Наурыз мейрамына орай Астанада өтетін іс-шаралар

Астана жаңалықтары: Наурыз мейрамына орай Астанада өтетін іс-шаралар

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай елордада мәдени ойын-сауық бағдарламасы әзірленді. Дәстүр бойынша басты шаралар 21-22 наурызда қаланың ашық алаңдарында сағат таңғы 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасап.

Биыл халықтық серуен «ЭКСПО» көрмесі аумағында ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар, сондай-ақ, «Қазақ елі» алаңында, Қалалық алаңда, «Студенттік» саябақта және қаланың тұрғын алаптарында да өтетін болады.

«21-22 наурызда «Астана ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында киіз үйлер тігіліп, Этноауыл ашылады, жиналған қауымның назарына мерекелік концерт ұсынылады. Астана қаласы театрларының әртістері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері әрбір киіз үйдің жанында қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетеді. Бұдан басқа, фуд-корт аймағы ұйымдастырылады. Онда палау, наурыз көже мен бауырсақ дайындауға арналған қазандар тұрады.

Сауда орындарында шығыс аспаздығынан ыстық тағамдар сатылады. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын сату-көрмесі ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.

Этноауыл аймағында халық арасында қазақ күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сияқты ұлттық ойындар ойнатылады.

Мұнымен қоса, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында этноауыл аумағында ит жарысы, тазы мен төбеттер көрмесі өтеді.

Астананың мәдениет мекемелерінде де Наурыз мейрамына арналған шаралар ұйымдастырылады.

21 наурызда Конгресс-орталықта қазақстандық «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» мюзиклі көрсетіледі.

«Шараға жас таланттар, опера, балет, театры сынды сахна өнеріндегі жаңа тұлғалар тартылған. Мюзикл барысында симфониялық оркестр әлемдік классикалық музыка, қазақстандық композиторлардың белгілі композицияларын орындайтын болады», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Осы күні «Астана» концерт залында «Ауылым — әнім» атты концерт өтсе, «Жастар» сарайының қонақтары 20 наурызда «Женщина-весна» концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Ал 16 наурызда «АЛЖИР» мұражайында Балалар үйінің, мамандандырылған интернаттардың тәрбиеленушілері үшін «Добро пожаловать, Наурыз!» атты мерекелік танымдық ойын-сауық бағдарламасы, «Мәңгілік ел» қақпасында елорданың жас суретшілері мен фотосуретшілердің көрмесі өтеді деп күтілуде. Ал тарихи-мәдени мұра нысандары мен ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция «Наурыз – бейбітшілік және достық мерекесі» атты шара өткізеді. Сәкен Сейфуллин музейінде 19-23 наурыз аралығында «Астанаға қош келдің – ӘзНаурыз» экспозициясы жұмыс істемек.

Мереке күндері елорданың барлық кітапханаларында кітап экспозициялары, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыратын театрландырылған кештер, библиошоу, тақырыптық викториналар, этнографиялық көрмелер көпшілік назарына ұсынылады.

Шаралардың толық кестесі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.
Әрі қарай

