Менің күнделігім

Блог - nurbolkarataev: Менің күнделігім

Биылғы жылы өзіме көптеген мақсаттарымды орындау үшін, алдыма үлкен жоспарларды қойып отырмын. Соның бірі Кіріс-шығыс күнделігі. Яғни 2018-ші жылдың қаңтар айының бірінен бастап тапқан табысыммен, жұмсаған әр теңгемді (ойын-сауыққа, жолақы, ішіп-жеу, тамаққа, қонақтық, сыйлықтар,) күнделікті кіріс-шығыс күнделігіме жазып отыру. Осы арқылы айлық табысымды барынша реттеу, мейлінше шығындарды азайту.
Кіріс-шығыс күнделік журналын жазу маған не береді?
1. кіріс-шығындарымды реттеу,
2. әр тапқан табысымның қайда жұмсалғанын анықтап отыру,
3. мүмкіндігінше шығындарымды азайтып, артық ақшаны өз қорыма қосу, жинау,
4. әр айдың бірінші аптасында кіріс-шығыс журналымды реттеп, әлеуметтік желіде көппен бөлісу.
Осы арқылы күнделікті жұмсалатын әр теңгемнің қайда жұмсалғанын, тапқан табысым арқылы есептеп реттеудің жақсы шешімі.
Құрметті оқырман сізде өз табысыңызды реттеп, менің қатарыма қосылыңыз. Алға қарай жоспар құрып, бірге кіріс-шығыс күнделік журналын жүргізейік.
Іске сәт!!!
Әрі қарай

Сен жайлы, 6 - бөлім

Саған күніне кемі 3-4рет хабарласамын. Бірақ сен алмайсың. Толассыз қоңырау шалу мен үшін күн сайынғы əдетке айналды. Тіпті, сен симфонияға қойған Гомездің əні жаттанды болып қалды. Əр қоңырауда сол əнді бірге шырқаймын. Егер сен телефонды кенет алып қалатын болсаң менің дауысымды естіп қалар едің. Саған да менің телефонымның нөмірім жаттанды болып қалған шығар. Əр қоңырауға шыдамдылықпен алмай қарап отыру оңай ма? Мен саған сонда да ризамын. Мені қанша сергелдеңге түсіріп, сезімімді алқымнан алсаң да. Бұл айтқандарым сенің сабырлылығыңа, ерекше тəкəппарлығыңа тəнті болғаным. Деңгейім, статусым қанша болса да саған деген сезімімнің алдында бас игенім. Бірақ сенің алдыңда емес. «Енді сенен қол үзіп қалсам, сен секілді ерекше жаратылысты таба алмаймын»-деп түйдім ішімнен. Бəлкім, үмітімді үзбей келе жатқанымның сыры осы болар!?
Әрі қарай

Сен жайлы, 5 - бөлім

Біздің қауым(жігіттер қауымы) шет елді, жақсы өмірді қалайтын қыздарды ұнатпайды емес пе? Менде ұнатпаймын. Не үшін екенін айта берсең "Қобыланды батыр" жыры болар. Бірақ… Бірақ, сенің жөнің бөлек. Екеуіміз əңгімелескенде сені еуропаның əсемдігі, сəулеті қызықтыратынын байқадым. Əсіресе Франция. Ал сен мені қызықтырдың. Не деген қиялың ұшқыр, өмірге құштар едің. Сенің саяхаттауға қызығушылығың ұстанатын көзқарасыңның жоғары деңгейде екенін байқатып тұр. Менің ұнататын қалам сонау материк асып жатса да, енді одан бас тартып сенімен бірге Парижды армандайтын боламын. Бірақ, алдағы уақытта дəл сол кездегідей əңгімелесудің реті келмейтін сияқты. Себебі, сен бəрін біліп қойдың. Мен нақ сол үшінде сыртыңнан армандап отырмын бүгін. Бұл жазғандарым əрине сенің тек осы қасиетіңе қарап баға бергенім емес. Мен сені барлық қырыңнан ұнатамын, уайымдама. Баяғыда бір кісі 80дегі атамыздан сұраған ғой:
-Ата, 80жасқа келіп қапсыз, қорқыныштыма? Қалай?-десе атамыз:
-Өй, шырағым, түкте қорқынышты емес. 80дегі кемпірдің қасында жатқан оданда қорқынышты,- деп айтады дейді. Мен тілейтін едім: екеуміз мəңгі бірге болып, сол күнге жетсек екен деп))
Әрі қарай

