл ұзақ мерзімді инвестициялар жалғыз сіз үшін ғана салынған салым емес. Нағыз инвестициялар. Сондықтан да менің шолуым — нағыз инвестициялық шолу.
Жарайды, жаңа жыл жуық, блогиада бітпек. Сіздердің құрметтеріңізге де, өзіме де жұмыстан демалыс беріп, тойлауға кеттім. Батылдық үшін салафизмнен басқа да нәрсе қабылдауға болатынын дәлелдеп қайтайын. Жеңісті күндерде жуысқанша!

p.s. Айтып жіберіңдерші, кісінің туған күніне сыйлық алу үшін сол кісінің өзінен қарыз алу инвестиция болып санала ма?…
Әрі қарай

#ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада

Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада
Блогиада!
Бұл да бітті. Бұл да қу жалғанның мини-баламасы. Сондықтан басы бар, аяғы бар. Тек фәнидің фәнита кезінде ешкім миллион бермейді, ә?
Иә, сонсоң мини-баламаның өзінің мини-баламасы бар екен ғой. :)
Мен бәйгелеріңе кеш қосылдым. Бәйге — сіздердікі, менікі үлкен жолдың жанындағы шағын сүрлеумен жай қастарыңызда желіп жүру ғана ғой. Әйтпесе, шолудан ары аспаған мен шын аламанның ішкі күйінің қандай екенін қайдан сезінейін?
Блогиадада соңғы турдың тақырыбы — Блогиада. Болжанатын, күтілген тақырып. Қисынды бірақ.
Бүгін жай ғана оқып шығып, қисық тіл, қыңыр сөзсіз қоштасайын (шама келгенше). Онсыз да дұрысты-бұрысты сын айтып, мақтап-даттап, үтіріне дейін қаузаған кезіміз аз болмаған секілді.
Маралбек Сағынғанов, "Ойды ой қуады"
«Аса көп жазып қойдым-ау» деп тым асыра айтып қойған секілдісіз. Ұзақ емес, тиянақты пост, сілтемелі «Кешеңізді» зер сала оқыдым. Тәлімді, пікірлі. Десе де, жалпы ойдың сүдіні лаңкестерге қарсы тұру, қоғамның қауіпсіздігі жайлы болғаны әдіс ауқымынан тыс біртүрлі қабылданады. Бірақ тек блогиада жайлы бұлай жазып шығу мүмкін емес шығар, сондықтан «Ойды ой қуады» деген атау дөп қойылған. Аса кең маневрге мүмкіндік береді. Класс!
Осы шолуда сіздің әдісіңізді пайдаланамын деп шештім. Күллі блогиада мүддесі үшін. :)
«Ендеше, шапшаңдық танытқан блогерге тақырып та ертерек берілгені жөн.» — Ух сен! Марко-ми!
«Бұл блогиада тым ұзаққа созылды. Қатысқаныма өкінген сәттерім де көп болды. Басындағы бірнеше турдан соң көп адамның тайқып шыққанына да осы себеп секілді. Ендеше марафон қажет емес. Керек тілші сияқты бір айлық спринттер әлдеқайда тиімді болады» — Өзіміз қатыспағасын біз түсінбейміз. Мәйегі бар. Әйтсе де, бір айлық спринтте миллион тігілсе, анық әділдікпен қазыларға анықтап шығу ұзақ аламанды бағалағаннан гөрі қиынырақ болары сөзсіз.
Өз ойыңызды шынайы, тіпті біршама эмоциямен жеткізіпсіз. Көп жерлерімен келісуге болады. Жазба оқудан кейінгі кермек дәм кішкене мұңды ма, қалай?..
Маралбек, мықты адамсыз. Ал мықты блогер деген жай бонусыңыз ғана.
Асқар Базарбай блогиада туралы естеліктерін ұсынады
Мәтіндік естелік жазба, бұл доданы чемпион классикамен аяқтағаны да жөн шығар. Мазмұндық не құрылымдық жағын жіліктеп қайтейін (қазір блогиадада оған кілтипан қалдыратын блогер қалды ма өзі?), оқып шықсам да жеткілікті емес пе?
«Олар (иттер — ред.) қазанның қақпағын да ашып алып кете береді ғой» — уақақа! Келіншегіңізге дұғай сәлем айтыңыз!
«Иә, оны қазір мойындаудың реті бар шығар, атышулы диванымды мен тақырып берілмес бұрын жөндеп қойған болатынмын. Тақырып берілгенде көрнекілік үшін диванның тысын қайта шешіп алып, бүкіл процессті қадам-қадамымен қайта суретке түсіріп, симуляция жасаудың реті келді» — Ах сұмырай! :)
Диванға қатысты оқиғаңыз да, синемология жапсары да «Далбаса» ғо, бәрі «Далбаса». Ештеңе етпейді. Енді қазір оның еш маңызы жоқ.
Генератор жар болғыр сол бір кезеңде тіпті пост жасалмай қалғанда да, бәрібір блогиаданың жеңімпазы сіз болар едіңіз. Сіз секілді таланттар ертегіге сенбейді, оны өздері жазады.
Эльвира Ерғалина, "Қош, Блогиада немесе Ең, ең, ең…"
Естеліктер. Бұл да бір блогер тарапынан блогиада қиыны мен қызығы жайлы деректер.
"Қазылар алқасы Әйгерімге жоғары балл қойып, маған төмен ұпай бергенде түңіліп кеттім. Екеумізге бірдей баға қояды деп күткем" — Жеткізу түк рөл ойнамайды деген тұжырым ұстанғандай боп қалдыңыз ғой. :) Бұл да сынақ, гүлім.
«Көңілі көтеріңкі болса, бағаны үйіп-төгетін, мазасы болмаса, ұрысып тастайтын Ерлан Оспанға;
Қатені тізіп жазып, түзеу керек жерді бетіме басып тұрып көрсететін Асхат Еркімбайға;
Қанша қатал боп көрінсе де, ең жұмсақ, жекеде «Блогиададан кетем» деп жылағанымды сабырға шақыратын Тимур Бектұрға;
Қолы ашық, ең мейірімді жюриіміз Нұрғиса Асылбековке;
Менен 6-сы мен 7-сін аямаған, жазбам жәй ғана ұнамай қалатын Назгүл Қожабековаға АЛҒЫС АЙТАМЫН! Сіздердегі қаталдық менің блогерлік тұлғамды қалыптастырды, ізденімпаздыққа әкелді.
Ұйымдастырушы Аршат Оразға, демеуші Азаматхан Әміртайға рахмет!»
— Сөйлемнің анықтауыштарын қайдам, жеке сипаттауыңыз ғой, жалқы есімдеріне қос қолдап, бір шишалап қосыламын. Қазақтың тұңғыш блогиадасына үделі үлес қосқан осы шеберлерге шыныменен алғыс айтайық.
Эльвира ханым, осынау теориялық тармақты трасса тұйықталған сәтте, сіздің шыдамыңыз бен жігеріңізге тәнті, оның үстіне, сіз, қалай көзқарас білдірсек те, шынайысыз деп айтқым келеді. Классикалық блогер образы десе, сіз елестей бересіз.
Әйгерім Кеулімжай блогиадашылар әнін ұсынады
Әнмен аяқтайық, иә? Тіпті гимн боп кете ме барлық блогиадаларға?
Мағыналы өлең, сөздері дөп, оны менен гөрі сіздер әлдеқайда тәуір түйсінесіздер. Басқа несін шолайын…
Ал видеосы… Көркемдік жағын қаузап отыруға шама бар ма? Хнык-хнык. Жарайсыздар!!!
Әйгерім, сіз ерекше жансыз! Егер Қазақстанда 50 шақты Кеулімжай болса, біз ең кемел елдердің ондығына оңай кірер едік.
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада
Бұл блогиада ең талантты, не ең ойлы блогерді анықтап берді деп айқын тұжырымдай алмаймыз. Олай болуы да шарт емес шығар. Бірақ талантқа қоса тиянақтылық, ұқыптылық, бірбеткейлік пен тұрақтылық та ұзақ мерзімді аламанға қажет қасиеттер екені айқара анық болды. Осының бәрі тағы жүздеген қабілет пен қасиетке қосылып, ең мықты блогерді анықтайды. Бүгінде ол — Асқар Базарбай. АСҚАР БАЗАРБАЙ. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік, қырықтан қазанат.

