Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

Блог - asaubota: Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті

Көптен күткен GOT маусымының 7-сі де келді. НВО арнасы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіпті — 16 млн адам қарапты. Биыл тек 7 серия ғана шығатын маусымның алғашқы сериясы көңілден шықты ма? Әдеттегідей таныстыру, превью сериясы болды деп ойладым. Сонымен не есте қалды?

"Қыс түсті" — маусымның жаңа ұраны. Бірнеше рет айтылады. Қыс Винтерфельге келіп болды. Шайқас алда.

«Солтүстік ұмытпайды» деп айт. Фрей Үйіне қыс түсті © Арья Старк
Уолдер Фрей ұйымдастырған Қызыл той қырғынына қатысқандардың бәрін қырып кетті Арья. Арья Старк — қатігез, жауыз, кекшіл. Ал бір көріністе әскерлермен тым жақсы әңгіме айтып, қонақ болып отырады. Әскерлердің қарапайым адам екендері, біреуге ұл, біреуге күйеу, әке екені көрсетіледі. Еш жамандық жоқ сияқты болып көрінеді. Әзірше тыныш. Бірақ бұлар да жауыз болып шығады немесе өледі-ау?

Мейстер болғысы келетін Сэм білім-жұмыс-нәжіс үшбұрышында айналып жүр. Бірақ құпия кітаптарға оңай қол жеткізіп алды да, Ақ жүргіншілерге қарсы қару жасауға болатын кен орнының қайда екенін біліп алды.

Ал кен орналасқан Айдаһар Тасына Дейенерис ханым жетіп үлгерді.

Дейенеристің қасындағы Тирион Ланнистер бір ауыз сөз айтпады. Әдемі ойларын алдағы серияларға сақтаған болар?

Джон Сноу ағай әдеттегідей қабағы қатулы, үнемі ойланып жүреді. Санса қарындасымен сөзге келіп қалды. Бұл жақсы емес. Болашақта осы жақтан мәселелер туындауы мүмкін.

— Сенің неге көңіл-күйің үнемі нашар?
— Өмір сондай… © Сандор Клиган aka Төбет

Прагматик Төбет ағай да от тақырыбына кіреді. Бұл кісіде де бір өзгерістер болатыны анық енді.

Сериалдың жаңа жаман адамы Эурон Грейджой бола ма? Серсеяны басып жібере ме? Неге болмасын? Біраз нәрсе күтуге болатын сияқты бұл кейіпкерден. Рокер стиліндегі киімі де мықты. Джейме Ланнистердің біраз қанын ішетін сияқты.

Бран да аман-сау жетті Түнгі Күзет Қабырғасына. Ойыншылар түгенделе басталды. Шахмат фигуралары тізілді сапқа. Түн Патшасы да әскерлерімен жақындап қалды. Арасында дәу Вун-Вун да бар. Шайқасқа бәрі дайын.

Айтпақшы, Серсеяның Үйіндегі карта керемет! Әлбетте Серсеяның өзі де ;)
Блог - asaubota: Тақтар ойыны. 7-маусым, 1-серия. Қыс түсті
Бөлісу:

26 пікір

zholantai
бағана сериалды қарап отырп, Серсеяның карта үстіндегі сәтінен алынған кадрға ырза болып едім. Мықты шыққан
zholantai
менің түсінбегенім, Сансаның енді не істейтіні? Ол Джон Сноумен бірге қалуы неғайбіл, Серсеяға бара қоймас, қайтер екен? Шеттетіліп қалатын да адам емес
zholantai
Серсеяның шашы жоқ кейпін со күйі қабылдай алмадым. Бірақ, иә, сонда да керемет
zholantai
Эурон Грейджой «теңізге кетіп, сыйлықпен келемін» деді ғо, қандай сыйлықпен келетінін ұқпадым. Дейенериске шабуылдамайтыны анық қо енді
RaymbekEgemberdiev
Тирионды алып келуі мүмкін
zholantai
хехеххехехехе, қапқа салып, көтеріп әкеліп пе :)
asaubota
сыйлығы — адам. бірақ кім?
zholantai
Ходорды көрсетпеді, ә
zholantai


мына қол кімдікі болды екен сонымен?
GALEKE
Ақ жүргіншілерді өлтіретін тас кенін бір Таргариен алды. Өзі білмейді әлі. Екінші Таргариен, который Джон, ақ жүргіншілерді көрген аз ғана адамның бірі. Маусым екі Таргариеннің ойынының айналасында жүреді деп ойлаймын. Анау рок стайл киімі түк ұнаған жоқ. Рок ұнайды. Тек ГоТта емес.
Тағы Старктің біреуі Серсеяның мектебін меңгерген. Екіншісі — өзгере алады. Негізгі фавориттер Старктар мен Таргариендер. Ал Ланнистерлерде Серсеяның даналығы мен Тирион ғана. Бірақ екеуі екі фронтта. Серсея — Аапалы-сіңлілі Старктар — екі Таргариен. Басқа үйлерден оншалықты күш көріп тұрғам жоқ.
zholantai
белые ходокиға басқа балама табу керек екен, ақ жүргіншілер деген тым жеңілтек балама
RaymbekEgemberdiev
Джейме бар, бірақ ол Серсеямен үшінші фронт болып кететін сияқты
GALEKE
Джеймеден не бір нақты шешім, не дені дұрыс стратегия көрмеппін. Таза тапсырма орындаушы. Серсеяны тіккеніне мәз біреу сияқты
asaubota
одақтас таппасақ пиздец боламыз деп тұр ғой Серсеяға. дұрыс қой айтуы
zholantai
Серсеяның да басы сұмдық қо, Джейме мен Эуронды өзіне таластырып қойып, отырмақшы
asaubota
Эурон да таза долбоеб, да? "Үлкен флотым және 2 қолым бар" дейді :)
GALEKE
Иә, ол ақылы ақыл-ақ. Бірақ Серсея тыңдайды ма оны? Қайдам.
RaymbekEgemberdiev
тыңдаған соң Эуронды шақырып тұр ғой )
RaymbekEgemberdiev
Джейме мықты қолбасшы, осы серияның өзінде Грейджойларға соғысы туралы айтылды, алдын Робтан жеңілгені болмаса авторитеті бар ақ. Оның тәжірибесі әжептеуірімн рөл ойнауы мүмкін, алдағы соғыста
GALEKE
Білмеймін. Оның таланты сол қолбасшылықпен шектелетін сияқты. Еш стратег көрмеймін содан. Көреміз. Енді басталады ғой не болса да. Весна покажет )
zholantai
Дейенерис дауылда туған сексуальный кейпінен арылып, қызықсыз болып қалғандай ма қалай өзі
MeihuaZheng
оны онша көрсеткен де жоқ қой
MeihuaZheng
антиспойлеристы еще не скушали аршатика? )
asaubota
Елдің соңы болып қарадым, Лостфильм аудармасын күтіп
Nurgisa
Бәрінен бұрын Арья Сансамен қауышып, Мизинецті қашан өлтіреді екен деп отырмын. 4-серияда боп қалуы керек-ау дейді ішкі түйсік.