Clarivate Analytics компаниясының форумы өтті

Блог - astananews: Clarivate Analytics компаниясының форумы өтті
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы Clarivate Analytics компаниясымен біріге отырып, Web of Science ресурсының редакторлары, әкімшілері мен пайдаланушылары үшін форум өткізді. Екі күн арлаығында 400-ден астам адам жұмысқа арналған жаңа құралдарды меңгеріп, тәжірибе жүзінде заманауи ғылыми мақала қандай болуы керектігін, жарияланым үшін журналды қалай таңдау керектігін және тағы да басқаларын білді.

Форумның бірінші күні «Халықаралық ғылыми журнал: үздік тәжірибелер және даму құралдары» деген тақырыпқа арналды. Кездесуге жеке кеңес алуға болатын журналдардың редакторлары мен өкілдері қатысты.
ТМД елдеріндегі білім бағдарламалары бойынша Clarivate Analytics сарапшысы Дарья Бухтоярова халықаралық журналдардағы ғылыми мақалалардың стандарттары жайлы айтып берді.
«Мақаланың атауы сыйымды болуы тиіс, ол ағылшын тілінде ең жиі дәйексөзделетінмақалаларда 31-40 белгі, бұл ретте сұрау және леп белгілерінен бас тартқан жөн. Міндетті түрде барлық маңызды ақпаратты, негізгі сөздерді жинаған абстракт болуы тиіс, олар мақаланы мәліметтер базасынан оңай табуға көмектеседі, сондай-ақ IMRAD жазу құрылымы және өмірбаян болуы керек», — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар оқыту мамандары қазіргі заманғы ғылыми журналдардың негізгі элементтері туралы, жұмыс кезеңдері және журналдарға мақалаларды жіберу процессі қалай өтетіні туралы айтып берді.
Қатысушылар сонымен бірге Web of Science Core Collection-де жариялану үшін сәйкесінше журналды қалай таңдап алуға болатыны жайлы да білді. Дарья Бухтоярова іріктеудің келесі критерийлеріне сүйенуге кеңес береді: баспалық стандарттарға, халықаралық құрамына, журналдың мазмұнына, жиі дәйексөзделетініне. Айта кету керек, әлемде барлық жоғы 100 000 ғылыми журналдар, Web of Science Core Collection Халықаралық мультипәндік мәліметтер базасында 18 000 анағұрлым ықпалды журналдар бар.
«ҰМҒТСО» АҚ-да Қазақстандық дәйексөздеу базасы құрылуда. Ол шамамен 125 қазақстандық журналдарды қамтиды, 96 мыңнан астам рефератталған ғылыми мақалалары бар.
Журналдардың сапасыне жоғарылату үшін форум барысында келесідей ұсыныстар жасалды: мақалаларды міндетті түрде рецензиядан өткізу, редакциялық алқада шет елдік ғалымдардың болкы, мақалалар мен мақала түбіндегі сілтемелер базалық стандарттаға сай келуі, авторлардың безендіру талаптарын орындауы, авторлардың жұмыс орнымен, қаламен, елмен міндетті түрде аффилиациялануы, журналдың WEB сайтының қазіргі заманға сай жаңартылуы.
Форум шеңберінде Web of Science ақпараттық ресурстарының әкімшілері және пайдаланушылары үшін тәжірибелік семинар өтті. Қатысушыларға электронды ресурстардың әкімшілерінің негізгі міндеттерін айтты, пайдаланушылық белсенділігі туралы статистикалық мәліметтерді өңдеу және жүктеуді, жарияланымға арналған журналды іріктеу механизмін көрсетті жәнеде библиографиямен жұмыс істеу туралы айтып берді, EndNote ресурсының мүмкіндіктерімен таныстырды.
Clarivate Analytics ТМД елдеріндегі ақпараттық ресуртар және білім беру бағдарламалары бойынша сарапшысы Лязиза Мұқашева Қазақстан 2011-ші жылдан бастап Thomson Reuters (Clarivate Analitics) ғылыми-техникалық есурсына жазылғанын атап айтты. Сол кезден бастап отандық ғалымдардың жарияланымдық белсенділігі бес есе артып, қазіргі таңда ол ТМД елдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш екенін жеткізді.
Қатысушы ресурстар әкімшілеріне Web of Science арқылы статистиканы қалай жинап және түсіндіріп беруге болатыны айтылды. Статистиканы ізтеу сұранысын жібере отырып, ай сайын да, белсенді кезінде қадағалауға болады. Статистикалық мәліметтер Excel-де конверттеліп және көрімделеді.
Семинарға қатысушылар тәжірибе жүзінде EndNote ресурсымен жұмыс істеудің артықшылықтарын көре алды, ол библиографиямен жұмысты қаншалықты қарапайымдататынын және оңтайлы режимде ірі зерттеулік жобаны жүзеге асыруға болатынына көз жеткізді.
Әрі қарай