«Менің жазбагерлігім аса кең ауқымды, алуан бағытты: Мен кейде дін жайлы жазам, кейде дін жайлы жазбаймын» депті баяғыда біреу. :) Ал блогиада сан алуан мәселені көтеріп, қырғын тақырыпты егжеді.
Блогиаданың «Блогиадамен» аяқталуы заңды да шығар. Бірақ қалай басталып еді? Реттілігін сақтай отырып, Маралбек-стайл жасасам, ілкі блогердің күллі жазбасын тағы бір шолып, өзіңіз ұнатқанына қайта телміре қалмайсыз ба? Бәлки, қайта емес, тұңғыш рет…
Бәрі көктемде басталды. Ел жүдеңкіреп, денсаулығын нығайтуды ойлайтын кез еді ғой. Аузынан сүті кеппеген жас балалардай, мұндай жобаны алғаш көрген болгерлер әу бастан еркін суреттеп, көсіліп кетті де дей алмайсыз. Дей тұрғанмен, ақшаның буы ұрмай қоя ма, жазбагерлер халықты біраз қызық туындымен сусындата бастады. Бәріне бірдей Феттель қайда, біреулер соңғы келген көліктей қатардан шыға бастады. Біреулер ойнаған ойынының қызығы кеткен баланың кейпін киді ме, бәзбіреуге негізгі кәсібі кедергі болды ма, әйтеуір ақырғы әндері ерте шырқалғандар болғанын айтам да. Бұл да, ұзақ жолдық мініске шыдау — блоггингтің заңы шығар.
Блогиаданың ырғағына үйреніскен, қалған ділмәрлар шығармашылық қиялға ерік беріп, өзекті тақырыптарды көтеріп, елге еркін сауалдар тастай бастады. Тұрақты оқырмандары пайда болып, кәнігі кино жұлдыздары секілді ел танып, мойындай түсті. Жазбалар, әрине, әлеуметтік желілер арқылы да кең тарады.
Үшінші кезеңде іріктеліп қалған блогерлер өз дерегін таныстырып та, салыстырып та бере білетін. Интернет-журналистиканың тарландары «Бастан құлақ — садақа» деп, көсіле-көсіле тіпті құлақ кескен хардкор-ужастик те түсірді. Хехе, әзіл ғой. Дегенмен, жалпы қалыптасқан таптаурындарды бұзып шыққан жазбалар жиілей бергені рас. Мәселен, математикалық фоторепте сан алуан бағытты жазба болды. Кісі азайып, жартылай финалистер ұшқыр, дәмді, еркін жазатын, бұл бір секс кезең еді ғой, секс! Жазбалар бір қауіпсіз фастфуд секілді ерекше, яки жай кездесе бермейтін, таптырмайтын, тартымды да дәмді дүниелер еді!
Киім тақырыбының айналасында жеңімпаз анықталғандай көрінді де, сайыс тек рейтингтің екінші сатысын анықтауға жалғасқандай болды. Қалай болғанда да, тұтас жазба, күллі пост үлкен блогиадалық Ұлттық қорға айналып, қазнетке салған ең мығым инвестиция болғандығы жайлы өткен шолуымда да айтып едім. Бар болғаны осы ғана. Осындай жол. Қалай, оңай ма екен?
Талай тарлан блогердің туындысын оқыдым. Бірақ шолу жасамадым. Блогиадаға кеш келгесін, әрине. Бірақ, бұл да бір ми еңбегі, бұл да уақыт, сондықтан кеш келгенім де жөн болыпты деп ойлап қоямын. Иә, жалпы, қаласаңыздар, Бөрібай Бекарыс деген оралманның басқа шолуларын сол жақ, жоғары беткейге өтіп барып, сілтемелері арқылы оқып алуларыңызға болады.
«Фейк деуге тұра ма, ойлаңдаршы,
Оригинал артында сөз қалдырған?!». Мен де шама-шарқымша оқырман пікірін сарапшы ойымен тоғыстыра беруге тырыстым. Енді сіздермен бірге блогиада аспанынан жоғалмақпын.

