Тізесі шыққан болса да...

Барлық әл.желіде соңғы уақытта көп талқыға түскен тақырып «Блоггерлер» туралы болды ғой. Мен де қалмай бірдеңе жаза салайыншы) жұрттан қалам ба ))))
Жалпы, өзім «Блог» туралы біліп, таныса бастағаныма көп уақыт болған жоқ. Бірақ блоггерлердің блогтарын оқып, сайттарымен таныса бастағанымнан бұл «белгісіз» сфераға деген қызығушылық бірден оянды. Ол не? Мақсаты неде? Не үшін? деген сан сауалдың жауабын таба алмай, өздерімен байланысқа түсуге жүрексініп, Гугл қариядан сұрап, әйтеуір ізденісте болдым. Оқыған сайын ұмтыла бердім. Ақыры, фейсбукте блоггерлерге достық жіберіп, барынша сол ортаға сіңуге тырыстым. Мектеп кезімнен күнделік жазған соң ба, бір жағынан түсіну, санама сыйғызу секілді процесстер жылдам-жылдам жүзеге асты. Нәтижесінде, осы Керекке тіркелдім. Алғашында, өзімше абдырап, «мұндағы қаншама блоггерлердің ішінде жоғалып кетем бе? Қолымнан келмесе қайтем?»-деген үрей болған еді. Кейіннен бар энергиямды жинап, кірістім. Дегенмен, керемет жазбалар жазып жүргем жоқ. Ойым шашыраңқы, жазуға келгенде бәрееен ұмытып қаламын. Сөйте-сөйте үйреніп те кетермін. Сараптамалар жасап, ашық пікір білдіріп, желікпе әңгімелерге ілесіп кетпей, жеке пікір қалыптастыру сынды дүниелерге үйреніп келемін. Оған «аға» блоггерлердің үлесі зор. Енді тақырыпқа көшсек...

Блог туралы, Блоггер туралыәңгімелердің әбден тізесі шығып біткен, бәлкім жыртылып та үлгерген болар. Бірақ соны, ұмыттырып жіберіп, қайта қопарып, проблема шығарып, «Олар кімдер сонша? Не бітіріпті? Елге қандай пайда әкеліп жатыр? Ақша үшін сатылғандар!»-деген сыңайдағы топас сұрақтар мен әңгімелер жылда шығады білем. Әсіресе, Блогқұрылтай өтетін уақытта күшейеді))))
Ал, олар блоггерлер кей журналистер сияқты бір нәрсенің соңына жетпей аттандап шығатындар сияқты емес, нақты фактті алға тарта сөйлейтін, рейтингтің соңынан қуалай бермейтін, жеке айтарлары бар бір блогсфераның тұрғындары екенін мойындағылары, ой түсінгілері, түф, қабылдағылары келмейтіндей көрінеді.Ойым қаншалықты дұрыс?Сіздердің пікірлеріңіз маңызды мен үшін. «Пікірсіз қалған блог жетім» демей ме?)))) Мүмкін ойым қате болар. Сонда да көп дүниені мойындағысы келмейтін һәм жамырағат жандарды түсіне алмай кететін шығармын. Көптен ойымда жүрген еді, жазудың сәті бүгін түскен секілді. Алдағы уақытта Керектен алар керекті дүниелерім көп болатынына сенемін. :) :) :)
Бөлісу:

9 пікір

bake
Керекинфо-да тіркелген соң блогермін демеймін. Блогер санатына нақты жататындай белгілерім жоқ. Әртүрлі ой мазалап кеткенде қол жыбырлап жазады. Кесте бойынша нақты тақырыпта нақты жазба жазу мақсатта жоқ. Жазбаларым өзіме жеке басымның күнделігім секілді (ішке сыймағанды сыртқа осылайша шығарамын)
P.S.: филолог, журналист секілді жазуға икемі бар қауымның мүшесі емеспін.
AyazhanMuhatai
Иə дұрыс) блоггер атануға көп еңбек ету қажет) Өркен Кенжебек ағаларға ұқсап бағуда өнер десең ))) Қызығамыз) Саяхаттағанды ұнататын болғандықтан сол бағыттағы блогтар қызық жалпы))
a63a1
Тұрмыс құр тезірек, телефонның құшағында кеткенше
AyazhanMuhatai
Тақырыпқа қаншалықты қатысы бар :Y:Y
a63a1
Сенің өмірге деген қатысыңдай
DumanKenshilikov
Яяя көбісі қате жазады анау мынау халық солардан үлгі алып қатеге бой алдырады деп. Мойындамайды
asaubota
жақында жас блогерлерге арнап аздап әдістемелік пост жариялаймын. сіздерге қызық, пайдалы болады деп ойлаймын. сол кезде қызығушылық артуы мүмкін ;)
AyazhanMuhatai
Жақсы аға күтеміз