2017 жылдың үздік посттары

Блог - asaubota: 2017 жылдың үздік посттары

2017 жылда блогосферада және КерекИнфо платформасында пәлендей белсенділік болмаса да біраз пост жазылды. Жылдың үздік посттарымен танысайық.

2017 жылы жазылған посттардың ең көп оқылғандары:

  1. Димаш Құдайберген «I am a Singer» жобасына қалай қатысты?
  2. EXPO билеттеріне қатысты 7 сұрақ
  3. Ninety One — Su Asty / Су асты
  4. Назардан тыс қалып жүрген 6 эроген аймақ
  5. Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
  6. Димаш Құдайберген. Кеше және бүгін
  7. Некеден кейінгі адамның өмірі қалай өзгергені туралы 11 сурет
  8. Мен көрген Атырау
  9. Маған ұнайтын футболшылар
  10. Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

2017 жылы жалпы КерекИнфода ең көп оқылған посттар:

  1. Іштегі баланың жынысын анықтау
  2. Таныстырсам өзімді…
  3. Үйде жүріп арықтаудың жолдары
  4. Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік (+18)
  5. Зодиактар және оларға мінездеме
  6. Еркектердің жыныс аурулары. Урологпен видеосұхбат
  7. Эротикалық жұлдызнама
  8. Өт жолдарын емдеу
  9. Гүлзухра апаймен өткен түн
  10. Секс туралы қызық фактілер
Әрі қарай

«Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

Астана жаңалықтары: «Астана LRT»: Автобуста валидатор істен шықса жолаушылар тегін жүреді

2018 жылдан бастап «Астана LRT» ЖШС жолақыны төлеудің электронды жүйесіне толықтай көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Осыған байланысты, «Астана LRT» елорданың барлық автобус паркі валидатормен жабдықталып, ASTRA PLAT транспорттық электронды картасымен төлем жасайтынын мәлімдеді. Егер автобуста валидатор істен шықса, ол автобус маршруттық бағыттан шығарылып тасталады немесе жолаушылар тегін қатынайтын болады.

Сондай-ақ, келесі жылы айлық жол жүру билеті де алынып тасталады. Қағаз билеттің орнына пластикалық карта шығады. Бағасы бұрынғыша – 7500 теңге күйінде қалдырылады. Ал транспорт картасының бағасы – 400 теңге. Бұл жаңалық жолақыны электронды жүйемен төлеуге толықтай ауысудың алғышарты.