Блогиада, осымен оның блогы ада. Қатысушылардың сыры мен мұңы, шері мен тері талай таңдақтарда қалып жатыр. Соңғы турда тек бір бөлшегі ғана шым-шымдап шықты.
Біле-білгенге, оқырман құқайы мен қазылар ұпайы да ауыр сын. Өзара талай оқиғалар болған шығар. Оның бәрі — кешегі күннің еншісі. Ал қазір — той. Қалай болғанда да, ең маңыздысы — жазбагерлердің бірін-бірі қолдау, алысқан аламанның соңында да ынтымақта ортақ қуанышты тойлау. Қазақ блогерлерінің адами қатынасы пәстенбесін. Блогерлердің бірлігі — сапалы контенттен де маңыздырақ. Бөлінгенді Бөрі жейді. :)
"Қазының жақсысы — тоңазытқышта" десек те, жюри болу оңай дүние емес екені белгілі. Ең бір мейірімсіз, бағаланбайтын жұмыс. Сондықтан, әлгіндегі Эльвира жазған қауымға алғыс айтып, береке тіледік. Биылғы жюри — әртүрлі, біріне-бірі ұқсамайтын өкілдерден тұрды. Біріккенде тәуір бір жүйеге айналды ғой деймін.
Иә, сосын жоба менеджерлері мен демеушілеріне (реттілігі дұрыс емес-ау дейм, ә?) құлақшынымды шештім. 30 градус аяз болса да.
Ал, құрметті оқырман! Келесі жылдың үздігі, бәлкім, сіз болып қаларсыз! Ағыстан қорықпаңыз, оған бір кірсеңіз, өзі-ақ иірімдеп ала жөнеледі. Тек жағаға ерте шығуға ұмтылмасаңыз, өзі-ақ жететін жерге жеткізіп тастайды. Секіретін трамплин — мына жерде.
Блогиада-2015 қатысушысы, жазбаңызды әркез фэньшуй бойынша орналастыруға жазсын! :) Сәттілік!



Бұл — БЛОГИАДА!

Суреттер Медет Жансанов, Қоңырбай Қазақ және Бөлтірікбек Алшынның ортақ еңбегінің арқасында жарқын дүниені көріп отыр
Әрі қарай