ҚазҰУ-і Еуропалық білім беру стандартымен іскерлікте

Ғасырға жуық тариxы бар еліміздің мандайалды университеті ҚазҰУ қай кезде де көшбасшы болудан жаңылған емес. Мәртебелі шаңырақта студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Айталық, студенттерге академиялық ұтқырлықпен шет елден білімін толықтырып, жаңа тәжірибелерді игеру мүмкіндіктері университетіміздің бір орында тұрмай, студенттерінің жаңа белестерге шығуы мен білімдерін жетілдіруге күш салып отырғаны құптарлық іс. Осындай мүмкіндікті бірқатар студенттер мен магистранттар қалт жібермей, өз білімдерін шыңдауға университет пен жылуфизика және техникалық физика кафедрасының көмегімен, Эразмус+ бағдарламасы бойынша Франция елінің Нант қаласындағы жоғары инженерлер мектебіне бір жылға немесе бір оқу семестріне тәжірибе алмасуға бару мүмкіндігін тиімді пайдаланып отыр.
Франция елінің табалдырығын оң аяқпен аттап, Нант қаласына қадам баса отырып, үш жүз мыңдай халқы бар қала өзінің ертеректен қалған сәулет құрылыстарымен бірқатар білім алушылардың санасында қалып қойды. Магистранттар тұрғындарының сыпайылылығы, әрқашан жымия қарсы алып, жылы шыраймен шығарып салуына аса үлкен назар аударып отыр.
Қазақстаннан 6 студент аталмыш бағдарлама бойынша конкурстық шәкіртақыға ие болған, оның төртеуі киелі қара шаңырағымыздан болса, екі студент Көкшетау қаласынан барып отыр. Біздің студенттермен қатар басқа да шет мемлекеттерден келген студенттер саны да көп екен. Оқу қиын болғанымен алынбайтын қамал жоқ деп ұрандаған студенттер жергілікті оқу орнының жоғары білікті ұстаздарының оң көзбен көрініп, үлгерімдері жоғары болғандығын дәлелдейтін сертификаттарды иеленді.
Бұған қоса түрде қашықтан білім алу үшін «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының професссорларымен, доценттерімен, ғылым кандидаттарымен, аға оқытушыларымен, кафедраның меңгерушісі ф.-м.ғ.д., проф. Бөлегенова С.Ә.-мен ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жиі байланысқа шығып отырады.
Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жоғарылатуға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай ұлғайтуға бағытталып отыр. Алдағы уакытта Инвест көлемін арттыру мәселесі де оң шешімін таппақ. Әрине, бұл аталмыш бағдарламамен білімін жетілдіремін деушілерге таптырмас мүкіндік. Осы ретте сапалы білім алу үшін қолайлы мүмкіндік туғызып отырған университет ректорының да еңбегін тілге тиек еткен жөн.
ҚазҰУ-нің жетістігі жыл өткен сайын жаңарып, өзі тәрбилеп жатқан түлектерімен жасарып жатыр. Ал бұл академик Ғалым Мұтанұлының сапалы біліммен саналы ұрпақ тәрбиелеуде селқостық танытпайтындығының белгісі деп білеміз. Алдағы уақытта қара шаңырақтың мерейі мейілінше үстем болып әлемдік рейтингтерден ғана төбе көрсететіндігіне сеніміміз мол.

Авторлары: ҚазҰУ-нің оқытушылары Оспанова Ш.С., Нурмуханова А.З.
Әрі қарай

Экология

Блог - nurbolkarataev: Экология

Экология дегенде есіңізге не түсуі мүмкін?
Оталған ағаштар,
Ашық ауада үйілген күкірт,
Төгілген мұнай қалдықтары
Қоқыс полигондары.
Басқа ше?
Қызығы экология десе есімізге ауаның ластануы ғана түседі.Жыл сайын елімізде бірнеше компания, фабрика, зауыттарға қалыпты мөлшерден асырды, экологияға зиян келтірді деп айыппұл салады. Бұл айыппұл қаншалықты дұрыс. Мәселе салынған айыппұл да емес. Айыппұл салумен экология жақсарып кетпейтіні белгілі. Айыппұл тек ел бюджетіне қомақты қаржы болып қазынаны қампайтты демесең экологиясы ластанған өңір үшін бұл еш нәтиже бермейтіні заңдылық. Ол үшін не істеу керек?
Айыппұлды тал егумен алмастыру қажет. Қалайша дейсіз ғой. Ол былай. Мысалға 1 тонна мұнай қалдығын төккен компанияға 100 миллион теңге айыппұл салмай оның орнына сол өңірдің аумағынан 100 гектар жерге тал ектіріп оны 10 жыл күтім жасатып баптаттырса. Халық үшін де, аймақтың экологиясы үшінде ең дұрыс шешім болары хақ. Эколгияға зиян келтірген барлық компанияға осындай жаза қолданса халық үшінде жаңа жұмыс орыны ашылып, бірнеше жылдан соң әлгі 100 гектарға егілген көшет орман алқабына ұласатыны сөзсіз. Бұның тиімділігі сол жаңа жұмыс орыны ашылып қана қоймайды бірнеше жылдан кейін демалыс аймағына да айналатын тамаша жоба деп есептеймін.
Әрі қарай

AFTER PARTY: КОРЕЯ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК - Руслан Меделбек

Азаттық журналисі Руслан Меделбек Қысқы Олимпиада өткен Корея елінде өзі байқаған қызық 10 деректі жазады.

Блог - asaubota: AFTER PARTY: КОРЕЯ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК - Руслан Меделбек

1. Оңтүстік Корея — әлемдегі ең қауіпсіз ел. Ұрлық не кісі өлтіру оқиғасы болса "ұлттық трагедия" ретінде телеарнада/сайттарда бір апта бойы талқылайды. Жаза өте ауыр. Сондықтан халық қылмысқа көп бара бермейді.