Сонымен қатар, жыртылып берілетін билет орамы да алынып тасталады, бұл көлеңкелі ақша айналымын тоқтатады. Жүргізушінің қасындағы (валидатор жүргізушінің жанында орнатылады) мөр басылған билет жолақының төленгенін растайды.

Транспорт картасын алып үлгермеген азаматтар картаны арнайы мамандандырылған кассалардан, RTVM терминалынан және де халыққа ыңғайлы болу үшін Касса24 немесе QIWI терминалы арқылы толтыруына болады.

25 желтоқсаннан бастап транспорт картасын сататын және электронды картаны толтыратын сауда орындарын көбейту жоспарланып отыр.

Кассалардың мекен-жайы:

№12 касса — «Гранд Астана» ТК, Ж. Нәжімеденов көшесі, 10/1.

№8 касса — Астаналық цирк, Қабанбай батыр к-сі, 5.

№14-15 касса — Орталық кеңсе, Қ. Мұңайтпасов к-сі, 14

№17 касса — Теміржол вокзалы, Гёте көшесі, 1.
Әрі қарай

Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі

«Жаһандық және аймақтық деңгейде
Қазақстанның алатын рөлі жоғары» — Паоло Бартолоцци
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл- 26 жыл. Осындай аз уақыттың ішінде жас мемлекетіміз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жаһандық бастамаларының арқасында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың сенімді мүшесі ретіндегі халықаралық беделі айтарлықтай артты. Халықаралық деңгейде Қазақстан қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялық үдерістер бастамашысы, мәдениет, дін және өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танымал болды. Еліміздің іргелес жатқан көрші елдер және сыртқы әлеммен арадағы белсенді, әрі бейбіт қарым-қатынасы Орта Азиядағы Қазақстандай табиғи байлығы және Еуропа мен Азияның арасындағы экономикалық қатынастарға өте қолайлы еліміздің экономикалық тұрғыдағы дамуын жеделдете түскендігі анық. Қазіргі таңда Н. Назарбаевтың ұсынған бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып, жетістікті әрекет етіп келеді. Солардың бірнешеуінің жұмысына тоқталып өтсем деймін.
Ең маңызды бастамалардың бірі- ол ядролық қаруды таратпау және қарусыздану табыстары. Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласындағы бастамаларға белсенді түрде қатыса отырып, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласында жүйелі әрі жауапты саясат жүргізіп келеді. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған уақытқа қарамастан, 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойып, үлкен батылдық танытты. Бұл, шын мәнінде, қазақстандықтар арасында ғана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық тарапынан кең қолдау тапқан тарихи шешім еді.
Одан соң, АӨСШК – құрлықтағы мәні зор қауіпсіздік құрылымының құрылуы. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясы барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құрылым – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құру туралы идеясын жария етті. Ол кезде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ететін өңірлік құрылым Еуразия құрлығында жоқ еді. Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке үнқатысу және ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болатынын жария еткен бұл бастама Азия елдері басшылары тарапынан кеңінен қолдау тапты. Сөйтіп, осы бастама АӨСШК үдерісінің басталуына бірден-бір себеп болды.
Үшінші кезекте- тағылымы мол діндер көшбасшыларының съездері. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастамасына бірқатар мемлекеттердің басшылары, белгілі саясаткерлер мен дінбасылары қолдау білдіріп, 2003 жылдың қыркүйек айында Астанада бірінші Съезд өтті. Форумға қатысушылардың басты идеясы бүкіл Жер шарындағы адамдарды бейбіт әрі лайықты өмір сүруі мақсатында әртүрлі діндер өкілдерін ынтымақтастық пен бірлікке шақыру болды. Содан бері Астанада 2006, 2009 және 2012 жылдары тағы үш Съезд өтті.
