Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі

  • Автор
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі

Заман қиындау. Ақша жетіспейді. Банк енді кредит бермейді. Микрокредит беретін ұйымдарға жолағың келмейді. Букмекерде тіккен бәсің де шықпады. Бухгалтерия аванс жоқ дейді. Қысқасы ақша керек қой саған осы тақырыпты көріп, постты оқуға келгеніңе қарағанда? Ендеше мұқият оқы, үйрен!

1. Нысананы нақты белгіле
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
Қарызға ақша сұрау — қиын өнер. Дұрыстап біліп алмай, өзің сияқты қайыршыдан сұрап тұрма. Алдымен сұрайтын адамыңды мұқият зерттеп ал. Соңғы кездегі жағдайы қалай, нелер алып жүр, шаруасы қалай жүріп жатыр? Асықпай сараптап ал.

2. Аулайтын аңыңның айналасын қарақұс сияқты торуылда
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
«Сәлем! Қалайсың? Шамалы ақша қараса аласың ба?» деуге әбден болмайды. Алдымен күн сайын сәлемдесіп, жағдайын сұрап, басқа нәрселер сөйлесіп маңайында бол. Қарыз сұрау күні келгенге шейін сондай қарым-қатынаста бол. Сосын барып сұраған кезде бермейін десе ұялатын болады. Сондықтан аздап шыдам керек.

3. Өз жағдайыңды білдіртпе
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
«Ақшадан қиналып жүрмін, тиын түспей жатыр» сияқты мұңайған сөздермен жылай берме. Өйте берсең «мынау бір күні менен қарыз сұрайды-ау» деп ойлап қалады. Алдын ала өзіңді сүйкімсіз қылма. Үндеме, тыныш жүр, жылама.

4. Жүзбе жүз кездесіп сұра
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
WhatsApp-пен жазба, телефон шалма. Олай істесең қарсы жаққа ойлану мүмкіндігін беріп қоясың. Бермеу үшін себеп ойлай бастайды. Сондықтан бетпе бет кездесіп сұра.

5. Күтпеген жерден шабуылда
Блог - Rafaello: Қарызға ақша сұраудың тиімді 5 әдісі
Ойда жоқ жерден, күтпеген тұстан атып шығып, «Маған бір 20 мыңдай керек болып тұр» деп нақты соманы айтып сұра. Сол кезде ол сасып қалады, ойлануына мүмкіндігі қалмайды. Қандай қате жасағанын саған ақша бергеннен кейін түсінеді.

Сонымен осы. Игіліңе жарат ақшаңды!
Rafaello

Маған күнде 1 сәуір

Ұқсас посттар

2 пікір

MickThatsMyNick
Ірі көлемде ақша сұрасаң әрине, сәл жоспар құрған дұрыс. Бірақ өз басым көбіне жалақыға аптадай уақыт қалғанда 5-10 мың тг көлемінде сұрайтыным бар. Сондықтан жоспарсыз-ақ, кез келген сәтте, бірақ ешкім күтпеген жерден сұрай салам. Сосын көбіне өзің қарызға ақша берген адамнан сұраған дұрыс. Әсіресе біріншісі қарызын қайтаруды ұмытып кетсе немесе ұмытқандай сыңай танытып жүрсе.))
assar
Мен қарызға 40 000 теңге керек болып бір досымнан сұрадым. ол астанада тұратын. Ертең салып жіберейін карточкаңа деген. Артынан ойланып қажет емес маған бүгін керек болып тұр дедім. Мен сосын каспий банкке бардымда 40 000 теңге алдымда ісімді бітіріп үйге қайттым. 1айға жетпей 40730 теңге етіп жаптым. Содан кейін қарызға ақша сұрап біреудің мазасын алмай каспийден аламда 1 айға жетпей үстіне 300-500-1000 теңге қосып қайтарамын. Ал біреуден алсаңда сол ақшаны алу үшін таксиге отырып соның үйіне барасың немесе ол карточкаға аударса сол ақша банк комиссиясына кетіп қалады.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.