2. Барлық жерде тегін интернет бар. 5G :) Корейлер күніне тістерін бес-алты рет жуатынын байқадым. «Неге?» деп сұрасам, «стомотологқа тіс тексерту өте қымбат, 300 доллардан басталады» деді еріктілердің бірі.

3. Кореяда алаң (площадь) жоқ. Есесіне парк көп. Әлемдегі адамдар ең тығыз қоныстанған ел. Велосипед тепкенді, паркте серуендегенді жақсы көреді. Көшеде бірнеше "өлім салондарын" көрдім. Өлім салонына кіріп, «дарға асылып», «тамырыңды кесіп», «табытқа жатып шығуға» болады. Бұл салон да сұлулық салоны сияқты əр қызметі ақылы. Депрессиядан шығуға, суицид туралы ойды жеңуге көмектесетін жер.

4. Халықта пайда көріп қалу деген жоқ. Мәселен әуежайда және қарапайым дүкендегі кола мен сникерстің бағасы бір.

5. Азық-түлікті дүкеннен сатып алғаннан сырттан тамақтанған әлдеқайда арзан. Бір тамаққа тапсырыс берсеңіз жанына специя, салат, соя, томат, теңіз балдырлары, жаңғақтар қоса алып келеді. Бəрі 2300 теңге :)

6. Барлық ресторан, кафе тапсырыс берсеңіз қалаған тамағыңызды үйіңізге жеткізіп береді. Тегін əрі қосымша салаттарымен…

7. Кореядағы кафе-ресторанда «чаевые» тастауға болмайды. Бұл — официантты қорлау.

8. Елдегі орташа жалақы — 2000 доллар. Бірақ халықтың табысы 2000 доллардан көп. Ал 2000 доллар жалақыға көбіне шетелдіктер келіседі. Мысалы — қазақстандықтар…

9. Мұғалім, дәрігер, автобус, пойыз, ұшақ жүргізушінің бүкіл отбасы мемлекеттен медсақтандыру және әлеуметтік пакет алады. Олардың балалары мектепте, университетте тегін оқиды және ауруханада тегін емделеді.

10. Корей халқы Р әріпін айта алмайды екен. «Усан» болдым :)

Сеул. 27.02.2018
Әрі қарай

Ерболат Құдайбергенов: Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды.

Блог - galok_95: Ерболат Құдайбергенов: Табиғат бойынша еркек адам шиқылдамайды.

Ел көзінен тасаланған Ерболат Құдайберген бүгінгі қазақ эстрадасына қатысты пікір білдірді.
Ол қазақтың атын әлемге танытқан Димаш Құдайбергенді ерекше дауыс иесіне теңеді деп хабарлайды «Сөккен әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«ДИМАШТЫҢ ДАУЫСЫ, ОРЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС. БІРАҚ, ОЛ БІЗДІҢ АТАҒЫМЫЗДЫ ӘЛЕМГЕ ШЫҒАРЫП ЖҮР. НЕГІЗІ ТАБИҒАТ БОЙЫНША, ЕРКЕК АДАМ ШИҚЫЛДАМАЙДЫ. ЕРКЕКТІҢ ДАУЫСЫ ТЕНОР БОЛАДЫ. АЛ ДИМАШТЫКІ СОПРАНО. ОЛ ЕКІ-ҮШ ҒАСЫРДА БІР ТУЫЛАДЫ», — ДЕДІ.

Сондай-ақ, ол Димаш Құдайбергенді қанша жерден сыйлағанымен, ешқашан тойына шақырмайтынын да жеткізді.
Әрі қарай

«Байқоңыр» ауданының ашылуы туралы бірер сөз

Астана жаңалықтары: «Байқоңыр» ауданының ашылуы туралы бірер сөз

12 ақпанда еңселі Елормадызда жаңа – «Байқоңыр» ауданының ашылатындығы туралы жаңалық жарыққа шықты.

Байқоңыр – адамзат баласы тұңғыш рет ғарыш көгіне самғаған Қазақстанның қаситетті жері. Күні бүгінге дейін адам баласын ғарыш көгімен байланыстырып келе жатқан стратегиялық орталық. Сондықтан жаңа ауданға Байқоңыр атауын таңдау, бір сөзбен бейнелеп айтсақ арайлы Астанамыздың биікке ұмтылған өміршең мұраттарын білдіреді.

Жаңа аудан өзінің алдына қойылған тиісті міндеттердің үдесінен шығып, халықтың игілігіне қызмет етеді деп сенемін.