Елбасымыздың ұсынған Еуразиялық одақ құру идеясы өз кезегінде өзге елдер тарапынан қолдау тапқан болатын. «Еуразиялық одақ» тұжырымдамасы идеясының мәні – Батыс пен Шығыстың заманауи нақты жағдайларын есепке ала отырып, солтүстік Еуразия мен Орталық Азия елдерінің біртұтас экономикалық, геосаяси, тіпті саяси кеңістігін біріктіру. Өз елдерінің экономикалық жағдайына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау жасаған соң және оны түбегейлі жақсарту мәселесін басшылыққа ала келіп, Ресей, Қазақстан және Белорусь елдерінің басшылары бастапқы кезеңде Кедендік одақ (КО), артынан – Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), ал ең соңында түпкілікті мақсат – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құру туралы шешімге келді. Ресей, Қазақстан және Белоруссия арасындағы тығыз экономикалық байланыстың қалыптасуының бастамасы 2010 жылы Кедендік одақ құру арқылы жасалған болатын.
Беделді ұйымдардағы төрағалық та еліміздің беделін айтарлықтай өсірді. 2010 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның саммиті бірегей саяси оқиғаға айналды. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы Ыстамбұл саммитінен кейін 11 жыл өткен соң алғаш рет Ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы жылдарға арналған жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды. ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде еліміздің осы Ұйым қызметінің бағыттары бойынша белсенді жұмысы саммиттің қорытынды құжатында – «Қауіпсіздікті қолдайтын қауымдастыққа қарай бет бұру» атты Астана декларациясында көрініс тапты.
Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан халықаралық проблемаларды шешуде үлкен рөл атқарып келеді. Әлемде кезекті экономикалық дағдарыстармен қатар, әскери және діни қақтығыстардың орын алып жатқан кезеңінде Президент жаңа саяси бастамалар көтерді. БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс дегенді баса айтты. Әрине, бұл үшін БҰҰ-ның 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жылға дейінгі жоспарын әзірлеуді ұсынды. Онда барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстар мен нарыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, адамзаттың дамуы үшін жаппай жауапкершілігі көрініс табуы тиіс.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыру мақсатында «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Ассоциациясы 2012 жылдың 12 қаңтарында www.group-global.org сайтында G-Global ақпараттық-коммуникативтік интернет алаңы форматында зияткерлік желісін іске қосты. G-Global – бұл әлемнің сарапшылар қауымдастығына әлем экономикасы мәселелері жөнінде интерактивті, ашық және бұқаралық пікірталастар, пікірсайыстар жүргізуге жағдай жасайтын көпфункциялы платформа.
Еліміздің жаһандық бастамаларда алатын орны ерекше екендігін айқындайтын басты дәлелдердің бірі- елордамыз Астана қаласында өткен Халықаралық EXPO-2017 көрмесі. Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта өткен көрме энергияның экологиялық таза және жаңартылатын көздерін дамыту жөніндегі әлем ғалымдарының күш-жігерін біріктірді. Бұл көрме Қазақстанды тағы да бір қырынан әлем назарына таныта білді. Көрменің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде әрі табысты өткенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл — Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі болды. «ЭКСПО-2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам аралап көрді. Дүниежүзі көз тіккен «ЭКСПО» беделімізді биіктетіп, рухымызды көтерді», — деді Мемлекет басшысы.
Тарих көрсеткендей, Қазақстанның жаһандық идеялары мен бастамалары ғаламшар өкілдерінің жүректері мен саналарынан орын тауып, біртіндеп іске асу үстінде. Қазіргі кезеңде еліміздің тәуелсіздік пен кемел елді орнықтыру және дамыту жолындағы қадамдары нық. Президентіміз ұйытқы болған жаһандық бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау табуы- Елбасының көреген саясатының арқасы. Атамыз қазақ «нар жолында жүк қалмас» деп бекер айтпаған. Демек, Нұрсұлтан Назарбаевтай ұлы тұлғасы бар, өзіндік көзқарасы, өзіндік ұстанымы, өзіндік даму жолы бар жас мемлекетіміздің шығар асуы әлі де биік болмақ.
Әрі қарай

«Жаңа Белес - 2017» студенттік мерекелік кеші

Блог - klara_yermagambetova: «Жаңа Белес - 2017»  студенттік мерекелік кешіБлог - klara_yermagambetova: «Жаңа Белес - 2017»  студенттік мерекелік кеші2017 жылдың 30 қараша күні елордада жастардың шығармашылық дамуын қолдауға бағытталған «Жаңа Белес — 2017» мерекелік кеші өтті. Аталған іс-шара белсенді және озық жастар өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Сондай-ақ, бұл кеште астаналық жоғары оқу орындарының студенттеріне студенттік билет табысталды.

Іс-шараның мақсаты: қаланың қоғамдық өміріне белсенді ұстанымды енгізу, студенттер арасында шығармашылықты дамыту, студенттер арасындағы достық байланыстарды дамыту үшін жағдай жасау, жалпы білім беру, мәдениет сапасын жақсарту.

Салтанатты кештің негізгі бөлігі астаналық жоғары оқу орындарының студенттерін «Студенттер қатарына қабылдауға» және студенттік билетті табыстауға арналды.
Аталған іс-шараға Астана қаласының барлық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Кеш барысында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.Блог - klara_yermagambetova: «Жаңа Белес - 2017»  студенттік мерекелік кеші
Әрі қарай