Арман НҰРҒАЗИН
«Астана қаласының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Әрі қарай

Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіс

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен ӘшімбаевБлог - nur_otan: Мәулен Әшімбаев: «Нұр Отан» партиясы жаңғыру идеясы мен құндылықтарының жаршысы болуы тиіспартия филиалдарының өкілдерімен кездесті. Партияның өңірлік, аймақтық филиалдарымен қатар ірі кәсіпорындар базасында құрылған филиал және бастауыш партия ұйымдарының басшылары қатысқан жиында Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасы кеңінен талқыланды. Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев партиялық жаңғырудың басым бағыттарын атап өтіп, алда тұрған міндеттердің аймақтық деңгейде де аса маңызды екеніне назар аударды. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, нұротандықтар елімізде қолға алынған жүйелі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші болуы керек. Сол үшін алдымен өзімізге партияның негізгі міндетін анықтап, идеологиялық жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап алу керектігін айтқан Мәулен Әшімбаев: – Біз бүгінде көбіне ішкі жұмыстарға басымдық беріп, солармен ғана шектеліп қалғандаймыз. Тіпті кейбіреулер Орталық аппаратқа құдды бір министрлік, ал партияның аймақтардағы филиалдарына жергілікті әкімдіктердің бір бөліміндей қарайды. Бұл Елбасымыздың партияның алдына қойған мақсат-міндеттері мен атқарар рөлін дұрыс түсінбеудің салдарынан болып отыр. Мемлекет басшысы: «Нұр Отан» – министрлік те, атқарушы билік те емес. Ол – стратегиялық күш», – деп партияның бағыт-бағдарын анықтап берді. Сондықтан біз жұмысы жүйелі әрі тиімді, міндеті айқын стратегиялық күш болып қалыптасуымыз керек, – деді. Мәулен Әшімбаев партияның жаңа бағытта жұмыс істеп, нақты нәтижелерге қол жеткізуі үшін қалыптасқан әдіс-тәсілдер мен форматты өзгертуді ұсынды. Бірінші кезекте партия жұмысына дебюрократизация қажет екенін де тілге тиек етті. Бұл, әрине, өңірлерге де тікелей қатысты бастама. Сондықтан жергілікті жерлерде нұротандықтар өздерін партия шенеунігі емес, халықпен ашық әрі тікелей жұмыс істейтін партия мүшесі ретінде көрсете білуі тиіс. Партиялық іс-шараларды таптаурын нұсқадан арылтып, қоғаммен саяси байланысты жаңаша қарқынмен қайта орнатудың да маңызы зор. Нұротандықтардың ұйымдастыруымен өтетін әр іс-шара мәнді, мазмұнды, креативті болып қана қоймай, нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Сондай-ақ, жиында идеологиялық жұмыстарда өңірлердің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басымдық беруі керектігі айтылды.
Әрі қарай

Ат кою

Ассалаумагалейкум Qаzаq ели. Егиздерге есим издестирип жур едим. Комектериниз керек боп тур. Катты уксас болу шарт емес.
Әрі қарай

Оралда нұротандықтар қарияларға жәрдемдесіп жатыр

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында нұротандықтар көмекке зәру қарияларға қол ұшын беріп жатыр. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында партияның еріктілері олардың үй шаруасына көмектесуді үлгілі іске айналдырған. Қазір жүзден астам оралдық қария партияның қамқорлығында. Жастар олардың ауласын тазалап, қыста қарын аршып, көмек етеді. Жәрдемдесуге жыл он екі ай бойы әзір жүретін нұротандықтардың арқасында бүгін жалғызілікті Валентина Дубовская қыстық отынмен қамтамасыз етілді.
Қысқы уақытта да, жазғы уақытта да көмектесуден шаршамаған нұротандықтар қыс басталғалы осы үйге бесінші рет келіп тұр. Жастар үшін бұл атқарылып жатқан жұмыстар оңай болғанымен, жалғызбасты қариялар, үлкен кісілер, ардагер үлкен кісілер үшін қиын.
Ұзақ жылдар бойы балабақша тәрбиешісі, кейін жергілікті театрда жұмыс істеген 83 жастағы қарт кісі қазір жалғыз тұрады. 50 жыл бойы бел жазбастан еңбек еткен қария көмекке зәру. Өздігінен жүріп-тұруы қиын болғасын, жасотандықтар ұдайы қол ұшын береді екен. Қаладағы әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің көмегімен енді қарияның үйіне газ өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
— «Нұр Отан» партиясының жастарына мың алғыс! Оларға ризашылығымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Өздері келіп, отынымды жарып, көмірімді тасып береді, — деп алғысын жаудыртты тыл ардагері Валентина Дубовская
Әрі қарай