Сен жайлы, 3 - бөлім

Бүгін түсіме кірдің. Оянсам түсім жалғасып жатқан секілді болып көрінді. Өзім сондай қайғырып тұрдым. Айнадағы солғын тартқан жүзім соны байқатады. Сөйтсем ұйықтап тұрғанда түрім өзі сондай болады екен. Жарайды қалжың. Түсімде сенен айырылыппын. Көз алдымда басқамен кетіп бара жатыр екенсің(алдағы уақытта бұлай болмаса екен деп тілеймін Алладан).
Кетіп бара жатқан жоқсың, енді кетейін деп тұрсың. Айналамыз қаптаған адамдар. Сенің көзің менде. Сен оны қаламайтыныңды көріп тұрмын. Келіп мойныма асылсаң хотя бы қоштасқаным болар еді деп ойладым. Сосын сен келіп менің мойныма асылдың. Мені жақсы көретінін айтса екен деп ойладым. Сен мені жақсы көретініңді айттың. Тағы біраз нəрсені ойлап алайын десем уақыт жоқ. Түсім өз еркімде емес. Солай сен көз алдымда алыстай бастадың. Ал мен, мен болсам бейшара күйде екенмін. Сенен қол үзіп, ішіме қимастық пен өкініш ұялап тұр. Қолымнан бар келгені іштей «кетпеші»деу ғана болды. Сол сəттегі сезімімді осы күнге дейін сезініп көрген емеспін. Сенен айырылу барлығынан айырылып, ештеңенің мəні қалмау деген сөз емес пе? Таза естен айырылу деген осы болар сірə. Оянып, телефонымды қолыма ала сағатқа қарасам 8:15. Мектепке қоңырау шалып екінші сабақтан баратынымды айттым да асығыс киіне бастадым. Екінші сабақтан бару "ұйқымды" ренжітпейін деп, асықпай тұрып звонокта қаптаған оқушылардың арасынан басшыларға білдірмей кіріп кететін біз секілді жалқаулардың қулығы. Киініп жатып өз-өзіме келе алар емеспін. Түсімдегі қорқыныш тұла бойымда сақталып қалған. Тіпті сенен айырылып қалғандағы қайғырғаныма қарап саған деген махаббатымның бағасын, өлшемін сезіне алдым. Дала суық. Жол бойы сені ойлап келе жатырмын. Қорқынышты түсім анық қанығына жетуге ырық берер емес. Мұндайда жаныма желеу болып жүрген əуендерім көмек бере алмады. Жол бойы өз ойларыммен күресумен болдым. Мектепке кіре сыныптастарымның қолын бір-бір алып орнымда үнсіз отыра бердім. Мұндайды менен ешкім күтпейтін еді. Себебі, сыныптың көңіл күйін көтеріп, жанын кіргізетіндердің бірі мен едім. Олай отырғанымның себебі ойым тек сенде. Өзіңді бір көру ішімдегі алаулап тұрған жалынды толқын шайып, əп-сəтте өшіргенмен пара-пар еді. Бір сабақ біткенше тəртіпті оқушының кейіпін танытып отырдым. Əрине настроение жоқ. Əйтпесе сыныпты басына көтермесе Бекзат Бекзат бола ма? Қоңырауға дейін сені көруге асығып əрең шыдадым. 60минутым созылып 1сағаттай өтті. Қоңырау қалай соғылды солай сыртқа шықтым. Көзім жəймен айналаны шолыды. Достарым мақтап, əдемі дейтін қыздардың қаншамасы қасымнан өтіп жатыр. Көзім оларды көрер емес. Сені іздеп тұр. Бір кез байқадым. Алыста бір апаймен жолығып тұр екенсің. Менің сені алыстан бірден байқауыма көз жанарымның нашарлығы еш кедергі емес еді. Өз махаббатыңды қалай байқамауға болады? Сені сыртыңнан көрсем де арқамдағы ауыр жүк түскендей, өз-өзіме келдім. Түсімнің жалған екеніне көз жеткізіп, сенің сұлу күлкіңді ойша суретке түсіріп, #менікі деген хештэг қойдым. Тура бір жазықсыз он жылға сотталған адамның кінəлі емес екендігі дəлелденгендей күй кештім. Қандай сұлу едің. Қандай иманды едің. Мүмкін сенің нағыз қыз баласына тəн мінезің мен осы имандылығыңа ғашық болған шығармын…
Блог - Pokemon: Сен жайлы, 3 - бөлім
Әрі қарай

Сен жайлы, 2 - бөлім

Тағы да жалғыздық. Қараңғы бөлмедегі сырты жылтыр темірмен қапталған пештің маздап жанған оты өз қабырғасына жылтылдаған белгісіз қызыл бейнені ойнатады. Тап бір сенің менен ұялғаннан бетің қызарып, жаутаңдаған бейнең тəріздес. Құлақты кернеген əсем əуенмен қараңғылықта жалғыз қалғанда біраз нəрсені ойға түсіреді екен. Иə, əлі арамызда біраз нəрсе бола қойған жоқ. Есесіне, мен сені біраз бақытты етіп, біраз жерді қыдыртып, біраз кездесіп тастағанмын(өз қиялым бойынша). Сенің жаныңнан жылу таппағандықтан пеші бар қараңғы бөлменің бір қуысына тығылғаным осы(əрине розетканың жанына). Түсінбегенім — сен неге басқалар сияқты емес екенсің? Неге басқалар сияқты əзіліме артынша жауап қатпайсың? Неге əңгімеге тартсам алшақтайсың? Бəлкім өзіңе ғашық етіп, жіпсіз байлап тұрған да осы «ерекшелігің» шығар? Өзіңе қол жеткізу мендік арманға айналды. Маған қолыңды берсең мен сені өзіммен бірге қараңғылықтың ішіне тартып аламын. Сон-соң екеуміз мына ығы-жығы, мазасыз, бірін-бірі таптап жатқан шаруасы көп өмірден бейхабар күй кешеміз. Тек қолыңды соз. Күтемін…
Блог - Pokemon: Сен жайлы, 2 - бөлім
Әрі қарай